Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет28/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92

62
жартылай материалдық реалдыққа байланысты.
Қорыта  айтқанда, теориялық  пен  эмпириялық  білімдерде  əр  түрлі
онтология: ойлау, идеалды конструктор («таза мəндер»), ал эмпириялық білімде
- принципиалды  бақылауға  негізделген  дүние. Теориялық  əлемде  бəрі
анықталып, қайшысыз, рационалды  ойлаудың  пəндік  бірлігі  болу  қажет. Ал
эмпириялық  əлемде  болу, яғни, көп  жағдайда  бақылаудан  өтіп  қайталанатын
пəндік  заттар. Олардың  арасында  логикалық  көпір  мүмкін  емес;
методологиялық  тұрғыдан  эмпириялық  тəжірибеден  теория  шығады, деп
тұжырымдау  қате. Ғылыми  теориялар  эмпириялық  білімнен  логикалық
тұрғыдан  шықпайды; олар  жоғары  түрде  конструкцияландырылады (түсіну,
түсіндіру, болжау). Яғни, олар  ақылдың  шығармашылық  қызметі  арқылы
жасалады. Ғылыми  теориялардан  эмпириялық  тексерілген  салдарды  шығаруға
болады деген де методологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Ғылыми теориялардан
тек  теориялық  салдар  логикалық  жолмен  шығады, ал  логикадан  тыс  жағы
кейбір эмпириялық пікірлермен идентификацияландырылады.
Интерпретативті  пікірлер  кентавр  түріне  ие, себебі, теориялық  пен
эмпириялықты қамтиды.
Қорыта  айтқанда, теория  тəжірибе  арқылы  өзіндік  түрде  емес, қосылған
эмпириялық  интерпретациямен  бірге, сол  себепте, тəжірибенің  деректерімен
келісім  немесе  қайшылық, нақты  түрде  теорияны  дəлелдемеді  де, жоққа
келтірмейді  де. Салдары: теорияның  ақиқаттылығы  тəжірибемен  салыстыру
арқылы шешілмейді.
Ғылыми  білімнің  метатеориялық  деңгейі. Ғылыми  білімнің  эмпириялық
пен теориялық деңгейлерімен бірге жалпы - метатеориялық деңгейі бар. Ол өзі
екі  деңгейден  тұрады: 1. жалпы  ғылыми  білім; 2. ғылымның  философиялық
негіздері.
Жалпы ғылыми білім келесі элементтерден тұрады:
1) дүние бейнесінің нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми түрлері;
2) нақты  ғылыми, жалпы  ғылыми  гносеологиялық, методологиялық,
логикалық пен гносеологиялық қағидалары.
Ғылымның 
метатеориялық 
деңгейі 
логикалық-математикалық
ғылымдарда  маңызды: мысалы, өзгеше  пəндер - метаматематика  мен
металогика  қалыптасты. Ал  табиғаттану  мен  гуманитарлық  білімдерде
метатеориялық  деңгей  нақты  ғылыми  жəне  жалпы  ғылыми  қағидалар  ретінде
болады.
Ғылыми  білімнің  құрылысында  дүниенің  нақты  ғылыми  бейнесі  нақты
ғылымның  эмпириялық  пен  теориялық  объектілердің  үйлесімділігінің
категориялық  түрде  көрінісі. Ол  қалай  пайда  болады? Ол  теориялық  пен
эмпириялық  танымның  жалпылау  нəтижесі  емес; ол  жалпы  философиялық
онтологияның  нақты  түрі. Ал  соңғысы  жалпы  ажырату  мен  оппозиция
аумағында ақылдың рефлексивті-конструктивті қызметі.
Дүниенің жалпы  ғылыми бейнесі - ол бір  кезеңде  үстемділікке айналған
нақты  ғылыми  бейненің  бірі. Өздерінің  нақты  ғылыми  бейнесі  жоқ
ғылымдардың  метатеориялық  деңгейінің  қосымша  элементі; мысалы,
табиғаттануда  дүниенің  классикалық  физикалық  бейнесі  жалпы  ғылыми  деп


63
саналатын 
Ньютонның 
механикасының 
онтологиясына 
негізделген;
механицизм  басқа  да  ғылыми  салаларда  үстемді  болған. Классикалық  емес
табиғаттануда  жалпы  ғылыми  бейненің  орнына  дүниенің  физикалық  бейнесі
бастама  жасаған, оның  негізінде  ықтималды  теория  мен  кванттық  механика
болған.
Сөйтіп, қазіргі  жалпы  ғылыми  бейне  философиялық  онтологияға
негізделген.
Ғылыми  танымның  аксиологиялық  жəне  құңдылық  мəселелеріне  келсек;
аксиологиялық принциптердің ішкі жəне сыртқы аксиологиялық негіздері бар.
Ішкі - тек  сол  ғылымға  қатысты  қүңдылықтар  мен  нормалар: объективтік
ақиқат, нақтылық, методологиялығы, дəлділігі, дəлелдемесі, жүйелігі, басқаша
«ғылыми  зерттеудің  нормалары  мен  идеалдары» деп  аталған. Ал  сыртқы
құңдылықтар  ғылым  мен  сыртқы - яғни  қоғам, мəдениет  жəне  оның  əр  түрлі
құрылыстар  арасындағы  қатынастарды  меңгереді: практикалық  қажеттілік,
эффективтілігі, қоғамның  интеллектуалдық  жəне  білім  потенциалын  көтеру,
ғылыми-техникалық, экономикалық  жəне  əлеуметтік  прогресске  ықпал  ету,
қоршаған ортамда адамның адаптивтік мүмкіндіктері.
Жалпы, метатеориялық  білімнің  аксиологиялық  пен  негіздерін  шектеуге
болмайды, құңдылық  пен  ғылымды  ажыратуға, алшақтауға  болмайды.
Құңдылықтар  зерттеудің  мақсатына, болашағына, нəтижелердің  қажеттілігіне
əсер етеді.
Енді  ғылымның  философиялық  негіздеріне  тоқталсақ, олар  ерекше,
философия  мен  ғылым  арасындағы  білім  түрі, таза  философиялық  емес,
ғылыми емес. Ғылымның философиялық негіздері - өзінің құрылысы бойынша
гетерогенді, философиялық пен нақты ғылыми терминдерді қосады. Кентаврлік
білімнің  екінші  түрі (бірінші  интерпретативтік  білім): құрылысы  түрінде
(қосылған), мəртебесі  бойынша (анықтамалар), қызметі  бойынша (сапалық
түрде  əр  түрлі  білімдерді  қосады), табиғаты  бойынша (əр-түрлі  білімдердің
терминологиясының  идентификациясы). Сонымен  қатар, онтологиялық,
гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық, əлеуметтік  т.б.
негіздер  бар. Білімнің  философиялық  негіздерісіз  білімнің  де, мəдениеттің  де
тұтастығы бұзылады.
Қорыта  айтқанда, ғылыми  білімнің  құрылысында  үш  деңгей  бар, олар
мазмұндық  жəне  қызмет  тұрғысынан  өзгеше: эмпириялық, теориялық  жəне
метатеориялық. Бір  жағынан, олар  өзгеше, екіншіден, ғылыми  білім  тұтас
болған  соң, олар  бір-біріне  қажетті, толықтыратын  түрлер. Осы  деңгейлердің
бірлігі  мен  байланысы  ғылыми  пəннің  əр-қайсысына  өзгешелік, тұрақтылық
пен дамуға ықпал етеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Ғылыми  білімнің  құрылысы  дəстүрлі  пікір  бойынша  қандай
элементтерді қамтиды?
2. Ғылымның субъектісі дегеніміз не?


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау