654
оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің
қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді деген екен. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың
мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың
шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет
ететін ауқымды, жауапкершілігі мол жұмыс. Адамның дамуы дене, психикалық және
әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген
қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың,
салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттерінің күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен,
қимылдардың үйлесімділігімен байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік,
эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің
қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид
ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады.
Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық
көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен
психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының
қалыптасуы біртұтас процесс. 12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды
мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және
балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып тәрбие жұмысын
жетілдіруді көздейді. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік,
батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен
тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз
құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына,
отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала
қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік
танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене
мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған орта мен байланысы, өз
денсаулығына, ауру-сырқаут.б. қауіп қатер денсақтану қарастырылады.Кез келген отбасы
үшін баланың қуанышынан артық ешнәрсе жоқ екені анық. Балалар жайы-еліміз үшін де басты
мәселенің бірі. ЕлбасымызН.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Балапан»
бағдарламасының басты бағыты мектепкедейінгі тәрбие мен білім беру ісін жан-жақты
жетілдіре түсу қажеттілігі айтылған. Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-
анасының
мақтанышы
дені
сау
етіп
өсіру
жолындағытәрбиеісінбасшылыққаалыпкелупедагогтардыңтікелейміндеті.
Бүгінгітаңдағыбіздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы
тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың Қазақстан Республикасының болашақ
азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні бүгіннен бастап негізінің берік қалануына бас
назар аудару. Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет
санаймыз.Тәрбие мен баланың алғашқы дені- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала
бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне
балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру саласы
қызметкерлерінің алдына қойған басты мақсат-баланың жас ерекшелігіне қарай балалар
тарихы н негізінала отырып, ұлттық тәрбиені салт–дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде
жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік,
қарапайымдылық, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір
655
тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, салтдәстүрін , әдеп –ғұрыптарды жақсы меңгерген
рухани дүниесі бай, жаны таза адал жан болуы керек.
Тәрбиеші саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан-жақты
дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады.
Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау мен нығайту және
деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың дамуында жеке
үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата-аналарды салауатты өмір салтына араластыру.
Балабақшадағы әрбі ртәрбиеші –педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді нәтижелі етіп
ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар,
педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің
басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз
Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіптәрбиелеу.
Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, көптеген
ұйымдастырылған іс- шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Қазақстан
Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып,
«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру
салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін
шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда. Балабақша балаларының тәрбиесімен
білімділігімен қатар денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу
медбикенің бақылауы аясында өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесіне
нұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың
денсаулығын нығайтып, дене бұлшық еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондайақ
жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізіп келеді. Жыл бойы
балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп,
кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың , одан
сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде
пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына
көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.
Атап айтар болсақ «Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау» тақырыбына ата-аналар
мен бірге балалар дәрігері қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, балалардың денсаулығын
нығайту, шынықтыру және қуаттандыратын дәрумендерді қолдану жөнінде кеңінен әңгіме
өрбітіп, ата-аналарға бағытты кеңестер берілді.
Қорытып айтқанда, ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге
нәрсе жоқ. Ешнәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе
балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын
елемей қалдырсаңыз қателіктің зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн,
сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл
жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз»
-деген.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә // Егемен Қазақстан ,2 наурыз ,2006ж
2.«Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.
3.«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж.
4.«Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.
5.Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года - Астана,2004
НЕТРАДИЦИОННЫЕ ТЕХНИКИ РИСОВАНИЯ В ДОУ