Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет123/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   363

253 

 



 

бала  өзіне  жақын  немесе  ұнайтын  өзге  адамның  эмоционалдық  жағдайына  елең 

етпейді; 

   ерекше  феномен  -  өзін  эмоционалды  реттеудің  болмауы  –  бала  өзін-өзі  тану  жаңа 



кезеңімен байланысқан кінәні сезбейді. 

 Осы ретте, эмоционалдық бұзылыстары бар балаларды үш топқа бөліп көрсетеді: 

  балалардың нақты шиеленіскен жағдайларын: агрессивтілігін, қозбалығын, қарсылық 



реакцияларын,  сонымен  қатар  қорқыныш  және  шамадан  тыс  реніштерді  байқататын  өткір 

эмоционалдық реакциялар; 

  жағдай үсті кері қамығулар: жабырқаңқылық, үрейлілік, көңіл-күйдің мұңайлылығы, 



қорқақтылық, жасқаншықтылық кезіндегі тұрақты қызу эмоционалдық көңіл-күйлер; 

 



эмоционалдық жағдайлар динамикасының бұзылуы: аффективтік жарылғыштық және 

тұрақсыздық (оңды эмоциядан теріс эмоцияға тез көшу және керісінше). 

Мектекке  дейінгі  жастағы  балалардың  эмоционалдық  дамуы  баланың  физиологиялық 

дамуына байланысты спецификалық ерекшеліктерге ие. 

Күйзелістер – баланың санасында тікелей көрініс табатын және жеке өмірінің жаңалығы 

ретінде  байқалатын  субъектінің  кез-келген  бастан  кешірілген  эмоционалды  өң  беретін 

жағдайы  және  болмыс  құбылысы.  Л.С.Выготскийдің  пікірінше,  күйзеліс  қарапайым  бірлік, 

оның қандай көріністе болатынын айту мүмкін емес – ортаның балаға әсері немесе баланың 

өзінің  ерекшелігі.  Күйзеліс  –  дамуда  көрініс  беретін  жеке  тұлға  мен  ортаның  бірлігі. 

Дағдарысқа  тән  барлық  тәртіп  ерекшеліктері  баланың  адам  ретінде  кез-келген  болмыстың 

құбылыстарына  қарым-қатынасы  –  әлі  де  тұрақсыз  күйзелістердің  әсерінен  пайда  болады. 

Мектепке  дейінгі  баланың  мінез-құлқы  көбіне  аңғырт,  жалғансыз,  ашық  және  қоршаған 

ортасы  үшін  түсінікті,  себебі  ол  іштей  қандай  болса,  сырттай  да  сондай.  Төменгі  мектеп 

оқушысының мінезі-құлқы оған қарама-қайшы, кейбір жағдайларда сырттай қарағанда жалған 

да  жасанды  және  мектепке  дейінгі  баланың  («қалау»  –  «қажет»  қақтығысы)  өз 

көрсетуіндегідей,  соншалықты  түсінікті  де  емес.  Л.С.Выготский  «7  жастағы  дағдарыс» 

(«Кризис в 7 лет») атты еңбегінде төменгі мектеп жасындағы балалар күйзелістерінің негізгі 

ерекшеліктерін атап өтті: 

-  Күйзелістердің  мән-мағынасы  пайда  болады,  яғни  бала  «мен  қуаныштымын»,  «мен 

ашулымын», «мен өкпелімін», «мен мейірімдімін» сөздерін түсіне бастайды және онда өзіндік 

күйзелістеріне саналы бағыт-бағдар пайда болады. 

- Күйзелістер нәтижелері немесе сезімдер қисыны /логика/ пайда болады. Егер, қандай 

да бір жағдаят балада көп қайталана беретін болса, онда оны бала ұғынып, сол негізде өзіне, 

өз жетістіктеріне және өзінің жай-күйіне деген қатынас қалыптасады. 

-  Күйзелістерді  түйсіну  олардың  өзара  шиеленісін  туындатуы  мүмкін.  Күйзелістер 

қарама-қайшылығы және оны таңдаудағы қиындықтар ішкі қобалжуды күшейтуі мүмкін. 

Балаларға  ерекше  психологиялық  жарақаттар  (мысалы,  өліммен  кездесу)  және 

созылмалы психозақымдық әсер (мысалы, отбасында баланы дұрыс тәрбиелемеу) қатты ықпал 

жасайды.  Олар  көтеріңкі  қауіп-қатерлі  жағдайды  туындаттырады  және  теріс  эмоционалдық 

жайдың  пайда  болуына  итермелейді.  Бала  тұлғасының  дамуына  күнделікті,  көбіне 

қайталанатын  жағдайлар  «қарапайым  өмірдегі  күйзелу»  азды-көпті  ықпал  етеді.  Мұндай 

қиыншылықтарды  күнделікті  жеңіп  және  белгілі  бір  шешімді  әрдайым  тауып  отыру  қажет. 

Егер,  бала  мұндай  жағдайларда  жағымсыз,  кері  тәжірибе  алып  отырса,  бұл  да  оның 

психологиялық денсаулығының бұзылуына, эмоционалдық және тәртіптік ауытқуларға әкелуі 

мүмкін. 

Нақты  әрбір  балаға  қандай  жағдайлар  қиындық  тудыратынын  анықтау  өте  маңызды. 

Психологтар  (Р.Б.Аугис,  Е.Е.Данилова)  зерттеулерінің  көрсеткіштері  бойынша,  қиын 

жағдайлар  ішінен    мектепке  дейінгі  жастағығы  балалар  көбіне  балабақшамен  байланысты 

жағдайларды атайды. Олардың ең көп тарағаны – бұл күнделікті жағдаяттар: 

бақылау және т.б. жазбаша жұмыстар барысындағы білімдерін тексеру; 




254 

 



  топ  алдында  баланың  жауабы  (бұл  жағдаятта  мұғалім  мен  сыныптағы  басқа 

оқушылардың ол жайындағы ойлары балаға өте маңызды болып табылады, сондықтан жауап 

беруде қателіктер жіберу барысындағы қорқыныш пайда болады); 

 нашар баға алу; 



  баланың  үлгіріміне  ата-аналардың  қанағаттанбауы  (бұл  жағдаяттағы  қиындық  ата-

аналардың түрлі тыйым салуы мен жазалауынан байқалады); 

  құрбы-құрдастарымен  шиеленісі  (ұрыс-керіс,  төбелес,  құрдастар  арасындағы 



бөлектетулер); 

 тәрбиеленушілермен, балабақша әкімшілігі мен ата-аналармен шиеленісі (себептері – 



баланың тіл алмауы, белгіленген ереженің бұзылуынан пайда болатын балалардың көзқарасы 

бойынша әділетсіз деп танылатын ата-аналар тарапынан өткізілетін тәрбиелік шаралар); 

  көпшілік алдындағы көрсетілімдер жағдаяттары (концерттер, спорттық жарыстар); 



 

белгілі  бір  іс-әрекеттердегі  жетістікке  жете  алмау  жағдаяттары  (баланың  бір нәрсені 



орындай алмауы); 

  дене жарақаттары және оны алу қауіптілігі (құлау, соғып алу, сындырып алу). 



Балабақшаға келген бала қоршаған адамдардың ойлары, бағалаулары мен қатынасына 

тәуелді болады. Өзіне қатысты сыни ескертулерді түйсінуі оның көңіл-күйіне әсер етеді және 

өзін-өзі  бағалауының  өзгеруіне  әкеледі.  Егер  мектепке  дейінгі  баланың  кейбір  жеке 

ерекшеліктері оның табиғи дамуына кедергі жасамай, үлкендермен қабылданып, ескерілетін 

болса,  енді  мектепте  өмір  шарттары  бір  үлгіге  салынады,  нәтижесінде  жеке  тұлға 

қасиеттерінің эмоционалды және тәртіптік ауытқулары аса байқалынатын болады. 

Бірінші  кезекте,  өзінде  аса  қозғыштық,  жоғары  әсерленгіштік,  өзін-өзі  төмен  бағалау, 

үлкендердің нормалары мен ережелерін түсінбеулерді байқайды. 

 

Болып жатқан жаңалыққа жеңіл ықыластануы және қабылдаудың, қиялдың, ойлау және 



дене іс-әрекетінің эмоциямен боялуы; 

 



қуаныш,  мұң,  қорқыныш,  қанағаттану  немесе  қанағаттанбау  секілді  өз  күйзелістерін 

табиғи және ашық білдіруі; 

 

қорқыныш  аффектісіне  дайындығы:  оқу  мен  тәрбиелеу  үрдісінде  бала  ыңғайсыздық, 



сәтсіздік, өз күшіне сенімсіздік, тапсырмаларды орындауда мүмкіндігі болмауды алдын-ала 

сезіну  қорқынышы  ретінде  күйзеледі;  оқушы  сыныпта,  отбасында  өз  мәртебесіне  түсетін 

қауіп-қатерді сезеді; 

 



үлкен  эмоционалдық  тұрақсыздық,  көңіл-күйдің  жиі  өзгеруі  (өмірге  құштарлық, 

сергектік, қуаныштылық, бейқамдылық), қысқа мерзімді және қызу аффектілерге бейімділігі; 

  тәрбиеленушілердің эмоциогенді факторларына ойындар мен құрбыларымен қарым-



қатынасы ғана емес, сонымен бірге оқудағы жетістіктер және осы жетістіктерді тәрбиеленуші 

мен құрбыларының бағалауы жатады; 

 

өзінің және өзгенің эмоциясы мен сезімдерін нашар ұғынады және түсінеді; өзгелердің 



ым-ишарасы, қоршағандардың сезімдерін білдіре түсіндіру көбіне дұрыс қабылданбайды, ол 

да  болса  төменгі  мектеп  оқушыларының  теріс  реакциялы  жауабына  жетелейді.  Бұл 

жастағыларда қорқыныш пен қуаныш базалық эмоциялары жайында тура түсінік бар, олар бұл 

эмоцияларды білдіретін бес синонимдік сөздерді ауызша атай алады. 

Сонымен,  педагогикалық  білімді  ұйымдастырылған  тәрбиелеу  барысында  мектеп 

жасына дейінгі балаларда эмпатияға (күйзелу, эмоционалды ықыластылық, жолдасына қуану), 

өзіне  және  қоршаған  адамдарға  рефлексияға,  толеранттылыққа  (яғни  өзге  адамдарды  сол 

қалпында  қабылдау  қабілеттілігі,  балалар  басқа  адамдарды  сыйлауға  үйренеді,  олардың 

кемшіліктеріне  шыдамды  қарауға)  қабілеттілігі  артады.  Сондықтан,  баланың  эмоционалды 

сәтті  өрісін  дамыту  жолдарын  психологиялық  тұрғыда  ұйымдастыру  өте  маңызды  екенін 

айтамыз. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау