22
агробизнестің кредиттік ресурстармен қамтылуын кеңейтуге бағытталады.
Шешім қабылдаудың айқындылығы мен субсидиялар және кредиттер беру
тәртібін оңтайландыру мақсатында субсидиялар және кредиттер процесстері
автоматтандырылатын болады.
АӨК-ті дамыту бағдарламасының шеңберінде АӨК субъектілерінің
техникалық жарақтандырылу деңгейін арттыру бойынша шаралар, оның ішінде
инвестициялық субсидияларды қайта қарау арқылы ірі агрохолдингтердің қымбат
импорттық техника сатып алу жағының диспаритетін төмендету шаралары
қайта
қаралатын болады.
Экспорттық саясатты іске асыру үшін «Азық-түлік келісімшарт
корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізінде АӨК экспорттық орталығы
құрылатын болады, оның функциялары нақты өткізу нарықтары үшін жасау
(Ресей, Қытай, Үндістан, орталық Азия және Таяу Шығыс елдері) экспорттық
каналдар құру және жол карталарын болып табылады.
АӨК-ті мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында жер қатынастары,
ветеринария, фитосанитария, органикалық өнімдер, ғылым саласында
қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі.
Елде машина жасауды дамыту жөніндегі саясат ішкі нарықтың
қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға және қосылған құны жоғары
түпкілікті өнім өндірісін ұлғайту есебінен экспортты кеңейтуге бағытталады.
Автомобиль өнеркәсібін және автоқұрамдауыштар өндіру өнеркәсібін
дамыту машина жасауды қалыптастыру іргетасына айналуға тиіс. 2020 жылға
қарай отандық өндірушілердің автомобильдер шығаруы 300 мың бірлік
деңгейінде болжанып отыр.
Машина жасау саласында негізгі күш ауыл шаруашылығы техникасын
сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау
тетіктерін жетілдіруге және жалпы жеткізілімдер көлемінде өздері өндіретін ауыл
шаруашылығы техникасының көлемін 30%-ға дейін жеткізуге бағытталады.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі саясат Қазақстан Республикасының
2015 – 2019 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары
шеңберінде әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып жеңіл өнеркәсіп өнімдерін
әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.
Сонымен бірге, ішкі нарықта жеңіл өнеркәсіп тауарларын ілгерілету,
үшінші елдердің нарығына ЕуразЭО жеңіл өнеркәсіп өнімдерін бірлесіп
ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Көліктік инфрақұрылым. Осы саланы дамытудың басты мақсаты
транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемін және 2020 жылға қарай
транзиттік әуе жолаушылар санын 1,6 млн. адамға ұлғайту болып табылады.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өсіп келе жатқан жүк
айналымының көліктік қызметін қамтамасыз ететін, көліктік инфрақұрылымды
құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
23
Автомобиль құрауышы мен Құрық портында паром кешенінің құрылысы
жобасын іске асыру есебінен паромдық қуатты жылына 23,5 млн. тоннаға арттыру
жоспарлануда.
Шу-Алматы учаскесінде екінші жолдарды салу құрылысы жобасын аяқтау
транзиттік әлеуетті арттырумен қоса, ішкі темір жол маршруттарын
оңтайландыруды қамтамасыз етеді.
Жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту есебінен
2020 жылға қарай жүктерді транзиттік тасымалдаудың жылдық көлемін
2 миллион контейнерге дейін жеткізу жоспарланған.
Еліміздің көліктік-логистикалық саласын дамыту мақсатында негізгі
күш одан әрі мультимодальды Еуразиялық трансконтиненталдық дәлізінің қуатын
арттыруға және Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай логистикалық
терминалын пайдалану арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша
тасымалды ұлғайтуға бағытталады.
Туристік саланы дамыту саясаты Қазақстан Республикасының туристік
саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасының
шеңберінде жүргізіледі, онда ішкі туризмді дамыту мен өңірлік мәдени-туристік
кластерлерді қажетті инфрақұрылыммен құру негізгі бағыт болады.
Ішкі
және
келу
туризмін
дамыту
үшін
инженерлік-көліктік,
коммуникациялық инфрақұрылымды дамытумен Алакөл, Балқаш, Кендірлі,
Баянауыл, Имантау-Шалқар, Байқоңыр, Катон-Қарағай, Сарыағаш-Түркістан
курорттық аймақтарының тартымдылығы арттырылатын болады.
Туристік қызмет көрсетуді ұсынудың деңгейін жоғарылату, визалық
режимді жеңілдету және халықаралық туристік көрмелерге қатысу бойынша
жұмыстар жалғасын табады.
2022 жылға қарай орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген
келушілердің
ағыны
5,7
миллионға
дейін
өседі.
Туристік
салада
10 000 жұмыс орны құрылатын болады.
Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту агрохимия саласын және өнеркәсіпке
арналған
химикаттарды
дамытудың
басым
бағыттары
шеңберінде
жалғастырылатын болады.
Агрохимиялық секторды дамыту күрделі (NPK-тыңайтқыштар), калий
тыңайтқыштары мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру бойынша басым
бағыттарды іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Химиялық кластерді одан әрі дамыту шеңберінде кейіннен жемшөп
фосфаттарын өндірумен экстракционды фосфорлы қышқыл өндірісі, метанол
және аммиак негізінде химия өнімдерінің өндірісі жөніндегі жобалар іске
асырылады.
Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында калий тыңайтқыштарын және
Жамбыл облысында «Еврохим-Удобрения» ЖШС кешенді минералды
тыңайтқыштарды өндіру бойынша жобалар іске асырылады.
Фармацевтика саласындағы саясат отандық өндіріс есебінен жұмыс істеп
тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңадан салу, салаларды білікті кадрлық