Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет53/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92

115
6. Ғылыми ұжымның автономиясы жəне оның тоталитаризмде құлдырауы
(«арийлық  ғылым», «кеңес  халық  ғылымы», лысенковщина). Ғылым
этикасының  негізгі  идеясы  Аристотельмен  жарияланған - «Платон  маған  дос,
бірақ  ақиқат  маған  қымбат». ХІХ  ғ. басынан  ғылыми  іс-əрекет  кəсіби  түрде
болған. М. Вебер арнайы шығарма жазды «Наука как призвание и профессия».
Ғылымның  этикалық  нормалары  негізінде  жазылмаған (тек  плагиат).
Ғылым  этикасының  кəсіби  сипаттамасы  ғылыми  ұжымның  автономиясымен
байланысты: ол  өзі  оны  қолдайды  жəне  өз  нормалары  мен  құңдылықтарын
қолданады, ол  өзі  іс-əрекетінің  мазмұны  мен  мақсатын  анықтайды. Басқа
жағынан, ол  тар  корпоративтік  этика  болмағансон  демократиялық  мінез-
құлықтың əмбебап нормаларын іске асырады.
Қазіргі (жаңаеуропалық) ғылыми этостың қалыптасуы:
1) объективтік білім амуақтың кеңеюі жəне алуы - əмбебап мақсат;
2) протестантизмнің  діни-құндылық  ұстанымдардың  əсері (вебер-мертон
гипотезасы);
3) жаңа  заманда  дəлелденіп  жайылған  демократиялық  мінез-құлықтың
зиялы нормасы, оның ішінде - толеранттылық нормасы;
4) əлеуметтік  фактор: ХVІІ  ғ. ғылымға  адамдар  қала  буржуазия  жіктен
шығады; ғылымдағы  карьера  ұзақ  жолдан  тұрған  соң, утилитарлық  емес,
жоғары  интеллектуалдық  құңдылықтар  үстемді  болған. сонымен  қатар, «өз
атын» сақтау, ғылыми  шындық  деген  сұрақтар  жалпы  қоғамға  жайылып  өз
орынын алды. ХХ ғ. жағдай өзгерді, себебі, ғылым «бай» болды.
Кең  танылған  ғылым  этосының «классикалық» тұжырымдамасы  Роберт
Мертондікі (1910-2004 жж.). 1942 ж. өзінің  шығармасында  ол  былай  деген:
«Ғылымның  моральдық  нормалары  методологиялық  тұрғыдан  рационалды,
бірақ  оларды  процедуралық  эффективтілігінен  емес, əділетті  жəне  игілікті
болған соң. Ол нормалар біркелкі моральды жəне техникалық ережелер. Қазіргі
ғылымның  этосының  компоненті: универсализм, коллективизм (коммунизм),
бейтарап, ұйымдасқан скептицизм.
Осы нормалардың мазмұны:
Универсализм (маңызды  норма) - ақиқаты, ғылыми  білімнің  нақтылығы
оны  ашқан  ғалымның  тұлғасынан  тыс - ұлтынан, ғылыми  иерархиядағы
жағдайынан, жасынан  т.б. Ақиқаттың  алдында  бəрі  тең - академик  жəне
аспирант. Бəріне  ортақ  дəлелдеудің  əмбебап  белгілері, білімді  бағалау
ережелері  т. б. қолданылады. Универсализм  императиві  ғылыми  білімнің
тұлғадан  тыс  сипаттаудан  басталады. Жаңа  білімге  сенімдік  тұлғадан  тыс
белгілермен  анықталады: бақылауға  жəне  əуелі  дəлелденген  білімге  сəйкес.
Универсализм барлық ғылыммен айналысу жəне əр ұлттың жəне əр əлеуметтік
топтың  өкілі  ғылыми  карьера  жасауға  тең  құқығы  барын  жариялайды. Ол
ғылымның ұлтаралық жəне демократиялық сипатын негіздейді.
Коллектившілдік. Бұл  императив  бойынша  ғалым  жедел  түрде  өз
еңбегінің нəтижесін ортақ пайдалануға береді, сөйтіп, тексеріс өткен соң, еркін
басқа ғалымдарға өз жаңалығын жариялайды. Ғылыми жаңалықтар əлеуметтік
қатынастың  нəтижесі  болған  соң  бүкіл  ғылыми  ұжымға  жəне  жалпы  қоғамға
қатысты. Жалпы  қоғамнан  жетістігі  болған  соң «индивидуалдық» бөлігі


116
шектеледі. Жаңалық  ашушы  ғалымның  сол  жаңалықты  тек  сол  қолдануда
ешқандай  құқығы  мен  артықшылығы  жоқ. Ғалымның  интеллектуалдық
«меншікті» қолдану қажеттілігі сол жаңалықтың авторы ретінде қадірлеу жəне
құрметтеу. Ғылыми приоритетке осы жағдаймен жоғары назар аударылады.
Адалдық (дүниеқұмарсыздық).  Ғалымдардың  приоритетке (үстемді
болуға) талпынысы  конкуренция (бəсеке) тудырады. Осындай  жағдай  өзгеше
іс-əрекетке  түртпе  береді, олар  зерттеудің  дұрыс  жолына  жəне  нəтижелеріне
əсер 
етеді. Осы 
қайшылықты 
шешуге  ғалымнан 
адалдық 
жəне
дүниегеқұмарсыздық  қажеттігі  сұранады. Осы  норма  бойынша  ғалым  тек
ақиқатты  жалғыз  жəне  басты  мақсат  деп  қабылдайды. Мертон  дүниеге
құмарлықтан  сақтану  үшін  ғылымның  ішінде  профессионалдық  орынға  жету
үшін  мінез-құлықта  тек  дұрыс  қағидалар  үстемді  болуға  шақырды. Жəне  бұл
норма  өз  дəулетін  көтеруге  немесе  кəсіби  ортада  жоғары  орын  алуға
бағытталған  ғалымдардың  ісіне  айыптаушылық  білдіру. Жалпы  дүниеге
құмарсыздық  императиві  ғалым  профессионалдық  іс-əрекетінде  өзіне  пайда
іздеуге тиым салынады.
Ұйымдасқан  скептицизм.  Бұл  норма  əр  білімге  қатысты  нақты  жəне
объективтік  талдауды  сұраныс  етеді  жəне  сынаудан  өткізбей  қабылдамайды.
Ғылым  үшін  сыншыл  талдаудан  тыс «қасиетті» деп  саналатын  ештеңе  жоқ.
Ғалымдар  үшін  ұйымдастырылған  скептицизм  директивтік  талаптар. Əр
ғалымның еңбегі алғашқы зерттеулердің нəтижесімен құрастырылса қастықпен
немесе  қастықсыз  жағдайда  ақиқаттан  бет  бұру  ғылымның  дамуына  зиян
əкеледі. Осыдан, білімге  аманат  толық  жəне  жанжақты  тексеріссіз  болмайды.
Скептицизм  нормасы  ғалымнан  күмəндануды  сұраныс  жасайды, «жағымсыз
фактілерді» мойындауға  үйрену  қажет, өз  жəне  басқа  ғалымның  жұмысына
ашық  сынаумен  қарау  керек. «Ғалым  өз  көршісіне  міншіл  көңіл  бөледі».
Ұйымдастырылған  скептицизм  императивы  жауапкершілік  атмосферасын,
ғалымдардың кəсіби шындығын институционалды түрде анықтайды.
Мертонның пікірінше, осы нормалардың шеңберінен шықса жəне оларды
бұзу «білім  сапасының» төмендеуіне  алып  жəне «жалған  ғылымға»
(«псевдонаука») əкеледі. Мертон 1942 ж. идеологияға  сатылған «арийлық
ғылымды» қатал түрде сынға алған.
Мертонның  этосына  қосымша  нормалар  кіреді: оригиналдылық,
эмоционалдық бейтараптылық, тəуелсіздік, интеллектуалдық қарапайымдылық
т.б. Басқа жағынан, осы тұжырымдаманың сынау  пікірталасында, эмпириялық
тексерісте  анық  қорытындыға  ие  болдық - ғалымдардың  мінез-құлығы  соңғы
уақытта «амбивалеттікке» айналған, яғни, норма  мен  контрнорма  компромисі
үстемді, партикуляризм, құмарланған  баға  қою, нəтижелерді  тығу, оларды
қолдану  құқығын  қорғау, ұйымдастырылған  догматизм  т.б. Бірақ, жалпы
ғылымда  ауытқу «девианттык», нормадан  тыс  істер  сирек  кездеседі, ғылым
этосы ғылыми іс-əрекеттің тұрақты сипаттамасы болып табылады.
Əлеуметтік  жəне  гуманитарлық  ғылымдардың  өзгешелігі. Білім
бағасының нақты емес жəне қатал емес түрлері (мысалы, эксперимент):
1) табиғаттануға қарағанда норма мен бағаны жариялайтын ғылыми элита
мен  мектептер, яғни, олардың  қызметінің  этикалық  аспектілері  қатал


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау