28
Банктің бірлескен іс-қимыл жоспарлары бойынша Ұлттық қордан бөлінген
қаражаттың шеңберінде жұмыс жалғасады. Кредит беру
нарығындағы қосымша
өтімділікті қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарының несие желілерін тарту
бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Тек қана бәсекелестік орта үшін
жағдай жасауға және жаңа шаруашылық
субъектілерінің пайда болуына ықпал ету үшін мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке
қатысуы шектелуі тиіс.
Мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу:
– мемлекеттік меншікті жекешелендіру және квазимемлекеттік сектордың
активтерін сату;
– ұлттық холдингтерді трансформациялау;
– тауар нарықтарының талдау
нәтижелері бойынша
мемлекет қатысатын
заңды тұлғалардың және
мемлекеттік заңды тұлғалардың қызмет түрлерін
қысқарту арқылы
қамтамасыз етілетін болады.
Тұрақты негізде түгендеу қорытындысы бойынша жекешелендіруге
ұсынылып отырған объектілердің тізбесін
ұлғайту арқылы мемлекеттің экономика
секторын
қысқарту
бойынша
жұмыс
жүргізілуде.
Алдағы
кезеңде
жекешелендіруге арналған
объектілердің тізбесіне мемлекеттік органдарға
бағынысты 102 ведомстволық ұйымдар және 32 республикалық және
коммуналдық меншік, қайта ұйымдастырылып таратылатын 623 республикалық
және коммуналдық меншік ұйымдар
қосымша енгізілетін болады.
Ұсынылып отырған шаралар 2020 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы
үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін — ЖІӨ-нің 15%-ға қысқартуға
(2015 жылдың қорытындысы бойынша - 19,1%) және экономика өсуінің бас
генераторы ретінде жеке секторды қалыптастыру үшін елдегі жеке бастаманы
жандандыруға мүмкіндік береді.
2.4 Инвестициялық ахуалды жақсарту
Қазақстанның инвестициялық саясаты қолайлы инвестициялық ахуалды
қамтамасыз етуге бағытталған және экономикалық прагматизм қағидаттарына
негізделген: табыстылық, инвестицияларды қайтару және бәсекеге қабілеттілік,
сондай-ақ экономикалық өсудің жаңа нүктелерін дамыту және жаңа нарық
тауашаларын айқындау жолымен экономиканың әлеуетін ұлғайтуды қамтамасыз
етуге бағытталған.
Инвестицияларды тарту инвестициялық қызмет және бизнесті жүргізу үшін
неғұрлым бәсекелі жағдайларды қамтамасыз етуді талап ететін технологияларды
трансферттеу мен жоғары технологиялық өндірістерді құру жағдайында жүзеге
асырылатын болады.
Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту мақсатында ҚХР-мен
екіжақты қатынастарды ұлғайту жоспарлануда, бірлескен қазақстандық-қытайлық
индустриялық-инновациялық бағдарламасының 51 жобасын іске асыру бойынша
жұмыстар жүргізілуде.
ЭЫДҰ-мен бірлескен инвестициялық саясаттың 2-шолуының қорытындысы
29
бойынша Қазақстан «ассоциацияланған мүшесі» ретінде ЭЫДҰ Инвестициялар
комитетінің қатысушысы болады және Халықаралық инвестициялар және
көпұлтты корпорациялар туралы
ЭЫДҰ декларациясына қосылады.
Технологиялық инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде «елдік қағида»
бойынша басым елдерден инвесторлар тарту бойынша жұмыс жалғасады,
сондай-ақ трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмыс жандандырылатын
болады.
2017 жылы Дүниежүзілік банктің қатысуымен Инвестициялар тарту
бойынша ұлттық стратегия әзірленетін болады, онда инвесторлар тарту үшін
басым салалар және перспективалы тауашалар анықталып, инвестициялық
ахуалды жақсарту бойынша жүйелік шаралар және инвестициялар тарту тетіктері
жетілдірілетін болады.
«KaznexInvest» АҚ-ның базасында «Kazakh Invest» инвестициялар бойынша
ұлттық компания құрылуда, ол Үкімет атынан нысаналы ТҰК-пен және ірі
инвесторлармен «бірыңғай келіссөздер жүргізуші» қызмет көрсететін болады.
Сондай-ақ
ірі
инвесторларға,
оның
ішінде
трансұлттық
компанияларғаұсыну үшін басым жобалар қалыптастыру бойынша жұмыс
жүргізіледі.
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік.
Қазақстан
Республикасының
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» (бұдан әрі – МЖӘ) заңына сәйкес
инвестицияларды тартудың жаңа құралының базалық тетіктері жөнінде МЖӘ
субъектілеріне түсіндіру жұмысы жалғасатын болады. МЖӘ-ні одан әрі дамыту
және жеке инвестициялар мен МЖӘ-нің қолдану тетіктерін кеңейту үшін салалар
мен өңірлердегі МЖӘ жобалары бойынша жоспарлардың іс-шаралары мен жол
карталарын іске асыру жалғасатын болады.
Жеке қаржылық бастаманы іске асырудың шетелдік тәжірибесін, сондай-ақ
тікелей келіссөздерді қолдану практикасын ескере отырып, МЖӘ туралы
заңнаманың практикалық қолданысы бойынша іске асырылып жатқан шаралары
мен үлгілік құжаттаманың ережелерін түсіндіру мақсатында өңірлердегі ЖАО
мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кең ауқымды әдістемелік жұмыс
жалғасатын болады.
Инвесторлардың кең ауқымын тарту үшін МЖӘ жобалары бойынша
шоғырландырылған ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы МЖӘ
жобалары бойынша Бірыңғай ақпараттық база іске қосылады.
МЖӘ жобаларын іске асыру рәсімдерін одан әрі оңайлату және процесін
жеделдету үшін:
1)
кешенді
мемлекеттік
қызметтер
көрсету
функциялар
және
«бағдарламалық» МЖӘ енгізілетін болады;
2) процестердің қайталануын болдырмау, сондай-ақ МЖӘ жобаларын
жоспарлау
рәсімдерін жеңілдету мақсатында МЖӘ жобасының концессиялық
ұсынысын және тұжырымдамасын әзірлеу кезеңін алып тастау бөлігінде МЖӘ
саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
3. Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту