Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет106/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   363

219 

 

   



 

 

«ТӘРБИЕНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУШЫ – ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША» 

 

 

Жексенбаева А.А. 



«Бәйтерек» балбақшасы КМҚК  

 

 



Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе 

оның  нәрестелік,  сәбилік,  балалық  шақтарында  ауадай  қажеттілік  деп  айтсақ  та  болады. 

Баланы  тәрбиелеу  алғашқы  негізі  отбасында  қаланып,  балабақшада  әрі  қарай  жалғасын 

табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның 

бірлескен  өзара тығыз байланыста,  яғни  ынтымақтаста болуы маңызды. 

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл – қыздардың дені сау, 

рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі – ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. 

Оның  қуат  алатын  қайнар  бастауы  отбасы.  Отбасының  аса  құнды  ықпалы  мен  әсерін 

өмірдегі  ешнәрсенің  күшімен  салыстыруға  болмайды.  Балаға  ата  –  ана  тәрбиесінің  орнын 

ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы – өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда 

және  ұрпақ  жалғастыруда  теңдесі  жоқ  орын.  Отбасы  –  баланың  жасын,  жеке  ерекшелігін, 

психологиялық  процестерін  ескере  отырып,  жарасымды  жетілген  ұрпақты  тәрбиелеу. 

Көздеген  мақсатқа  жету  үшін  отбасындағы  тәрбие  төмендегі  міндеттерді  шешеді. 

Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру. 

Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, 

өзіне-өзі қызмет етуге үйрету. 

Отбасы  мүшелерімен  тіл  табысып,  дұрыс  қарым  –  қатынас  жасауға,  үлкенге  құрмет, 

кішіге ізет көрсетуге үйрету. Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу жүзеге асу үшін бала 

дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, балабақшада тәлім – тәрбие 

беріледі. 

«Баланы  жастан»,  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деген  даналық  сөздердің  

мағынасы  өте  терең.  Себебі,  есейіп  кеткен  соң  баланың  теріс  мінезін,  қалыптасқан  қате 

көзқарасын  өзгерту  өте  қиын.  Осы  кезде  «Балаңыздың  тәрбиесін  бастамас  бұрын,  өзіңіздің 

мінез  –  құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды  ой  елегінен  өткізіп,  бақыладыңыз  ба?»  деген 

сауал туады. 

Ұлы педагог А. С. Макаренко: «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – 

ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын 

рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? 

Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген [1.25-б.]. 

Отбасы – барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. 

Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым – қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, 

дене  тәрбиесінің  алғашқы  үлгілері  қалыптасады.  Ал  әке  мен  шеше  –  баланың  алғашқы 

тәрбиешілері.  Ата  –  аналар  бала  бақытының  шынай  бағбаны  болуы  тиіс.  Бала  бақыты  – 

білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп 

жасайды»,  -  деген  А.Байтұрсынов  [2.145-б.  ].  Бүгінгі  таңда  болып  жатқан  өміріміздегі 

өзгерістерге  байланысты  ұстаздар  мен  ата  –  аналардың    бала  тәрбиелеудегі  жауапкершілігі 

арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып, 

бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші  ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі 

тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды  пайдалана отырып, ата – ананың қызығушылығын 

арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы 

өзгерер еді. Ата – аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: 

• ата – ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; 




220 

 

• баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап 



өту; 

• ата– аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік  қағидасын басшылыққа алу. 

Ал  міндеттері: 

* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді. 

Қоғам 


 

тарапынан 

 

көрсетілген 



 

қолдау, 


 

ата- 


ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады. 

Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе   түсіп, тәр

бие   жұмысы   еңбек  ұжымының   күнделікті   ісіне   айналуда   тәрбиешілердің   практикас

ында  ата -  аналармен   және   көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   

 әр    түрлі      формалары      қалыптасып,      жемісті      түрде      балабақшамызда  қолданып  

жүрміз.  Біздер   ата -  аналармен   жекелеп   және  ұжымдық  жұмыстар   атқарудамыз. 

Отбасы 

 

 



тәрбиесіндегі 

 

 



кездесетін 

 

сәтсіздіктер 



 

 

ата 



– 

аналардың   педагогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие  жұмысын  жүргізуге  

қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.   Балаларды   тәрбиелеудің   дұрыс   жолын   та

бу  үшін   ата -  аналарға   көмектесу  тәрбиешілердің    міндеті . 

Ата -  аналармен   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   қалай   ұйымдастыруға   болады? 

Ол  үшін  біз  ата-аналармен  жақынырақ   танысып, отбасының   әлеуметтік    жағдайын,  

отбасы      мүшелерінің  бала      тәрбиелеудегі      ролін      анықтау      үшін,      ата  -

налардың  ұсыныс   пікірлерін,   ойын   бөлісу   мақсатында   сауалнамалар,   анкеталық         

сұрақтар алып  отырамын. 

Өз  тәжірибемнен  айтар болсам,алдымен  жыл  бойғы   жүргізілетін   жұмыс  түрлерін 

 ата   -   аналармен   бірлесе   отырып   жасағанды жөн деп  санаймын.   Себебі,  ата - 

аналар   заман   талабына   сай   өзекті   мәселелерді,   отбасы   тәрбиесіне   байланысты   

тақырыптарды  өздері   ұсына   алады.   Сонымен   қатар   ата -  аналардың   ұсыныс -

пікірлермен  санаса   отырып ата -аналарға    арналған   әңгімелер  мен   лекциялар,   

консультациялар,  сұрақ  жауап      кештері,      тәрбие      жұмысын      алмасу      жөніндегі  

конференциялар,      ата  –  аналарды      педагогикалық      әдебиеттермен    таныстыру      әдіс-

тәсілдері  қарастырылады.  

М.  Әуезов    «Қай      істің      болсын      өнуіне      үш    түрлі      шарт    бар.      Ең 

алдымен    әуелі     ниет   керек,   одан   соң   күш  керек,   одан   соң   тәртіп   керек»   [3.122-

б.].      Өмірлік      тәжірибе    ұлы      жазушымыздың              сөзінің      құдіреттілігін      байқатады. 

Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты    күшейтіп,   бағытты   жұмыс   жүргізу

ұйымдастырылатын  мерекелік   іс -  шараларға,  ата – аналар  және топ жиналыстарына   ата 

-  аналарды  тартудың   қажеттілігі: 

* Балаларда  іс  -  әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі  болады; 

* Балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады; 

* Ұнайды; 

* Балалар   еліктеудің   жаңа   үлгісін   алады; 

* Ересектер   тәрбиеші   жұмысымен   жақын   танысып,   оны   бағалай   біледі; 

* Ата – аналар   және   басқа да ересектер  балабақша  өмірімен танысады; 

*Ата-аналар және отбасы мүшелері  өздерінің бала тәрбиелеуге,  оқытуға   қатысы  бар 

екендігін  сезінеді.  Тәрбиешілер  ата  -  аналарға  ақыл  -  кеңес  беріп,  ұсынылатын  тыңдау 

барысында   төмендегідей  қарым – қатынас  ережелерін  есте  сақтауы керек: 

    Бір – біріне  көңіл  бөлу 

    Тыңдау 

    Сыйлау 

    Көзбе – көз  қарау 

    Тиімді   орынды  таңдау 

    Әзілді  сезіну 

    ұрыс – керістен  сақтану  сияқты 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау