Данная дипломная работа посвящена разработке автоматизированной



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16670
түріДипломная работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

26 

 

-  мәліметтерді 



ұйымдастыру. 

SQL 


қолданушыға 

мәлiметтердiң 

берiлуiнiң  құрылымын  өзгертуге  сонымен  бiрге  мәліметтер  қорының 

элементтерiнiң арасындағы қатынас орнатуға мүмкiндiк бередi; 

-  мәліметтерді  оқу.  SQL  қолданушыға  мәліметтер  қорында  бар 

мәліметтерді оқуға және қолдануға мүмкіндік береді; 

-  мәліметтерді  өңдеу.  SQL  қолданушыға  мәліметтер  қорын  өзгертуге 

мүкіндік  береді,  яғни  жаңа  мәліметтер  қосу,  сонымен  қатар  бар  мәліметтерді 

өшіру және жаңалау; 

-  рұқсатты  басқару.  SQL  көмегімен  қолданушының  мәліметтерді  оқу 

және өзгерту мүмкіншіліктерін шектеуге болады; 

-  мәліметтерді  ортақ  қолдану.  SQL  паралель  жұмыс  жасап  жатқан 

қолданушылар  бір-біріне  кедергі  жасамау  үшін  мәліметтерді  ортақ 

қолданылуын үйлестіреді; 

-  мәліметтердің 

бүтіндігі.  SQL  мәліметтер  қорының  бүтiндiгін 

қамтамасыз  етеді,  оны  келiсiлмеген  өзгерiстер  немесе  жүйенiң  ақауынан 

қорғайды. 

Сайып  келгенде  SQL  МҚБЖ-мен  әрекеттесу  үшін  жеткілікті  күшті  тіл 

болып табылады. 

Сұраныстар  тілінің  сөзсіз  артықшылықтары  бар.  Біріншіден,  ол  Клиент-

Сервер  архитектурасының  идеологиясын  жалғастырады.  Қосымшаның 

клиенттік  бөлімі  ақпаратты  өңдеуге  сұраныс  дайындайды  және  сұранысты 

мәліметтер  қорының  серверіне  жібереді.  Сервер  қабылдаған  сұранысты  өңдеп 

клиенттік программаға дайын нәтижені қайтарады. 

Компъютер  технологияларының  ерекшелiгiнен  әдемi  және  тәуелсiз, 

сонымен қатар реляциялық мәліметтер қор технологиялар облысындағы өндіріс 

лидерларының қолдауы  SQL-ді негізгі стандартты тіл жасады. SQL стандарты 

ANSI-мен (Америка Ұлттық Стандарттар Институты) және қазіргі кезде ISO-да 

(Стандарттаудан Халықаралық Ұйым) қолданылады.  

SQL-дің назар аударуға тұрарлықтай артықшылықтары мынадай: 

-  нақты бір МҚБЖ-дан тәуелсіз; 

-  бір есептеуіш жүйеден екінші жүйеге ауысуы; 

-  стандарттардың болуы; 

-  Microsoft (протокол ODBC) компаниясның қолдауы

-  реляциялық негіз; 

-  үлкен дәрежелі структура

-  арнайы интерактивті сұраныстарды орындау мүкіншілігі; 

-  мәліметтер қорына программалық рұқсат алуды қамтамасыз етуі

-  әр түрлі мәліметтердің берілу мүмкіндігі; 

-  мәліметтерді динамикалық анықтау мүмкіндігі; 

-  клиент/сервер архитектурасын қолдау. 

Барлық  басты  МҚБЖ  жабдықтаушылар  SQL-ді  пайдаланады,  SQL-ді 

қолдамайтын бірде-бір жаңа МҚБЖ сәтті болуына үміттенбейді. Жұмыс жасап 

жатқан реляциялық мәліметтер қорын және программаны бір МҚБЖ-дан басқа 

МҚБЖ-ға  минималды  өзгертулермен  және  қызметкерлерді  қайта  даярлаумен 




27 

 

ауыстыруға болады. Персоналды компьютерлер үшін МҚБЖ құрамына кіретін 



программалық  құрылғылар,  көптеген  типті  реляциялық  мәліметтер  қорымен 

жұмыс істейді. 

Алдында  айтып  кеткендей,  SQL  құрылымдасқан  сұраныстар  тілі. 

Сұраныстар  –  SQL-дің  ықтималды  жиі  қолданылатын  аспектісі.  Сонымен, 

сұраныс – мәліметтер қорының қолданбалы программасына берілетін команда, 

және  оның  нақты  бір  ақпаратты  кестеден  жадыға  шығаруын  хабарлайды.  Бұл 

ақпарат негізінде компьютердің экранына немесе терминалға жіберіледі, бірақ 

көптеген жағдайларда оны принтергеде жіберуге болады. 

SQL  сұраныстарының  өте  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  –  көптеген 

кестелер  арасындағы  байланыстарды  анықтау  мүкіндігі  және  олардан 

ақпараттарды шығару. Жалпы қабылданған программалау стиліне сәйкес, SQL-

де операторларды әрқашан бас әріптермен жазу керек [12]. 

SQL тілі келесі санаттарға бөлінетін операторлар топтарынан тұрады:  

Data  Definition  Language  (DDL)  –  мәліметтер  қорында  обьекттерді 

жасауға, енгізуге, жоюға мүмкіндік беретін мәліметтерді анықтау тілі: 

-  CREATE МҚ обьектісін жасайды (қорды, кестелерді, қолданушыларды 

және т.с.с.) 

-  ALTER обьектерді өзгертеді; 

-  DROP обьектерді жояды. 

Data Manipulation Language (DML) – мәліметтер қорындағы обьекттердегі 

мәліметтерді өзгертуге, енгізуге, жоюға мүмкіндік беретін мәліметтерді басқару 

тілі: 


-  SELECT мәліметтерді оқиды, берілген шартты қанағаттандыратын; 

-  INSERT жаңа мәліметтер қосады; 

-  UPDATE бар мәліметтерді өзгертеді; 

-  DELETE мәліметтерді жояды. 

Data  Control  Language (DCL)  –  қолданушылардың  құқықтарын  басқаруға 

қолданылатын тіл: 

-  GRANT  қолданушыға  нақты  бір  обьектпен  операция  жасауға  рұқсат 

береді; 


-  REVOKE бұрын берілген рұқсаттарды қайтарып алады; 

-  DENY шектеу қояды; 

Transaction  Control  Language (TCL)  –  опера  торлар  топтарымен  жасалған 

өзгертулерді басқару тілі: 

-  COMMIT транзакцияны қабылдайды; 

-  ROLLBACK барлық өзгерістерді шегіндіреді; 

-  SAVEPOINT транзакцияны кішкентай аймақтарға бөледі. 

 

 



2.2 Мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдау 

 

SQL  Server  2008,  Oracle  11g  және  DB2  МҚБЖ-ды  салыстыру  анализі. 



МҚБЖ-ды салыстыру анализі мынандай критерилар бойынша қарастырылады: 


28 

 

-  сыртқы аутентификация (Windows көмегімен); 



-  ішкі аутентификация; 

-  мәліметтерді ашық шифрлау; 

-  сақталатын процедуралардың бар болуы; 

-  триггерлердің болуы; 

-  аудиттің болуы; 

-  қауіпсіздік саясатының болуы

-  тегін нұсқасының бар болуы; 

-  Microsoft Office-пен интеграция; 

-  иелiктiң жиынтық құны. 

SQL  Server  2008-де  соңғы  4  жылда  үш  ғана  осалдылық  табылған  ал  сол 

уақыт  арлығында  Oracle  11g  өнімдерінен  330-дан  астам,  DB2-де  80-ге  шуық 

осалдылық  табылған.  SQL  Server  2008-де  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 

компонентарына Standard,  Enterprise  және  Workgroup  редакциялары  қосылған, 

ал  Oracle  11g-де  Standard,  Workgroup  редакциялары  бастапқы  деңгейде,  тек 

Enterprise  редакциясын  ғана  бөлек  қымбат  бағаға  сатып  алуға  болады.  SQL 

Server 


2008-дің 

өнімділік  және  масштабтылық  облысындағы  жаңа 

мүмкіншіліктері үлкен жүктемелермен аса тиімді орындауға мүмкіндік береді.  

Жоғарыда аталып кеткен критерилер бойынша бұл жүйелердің салыстыру 

анализі көрсетілген (1 кесте). 

 

1 кесте - МҚБЖ салыстыру анализі 



Анализдер 

SQL Server 2008 

Oracle 11g 

DB2 


сыртқы 

аутентификация 





ішкі 

аутентификация 





мәліметтерді  ашық 

шифрлау 




сақталатын 

процедуралар 





триггерлер 



аудиттің болуы 





қауіпсіздік 

саясатының болуы 





тегін  нұсқасының 

бар болуы 





Microsoft 

Office-


пен интеграция 



иелiктiң  жиынтық 

құны, тенге 

126000 


250000 

150000 


 


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау