17
Кімнің дауысы екенін тап. Балалар шеңбер бойымен ортадан теріс қарап тұрады.
Тәрбиеші шеңбердің ортасында тұрады. Ол ойынды жүргізушіні тағайындайды, ол да
шеңбердің ортасында тұрады, үй жануарларының бірінің немесе құстың даусына келтіріп
айтады. Бұдан кейін балалардың барлығы беттерін шеңбердің ортасына қаратып бұрылады.
Тәрбиеші кімге тап десе, кімнің даусы екенін сол табады. Ойынды жүргізуші жаңадан
тағайындалады. Ойын 5-6 рет қайталанады.
Нұсқау. Егер бала қандай жануардың немесе құстың даусын салуға қиналса, әлде білмесе
тәрбиеші оған көмектеседі.
Жай жүріп өт. Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен
бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша
тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да,
бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге
жайлап: «Бері кетіп қалды», - дейді. Тәрбиеші көзін ашады.
Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да
болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан мектебі» журналы №9.10.2005жыл.
2. « Мұғалімге көмек» 2005 жыл.
3. «Казахские детские игры» 1998жыл.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІҢГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БАЛАНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Абильдинова М.А.
«Қарлығаш»б/б КМҚК тәрбиешісі
Қарағанды қаласы.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де
педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас
бөлігі болып отыр.Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі
мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына,
жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір
педагогтың міндеті.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік,
дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі
ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына
сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді
көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың
тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын
үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге
құштарлығын арттырады.
18
Шығармашылық адамның қызметін және ондағы шығармашылық ойлауының болуын
шамалайды. Дарынды адам тәрбиелеу үшін балалық шақтан бастап шығармашылық қабілетті
қалыптастыру керек, яғни мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарау.
Ертегілер әртүрлі:көңілді, көңілсіз, сиқырлы, бойыңды баурап алады, оның бәрі
балаларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейді, көптеген қызықты білімді қамтиды.
Өз бойларына батылдық, беріктілік, мықтылық, ертегі кейіпкерінің зұлымдық немесе
адамгершілік қасиетін пайдаланады.Қай жерде балалар болса, сол жерде ертегі де болады.
Балалар оны жақсы көреді. Керемет ертегі айтушы Д. Родари келесіні мәлімдейді:
- Ертегілер балаларға жеткілікті түрде берілмейді
- Балалардың қиялының дамуында, ойлауында, сөйлеуінде және белсенді адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелеуде ертегілер толық көлемде пайдаланылмайды. Мектепке дейінгі бала
қалай қалыптасса, солай оның өмірі жалғасады. Әр баланың шығармашылық потенциалын
дамыту үшін бұл кезеңді өткізіп алмау маңызды.
Мектепке дейінгі бейімделген шығармашылық ұранымен баланы оқытуға,және
тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері:
Ертегілердің негізгі жұмысында мәселені мазмұндау әдісі, эвристикалық әдіс, ішінде
ойыны бар әдістер басты орын алады. Мұндай дәстүрден тыс тәсіл балаға ертегінің немесе
ертегі кейіпкерінің қандай қасиеті жақсы екендігін, қандай қасиеті жаман екендігін, жаңа
жағдай тудыруға, қай жерде ертегі кейіпкерінің түзелуіне болатындығын, мейірімділіктің
жеңетіндігін, қатігездіктің жазаланатындығын , тек қатты және адамгершілік қағидаларына
қарсы емес мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.
Құрастынушы ойдың негізі болып: адамның жағдайын жақсарту үшін барлық нәрсені,
жетілдіруге, өзгертуге ,жақсартуға болатындығы- баланың шығармашылық ұраны болуы
керек. Біздің негізгі мақсатымыз-адамгершілік қасиетті тәрбиелеу.
Толып жатқан тәрбиелеу мен тәсілдерде ертегі соңғы ролі орнын алмайды. Көп
сабаптерге байланысты балалар қаһарманды жақсы көреді, ол жақыны болып кетеді, оны үлгі
қылады. Осы салада адамгершілік тұрғысындағы маңызды сәттерге назар аударамыз. Яғни,
балалар салыстырады, дәлелдейді. Бұл ойды жүзеге асыруда «Жақсы-жаман» ойынын
пайдалану тиімді.
Ауызша сөйлеу мәнері мынаған бағытталған:
«Тілдік жаттығу»
Біріншіден сұрақтар қоя білу.
Ауызша сөйлеумен бірге арнайы оқыту қажет. Бұл жоспарда сөздерді құрастыру,
сөзтіркестері, сөйлем құруға үлкен мағына бөлген жөн.
-бірнеше түбірлес сөздерді ойлап шығару(бас: басылды, басқарды, басталды, т.б. )
-екі сөзден тақпақ шығару,екі жолды тақпаққа көшу(барды, алды.
Түлкі қонаққа барды, Тырна досын қарсыалды)
Ұзын таратылған сөз құрастыру ойыны «Әр қайсынан бір сөзден»
Балаларға жазбаша тілдесу жанрын ашу маңызды.Ол мысалы:
Телеграмма., қысқа хаттар, жазулар т.б.
«Ертегі және экология»
Табиғат жайлы айта отыра эволюция құбылысы немесе динамикасы жайлы түсініктер
жібермеу.Балаларға табиғат өзара байланысты және әрі қарай дамитынын түсіндіру. «Жақсы-
жаман» ойынын пайдалануға болады.
Ертегі қолды дамытады
Балаларға бір нәрсені бейнелеуге,қиюға,жапсыруға ұсыныс жасау.Ол үшін құрал-
жабдықтар,кітаптар, иллюстрациялар, жүйелі оператор қажет.
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта
көруге мүмкіндік алады.Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған