D-o-3 санаты санаты үшін



жүктеу 242,2 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі242,2 Kb.
#1985
түріКонкурс

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-O-3 санаты санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, С-О-5, С-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, С-О-5, С-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  3. А-5, В-5, С-4, С-О-5, С-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлкеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


D-O-4 санаты санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, Е-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, Е-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, Е-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.




Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

D-O-3

109 932

148 242

D-O-4

83 282

112 430

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ, 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 122, анықтама телефоны: 261-67-33, e-mail: www.uzsp.almatykala.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

  1. Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, № 13-1, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Басқарманың, аудандық бөлімдердің ғимаратына шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Басқарма және аудандық бөлімдердің ғимараттарының өрт қауіпсіздігіне бақылау жүргізеді. Қолданыстағы автокөліктің сақтығы мен техникалық жағдайына бақылау жүргізеді, жарамсыз автокөлікті, жиһаздар мен техникаларды және т.б. есептен шығарады. Басқарманың қызмет көрсететін персоналының жұмысына басшылық жүргізеді. Нормативтік құжаттар мен техникалық шарттарға, мемлекеттік стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелерге, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес, бөлімнің жұмысын бақылап жүргізеді. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне мониторинг жүргізіп үйлестіреді. Басқарманың, аудандық бөлімдердің ғимаратарында күрделі және жеңіл жөндеу жұмыстары барысында бақылау жүргізеді. Басқарма ғимаратына қатысты аумақта және ғимараттың ішінде тазалық сақтауды, шаруашылық мүліктердің сақтығын, Басқарма мен аудандық бөлімдердің ғимаратында су-энергожабдықтауды, жылу беруді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік, көлік және рекреация инфрақұрылымында құрылған объектілерін мүгедектер мен жеткіліксіз мобильді халық тобына бейімделуіне сәйкес қабылдау бойынша жұмыс және мемлекеттік комиссиясында қатысу және ғимаратын жобалауға келісім беру. Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігінің қорытындыларды беру. Құрылыс объектілерін қарау кезінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау уәкілетті органын тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе білім, гуманитарлық ғылымдар, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану, немесе қызмет саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, № 16-1, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Басқарманың басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындарымен және аудандық бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қадағалайды. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің үлесін арттыруды бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық мониторингі бойынша есептік мағлұматтарды уақытылы және сапалы өткізуді бақылау. Құжаттарды қабылдау мен берудің электрондық кезегін енгізуді бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында бизнес-процестердің қадамдық алгоритімін сипаттайтын кітапшалар (жадынама) орналастыруды басқарады. Қызметкерлермен құзыреттілік деңгей мәнін анықтауға және кәсіби әдептілік пен коммуникатифтік дағдыларын кейінгі оқытуларына ішкі тестілеу жүргізуді (әңгімелесу, сұхбаттасу) бақылайды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы көрсеткішінің жоғары деңгейіне қанағаттанған жағдайда қызметкерлерді көтермелеу мүмкіндігі сұрағын қарастыруды бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында шағым беру тәртібін жеңілдетуге, қарапайым әрі жылдам кері байланыс әдісін алуды қамтамасыз етуді (шағымдармен ұсыныстарға арналған жәшіктер) бақылайды. «Азаматтарға арналған Үкімет», Ақпараттандыру және байланыс саласының уәкілетті органдарына Бірыңғай байланыс орталық операторларына көрсетілетін қызмет бойынша өзекті мағлұматтарды жіберу, сонымен қатар, қызметтер бойынша кеңес беру мүмкіндігі үшін, ББО-1414 телефон номерін ресми сайтта көрсетілуін бақылайды. Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің қызметін ҚР Заңнамасына сәйкес тексеруді іске асырады. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілерді, құжат жобаларын әзірлеуді жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Басқарманың басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе қызмет саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Әуезов аудандық бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, № 19-1, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аясында мемлекет саясатының басты бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және жалпы басшылық жүргізеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша КММ «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығымен» қарым қатынас жасайды. Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасын жүзеге асырады. Жәрдемақылар мен көмектердің барлық түрлерін уақытылы және дұрыс тағайындалуын қамтамасыз етеді. Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша бақылау жүргізеді. Бөлінген бюджеттік қаражатты уақытылы және нысаналы жұмсалуын қамамасыз етеді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша учаскелік комиссияның жұмысын қатысып, ұйымдастырады. Мүгедектерді, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерді, тыл еңбеккерлерін, көпбалалы отбасыларды, мүгедектерді, мүгедек балаларды, жағдайы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Шет елдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушілердің ұсынған құжаттарын қабылдайды. Тартылған шет ел жұмысшыларына біліктілік мінездеме бағалауын жүргізеді, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің пакет құжаттарын тексереді. 1-ОЛ бағдарламасын жүргізілуіне бақылау жасайды. Мамандардың мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін бақылау жүргізеді. Аудандық бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдайды. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе қызмет, немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (қоғамдық денсаулық сақтау) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, № 16-1-1, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Ұйымдастырушылық бақылауды қамтамасыз ету. Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тоқсандық, жылдық жоспарын құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. «Азаматтарға арналған Үкімет» арқылы мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен сұранымдарды өңдеуді бақылайды. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы электрондық түрде 30 пайызға мемлекеттік қызмет үлесін ұлғайтуды бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық мониторингі бойынша есептік мағлұматтарды уақытылы және сапалы өткізуді бақылайды. Құжаттарды қабылдау және беруге электрондық кезектің еншізілуін бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында бизнес-процестердің қадамдық алгоритімін сипаттайтын кітапшалар (жадынама) орналастыруды басқарады. Қызметкерлермен құзыреттілік деңгей мәнін анықтауға және кәсіби әдептілік пен коммуникатифтік дағдыларын кейінгі оқытуларына ішкі тестілеу жүргізуді (әңгімелесу, сұхбаттасу) бақылайды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы көрсеткішінің жоғары деңгейіне қанағаттанған жағдайда қызметкерлерді көтермелеу мүмкіндігі сұрағын қарастыруды бақылау. Күту залдарында қолайлы жағдай жасауды бақылайды (тегін әжетхана, су, үстел, тіреулер, отыруға арналған жеткілікті орындар және т.б.). Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдайды қамтамасыз етуді бақылайды (подъезд, пандус, көтергіштер). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында шағым беру тәртібін жеңілдетуге, қарапайым әрі жылдам кері байланыс әдісін алуды қамтамасыз етуді (шағымдармен ұсыныстарға арналған жәшіктер) бақылайды. Бірыңғай байланыс орталық операторларына көрсетілетін қызмет бойынша өзекті мағлұматтарды жібереді, сонымен қатар, қызметтер бойынша кеңес беру мүмкіндігі үшін, ББО-1414 телефон номерін ресми сайтта көрсетілуін бақылайды. Ресми сайтта қызметтің көрсетілу реті, қызмет алушылаардың міндеттері мен құқығы, өзекті мемлекетік қызмет стандарттары мен регламенті, қызмет куәлігі, қажетті құжат пакеті check-list пен қызмет берушілердің байланыс деректері туралы мағлұматтардың жариялануын бақылайды. Мемлекеттік қызметті алу кезінде толтыруға қажетті құжаттарды алдын-ала word түрінде ресми сайттан көшіріп алу үшін орналастырылуын бақылайды (арыз, өтініш, сауалнама). Ресми сайтта жиі қойылатын сұрақ-жауап үлгілерін орналастырылуын бақылайды (робот-жауаптар, live-chat, онлайн кеңес беру). Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің қызметін ҚР Заңнамасына сәйкес тексеруді іске асырады. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілерді, құжат жобаларын әзірлеуді жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Басқарманың басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе қызмет саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіндегі 2019 жылдың 4 қаңтар мерзіміне дейін, D-О-4 санаты, № 02-1-2, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік және азаматтық саладағы кадр саясатын жүзеге асырады. Кадр мониторингін жүргізеді. Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді бағалау және аттестаттауды жүргізу; бос лауазымдарға конкурс өткізу, тәлімгерлікті ұйымдастыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу; тәртіптік комиссия, еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. Автоматтандырылған жұмыс уақытын бақылау жүйесін және «Е-қызмет» персоналды басқару ақпараттық жүйесін қадағалау. Мемлекеттік және азаматтық қызметті өткерумен байланысты басшы шешімдерін рәсімдеу. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне арнайы міндетті тексеру жүргізу үшін құжаттарды және Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ҚСжАЕЖ комитеті басқармасына сұрауларды рәсімдеп, жіберу. Жеке істерді жүргізу, еңбек кітапшаларына қажетті жазбаларды енгізу, қызметтік тізімдер. Жұмыс уақытын дұрыс есептелуіне бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтауға бақылау жүргізу. Статистикалық есептерді әзірлеу, еңбек, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын сақтауға, еңбек және атқарушылық тәртібіне бақылау жасау. Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің қызметін өткеру сұрақтары бойынша кеңес беру. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, немесе экономика және бизнес, немесе қызмет, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе өнер, саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, № 02-1-7, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік және азаматтық саладағы кадр саясатын жүзеге асырады. Кадр мониторингін жүргізеді. Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді бағалау және аттестаттауды жүргізу; бос лауазымдарға конкурс өткізу, тәлімгерлікті ұйымдастыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу; тәртіптік комиссия, еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. Автоматтандырылған жұмыс уақытын бақылау жүйесін және «Е-қызмет» персоналды басқару ақпараттық жүйесін қадағалау. Мемлекеттік және азаматтық қызметті өткерумен байланысты басшы шешімдерін рәсімдеу. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне арнайы міндетті тексеру жүргізу үшін құжаттарды және Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ҚСжАЕЖ комитеті басқармасына сұрауларды рәсімдеп, жіберу. Жеке істерді жүргізу, еңбек кітапшаларына қажетті жазбаларды енгізу, қызметтік тізімдер. Жұмыс уақытын дұрыс есептелуіне бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтауға бақылау жүргізу. Статистикалық есептерді әзірлеу, еңбек, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын сақтауға, еңбек және атқарушылық тәртібіне бақылау жасау. Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің қызметін өткеру сұрақтары бойынша кеңес беру. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, немесе экономика және бизнес, немесе қызмет, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе өнер, саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, № 12-1-2, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, «Алматы 2020» даму бағдарламасы және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырады, бостандыққа шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша қылмыстық-орындау жүйесінің мекемелерімен өзара байланысады. Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған тапсырысы негізінде әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастырылған ұйымдар тізімін құрастырып, оны бекіту бойынша Басқарма басшысы бұйрығының жобасын дайындайды, пробация қызметін есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған тұлғаларға, ата-анасынан айырылған, кәмелетке толмай қамқоршысынан айырылған жастарға, білім беру орындарының түлектеріне жұмыс орындар бөлу жеңілдігін бекіту туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды. Еңбек делдалдығымен айналысатын, жұмыс берушілермен, үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ – мен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара байланыс жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады Алматы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім (педагогика және психология) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе жаратылыстану, немесе қызмет саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Наурызбай аудандық бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, № 24-1-2, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Тұрғын үй көмегін (бұдан ары – көмек), жарты жылда бір рет төленетін 7 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қабылдап, тіркейді және есепке алады. Көмектерді уақытылы және дұрыс тағайындалуын бақылайды. Жарты жылда бір рет төленетін 7 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті алу үшін, өтінім берушілердің құқығы туралы сұрақтарды шешу үшін, өтінім берушілердің материалдық - тұрмыс жағдайын тексеру актілерін құрады. Көшіп кеткен және қайтыс болған көмек алушыларды есептен шығарады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Стандарттар мен регламенттерге сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Тағайындалған және есептен шығарылған көмек алушылар бойынша дерекқор жүргізеді. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға көрсетілген көмек бойынша мәліметті жинақтап, анализ жасайды, көмек алушы азаматтардың дерекқорын жасайды. Көмекті тағайындап, төлеу бойынша статистикалық есеп құрады. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері бойынша ведомстволық жинақтық есептер мен актілерді жасайды. Көмек алу фактілерін растау туралы ТМД елдерінен келіп түскен сұраныстарды орындайды. Алатын жәрдемақы мөлшері туралы анықтамаларды береді. Мөлшері 5,5 АЕК, 7,5 АЕК, 100 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмегін тағайындау үшін құжаттарды қабылдап, тіркейді және есепке алады. Мөлшері 5,5 АЕК, 7,5 АЕК, 100 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмегін алу мақсатында, өтінім берушілердің құқығы туралы сұрақтарды шешу үшін, өтінім берушілердің материалдық - тұрмыс жағдайын тексеру актілерін құрады. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға суық және ыстық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын орнату мақсатында, тізімдерді құрып, құжаттарды қабылдайды. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе қызмет, немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (қоғамдық денсаулық сақтау) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Бостандық аудандық бөлімінің бас маманы, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіндегі 2018 жылдың 07 шілде мерзіміне дейін, D-О-4 санаты, № 20-1-12, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Аудан халқының тұрмыс деңгейіне анализ жасайды. Кедейлік шегінен төмен табыс табатын азаматтарды, әлеуметтік қорғайды. Тұрмыс жағдайы төмен халық санатына мемлекеттік балалар жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті көрсету бойынша жұмыс жүргізеді. Жәрдемақыны алуға мұқтаж тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының анализін жасайды. Учаскелік комиссияның отырысына құжаттарды қабылдап, тіркеп, дайындайды. Жәрдемақыны алуға өтінген тұлғалардың материалдық жағдайын учаскелік комиссиямен бірлесіп тексереді. Жәрдемақыны тағайындау бойынша қорытындыларды тіркеу журналын жүргізеді. Жәрдемақыны уақытылы тағайындап, төлейді. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға көрсетілген көмекті жинақтап, анализ жасайды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Стандарттар мен регламенттерге сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе қызмет, немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (қоғамдық денсаулық сақтау) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

       3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

       "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

       "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

       Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

       4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

       7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыдағы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (Алматы қаласы, Қонаев көшесі, үй 122, 212 бөлме) тапсырылуы тиіс.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



       Құжаттар электронды түрде Департаменттің электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

 Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Кандидаттармен әңгімелесу Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.



Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (202 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.


Өтініш қосымшасы (қосымша 2) бірге берілген

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

Алматы қалалық Жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы
(мемлекеттік орган)   

Өтініш
Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:_____________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________

________________________________________________________________________________                    


  қолы  __________ ___________________________  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 242,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау