Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет223/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   363

456 

 

жүйелі  түрде  жасап  ,  басқаларына  үлгі  көрсетуі  қажет.  Сонда  балалардың    санасы  оянып, 



денешынықтыру  оқу  әрекеті  қызықты  өтеді.  Бүгінгі  күнде  ата-аналар  балалардың  дене 

тәрбиесіне  қатты  алаңдауда.  Олардың  денсаулығына  жүріс-тұрысына  теріс  қылықтарына 

көңіл бөлуде. Сондықтан блабақшадан  тыс балалар денешынықтырумен айналысқаны дұрыс. 

Жүзу,  баскетбол,  футбол  сияқты  ойындар    балаларды  әрі  қарай  үлкен  спортқа  жетелейді. 

Спорттық мерекелер осыған көп септігін тигізеді.  

Спорттық  жарыстарда  балалардың  топтық  бірлігі  арта  түседі.  Мерекелік  жарыстарда 

балалардың  қандай  спорт  түрімен  шұғылдануға  мүмкіндігі  бар  екені  көрінеді.  Мерекелік 

жарыстардың  мақсаты  балаларды  тәрбиелеу  мен  жаппай  спортпен  айналысуы  болып 

табылады.  Сонымен  қатар  салауатты  өмір  салты  негізінде  балалардың  денсаулық  сақтау 

құзіреттілігі арта түседі. Спортқа қызығушылығы оянған әр баланың салауатты өмір салтын 

сақтап жүруге жетелейтіні сөзсіз.  

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Дене тәрбиесі. Әдістемелік нұсқау. Алматы «Мектеп» 2012. 

2. Төтанаев Б.  Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы. 

3. Сапарбаев Б.С. Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тарихы. 

4. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Рауан» 1991. 

 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ АЙМАҒЫНЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 



Б.К. Мукушева 

«№114 «Бақыт» балабақшасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 

 

 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  заңында  көрсетілгендей,  адамзат 



құндылықтарының  ғылым  мен  тәжірибе  негізінде,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  қажетті 

жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып саналады. 

Қоғамдақ  жаңару  кезеңінде,  Қазақстандағы  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық 

қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да 

өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар орнатуда. Осының өзі қоғамдағы отбасының 

орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану 

мәселесін  туындатты.  Қазіргі  педагогика,  қоғамтану,  саясаттану,  психология,  философия, 

әлеуметтану,  демография  секілді  ғылым  салалары  адамның  дамып  қалыптасуындағы 

отбасының өзіндік орнын баса көрсетеді. 

Балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру,  қызығушылығына  сүйену,  тәрбие  мен  оқыту 

міндеттерін бірлікте шешу, баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи әрекет 

етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру. педогогикалық процесстің белгілі бір 

құралдар мен әдістер көмегімен дамыту деп түсінеміз. 

Ерте  балалық  шақ  –  балалардың  дене  мүшелерінің  және  жүйелердің  әсіресе  ми 

функциясының дамуының ерекше кезеңі. Бас ми қабығының функциясы тұқымдық бойынша 

тіркелмеген,  олар  қоршаған  ортаның  ағзаларымен  өзара  қарым-қатынас  жасау  нәтижесінде 

дамитыны дәлелденген. 

Қазіргі кездегі балада, дене түйсігі арқылы, есту сезімдерінде кемшіліктер бар. Яғни ол 

қоршаған  әлемді  сызықты,  бір  жақты  қабылдауы  мүмкін.  Сенсорлы  тәрбие  жүйелі  түрде 

жүргізілсе    баланың  дамуы  жоғары  және  тиімді  жүреді.  Қазіргі  өмірдің  технологизациясы 




457 

 

балалардың  сенсорлы  тәжірибесінің  дефицитін  құрап,  оны  визуальді  және  виртуальды 



образдар ауыстырған. 

Баланың  сенсорлық  дамуы  –  бұл  заттардың  сыртқы  қасиеттері  туралы  ойларының 

қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, 

сонымен қатар иісі, дәмі т.б. Мектепке дейінгі жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, 

қоршаған  орта  туралы  білімін  жинақтауға  қолайлы  кез.  Мектепке  дейінгі  педагогика 

саласындағы  атақты  шетелдік  ғалымдар  (Ф.Фребель,  М.Монтессори,  О.Декроли),  сонымен 

қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, 

А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған 

сенсорлық  тәрбие  мектепке  дейінгі  тәрбиелеудің  негізгі  жағы  болып  саналатынын  айтқан 

[2,5]. 


Мектепке  дейінгі  кезеңдерде  сенсорлық  қабілеттерін  дамытудың  негізі  танымдық 

үдерістердің  бірқатар  алға  жылжуымен  тікелей  байланысты,  қабілеттердің  сезімдік 

процесстерге қалай әсер ететініне тоқталайық. 

Ойлаудың  сезімдік  таныммен  байланысы:  дүниетану  тікелей  сезімдік  процестер  – 

түйсіну,  қабылдау,  пайымдаудан  басталып,  одан  әрі  ойлануға  қарай  өрбиді.  Таным 

процестерінің  барлығы  да  тікелей  сезімдік  процестер  –  түйсіну,  қабылдау,  елестетумен 

байланысты. Елес – заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі 

–  сезімдік  танымнан  абстрактылы  ойға  көшу  аралығындағы  көпір  сияқты.  Адамдардың 

сыртқы  дүниені  танып  білуінің  теңдігі  мен  ақиқаттығы  тәжірибе,  сондай  –  ақ,  адамдардың 

табиғат  пен қоғамға ықпал етіп, оларды өзгерту жолындағы іс  - тікелей сезімдік процестер 

барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттерін, сол қасиеттердің жиынтығы 

арқылы нәрселердің тұтастығын бейнелейді, көз алдында жоқ заттың да бейнесін елестетеді. 

Дегенмен, адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгілі – қасиеттері мен мән – 

жайына терең бойлап, жете танып біле алмайды. Мұндай ерекшеліктерді білу тек ойлау және 

де  заттар  мен  құбылыстардың  өзара  байланыстарын,  бір  тектес  нәрселердің  жалпылық 

белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады. 

Ойлау арқылы танып білу тікелей сезімдік процестерге негізделмеген, олардын көптеген 

ерекшеліктерін  тікелей  сезім  арқылы  тану  мүнкін  емес  және  олардың  мән  –  жайы  айқын 

бейнеленбейді.  Мысалы,  қазіргі  кездегі  осы  заманғы  физика  ғылымындағы  аса  күрделі 

проблемалардың бірі - өте ұсақ қарапайым бөлшектер жайындағы теория. Мұндай өте майда 

типті, жай көзге көрінбейтін бөлшектерді микроскоппен де көре қою қиын. Біз осы бөліктерді 

ойлау арқылы ғана пайымдап білеміз. Абстрактылы дерексіз және жанама ойлану нәтижесінде 

сондай  өте  ұсақ  бөліктердің  бар  екендігіне  көз  жеткіземіз,  олардың  өзіндік  қасиеттері 

болатындығын аңғарамыз. 

Ойлаудың  даралық  ерекшеліктері  адамның  танып  білуінің  сапалық  сипаттары  мен 

ерекшеліктерін қамтитын ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, 

оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау 

әрекетіне  тән  басты  қасиет  –  дара  адамның  әрбір  нәрсенің  мәнді  қасиеттерін  өздігінен 

ажыратып,  олардан  жаңа  қорытындылар  жасай  білу.  Ойлау  әрекетіндегі  адамның  мұндай 

сапалылық қасиеті – нәрселердің мән-жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары 

мен  өзара  байланысын  ашып  беруге  қабілетті  болатындығы.  Мұндай  әрекет  ойлау  жүйесін 

жетілдіріп,  адамның  ақыл  –  ойын  өрістетеді.  Адам  ойлауының  дамуына  ықпал  етудегі  бір 

мақсат – ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп, адам ойының мүмкіндіктерін 

толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады. 

Ой  болжамы  ғылымыда  гипотеза  деп  аталады.  Гипотеза  дегеніміз  -  әр  түрлі  деректер 

негізінде  объектілер  мен  құбылыстардың  байланысы,  олардың  себебіт  уралы  қорытынды 

жасау. Бұл –ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсіл. 

Ойлаудың  физикалық  негізі  И.П.Павловтың  1  және  2  сигнал  жүйесі  туралы  іліміне 

сәйкес түсіндіріледі. 

Ойлау – ми қабығында күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі. 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау