Дарибаев А. Б., Серікбай Қ. Д., Бекболат С. А. «Электр жабдықтары»



жүктеу 4,75 Mb.
бет25/42
Дата13.10.2023
өлшемі4,75 Mb.
#43808
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Электр-жабдықтары-1

23.Бақылап-өлшейтін құрылғылар
Автомобиль жүйелері күрделене түсті, жүйені құрайтын элементтер арасындағы байланыстар көбейді. Барлық байланыстарды емес, мысалға, сезгілермен ЭББ арасындағы байланыстарды автосервис маманына есте сақтау мүмкін емес-ті (әрине, бұл жерде бір машина моделіне қызмет көрсететін маманданған сервис орталығын қарастырып отырған жоқпыз).Сондықтан автоөндіруші автомобиліне диагностика және жөндеу жұмыстарын жасағанға арналған нұсқаулықты құжат түрінде таратады. Онда диагностика, жөндеу жұмыстарын атқару ретін блок-схема, диагностикалау кестесі ретінде көрсетеді. Мақсаттары автомобильдің эксплутаттық қасиеттерін арттыру, автосервисте автомобильдеріне көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. Бірақта, соның өзінде де автомобильдің электрондық жүйесін жете түсіну қиын. Техникалық қызмет маманы әртүрлі автоөндірушілердің автомобиль модельдеріне қатарлас қызмет көрсеткенде (мыс. nissan, crysler -құрылғылары, ЭББ әртүрлі) ақпарат тапшылығына тап болуына әбден мүмкін.
Жүйесі күрделінген автомобильге диагностика жасау қажет дейік. Ендігісінде маман уақытында (уақыттыллы, яғни керек кезде лезде) табылған ақпаратқа жүгініп, автомобиль жүйесін барынша аз уақытта жете түсініп, ақауды анықтау алгоритмін ойластырып, ақау тұсын айқындап, ақауды жою жолын тауып, жөндеу жұмыстарын атқарып, ақауды жойып қызметін көрсететеді;
-Ескі автомобильдердің электрөткізгіштері екі деңгейлі сигнал өткізумен анықталды: массадағы және аккумуляторлық батареясындағы кернеу деп. Қазіргі заманауи автомобильдерде (қарапайым) екі пар электр өткізгіштен басқа тарамыс-тарамыс болған жекелей өткізгіштер бірігіп буылған электр өткізгіштері қолданылады. Оның бойымен сезгілерден, ЭББ-нан, атқарушы механизмдердің өзарасында екілік (екілік дегеніміз-төменгі және жоғарғы «мыс.: 0..0,4 және 4,5..5В» кернеуден тұратын электр импульстер ағымы, ағым реттік немесе параллель болады, осындай сигналдар ағымы логикалық деп-те аталады) және аналогты сигналдарды жеткізеді.
Мұндай жағдайда бақылау лампасы (әдетте қылы қызғанда жарық шығаратын лампа қолданатын оған екі өткізгіш жалғанып сезгінің қабылдағыш ұштарының қызметін өткізгіштің бос екі ұшы атқаратын) және мультимер (көбінде аналогты комбинатталған өлшеуіш құралдар пайдаланған, мысалы Ц20 типті «цэшка») пайдаға аспай қалады. Пайдаланған жағдайда электронды тізбектер бүлінуі мүмкін. Қарапайым өлшеу жүргізу арқылы диагностиканы жүргізуді жоққа шығарғым келмейді, тек, ондай диагностика жасау үшін «логикалық сынама» алатын құрал және арнаулы автомобиль мультимері қолданылады деп назарларыңызды аударғым келді.
1980-ші жылдары күрделінген «қозғалтқышты басқару»-дың электронды жүйесі кең қолданысқа жол ашты. Жаңа диагностикалау әдістері ойластырылды (немесе ойлап шығаруға негіз) болды. Жаңа қондырғыларға қызмет көрсету үшін «сервистік ақпарат» көлемі айтарлықтай өсті және де мұндай ақпарат (мамандар арасында) сұранысқа ие болды. Автомобиль модельліне сай қолданатын ЭББ-ның түр-түрінің көбейе түсіуі маман алдынан келесі мәселе, яғни, көлемі өсе түскен ақпараттан керегін іздестіріп табуды қажет етті.
Жалпы автомобиль жүйелерімен қатар диагностикалау жүйелері де дами «жаңа диагностикалау жүйелері» қалыптастырды және жаңа диагностикалық құрылғылардың пайда болуына себепкер болды. Диагностика құрылғылары борттық және борттық емес деп бөлінді. Пайдалану ерекшелігігне қарай топтастырып қарастырайық:
-Стационарлық (стендтік) диагностикалық жүйелер. Автомобильдің ЭББ-на тікелей қосылмайды. Яғни, борттық диагностикалық жүйеден дербес жұмысын атқарады. Мұндай жүйелер көбінесе отын бүрку, оталдыру жүйесін диагностика жасау үшін қолданады. Көбінесе оларды «мотор-тестер» деп те атайды. Автомобильдік электронды жүйелер күрделенуіне байланысты стационарлық жүйелердің мүмкіншілігі артта түсті. Қозғалтқышты басқару жүйесінен басқа тежеу жүйелерін, белсенді аспа және т с.с. диагностика жасауға пайдалануға болады;
-Борттық диагностикалық жүйе (ең алдыңғы қолданыста болған жүйе? Мүмкін, қазір қолданыста сирек кездеседі). Автономды жұмыс істеп, ақауды анықтап, түріне қарай хабарландырады. ЭББ-ның программалық қамтуына енетін диагностикалық программалық қамтуының «ақауды анықтайтын процедуралар» тіркеуішке (жадыға) ақаудың кодын тіркейді. ЭББ-гы тіркелкен ақауды тапқанда автомобильді басқаратын дөңгелек астында орналасқан бақылау-өлшеуіш панелінде орналасқан индикатор көмегімен ақауды білдіреді. Индикатор жарық сәулесін шығарып жанып-сөніп, сигналдар тізбегін құрап ақау кодын білдіреді. Жарықпен берілген сигналдар қандай ақауды білдіретінін «анықтама кестесі» бойынша анықталады;
-ЭББ-на сырттан қосымша диагностикалық құралды қосылатын борттық диагностикалық жүйе. Қосымша құралмен борттық диагностикалау программалық қамтумен жұмыс жасаймыз. Портативті диагностикалық тестер (автомобиль сканері) автомобильдің ЭББ-на қосылады. ЭББ-нан бақылаудағы параметрлермен ақаулар кодтары оқылады да сервистік орталық маманымен интерпреттау (ақау кодына қарай талдау) жасалынады.
Оталдыру шырақтарының үлгілік өлшемдері және таңбалануы 1-шам кілті; 2-A14V, M14×1,25×12 жіп, 21 кілт; 3-A11N, M14×1,25×11 жіп, 22 кілт; 4-М8, жіп М18×1,5×12, кілт 24; 5-шынжырлар үшін, M14×1,25×11 жіп, 19 кілт; 6-СИ12РТ (қайық қозғалтқыштары үшін), M14×1,25×12 жіп, 21 кілт; 21 мм — ге 7-ұштық бас 16 мм — ге арналған 8 ұштық бас; 9-M10×1×12 жіп, 16 кілт; 10-A10N, M14×1,25×11 жіп, 22 кілт; 11-A11-3, M14×1,25×12 жіп, 21 кілт; 12-A17V, M14×1,25×12 жіп, 21 кілт; 13 және 14-жіп M14×1,25×19, кілт 16, контактілі жаңғақ алынбалы. M14×1,25×25 жіптері бар ұшқын ашасы, 21 кілт. Ұшқынның өлшемдері олардағы жіптің диаметріне сәйкес жіктеледі. Жіптің келесі түрлері қолданылады: M10×1 (Мотоциклдер, мысалы, "Т" — ТУ 23 типті шамдар; шынжырлар, көгал шөп шапқыштар); M12×1.25 (Мотоциклдер); M14×1,25 (автомобильдер, барлық " А " типті шамдар); M18×1,5 ("м" типті шамдар, ескі американдық стандарт; ескі м-20, ГАЗ-51, ГАЗ-69 автомобиль қозғалтқыштарына орнатылды; " трактор
Калий саны (жылу сипаттамасы): "Ыстық" шамдар: ГОСТ 2043-74 бойынша 8 ... 14 бірлік (төменгі клапандар және төмен вольтты төменгі қозғалтқыштар); Орташа сипаттамалары бар шамдар: 17...19 (мәжбүрлі төменгі қозғалтқыштар және орташа күшті жоғарғы білік); "Суық" шамдар: 20 және одан да көп (жоғары 4 сатылы қозғалтқыштар, ауамен салқындатылған қозғалтқыштар, 2 сатылы қозғалтқыштар); Бұрын, ГОСТ 2043-54 сәйкес, шамның жылу конусының ұзындығы миллиметрмен тікелей көрсетілген; мысалы, A7,5bs шамында оқшаулағыштың жылу конусының ұзындығы 7,5 мм болды (қазіргі аналогы — A17V). Шетелдік шамдар үшін олардың жылу сипаттамалары қолданылады. Жіп бойынша тығыздау тәсілі: Тегіс төсеммен (сақинамен) С конусным бар (жоқ сақина)
Бүйірлік электродтардың саны мен түрі: Бір электродты-дәстүрлі; Көп электрод-бірнеше бүйірлік электродтар; Газбен жұмыс істеуге немесе көбірек жүруге арналған арнайы, төзімді электродтар; Алау-бірыңғай ұшқын штепсельдері, отын қоспасын симметриялы түрде жағуға арналған конустық резонатор бар. Плазмалық шанышқы-бүйірлік электрод Лаваль саптамасы түрінде жасалады. Шам корпусымен бірге ішкі шанышқыны құрайды. Өндірушілердің (Украина) айтуынша, тұтану "шанышқы-алау әдісімен"жүреді.
Ұшқын штепсельдерінің ақаулары Шам келесі жолдармен істен шығуы мүмкін: ұзақ сәтсіз іске қосу немесе жылытылмаған моторға міну кезінде жылу конусының көміртегі мен маймен ластануы шам қызмет ететін цилиндрдің істен шығуына әкеледі; жылу конусы мен корпус арасындағы кеңістікті майдың жану өнімдерімен, оның үлкен шығыны кезінде кокстеу; электродтардың тозуы (күйіп кетуі) саңылаудың ұлғаюына әкеледі, бұл сымның, шамның ұшының, катушканың сынуына әкелуі мүмкін немесе дроссельдің күрт ашылуымен ("газдың шығуы") от алуға әкелуі мүмкін. "Платинада" - тозаңданудың толық жұмсалуы, саңылаудың тез өсуі; электродтардың балқуы, жылу конусының жарылуы немесе бұзылуы; оқшаулағыштың сыртынан қатты ластануына және білте ұшының ықтимал сынуына әкелетін корпустың тығыздалуы арқылы газдардың өтуі.

Ақауларды бір-бірінен атау беру арқылы ажыратамыз. Кейде ақау немесе оның белгілері көз, мұрын және терінің тіркенуі арқылы бірден байқалады. Бірден сезілмейтін ақау және ақаудың белгілері бар. Оны анықтау үшін арнаулы білім, қажет болса техникалық құрал-жабдық қажет.
Ақау сөзін жеке қолданғанда автомбильдің қандай бір жерінде ақау барын білдіртеміз. Көбінде автомобиль ақауы оны мүлдем қолдануға жарамсыз немесе қолдануына шектеу қояды деп түсінеді. Ондай көзқараста дұрыс, бірақ қазіргі автомобиль ақауының орынын толтыра алса «авариялык» тәртіпте негізгі автокөлік сай сипаттарын сақтай отырып қолдануға мүмкіндік береді. Авариялық тәртіптте автомобильдің эксплутаттық қасиеттері төмендейді. Мысалы экологиялық талаптарға сай жұмыс істемеуі мүмкін.
«Диагностикалау» (әрекеті дегеніміз) ақауды білдіретін белгілер бойынша ақауды анықтау.
Арнаулы белгі беру немесе ескерту индикаторларын ескермесе заманауи автомобильдерде ақау барын бірден айту қиын. Кейбір ақауларды және ақаулар белгілерін адам сезбейді немесе қабылдамайды. Яғни, ақау бар болса оны анықтау қиын.
Заманауи автоэлектроника сенімді жұмыс істейді. Оның сенімді жұмысы автокөлікке қызмет көрсету станцияның «жөндеуші -қызметкерлері» оп-оңай анықтайтын жеңіл-желпі дефектілер санын азайтты (әрине, жеңіл-желпі анықталатын ақаулар бар, оны жоққа шығармаймыз). Ақауды білдіртетін белгіні анықтағанның өзінде де оны қандай ақауға жататынын ажырату қиын. Ақауды анықтау үшін әрі қарай диагностикалау әрекетін жасау қажет. Сол себепті заманауи автомобильдердің диагностикасы оңай іс емес.
Қазір жүргізілетін диагностикалау барысы осыдан 20 жыл бұрын жүргізілетін диагностикалаудан ерекшелінеді.
Өткенде және қазір дегендей диагностикалау әдістеріне шолу жасап жіберейік (электр жабдықтарына диагностика жасау үшін қолданатын әдістерге) және өткенде диагносика жасау үшін қолданған әдістер қазір неге жарамсыз болып қалғанын анықтайық.
Автокөлікте электронды жүйелерді көптеп пайдаланбай тұрғанда автокөліктің электр жабдықтары бір-бірінен дербес және құрылысы күрделі емес кіші жүйелерден құралатын. Электр тоғымен қоректендіру (электронды, электротехникалық аспаптарды) автокөліктің аккумуляторлық батареясынан тікелей жүргізілетін. Электр тізбектерінің көпшілігі тізбектің құрамындағы қозғалтқыштарды немесе қандай да бір электр құрылғысын басқару үшін қолданылатын. Кейде релені (электротехникалық аспабы) электр тізбегінде кездестіретінбіз. Электр тізбектің компоненттері көп болмағандықтан автоэлектрслесарь қарауындағы автомобиль моделі оған таныс болмасада ондағы ақауды оп-оңай анықтайтын.
Электр тізбегіндегі кездесетін конструкциясы қарапайым элементтердің жұмысқа жарамдығын «бақылау жүргізуге арналған лампа» немесе мультимер көмегімен оп-оңай анықталатын.
Құрылысы күрделірек элементті, реле секілді-мыс, жұмысқа жарамдығын анықтау үшін оның дәл сондай жұмыс істейтін данасымен айырбастап, жұмыстарын салыстыру арқылы оның жұмысқа жарамдылығын анықтайтын.
Осылайша диагностика жүргізудің әдісінің өзіндік артықшылығы бар. «Автомобиль диагносты» қарапайым диагностикалық құралдар көмегімен және жеке өзінің тәжірибесіне және біліміне сүйене отырып диагностика жасауға болатын.
Сол заманда автосервис қызметкерін оқытқанда автокөліктің электр жабдықтарының толық жұмысын, яғни жүйенің және оның шағын бөліктерінің бір-бірімен байланысын толықтай түсіндіріп оқытатын.
1970-ші жылдары электронды отын бүрку және оталдыру жүйелері пайда болуы дәстүрлі диагностика «жүргізу стратегиясына» өзгеріс әкелді. Дәстүрлі диагностика негізгі үш себеп бойынша жарамсыз болып қалды:
-Дәстүрлі әдіспен диагностикалау жүргізгенде ЭББ басқа элементтерден ажыратылып, әр элемент жеке-жеке тексерілетін, тексеріс барысында элементтерде дефект табылмаса ЭББ-да ақау бар деп табылатын. Көп жағдайда мұндай шешім орнысыз болды. Қызмет тұтынушысына мұндай «жөндеу» барысы ұзаққа созылып, уақыт жоғалтумен қатар қымбат тұратын ЭББ-н негізсіз алмастырылудан қаражаттай шығынға ұшыраумен аяқталатын;


жүктеу 4,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау