Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет271/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   363

553 

 

бірігіп, ұжымдасып әрекет етсе, істің нәтижелі болатынын ұғындыру. Бірінші кезекте, суретке 



көңіл  қойып  мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету  керек.  Ертегідегі  кейіпкерлердің  сөз  мәнерін, 

қимыл  -  қозғалысын  келтіріп  ойнауға  үйрету  аса  маңызды.  Сөздерді  анық  айтуға 

дағдыландыру,  есте  сақтау  қабілетін  дамыту  да  естен  шықпағаны  абзал.  Достыққа, 

қайырымдылыққа,  өзара  сыйластыққа,  мейірімділікке  тәрбиелеу  осы  ертегіні  балалардың 

өздерін қатыстыра отырып сахналау арқылы, нәтижесін сұрақ-жауап әдісімен бекіту арқылы 

жүзеге 


асырылады.  

Құрал  -  жабдықтары:  «Шалқан»  ертегісіне  арналған  костюмдер,  «Шалқан»  муляжі,  ертегі 

мазмұнына  сәйкес  сурет  –  таблицалар  болуы  тиіс.  «Шалқан»  ертегісінің  мазмұнын  толық 

меңгерген, ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні өз беттерімен сахналай 

алады.  

Ал  «Бауырсақ»  ертегісін  өтерде  сабақтың  мақсаты  -  ертегі  кейіпкерлерін  қонаққа 

шақыра отырып, қиялы мен қабілетін жетілдіру болып табылады. Балалардың сөздік қорын, 

байланыстырып  сөйлеуге  дағдыландыра  отырып,  жағымды,  жағымсыз  қасиеттерді  айыра 

білуді үйрету қажет. 

Ертегі  өзара  сыйласып,  достық  қарым-қатынаста  болуға,  біреуге  қызғанып  қарамауға, 

бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелейді.  

Ертегі  мазмұнын  балалардың  қызығушылығын  арттыра  отырып,  қойылымның 

кейіпкерлері: шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкіні балалардың өздеріне сахналату 

арқылы ашуға болады. Көрнекіліктер: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштарды да 

орынды пайдаланған жөн. Балалар осындай үйлесімді әрекеттер арқылы ертегі әлеміне еніп 

кететіндей болсын. 

Қорытындысында  неліктен  аю,  қасқыр,  жағымды  кейіп-керлерге  жатады?  –  деген 

тәрбиешінің  сұрағына:  -өйткені  олар  бауырсақты  жеген  жоқ,  -деп  өздері  ойланып  жауап 

беретін болады. – Ал түлкіні айлакер, қу деп ұғады. Осылайша ертегідегі жағымды, жағымсыз 

кейіпкерлерді  балалардың  өздері  танып  алады.  Сонымен  бірге  бауырсақтың  неден 

жасалатаны, түр-түсі, пішіні қандай болатыны жөнінде де түсініктер алады. 

 «Қасқыр  мен  жеті  лақ»  ертегісінің  үзіндісіне  тоқтала  отырып  бүлдіршіндердің 

қызығушылығын ояту  -  педагог шеберлігінің бір қыры болып табылады. Ертегіні  түсіндіре 

отырып,  сұрақ-жауап  әдісін  қолдана  отырып  бүлдіршіндердің  сөздік  қорын  молайту,  тіл 

байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту басты орын алады. Алдымен, суретін 

көрсете отырып қасқыр туралы, оның жабайы жануар екені, қауіпті аңдар қатарына жататыны 

туралы түсінік беру қажет.  Ал ешкі мен лақтың үй жануары екені, қандай қасиеттері бар екені 

туралы  балалармен  бірге  ой  бөлісу  қажет.  Сонымен  бірге  ертегі  мазмұны  балаларды 

батылдыққа,  сергектікке,  қиын  кезе  абыржымай  өз  беттерімен  шешім  қабылдай  алуға  да 

тәрбиелейді.  Айтқан  тапсырманы  бұлжытпай  орындауға,  ұсақ-түйек  нәрселерге  көңіл  бөле 

білуге,  зеректікке  тәрбиелеуде  де  аталған    ертегінің  маңызы  аса  зор.  Ертегіні  сахналатып, 

балаларға рөлдерді сомдатуда тіл байлығы мен ой ұшқырлығын дамыту басты мақсаттың бірі. 

Балалар  ертегі  мазмұнынан  қызығу,  ойлану,  әрекет  ету  арқылы    рухани-адамгершілік 

қағидаларын  да  ұғынатын  болады.    Айналасындағылардың  бәрін  ертегідей  қабылдаған 

баланың  бойында  өшпес  ізгілік  қалыптасады.  Мағжан  Жұмабаев:  «Жан  тұрмысы  өркендеу 

үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға ертегі тым қымбат 

нәрсе.  Бала  ертегіні  жан-тәнімен  тыңдайды.»  —  десе,  атақты  педагог  Сухомлинский  «Бала 

кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі  аралықта  —  әр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті 

нәрсенің бәрін де ертегіден алады.», — дейді.  

Жер бетіндегі барлық халық ертегілерінің мазмұны мен мақсаты бір деуге болады. Оның 

себебі  Ұлы  Табиғат  балалармен  ертегі  арқылы  сөйлеседі,  ертегі  арқылы  сырласады,  ертегі 

арқылы өнеге, білім, тәрбие береді. Ертегілердің барлығы да бір-ақ тілде сөйлейді. Ертегі – 

баланы рухани- парасатқа тәриелеудің бірден-бір құралы. 

Ертегілер арқылы рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық 

сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол, 

еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан  ұрпақ  тәрбиелеу  болып 




554 

 

табылады. Ертегі балаға рухани ләззат беріп, қиялына қанат бітіреді, жас баланың рухының 



өсіп  жетілуінің  бірден-бір  төте  жолы.  Бұл  -  балалардың  адамгершілік  сана-сезімін,  мінез- 

құлқын  қалыптастыруды  қамтиды.  Дәлірек  айтқанда,  адалдық  пен  шыншылдық, 

адамгершілік,  кішіпейілдік,  қоғамдағы  және  өмірдегі  қарапайымдылық  пен  сыпайылық, 

үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. 

Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік  білетін  ұстаз  халық 

педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең 

білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде 

пайдаланғаны дұрыс.  

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының 

нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады. 

Бүлдіршіндердің  адамгершілік  санасын  қалыптастырып,  оның  мінез-құлқы  мен  іс  әрекетін 

анықтайды. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Республикалық ғылыми журналы «Мектепке дейінгі тәрбие». 2008 жыл. 

2. Республикалық ғылыми журналы «Бала тәрбиесі». 2010 жыл. 

3. Ф.Н.Жұмабекова, «Мектепке дейінгі педагогика». 2012 жыл. 

 

 



 

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН  НЫҒАЙТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 

 

 

дене тәрбиесінің нұсқаушысы Сармурзина Д.А. 

КМҚК №42 «Тілек» балабақшасы 

 

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  егемен 

мемлекет  ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»  деген еңбегінде соның 4 негізгі 

күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі 

мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы,- деген еді. 

Балалардың  денсаулығын  нығайту  қазіргі  кезде  білім  беру  мекемелерінің  алдында 

тұрған  міндеттердің  бірі.  Жас  ұрпақтың  салауатты  өмір  сүруге  көзқарасын  қалыптастыру, 

олардың денсаулығын  сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім 

алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу  басты мақсатымыз.Бала 

денсаулығын    насихаттауда,  салауатты  өмір  сүру  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелерін 

жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, 

тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет.  

Мектепке  дейінгі  балалардың  денсаулығын  сақтау  мен  қалыптастырудың  басты 

мақсаты:  тұлғаның  психологиялық,  дене  –  қимыл  әрекеттерінің  мүмкіндіктері  мен  жас 

ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, инновациялық технологияларды қолданып, 

жеке  бас  тазалығын  жете  түсіндіру.Олардың  мінез  –  құлқында  белгілі  гигиеналық 

тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – 

гигиеналық  мінез  –құлық  дағдыларын  қалыптастыру  болып  табылады.Бала  денсаулығын 

қалыптастыру  үшін  қандай  жағдайларға  назар  аудару  керек?  Бұл  баланың  тіршілік  етуге 

бағытталған  мүмкіндіктерін  қалыптастыру.  Біздіңше,  адамның  әлеуметтік  –  психологиялық 

және биологиялық жақтан денсаулығын нығайтуға мына жағдайлар негіз бола алады: 

-  Белсенді  қозғалыс  нәтижесінде  ағзаны  шынықтыру  дене  тәрбиесі  немесе  спортпен 

шұғылдану;физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру. Қолда бар мүмкіндікті 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау