Алматы облысының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды Индекс 40000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Н



Дата25.01.2020
өлшемі78 Kb.
#27283
түріКонкурс



Алматы облысының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды
Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаева 38, анықтама телефоны/факс: 8 (72 82) 24-76-88. Электрондық пошта:.b.asylkhanov@zhetysu.gov.kz БИН 000640002245.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1).осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2).тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаева 38.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:  Байқаушы ретінде ҚР Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.


D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2).Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3).қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      4).осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      5).жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

.........6) ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



1..Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас маманы, D-4 санаты, (индекс: ОБЩ-12), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116 623 теңгеден 157 326 теңгеге дейін.

Білімі: жоғары - кәсіби.

Функционалдық міндеттері: құпиялық режимді қамтамасыз ету мәселесі бойынша нұсқаулықтар мен жадынамалар әзірлеу, сондай-ақ облыс әкімдігінде жабық мәжілістер мен отырыстар өткізу кезінде құпиялық режимді қамтамасыз ету шараларын өткізу. Құжаттардың - құпиялық дәрежесін (грифтерін) құпияландыру, дұрыс белгілеу және өзгерту жөніндегі жұмысты жүргізеді. Өте құпия және құпия істердің номенклатурасын әзірлеу, олардың дұрыс жүргізілуін және сақталуын бақылау. Құпия құжаттарды, істерді және басқа құжаттамалық материалдарды, іс жүзінде мәнін жойған, сондай-ақ тарихи немесе басқадай құндылығы жоқ істерді акт бойынша жою үшін құпия құжаттарды бағалау жөніндегі сараптау комиссиясының жұмысына қатысу. Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу. Бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;



жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



      6) ғылыми дәрежесінің болуы.

2..Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту саласындағы мониторинг бөлімінің басшысы D-O-3 санаты, (индекс: № 4-1), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 126 357 теңгеден 170 599 теңгеге дейін.

Білімі: білім (әлеуметтік педагогика және өзін тану); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); құқық (құқықтану және/немесе құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару)

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, негізгі және перспективалық бағыттарын анықтайды, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, өз құзыреті шегінде міндетті орындау үшін бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар береді, сондай-ақ басқарма басшылығының ұйымдастыру мәселелері бойынша тапсырмасын уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқарма мен әкімдік алқасының бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Басқарма басшысы өткізетін алқалар мен кеңестердің отырыстарын, сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және оған қатысады. Анықтамалар, ақпараттар, хаттамалар, шешімдер жобаларын дайындауды жүзеге асырады, өткізу күні, уақыты және қабылданған шешімдер туралы хабардар етеді. Бөлім қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етед. Бөлім қызметкерлерінің ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдайды. Бөлім ережесін, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын қалыптастырады және басқарма басшылығымен бекітеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына" сәйкес, электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын қалыптастыру мен жасауды және іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Іс номенклатурасына сәйкес материалдарды, құжаттарды қалыптастыру және жинау, құжаттарды көбейту және оларды жоғары тұрған органдарға, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеткізуді ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласында, оның ішінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдардың және жұмыспен қамту орталықтарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кадрларын қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады, кадр құрамын жетілдіру, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсетуді қамтамасыз етеді. осы мәселелер бойынша мәліметтер жинауды жүзеге асырады, тиісті органдарға ақпарат, мәліметтер беруді, уақтылы және сапалы қамтамасыз етеді және ұсыныстар енгізеді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе айырылған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді тоқсан сайын қабылдауды қамтамасыз етеді, жиынтық мәліметтерді жинақтауды жүзеге асырады, талдайды және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жиынтық мәліметтерді уақтылы ұсынады. Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша жұмысты ұйымдастырып және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бос жұмыс орындарына бос орындар жәрмеңкесін өткізу, оларды жергілікті телеарналарда көрсету және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан бос жұмыс орындарына өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкелері туралы мәліметтерді қабылдайды, талдайды, қорытындылайды және әр айдың 5-күніне дейін жиынтық мәліметтерді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынады. Облыс бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің саны туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды, көрсетілген қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді және әрбір қызметкердің жүктемесін анықтайды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары, аудандық (қалалық) бөлімдер қызметкерлерінің құрамын талдайды және халықты жұмыспен қамту орталықтарының сапалық және сандық құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді.

• МДМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен, облыстық құрылымдармен және ұйымдармен кадр мәселелері бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Тоқсан сайын басқарманың атқарған жұмысы туралы ҚР Президентінің Әкімшілігіне және облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне ақпарат, Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне және облыс әкімдігіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп беруді қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау жөніндегі есепті және аналитикалық анықтаманы жылына бір рет облыс әкімдігіне және Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне ұсынады. Қоғамдық кеңеспен басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, сұраулар бойынша отырыстардың хаттамаларын, мәліметтерді уақтылы ұсынады. Басқарманың кадрлық жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияларды, тәртіптік комиссияларды, қызметті бағалау жөніндегі комиссияларды ұйымдастыру және өткізу. Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне, оны өткізудің барлық рәсімдерін сақтай отырып, уақытылы бағалау жүргізу. Құқықтық жалпы оқытуды, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мониторингті жүзеге асырады. Басқарма басшысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді, ведомстволық бағынысты мекемелердің бірінші басшыларын жұмысқа қабылдауға, ауыстыруға, демалысқа, іссапарға және жұмыстан босатуға байланысты бұйрықтарын, сондай-ақ негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды уақтылы рәсімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес басқарма бұйрықтарының тиісті есебінің сақталуын қамтамасыз етеді. Басқарма комиссиясының ведомстволық наградалармен марапаттау жөніндегі қызметін ұйымдастырады. Әлеуметтік сала қызметкерлерін ынталандыру мақсатында жыл сайын кәсіби мерекеге ведомстволық бағынысты ұйымдардан, халықты жұмыспен қамту орталықтарынан, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен үздік қызметкерлердің тізімі мен қажетті құжаттарын сұратады. Жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оның негізінде тиісті ұсыныстар енгізеді, марапатталатын тұлғалар бойынша құжаттарды ресімдейді және комиссия отырыстарында құжаттарды қарауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының орындалуын, басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған сабақтарға қатысуын, Алматы облысы бойынша тілдерді дамыту департаменті мен басқа да облыстық құрылымдар ұйымдастырған конкурстарға, семинарларға қатысуын үйлестіреді. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Басқарма құзыреті шеңберінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес береді. жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және халықты жұмыспен қамту орталығымен әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Индикаторлар мен көрсеткіштердің орындалуына әсер ететін факторларды ай сайын талдауды қамтамасыз етеді. Тоқсанына бір рет аудандар мен қалаларға жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы туралы шолу хаттарын жібереді. Бөлім мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылданған және қолданыстағы нормативтік–құқықтық актілер бойынша бөлімде және басқармада техникалық оқу өткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес, бөлімге түскен азаматтардың хаттарын, шағымдарын қарайды және жауап дайындайды. Жұмыс барысында "бірыңғай электрондық құжат айналымы Notes", "Е-Қызмет", "еңбек нарығы", "ИРС" ақпараттық жүйелерін, Word, Excel, Internet және т. б. офистік бағдарламаларын пайдаланады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________
________                         ___________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау