Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет10/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   363

21 

 

- зерттеушілік, эксперименттік жұмыс; 



- инновациялық ізденіс, жаңа педагогикалық технологияларды игеру; 

- педагогикалық қолдаудың түрлі нысандары; 

- педагогикалық байқауларға, мастер-кластарға белсенді қатысу;  

- өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау. 

Алайда,  педагог  тікелей,  дербес  өзі  кәсіби  біліктілігін  арттыру  қажеттілігін  ұғынбаса, 

жоғарыда  аталған  әдістердің  бәрі  де  тиімсіз  болады.  Ол  үшін  педагогқа  өсу  қажеттілігін 

түсінетін  жағдай  қалыптастыру  қажет.  Өзінің  педагогикалық  тәжірибесіне  талдау  жасау 

педагогтың кәсіби дамуын жандандырады, нәтижесінде зерттеушілік дағдылары қалыптасып, 

олар кейіннен педагогикалық жұмысқа қосылады.  

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуының басты шарты – кәсіби тұрғыдан сапалы 

дайындалған педагогикалық кадрлар. Осыған байланысты, қажет: 

- педагогтың кәсіби ой-өрісін дамытудың қажеттілік-уәждемелік саласын қалыптастыру 

мақсатында  мекемелерде  мамандардың  психологиялық-педагогикалық  дайындығының 

мазмұнын жаңарту; 

- баланың  жеке  тұлғасына  бағытталған  өзара  бірлестік  жағдайларында  жұмыс  істеуге 

қабілетті, балалармен мектепке дейінгі білім берудің түрлі модельдерін ескере отырып жұмыс 

жасай білетін кәсіби біліктілікті қалыптастыру; 

- педагогикалық  жұмыскерлерге  шығармашылық  тұрғыдан  өсуге,  біліктіліктерін 

арттыруға, аттестациялануға жағдай жасау. 

Яғни,  қазіргі  уақыттың  білім  беру  стратегиясы  мектепке  дейінгі  мекемелердің 

мамандарын замануи практикада талап етілетін біліктіліктерді игеруге бағыттайды. Мектепке 

дейінгі  білімнің  заманға  сай  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін  тәрбиешінің  ішкі  ұстанымын 

өзгертуге,  жаңа  педагогикалық  идеяларды  қабылдап,  дамыту  қажеттілігін  жете  түсінуіне 

бағытталған технологиялар даярлау қажет.  

Кәсіби жұмысқа қойылатын нормативтік талаптар тәрбиешінің біліктілік мінездемесінде 

сипатталған.  Оның  құрамына  дұрыс  жұмыс  жасау  үшін  қажетті  және  жеткілікті  болатын 

базалық  білімдер,  кәсіби  дағдылар  мен  машықтар  кіреді.  Яғни,  біліктілікті  көтеру  –  кәсіби 

жұмыс  жүйесінің  мәндік  құндылығын,  мазмұнын,  технологияларын  байыту  нысаны  болып 

табылады. 

Бұл  қайшылықты  шешу  жолы  –  біліктілікті  көтеру  жүйесі  жағдайында  тәрбиешінің 

кәсіби біліктілігін дамытуға қажетті қолайлы орта қалыптастыру. 

Бүгінгі  ғылыми  зерттеулерге  жасалған  талдау  ол  жұмыстарда  назар,  бірінші  кезекте, 

негізгі  және  кәсіби  білім  проблемаларына  аударылатынын  көрсетті.  Біліктілікті  көтеру 

жағдайында  мектепке  дейінгі  білім  беретін  педагогтардың  кәсіби  біліктіліктерін  дамытуға 

қатысты зерттеулер өте аз. Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметкерлері үшін 

кәсіби біліктілікті көтеру нысандары мен әдістері бар, алайда, ғылыми-әдістемелік, ресурстық 

орталықтар  мен  кеңестер  жоқ.  Тәрбиешілердің  біліктілігін  көтеру  мектепке  дейінгі  білім 

берудің  мақсатты  деңгейін,    бүгінгі  күннің  талаптарына  сай  келетін  кәсіби  біліктілікті 

қамтамасыз  етуге  бағытталмаған.  Жүйе  ұсынатын  қосымша  кәсіби  білім  бағдарламаларына 

жасалған  талдау  олар  тәрбиешілерге  біліктілікті  көтерудің  дайын  бағдарламаларын 

ұсынатынын көрсетті. Бұл жағдай тәрбиешілердің білім беру бағдарламаларын дайындаудағы 

белсенді роліне тиісті баға берілмейтінінің дәлелі.  

Тәрбиешілердің  біліктілігін  арттырудың  қолданыстағы  әдісінің  бірқатар  кемшіліктері 

бар: 


- тәрбиешінің  біліктілігін  арттыру  мақсаттарын  жұмыс  беруші  қалыптастырмайды, 

жүйенің  өзі  ұсынады.  Педагогтардың  мұқтаждықтары  мен  жүйенің  ұсынысарын  келістіру 

тетігі жоқ: 

- біліктілікті  арттыру  бағдарламаларының  мазмұны  тәрбиешілердің  және  мектепке 

дейінгі мекемелердің нақты түрлерінің мұқтаждықтарына  сәйкес келмейді; 

- біліктілікті  арттыру  бағдарламаларының  технологиялары  мен  әдістері  бүгінгі  күннің 

талаптарын қанағаттандырмайды; 



22 

 

- біліктілікті арттырудың қолданыстағы нысандарының жетістіктерімен қатар бірқатар 



олқылықтары  да  бар:  оқудың  эпизодтылығы,  кәсіби  біліктілікті  қалыптастыру  процесінің 

тұтастығы мен дербестілігіне аз бағытталуы; 

- қазіргі  жағдайда  бліктіліктерін  арттыруға  барған  тәрбиешілерге  қатысты  жоғары  оқу 

орнына,  тіпті  мектепке  лайық  көзқарас  басым.  Ал  ересектерді  оқытуда  бірінші  орында 

олардың  дербес  кәсіби  көзқарастары    тұруы  қажет.  Педагогтар  өздерінің  жұмыстарына 

септігін  тигізетін  немесе  кедергі  болатын  біліктіліктердің  мағынасына  талдау  жасауға 

қауқарлы; 

- ғылымның, білімнің және өндірістің бірігуі негізгі функциялары алмастыру, бейімдеу, 

түзету,  дамыту,  жаңалық  ашу,  араласу  болып  табылатын  біліктілікті  арттыру  жүйесіне  де 

ықпал етеді.   Ал біліктілікті арттырудың бүгінгі жүйесі бірінші кезекте  алмастыру, бейімдеу, 

түзетуге бағытталған. Біліктілікті арттырудың кең тараған түрлерінің басым көпшілігі кәсіби 

біліктілікті емес, теориялық деңгейді көтеруді қарастырады. 

2011  ж.  бері  «Балбөбек»  балабақшасы  Қарағанды  гуманитарлық  колледжімен  тығыз 

қарым-қатынас  орнатып,  соның  негізінде  тәрбиешілердің  біліктіліктерін  мектепке  дейінгі 

білімнің  бүгінгі  күнгі  мұқтаждықтары  бағытында  арттыру  жүйесін  ұйымдастыруға 

бағытталған зерттеулер өткізуде. Зерттеу барысында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің 

кәсіби біліктілігінің негізгі белгілері анықталып, құрылымы нақтыланып, оның бағалымдары 

мен даму көрсеткіштері бөлінген. Келесі технологиялық модельдер саралаудан өткізілді: 

- нақты тәрбиешілер мен мектепке дейінгі мекеме түріне қажетті біліктіліктерді бағалау 

(біліктілік дамытуды қажет етеді, біліктілік тиімді, біліктілік жоғары тиімді); біліктіліктердің 

модельдерін қалыптастыру; 

- тәрбиешілердің  біліктіліктерін  бірлесе  дайындаған  модульді  бағдарламалар  мен 

оқытудың интерактивті әдістерін жүзеге асыру барысында дамыту; 

- тәрбиешілердің кәсіби біліктіліктерінің нәтижесіне талдау жасау, оның мектеп жасына 

дейінгі балалардың дамуына ықпалын анықтау. 

Біздің  балабақшаның  негізінде  Қарағанды  гуманитарлық  колледжінің  студенттеріне 

арналған  түрлі  семинарлар  өткізіледі.  2015  жылы  «Кәсіби  біліктілікті  қалыптастыру  - 

маманның бәскеге қауқарлығының басты шарты» тақырыбында өткізілген білім-тәжірибелік 

семинарын ерекше атап өтуге болады. Семинар өткізуге колледжбен оның мектепке дейінгі 

білім беру бөлімі түлектерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша практикалық базаларының 

арасындағы  белсенді  әлеуметтік  әріптестік  қарым-қатынастар  түрткі  болды.  Семинардың 

мақсаты  –  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  нысандарының,  әдістерінің,  технологияларының 

күнделікті жұмыста қолданылуын көрсетіп, тәрбиешілер мен практика жетекшілері арасында 

тәжірибемен алмасу. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиешісі мамандығы жоғары ұтқырлықты талап 

ететін  деңгейге  ауысуда.  Сонымен  қатар,  ол  күн  сайын  күрделеніп,  жаңа  мақсаттар,  жаңа 

қимыл  парадигмасын,  жаңа  көзқарас  қалыптастыруда.  Сондықтан,  тәрбиешілердің 

біліктіліктерін  арттыру  жүйесі  кәсіби  болуы  қажет,  яғни  онда  педагогикалық  білім  алудан 

басталып,  бүкіл  педагогикалық  жұмыс  тәжірибесі  бойы  жетілетін  академиялық  және 

практикалық  тәжірибе  тиімді  үйлестірілуі  қерек.  Замануи  тәрбиеші  мектепке  дейінгі  білім 

берудің әлеуметтік-экономикалық тенденцияларын талап ететін жаңа функцияларды игеруге 

қауқарлы  болуы  қажет.  Демек,  білім  процесінің  сапасын  басқару  дегеніміз  сапаны  күннен 

күнге көтеруге бағытталған  жүйелі, біріктірілген және ұйымдастырылған жұмыс процесі.  

Соңында  тәрбие  беру  жұмысына  сауатты  басқару  және  мүлтіксіз  ұйымдастыру 

қамтамасыз  етілмеген  жағдайда  тартылған  қаражаттардан  да,  техниканы  жаңалаудан  да, 

педагогтар мен тәрбиешілердің қажырлы жұмыстарынан да тиімді нәтиже болмайтынын атап 

өткім келеді.  

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау