Кесте 2 - Z екі факторлы модель бойынша «РЗА» АҚ –ның күйреуін болжауы
Көрсеткіштер
|
2009 ж
|
2010 ж
|
2011 ж
|
Өзгерісі 2011-2010 ж.ж
|
+,-
|
%
|
1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
2,93
|
6,24
|
3,83
|
-2,41
|
61,4
|
2. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті
|
0,51
|
0,76
|
0,62
|
-0,14
|
81,6
|
3. Z банкроттық ықтималдылығының көрсеткіші
|
-3,5
|
-7,05
|
-4,46
|
-2,59
|
63,2
|
4. Банкроттық ықтималдылығы
|
50
|
50
|
50
|
-
|
-
|
Ескерту – «РЗА» АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
|
Z 0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдылығы 50 - ға тең және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z 0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы 50 -дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді
3 Кәсіпорын қызметін басқаруда тиімді стратегияны қалыптастыруды дамыту жолдары.
Инновациялық стратегиясы кәсіпорынның мақсаты мен миссиясына жету жолындағы қазіргі нарық пен сондай-ақ жаңа нарықтағы технологиялар мен тауарларды жылжытуға байланысты жаңашылдықтарымен ерекшеленетін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның инновациялық стратегиялары, бәрінен бұрын, ішкі және сыртқы орта ерекшеліктері мен жағдайының өзгеруіне байланысты шағын кәсіпкерлік сіубъектілерінің мүмкіншіліктерін толыққанды пайдалану мен дамытуға бағытталған.
Инновацияның жалпы теориясында кәсіпорынның инновациялық стратегияларының кең тараған түрлерінің бірі Ансоф матрицасымен сипатталатын төрт интенсивті даму үстіндегі даму стратегия.
Кесте 3 – «РЗА» АҚ – да инновацияның кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруіне және экономикалық тиімділікке әсерінің матрицасы
Инновацияның интенсивтілігі мен масштабы
|
Сәйкес ұйымдық инновациялар
|
Экономикалық тиімділік
|
Игерілген өнім
Игерілген технология
Игерілген нарық
|
Өнімді жетілдіру қолданыстағы ұйым шегінде жүргізілуі мүмкін
|
Жоғары кірістер, резервтік капиталдың қалыптасуы, еңбек ақы қорының өсуі
|
Жаңа өнім
Игерілген технология
Игерілген нарық
|
Зерттеу бөлімшесінде жаңа жобалық топ немесе/және сынақ зертханасы пайда болады
|
Тұрақты кірістер, еңбек интенсивтілігі, инвестиция тартушылық
|
Игерілген өнім
Игерілген технология
Жаңа нарық
|
Қолданыстағы ұйым мүлдем өзгермейді. Маркетинг қызметіне жаңа нарықты зерттеп-білу жүктеледі, сатып-өткізу тобы құрылуы мүмкін
|
Енгізу мәресіндегі пайда, кәсіпорынның танымалдылығы, маркетингтік біліктілікке ие болуы
|
Жаңа өнім
Игерілген технология
Жаңа нарық
|
Маркетинг қызметі мен зерттеу бөлімшесінен бөлінген персоналы бар жаңа өнімді енгізу тобы құрылуы мүмкін.
|
Жаңа өнімді қайта жобалауға кететін шығынның азаюы және қосымша күшке негізделген маркетинг
|
Жаңа өнім
Жаңа технология
Игерілген нарық
|
Маркетинг қызметі мен зерттеу бөлімшесінен бөлінген персоналы бар жаңа өнімді енгізу тобы құрылуы мүмкін. Өз жұмысында топ маркетинг және сатып-өткізу қызметтерінің көмектерін пайдаланады
|
Еңбек ресурстарын шоғырландыру арқылы бәсекеге қабілетті маркетингті қалыптастыру, өнімді өткізу нарығын кеңейту, қолдағы бар табыстылық нормасын арттыру
|
Жаңа өнім
Жаңа технология
Жаңа нарық
|
Кәсіпорын қызметінің жаңа бағыты жаңа бөлімше және тәуекел түріндегі қолданыстағы ұйымдық құрылымды толықтыратын мүлдем жаңа ұйымдасьыруды талап етеді.
|
Өндірістен сатуға дейінгі мерзімнің азаюы, ұйымның инновациялылығының жоғарылауы, инновациялық өнімнің нарыққа шығуы
|
Ескерту- Автор құрастырған
|
Инновация аясындағы кәсіпкерліктің ұйымдық құрылымы инновациялық қызметтің масштабы мен интенсивтілігіне тәуелді болғандықтан, инновацияның кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруіне және экономикалық тиімділікке әсерін айқындайтын матрицаны жасадық. (3-кесте).
Инновациялық үрдістерді басқарудың ұйымдық құрылымын жасау кезінде кәсіпорынның кадрлық потенциалына басты назар аудару қажет. Кәсіпорын үшін ол өнертапқыштылық, коммуникабельділік, творчестволық талаптарын қанағаттандыратын жұмыскерлерді іздеу дегенді білдіреді. Шағын инновациялық кәсіпорындарда мүмкіндіктердің шектеулілігіне байланысты кадрлар жоғарыбілікті мамандар қажет етілетіндіктен, сайыстық негізді іріктеледі. Соған орай бір маман бірнеше жұмыскердің орнын баса алуы керек, немесе бір-бірін толықтырушы жұмыстар маманның мүмкіндігі мен ынтасына сай келуі тиіс. Сондай-ақ инновациялық кәсіпорын басқа кәсіпорындарға қарағанда, еңбек төлемін жасауға қаржылай мүмкіктері болуы қажет.
Кесте 4 – «РЗА» Акционерлік қоғамының сыртқы ортасын талдау
Факторлар тобы
|
Факторлар
|
Факторлар
|
Мақсатқа жетуге ықпал ететіндер
|
Мақсатқа жетуге кедергі келтіретіндер
|
1.Экономикалық
|
1. Салықтар мен баждар
2. Валюта бағамы
3. Инфляция
4. Жұмыссыздық
|
|
-
-
-
-
|
2.Саяси
|
1. Елдің саяси бағыты өзгеруі
2. Экономикалық қатынастарды реттудің нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер
|
+
+
|
-
-
|
3.Технологиялық
|
1. Өткізуді жетілдіру
2.Жеткізуді жетілдіру
|
+
+
|
|
4. Әлеуметтік
|
1. Персоналдың біліктілік деңгейі
2. Жұмысқа көзқарасы
3.Персонал логистикасы мен контролингі
4. Құндылықтар мен бағыттар
|
+
+
+
+
|
-
|
Ескерту – автормен құрастырылған
|
«РЗА» АҚ - ғы өз жағдайымызды анағұрлым дәлірек түсіну үшін, ұйымның ішкі және сыртқы ортасының кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен сыртқы рыноктағы баға саясатына әсер етудегі тәуелділіктері мен байланыстарын анықтаймыз (4- кесте).
Орта талдауы – бұл ұйымның бәсекелестік стратегиясын түзуде өте маңызды және ортада болатын үдерістерді, факторларды бағалау мен факторлар арасындағы байланыстарды орнатуды және ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, сондай-ақ сыртқы ортамен болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді мұқият бақылап отыруды талап ететін өте күрделі үдеріс. Ортаны білмей, ұйым тіршілік ете алмайтыны айдан-анық. Дегенмен ол қоршаған айнала ішінде рулі, ескектері немесе желкені жоқ қайықтай жүзе бермейді. Ұйым өз мақсаттарына ойдағыдай жылжуды қамтамасыз ету үшін ортаны зерттейді, өзіне барынша ыңғайлы тіршілік етуді қамтамасыз ететін сыртқы ортаның элементтерімен өзара әрекет ету стратегиясын түзеді. «РЗА» АҚ - ның ішкі ортасына талдауды келесі 5-кестемен береміз.
Кесте 5 - «РЗА» Акционерлік қоғамының ішкі ортасын талдау
Салалар
|
Факторлар
|
Факторлар
|
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
Кадрлар
|
1. Басқару персоналы стилі
2. Кадрлық саясат
3. Дәйектеме
4. Кадрлардың тұрақтамауы
5. Жұмыс тәжірибесі
|
+
+
+
+
|
-
|
Жалпы басқаруды ұйымдастыру
|
1. Ұйымдастырушылық құрылым
2. Компанияның беделі мен келбеті
3. Коммуникациялық саясат
4. Контроллинг деңгейі
5. Ұйымдастырушылық мәдениеті
|
+
+
|
-
-
-
|
Қызметтер өндірісі
|
1. Баға саясаты
2.Бәсекелестік саясаты
3.Сауда-саттықты бақылау жүйесі
|
+
+
|
-
|
Маркетинг
|
1.Тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі
2. Өткізудің ақпараттық қамтамасыз етілуі
3.Рынок үлесі
4. Өнімнің өмірлік циклі
5. Өткізу саясаты
6. Жайғастыру
7.Өткізуді қалыптастыру және ынталандыру
|
+
+
+
+
+
+
|
-
-
|
Қаржылар
|
1. Активтермен қамтамасыз ету
2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі
3.Инвесторларға тәуелділік деңгейі
4. Экономикалық тиімділік
|
+
+
+
+
|
-
|
Ескерту - автормен құрастырылған
|
Осылайша, көрсетілген кестеден шығатыны, ұйымның сыртқы ортасының негізі қауіптері экономикалық және саяси факторлар. Салық салудағы өзгерістер, инфляциялық тәуекелдердің әсері, жұмыссыздық деңгейінің өсуі кәсіпорынның жалпыэкономикалық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. Сол сияқты, мысалы, валюта бағамының құнсыздануы немесе көтеріңкі кедендік баж енгізу кәсіпорын қызметінің жалпы экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Рыноктық факторлар да (бәсекелестік, демография, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі) кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне теріс әсер ете алады.
Жалпы алғанда, экономика дағдарысы, инфляцияның күшеюі мен халықтың төменгі тіршілік ету минимумына қарай, компанияның банкроттық тәуекелін ұлғайтатынын атап өту қажет. Компанияның қаржылық жоспарларында құнсызданудың фирманың негізгі жұмыс көрсеткіштеріне әсері қарастырылған. Заңналық және нормативтік актілердегі өзгерістер де кәсіпорынның кейбір техника-экономикалық сипаттамаларына дисбаланс туғыза алады. Сондықтан компания фирманың экономикалық жағдайына әсер ететін саяси факторларды үнемі талдап отыруға шешім етті. Әрі қарай, кәсіпорынның ішкі ортасын келесі кестемен талдаймыз. Осылайша, кәсіпорынның негізгі ішкі тәуекелдері болып кәсіпорынды басқаруға және ұйымдастырушылық құрылымға байланысты тәуекелдер шығады, бұлар дереу өзгертуді және реформалауды талап етеді. Бұдан басқа, ортаны талдау, стартегиялық басқаруда ол қалай өткізіледі, ұйымға қатысты сыртқы ортада пайда болуы мүмкін қауіптер мен мүмкіндіктерді, ұйымның мықты және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Басқару ортаны зерттеу көптеген әдістермен жүргізіледі. Оларға мынандай талдау әдістері жатады: Әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, саясаттық (PEST-анализ) және күшті жағы, әлсіз, мүмкіндіктер, қауіптер (SWOT – анализ). Зерттеушілер осы талдау әдістері арқылы мына стратегиялық сауалдарға жауап іздейді: ұйымның қазіргі жағдайы қалай; болашақта ұйымның алдында тұрған қандай кедергілер және қандай дұрыс ықпал ететін жағдайлар бар; қойылған мақсаттарға жету үшін қандай мүмкіндіктерді іске асыру керек; стратегияны жүзеге асыру үшін қалай басқару керек?
PEST және SWOT талдау нәтижесінде басқарушы жүйенің даму стратегиясы қалыптасады (фирмалар, ұйымдар, социум).
PEST – ұйымның сыртқы жағдайын талдаудың бір түрі. Ол болашақ стратегияны дайындауға қолданылады және сараптау арқылы факторлардың салыстырмалы мәнін анықтауға көмек етеді. Ал факторлар әлеуметтік, технологиялық, экономикалық және саясаттық болып төрт топқа бөлінеді.
PEST талдаудың жақын ортаға әсер етуі төрт категориялы:
- Социодемографиялық әсерлер – қоғамдық, мәдениеттік және демографиялық;
- Технологиялық әсерлер – өнімдер, инновациялық технологияның үрдістері, коммуникация және көлік:
- Экономикалық әсерлер – ақша-несие саясаты, табыстар, өмір әл-ауқатының деңгейі және т.б;
- Саяси әсер – үкіметтік, құқықтық және мөлшерлі әсерлер.
Кесте 6 – «РЗА» АҚ – ның қызметінің SWOT талдауы
Күшті жағы
|
Әлсіз жағы
|
- Барлық өндірілген өнім сапалы және сапалығын дәлелдейтін сертификацияланған құжаттары бар;
- Компанияның саясаты клиенттермен компания қызметкерлері арасында барынша қарапайым байланыс орнату;
- компанияның әілсіз жақтарын және қауіптерін жоюда қаржылық және кадр потенциалы жеткілікті;
- компанияның қосымша көздерден қаражаттар тарту мүмкіндігі бар;
- жоғары кәсіби білікті персоналды таңдау жоспары бар;
- ішкі шаруашылық қызметті қатаң бақылау;
- жаңа жобаларды іске асыру үшін қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- басқарушы іскерлік және ұйымдастырушылық сапаларымен, болашақты көре білетін, жаңашыл, жоғары кәсіби білікті, істі соңына дейін жеткізетін жауапкершілік қаситеттерді иеленеді.
|
Лизинг компанияларының алдында міндеттемелерінің болуы
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
- Жергілікті басқару органдарын ауылшаруашылығы саласын дамытуға қызығушылықтарын тудыру;
- «РЗА» АҚ интенсивті өнім өндірісін дамытып Қызылорда облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру түрлері бойынша негізгі жеткізіп берушілердің қатарында болу;
- Компанияның бірден бір басымдықтарының бірі клиенттерге сапалы өнімді қамтамасыз ете отырып, азық түлік нарығында жағымды позицияны иелену;
|
- үкіметтің салық саясатын өзгерту – салықтың деңгейін өсіру өнім бағасының өсуіне де әсер етеді және соның салдарынан нарықта өнім баяу жылжыйды;
- өмір сүру деңгейінің төмендеуі - өнімді өткізу қарқынына жылдам әсер етеді;
- компания өндіретін өніммен бірдей өнімдердің нарыққа көптеп шығуы;
- сұранысты, өнім бағасын және бәсекелестерді дұрыс бағаламау;
- ақталған күріш пен сүт өнімдерінің бағасының нарықта тұрақты болмауы;
- сүт сауу деңгейінің және малдың төлдеуінің төмендеуі;
- судың жетіспеуі және Сырдария арнасының азаюы күріш егілетін алқаптардың қысқаруына әкеліп соғады.
|
Ескерту – «РЗА» АҚ – ның мәліметтері негізінде автордың құрастыруы
|
PEST талдау факторларының артықшылықтары:
1) PEST факторларымен жұмыс істей бастағанда басшылар сыртқы қоршаған орта туралы ойлана бастайды.
2) Адамдар сыртқы қоршаған ортаны дұрыс көруге мүмкіндік туады. Сыртқы қоршаған ортаның факторларын есепке алу мәдениеті тәрбиеленеді.
3) Бір фактордан екінші факторға еркін ауысу және сол арқылы қоршаған орта туралы тұтас пікір қалыптастыру.
4) Сыртқы қоршаған ортаны талдау үшін жалпы тіл табысу.
5) Ішкі мәселелермен айналыса бермей, сыртқы қоршаған орта туралы ойлауды әдетке айналдыру.
SWOT талдау – бұл рыноктың макрожүйесі және олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның бәсекелестерінің кешендік сызбасының үлгісі: «күшті жақтары – әлсіздігі-мүмкіндіктері - қауіптер».
Ішкі күшті және әлсіз жағдайларды талдауға ұйымның өзінің пайдасымен және кемшіліктерін бағалауды қамтиды. Сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда маркетинг, қаржылар, адами ресурстар, өндіріс, ұйым, мәдениеті талданады және бағаланады. Мемлекеттік ұйымдарда да осындай көптеген бағалаулар орын алады.
Саланың ішіндегі бәсекенің табиғи пайда болуын мен деңгейін талдау үлгісін (моделін) Портер әзірледі. Оның пікірі бойынша бес бәсекелік факторлар бар. Осылар сала ішінде бәсекелестік деңгейді анықтайды:
- Салада жаңа бәсекелестер пайда болу қаупі;
- Жаңа ауыстырушы-қызметтердің пайда болу қаупі;
- Сатып алушыға әсер ететін тұтқалар (сатып алушы саны және сатып алған нәрсенің көлемі, тауарды жеткізіп беруші компаниялардың саны мен көлемі);
- Тауар жеткізушілердің әсер ететін тұтқалары (жеткізілген ресурстың өте сиректігі және тапшылығы; басқа ресурсқа ауысуға байланысты шығындар; керек ресурсты қажет ететін салалардың саны; нақтылы ресурсты жеткізуші фирмалардың саны мен мөлшері);
- Саладағы бәсекенің деңгейі (бағалық бәсеке, жетіліп қалыптасқан салалар, ауыстырушылардың болуы) [58,59].
Осы орайда 16 кестеде «РЗА» АҚ – ның қызметінің күшті және әлсіз жақтары мен мүмкіндіктері мен қауіптеріне талдаулар берілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысында жүргізілген жан-жақты талдаулар келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Стратегия - ол менеджердің өз міндетін атқарудағы сайманы. Фирманың стратегиясы анықталған көрсеткіштерге қол жеткізудегі персоналдық іс-қимылына байланысты болады. Компанияның стратегиясы оспарланған іс-әрекеттерден тұрады.
Стратегияны әзірлеу үшін бірінші қадам талдау жұмысын жүргізу. Талдау қалыптасқан, болған жағдайларды анықтау үдерісі. Онсыз ешқандай болжау, жоспарлау, бағдарламалау мүмкін емес. Компания қандайда болмасын стратегияны қабылдауы үшін, алдымен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап бағалау қажет. Ол үшін үш бағытта зерттеу жүргізіледі: 1) саладағы жағдайлар жйне бәсекелестік мүмкіндіктре; 2) компанияның өз ішіндегі жағдайы; 3) оның бәсекелестік қабілті. Саладағы жағдай және ондағы бәсекелесік шарттар жалпы алғанда компанияның макроортасына жатады. Сондықтан қалыптасқан жағдайды талдау үшін ең алдымен макроортаны зерттеу керек.
2. Жүйелік талдау мақсаты – шығарылатын тауарлардың (қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін, кәсіпорынның тиімділігі мен жұмыс істеу тұрақтылығын арттырудың стратегиялық және тактикалық факторларын белгілеу.
Ұйым жағдайына жүйелік талдау жасау жөнінде Р.А. Фатхудинов ұсынған ғылыми ұстанымдар негізінде кәсіпорын субъектілерін бәсекелестік дамытудың бара-бар стратегиясын біз келесі кезеңдерді ескеріп әзірлеуді ұсындық:
І кезең – маркетингтік талдау: елдің макроортасы мен аймақтың инфрақұрылымы факторларын талдау; жүйенің шығысында негізгі бәсекелестердің бәсекеге қабілеттілігін, жұмыс істеуінің тиімділігі мен тұрақтылығын, сыртқы қауіптер мен мүмкіндіктерді, бәсекелестердің ішкі мықты және әлсіз жақтарын талдау.
ІІ кезең – техникалық талдау: басқару жүйесінің басқарылатын жүйешесінің сапа көрсеткіштерін, тауарлардың ресурс сіңіргіштігін, олардың сервис сапаларын, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру жағынан сапасына талдау жасау.
ІІІ кезең – экономикалық талдау: ресурстарды пайдалану тиімділігі мен өндіріс рентабельдігіне талдау; ұйымның жұмыс істеу тұрақтылығына талдау; бәсекелестік заңының әрекет ету тетігіне, саладағы бәсекелестік құрылымы мен күшіне талдау.
ІV кезең – стратегиялық: жүйеге кіру мен шығу компоненттеріне, яғни ұйым стратегиясының сапасына талдау, ішкі мықты және әлсіз жақтардан, сыртқы қауіптер мен мүмкіндіктерден шыға отырып, мақсаттарды нақтылау; ұйымды басқару жүйесінің персоналдарды басқару жағынан басқарушы жүйеше сапасына талдау; тауарлардың бәсекеге қабілеттігі, ұйымның жұмыс істеуінің тиімділігі мен тұрақтылығының стартегиялық және тактикалық факторларын, солардың негізінде стратегия әзірлеу үшін, белгілеу; қолданылатын ғылыми ұстанымдар мен басқару әдістерінің саны мен тереңдігі тұрғысынан басқару жүйесін ғылыми тұжырымдау сапасына талдау; даму стратегиясын негіздеу.
3. Тәуекел менеджментінде ұйымдастыру белгілі бір ережелер мен процедуралардың негізінде тәуекелді капитал салымының бағдарламасын өткізетін адамдардың бірігуімен түсіндіріледі. Бұл ережелер мен процедураларға басқару органдарын құру, басқару аппаратының құрылымын қалыптастыру, басқарушылық бөлімшелердің арасында арабайланысты бекіту, нормалар, нормативтер, әдістемелерді жасау және т.с.с.
Тәуекел менеджментінде реттеу арқылы берілген параметрлерден ауытқу жағдайында басқару объектісінің тұрақтылық жағдайына жету іске асырылады. Реттеу ең алдымен туындаған ауытқуларды жою бойынша жасалып жатқан шараларды қамтиды. Тәуекел менеджментінде координациялау тәуекелді басқару жүйесінің барлық буындарының, басқару аппараты және мамандардың барлығының жұмысының келусішілігімен түсіндіріледі.
4. Басқару ортасы- стратегиялық маңызды объект. Талдаудың өзі сол объектіден басталуға тиіс.
Басқару ортаны зерттеу көптеген әдістермен жүргізіледі. Оларға мынандай талдау әдістері жатады: Әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, саясаттық (PEST-анализ) және күшті жағы, әлсіз, мүмкіндіктер, қауіптер (SWOT – анализ).
SWOT талдау – бұл рыноктың макрожүйесі және олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның бәсекелестерінің кешендік сызбасының үлгісі: «күшті жақтары – әлсіздігі-мүмкіндіктері - қауіптер».
Диссертациялық жұмыста зерттеліп отырған «РЗА» АҚ – ның күшті жағы барлық өндірілген өнім сапалы және сапалығын дәлелдейтін сертификацияланған құжаттары бар; компанияның саясаты клиенттермен компания қызметкерлері арасында барынша қарапайым байланыс орнату; компанияның әілсіз жақтарын және қауіптерін жоюда қаржылық және кадр потенциалы жеткілікті; компанияның қосымша көздерден қаражаттар тарту мүмкіндігі бар; жоғары кәсіби білікті персоналды таңдау жоспары бар; ішкі шаруашылық қызметті қатаң бақылау; әлсіз жақтары лизинг компанияларының алдында міндеттемелерінің болуы, мүмкіндіктері жергілікті басқару органдарын ауылшаруашылығы саласын дамытуға қызығушылықтарын тудыру; «РЗА» АҚ интенсивті өнім өндірісін дамытып Қызылорда облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру түрлері бойынша негізгі жеткізіп берушілердің қатарында болу; компанияның бірден бір басымдықтарының бірі клиенттерге сапалы өнімді қамтамасыз ете отырып, азық түлік нарығында жағымды позицияны иелену; қауіпті жағы үкіметтің салық саясатын өзгерту – салықтың деңгейін өсіру өнім бағасының өсуіне де әсер етеді және соның салдарынан нарықта өнім баяу жылжыйды; - өмір сүру деңгейінің төмендеуі - өнімді өткізу қарқынына жылдам әсер етеді.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
1 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны қалыптастыру мен реттеудің теориялық негіздері // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика» факультетінің 20 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдар жинағы, Қызылорда, 2012 жыл.
2 «Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін арттыру стратегиясы» // Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдары «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2012 жыл.
Резюме
Дарихожаева Индира Кулмагамбетовна
Эффективные пути формирования экономической стратегий в системе управления предприятия
(на примере предприятий Кызылординской области, перерабатывающих сельскохозяйственных продукцию)
на соискание академической степени магистра
экономики и бизнеса по специальности 6 М050600 - «Экономика»
Оъектом исследования являются предприятия Кызылординской области, перерабатывающие сельскохозяйственную продукцию.
Предмет исследования – выступают совокупность экономических и управленческих отношений, возникших в процессе становления и развития стратегического управления на предприятии.
Цель исследования – разработка теоретико – методологических аспектов формирования и развития стратегии управления предприятием.
Основами теоретических методологических аспектов исследовния выступили научные комплексные методологии: анализ и синтез; абстрактно – логические методы; методы оценки и анализа статистическо – экономических данных; системно – факторные методы; методы экономико – математического моделировния; методы SWOT – анализа, а также программы стратегического развития, стратегические планы Республики Казахстан, данные Агенства РК по статистике использованные для анализа.
Научная новизна исследования:
- определены основные концепции и уточнены теоретические аспекты стратегии управления предприятия;
- сформировны методология управления стратегического развития предприятия и критерии оценки степени стратегического развития;
- анализируя текущее состояние предприятий, перерабатывающих сельскохозяйственную продукцию, определены их потенциалы развития;
- предложена стратегия оптимизации среды деятельности предприятий, перерабатывающих сельскохозяйственную продукцию.
Значимость теоретических и методологических аспектов исследовательской работы опеределяются практической направленностью сформулированных научно – методологических результатов и их воздействием на решение важных научно – практических проблем при формировании эффективной стратегии управления предприятием. Материалы исследования можно использовать как методологическую основу совершенствования путей развития стратегического управления предприятий, перерабатывающих сельскохозяйственную продукцию.
SUMMARY
Darihozhaeva Indira Kulmagambetovna
Effective ways of formation of economic strategy in enterprise’s control system (on example of the enterprises of Kyzylordinsky area overworking agricultural production)
on receiving of the academic degree of the master
Economy and business on a speciality 6 М050600 - "Economy"
Object of research are the enterprises of Kyzylorda area overworking agricultural production.
Subject of research – a complex of economic and administrative relations arisen in process of formation and development of strategic management on the enterprises.
Objective of research– working out of theoretical and methodological aspects of formation and development of management strategy on the enterprise.
As bases of theoretical and methodological aspects of research have acted scientific complex methodology: the analysis and synthesis; abstractly – logic; estimation and analysis methods of statistical and economical dates; system – factorial methods; methods economic – mathematical methods; SWOT – the analysis, also programs of strategic development, strategic plans of the Republic Kazakhstan, dates of Agency on the statistics of Kazakhstan.
Scientific novelty of research:
- The basic concepts are defined and theoretical aspects of strategy of management of the enterprise are specified;
- methodology of management of enterprise’s strategic development and criteria of an estimation of strategic development’s degree are defined;
- Analyzing a current condition of the enterprises overworking agricultural production and their potentials of development are defined;
- Strategy of optimization of the environment of activity of the enterprises overworking agricultural production is offered.
The importance of theoretical and methodological aspects of research work defined by a practical orientation formulated scientifically – methodological results and their influence of the decision of important scientifically – practical problems at formation of effective strategy of business operation. Research materials can be used as a methodological basis of perfection ways of developments of strategic management of the enterprises overworking agricultural production.
Достарыңызбен бөлісу: |