жалған дүңие де Алла тағала құрметімен болған. Бұл
(жалған) дүние Алласының
пендесіне ғұмыр кешсін деп
берген мүмкіндігі. Ендеше сол мүмкіндікті іске асырма-
са адам кінәлі емес пе? Әлбетте, кінәлі. Сондықтан дү-
ние үшін әрекет жасағандарды жазғыру дұрыс емес, мә-
селе сол дүние қызығына салынып, Алласын (құдайын)
ұмытса, сол күнә. Абай бүл сөзінде қажы, молдалар...
жұртты алдап, езім берген қазынамды сарып қылдыңдар
дейді. Асылы бұл мәселе
туралы да тереңнен толғаиу
керек. Осы жұртқа қандай ақиқат керек. Ақиқат деген-
нің өзі не? Абай отыз сегізінші сөзінде ғұмырдың өзі
ақиқат деген пікір айтады. Егер, қажы, сопы, молдалар
жұртқа қалай өмір сүру керектігін түсіндірсе ақиқат
деген осы емес пе? Бірақ, дүние — жалған қызыққа то-
лы, молда, сопылар
осы ақиқатты сөзбен айтып, насихат
жасап, ез жеке басы тұрмысында ғаділдіктен тайып,
пенделікке салынатындары бар. Абай осы жайды сы-
наған.
Екінші топтағылар туралы кұдай тағала айтады екен:
«Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарың-
ды, өмірлерінді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым.
Сіздерге
лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер!
һәм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде,
сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп, ын-
тық болған достарың табылса, шафағат қылыңдар! —
деп айтар дейді».
Бірақ, осы екінші топтағылар нақтылы кімдер, ол
жағы кемескі. Олар азшылық екені мәлім. Мүмкін
олар-
дың ішінде қажы, молда, сопы да болуы мүмкін. Бірақ
Алла тағала өмір қызығынан безінген тақуалар емес,
маңдай терімен емір сүруші, бала әсіруші, сөйтіп жүріп
Алласын ұмытпаған қарапайым жандарды биік қоя ма
деп ойлаймыз. Әңгіме, сірә
осы еңбек адамдары туралы
болса керек. Өмірде тек бейнетпен ғұмыр кешкен адал
адамдар молда, сопы тағы өзгелерден артық болса ке-
рек. Олар құдайдың нағыз ризашылығына бөленетіні
анық.
Абай бұл сөзді өзі оқыған дгаи философиялық кітап-
тардың бірінен алғанда,
негізгі желісін бұзбаған, өзі
жанынан сөз қосқанмен, кесімді пікір айтпаған. Мэсе-
ленің шешімін оқырманға тастаған. Оқырман бұл сөз
туралы әр түрлі пікірде болуы ықтимал.
Біріншіден, Абай қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт-
терді сынап, дінді теріске
шығарып отыр деген қорытын-
жүктеу
Достарыңызбен бөлісу: