Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет116/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   363

239 

 

Ойын үнемі екі түрлі уақыт өлшемінде: қазіргі уақытта және болашақта орындалады.  Бір 



жағынан тұлғаны сол мезетте қуанышқа кенелтеді,  оның туындаған өзекті мәселесін шешуде 

қанағаттанушылық  тудырады.  Ал  екінші  жағынан,  ойын  үнемі  болашаққа  бағытталған. 

Өйткені, онда өмірлік жағдайлардың болжамдары мен  модельдері жасалады. Ойын арқылы 

тұлғаның әлеуметтік, кәсіптік, шығармашылық функцияларына қажетті қасиет, сапа, жағдай, 

біліктілік,  қабілеттіліктер  қалыптасады,  сонымен  қатар  дамып  келе  жатқан  ағзаның 

физикалық дағдылары да қалыптасады /1/. 

Б.Г.  Ананьевтің  айтуынша,  «Балалар  психологиясы  саласындағы  көптеген  мамандар 

ойын баланың ең алғашқы туылған кезеңнен мектепке дейінгі кезеңді  қамтуына ерекше көңіл 

бөлген.  Бірақ  ойын  адамның  барлық  өмірлік  кезеңдерін  қамтитын  ерекше  іс-әрекет  түрі 

ретінде өзіндік тарихы бар. Адамның жасөспірім және бозбала, жас және орта жаста, тіпті егде 

тартқан  кезінде  де  ойынның  сан  түрлері  қолданылады»  /2/.  Бұдан  біз  ойынның  қандай  кең 

ауқымда қолданатынын байқаймыз.  



 Ойын – бұл балалардың психикалық дамуына жан  – ажақты үлес қосатын іс – ірекет. 

Ойын арқылы балада көптеген нәрсеге қызығушылық пен қажеттілік, басқа адамдардың  ойын 

еркін  қабылдау  сияқты  қасиеттері  қалыптасады.  Бұл  арқылы  бір  нәрсені  екінші  нәрсемен 

алмастыру белгісімен волиникалық таным функциясы қалыптасады. Балалар ойын барысында 

әр  түрлі  персонаждардың  рөлдерін  ойлай  ажыратып,  үлкендермен  қарымқатынасы  нығая 

түседі.  Ойын  –  жаттығу,  ол  арқылы  бала  өмірге  әзірленеді.  Ойын  халықтың  баланы 

әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдарының бірі. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің 

бірегей 


феномені, 

оның 


қайнар 

көзі 


мен 

шыңы.  


Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. 

Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын 

тигізіп,  таным  белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Қай  бала  болмасын  ойынмен  өседі, 

өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен  байланысты.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге 

тәуелсіз.  Ол  озін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін 

білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын 

үстінде қалыптасады.  

Халық  даналығында  «Ойнай  білмеген,  ойлай  да  білмейді»,  «Ойында  озган,  өмірде  де 

озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген 

құлқы,  қарым-  қатынасы,  мінез-  құлық  көріністері  олар  өсіп-  есейгенде  де  жалғасы  береді. 

Ойын  барысында  бала  өзін  қоршаған  үлкендер  сияқты,  өзінің  сүйікті  әңгімелері  мен 

кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. 

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға 

бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- 

қатынастағы  пайымдаулары  өзіндік  таным-  түсінік,  мінез-  құлық  әдептерін  бекітуіне  әсер 

етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар 

алады, дүние сырын ашады.  

Ойын  –  баланың  білім-білік  дағдысын  қалыптастыратын  тәрбие  құралы  депте 

айтуымызға  болады.  Ойын  балалардың  тапқырлық,  ұйымдастырушылық,  шыдамдылық, 

белсенділік,  адамдық,  шапшаңдық  қасиеттерін  дамытады.  Ойынды  балалар  өмірін 

ұйымдастырудың  формасы  ретінде  пайдалана  отырып  алдымен  солардың  ортақ  мүддесін 

бағыттап  және  дамытып  отыру,  балалар  ұжымын  топтастыруға  күш  салу  керек.  Балалар 

ойындарының  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалар 

үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын 

олар үшін – тәрбиенің мықты формасы.» Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны 

танып білу тәсілі. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі 

артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік 

қасиеттер  қалыптасады.  «Ойын  баланың  алдынан  өмір  есігін  ашып,  оның  шығармашылық 

қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский  

Ойын  –  жалпы  адамзат  мәдениетінің  бірегей  феномені,  оның  қайнар  көзі  мен  шыңы. 

Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның 



240 

 

жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті 



жастан  он  бес  жасқа  дейінгі  балалар,  он  бес  пен  жиырма  жас  аралығындағы  жастар…». 

Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол 

жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ 

серек-көк  серек»  т.б.  ойындарын,  ал  одан  кейінгі  топқа:  «тақия  тастамақ,  тартыс,  сиқырлы 

қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» 

т.б.  ойындарын  жатқызуға  болады.  Мұндай  ойындар  баланы  тез  ойлауға,  тапқырлыққа 

баулып,  жаңа  тақырыптарды  жылдам  меңгеруге  ықпал  етеді,  сөз  тіркесіне,  ұйқастыруға 

дағдыландырады.  Ойын  бала  үшін  —  нағыз  өмір.  Егер  тәрбиеші  ойынды  ақылмен 

ұйымдастырса,  ол  балаларға  ықпал  жасауға  мүмкіндік  алады.  Ойын  үстінде  баланың  түрлі 

қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко 

былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай 

болады».  Сондықтан  келешекке  адамды    тәрбиелеу-  бәрінен  бұрын  ойын  арқылы  жүзеге 

асыралады.  Ойын-  балалар  үшін  айналадағы  танып,  білу  тәсілі.  А.П.Усова  былай  деп  атап 

көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген 

сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында 

жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». 

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті 

Ойынның  психологиялық  аспектісіне  психологтар  Б.Г.  Ананьев,  М.Я.  Басов,  Л.С. 

Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  С.Л.  Рубинштейн,  Д.Б.  Эльконин,    И.Д.  Ливитов,  Л.С.  Славина 

және т.б. терең талдау жүргізген. Ойын теориясы мен модельдеуде олардың қосқан үлесі зор. 

Олардың шешкен және алға қойған мәселелері: 1)ойын генезисі; 2) тәрбие әсерінен туындаған 

және  қалыптасқан  ойын  түрлері;  3)ойынның  психологиялық  құрылымдық  компоненті;  4) 

баланың үлкендердің әлеуметтік қарым-қатынасымен танысу шарты ретіндегі қысқартылған 

немесе жалпыланған ойын әрекеті; 5) адам іс-әрекеті аумағындағы ойынның сензитивтілігі; 

6)адамдардың қарым-қатынасы мен олардың іс-әрекеті балалар ойынының негізігі мазмұны 

ретінде;  7)  ойын  іс-әрекетінің  түрткісіне  жағдайдың  рөлі  мен  қиялының  әсері;  8)  баланың 

психикалық дамуына ойынның әсері. Д.Б. Эльконин өзінің «Ойын психологиясы» еңбегінде 

негізгі  кеңестік  және  шетелдік  балалар  ойынының  тұжырымдамасына  талдау  жасады  және 

балалар ойынының теориялық жүйесін жасады /3/.  

Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу  үдерісіне көптеген 

жаңа  тәсілдер  енгізіліп  жатыр.  Соның  ішіндегі  ең  бір  маңызды  да  қолайлы  тәсіл  –  ойын 

арқылы  баланың  психикасы  мен  ойлау  қабілетінің  ең  алғашқы  компоненттерін  дамыту. 

Сондай-ақ,  оқушылардың  оқу  материалдарын  жақсы  қабылдауына  әсерін  тигізетін  тиімді 

әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа 

ойын  мен  ойын  тәсілдерін  енгізу  оқуды  қызықты  етіп,  балалардың  сергек  болуына,  оқу 

материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. 

Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, 

бастауыш  сынып  оқушыларына  қолданылатын  ойындарға  олардың  дене  бітімінің 

қалыптасуына  арналған  ойындар,  қимыл  ойындары,  сөйлеу,  шешендігін,  тілін  дамыту 

ойындарына  рөлдік  ойындарды  жатқызуға  болады.  Міне,  осындай  пайдалы  ойындардың 

түрлері сан алуан.   

Ойындар  бастауыш  сынып  оқушыларының  меңгеруіне  қиындық  келтірген  жағдайда 

мұғалім  өз  ойынан  әр  алуан  ойындарды  құрастырады.  Бұл  бағытта  мектептерде  жүргізіп 

жатқан  іс-тәжірибелер  айтарлықтай.  Сондай  әдістердің  бірі  –  сабақта  ойын  элементін 

пайдалану. Ойын арқылы оқыту технологиясы, әсіресе, бастауыш сыныптарда өте тиімді. Осы 

технологияны пайдаланып, кіші мектеп оқушыларына ойын сабағын өткізуге болады. 

Бастауыш  сыныптарда  оқушылардың    проблемалық  жағдаяттан  шығуына  мүмкіндік 

беретін ойындар қолданылады. Оқушылар ойын ережесіне байланысты әрекет етеді, сондай-

ақ  рөлге  еніп  имитация  жасайды.  Ойын  барысында  зейіні,  еркі,  өзін  ұстау,  жаттығу, 

тапқырлық, тез реакция, білгенін тәжірибеде қолдану, талдау, салыстыру, қорытынды шығару, 

бірігіп  шешім  қабылдау  сияқты  қасиеттері  дамиды.  Сабақ  барысын,  сынып  сағаттарын, 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау