Цитология және гистология” ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (ПОӘК) ПӘннің студентке арналған жұмыс оқу бағдарламасы



жүктеу 230 Kb.
Дата29.01.2020
өлшемі230 Kb.
#27573

ДП 042-08.10.10.12-2007

Ред.№1 от 21.09.2007

Страница 1 из 23




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




4 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

П 042-14-4-04-1.20.09-2008

ПОӘК

«Цитология және гистология» пәнінің студентке арналған жұмыс оқу бағдарламасы



№ 1 басылым

050607 – “Биология” мамандығына арналған

Цитология және гистология”

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)



ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей, 2008


Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы ........................ «....»........................ 2008 ж., в.ғ.д., профессор, “Биология” кафедрасының профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.


  1. ТАЛҚЫЛАҒАН

2.1. “Биология” кафедрасының мәжілісінде.

«....» ....................... 2008 ж. Хаттама № ....
Кафедра меңгерушісі ................................. Р.А. Арынова.

2.2.Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде.

«....» ....................... 2008 ж. Хаттама № ....
Төрайымы ......................................... Г.И. Джаманова.



  1. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу - әдістемелік кеңесінің мәжілісінде шығаруға мақұлданған және басылымға ұсынылған.

«....» ....................... 2008 ж. Хаттама № ....


ОӘК төрайымы,

бірінші проректор ..................................... А.А. Молдажанова.

БІРІНШІ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН


Мазмұны

Беттері

1. Жалпы ереже




2. Пәнді зерделеуге қажет әдістемелік нұсқаулар




3. Курстың форматы және саясаты




4. Студенттерді бағалау талаптары (саясаты)




5. Пәннің мазмұны және сабақ түрлеріне орай сағаттарды бөлу




6. Оқытушының басшылығымен (ОБСӨЖ) және студенттердің тек өз бетімен (СӨЖ) жүргізетін жұмыстарының мазмұны




7. Пәннің оқу барысын көрсететін күнтізбелік кестесі






  1. Жалпы ереже

Оқытушының ФАӘА – Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы, в.ғ.к., профессор, жаратылыстану ғылымдары

Академиясының толық мүшесі (академик).

Кафедрасы – Биология.


Байланыс ақпараты – тел. 531970, № 5 оқу ғимараты, бөлме № 12.
Сабақ өтетін бөлмелер - № 13 немесе 14 және № А-1 дәрісхана.
Пәннің атауы - “Цитология және гистология
Кредит саны – 3, ал жалпы сағат саны – 135.

1 кесте


Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі:

Пән

Сем

естр


Кре

дит


Дәріс (сағат)

ЗС (сағат)

ОБСӨЖ (сағат)

СӨЖ (сағат)

Барлығы (сағат)

Қорытынды бақылаудың түрі

ЦГ

2

3

15

30

45

45

135

емтихан




    1. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

Цитология және гистология – адам және жануарлар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар, оның жүйелерінiң микро-, субмикроскопиялық құрылысын, қызметiн зерттейтiн, әрі организмнің пайда болғанынан өлгенге дейiнгi тiршiлiк әрекетiн және iс-тәжiрибе мүддесiне сай, даму бағытына ықпал жасау мүмкiндiктері туралы ғылым.

Пән биологияның білім жүйесінде басқа пәндермен (зоология, анатомия, биохимия, физиология, генетика және басқа) бірге маңызды орын алады да, биология ілімі мен іс –тәжірибесі (практикасы) түзілетін негізі болып келеді. Ол кәсіптендіру пәндермен де (молекулалық биология, адам биологиясы және басқа) тығыз байланысты.

Биология бакалавры жұмысында микроскоппен жұмыс істеу, қарапайым препараттарды жасау, жасушаның электронограммасын және микрофотосын ажырату, плазмалемманың туындылары мен негізгі тұрақты қосындыларды (органоидтарды) ұқсаттыруға, гистологиялық препараттарды оқуға, жануарлардағы негізгі ұлпалар жүйесінің түрлерін (типтерін) ұқсастандыруды (идентификациялау) білуі керек.

Ол организмдегi жасуша, ұлпалар биологиясы туралы бiлiмдi тереңдетiп, олардың қызметiне нәтижелi, көздеулi ықпал жасау мүмкiндiгiн туғызып, биология ғылымының негізгі салаларында қызмет етуге мүмкiндiк бередi.




    1. Пәннің мақсаты биология ғылымы мен практикасына өте қажет және маңызды организм жасушаларының, ұлпаларының, ағзаларының қазіргі деңгейдегі морфологиясын студенттерге баяндау, оны оларға меңгерту. Сөйтіп студенттердің ары қарай жоғары білім алуын жалғастыруға, творчестволық мүмкіндіктерін, белсенділігін және жаңашылдығын дамытуға жағдайлар жасау.


3.3. Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері: тіршілік құбылысындағы түрлі деңгейдегі жүйелер құрылымы, қызметінің (жасушалар, ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйелері, организм) мәнін айқындау; заттардың алмасу процестерін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын, дамуын және шығу тегін білу; қазіргі биологияның ілімдік, қолданбалы аспектілерін әзірлеуге айтарлықтай үлес қосу. Мысалы, қан құюдағы жасушалардың, ұлпалардың сәйкестігі, ұлпаларды ауыстырып салу, жүйкенің қажу (стресс алу) себепшарттарының әсері, әртүрлі жағдайдағы ұлпалардың қалпына келу мүмкіншіліктерін зерттеу, цитоанықтау көкейтесті қолданбалы түйінді мәселе (проблема) болып келеді. Ал, цито-, гистологиялық әдістерді (цито-, гистохимия, авторадиография, биометрия, математикалық жоба, ЭЕМ, арнайы автоматикалық құралдар) қолдану биотехнологияның, тек инженериясының, ұрықтарды ауыстырып отырғызудың іс-тәжірибе есептерін шешуге мүмкіндік береді. Медицинада, ауыл шаруашылығында, ветеринарияда және басқа салаларда цитологиялық,гистологиялық зерттеулердің қортындысын пайдалану.
3.4. Пәнді зерделеу нәтижесінде студент мыналарды білуге міндетті:

  • жануарлар организміндегі ұлпалар, ағзалар және ағзалар жүйесінің құрамында болатын жасушалардың, жасушасыз құрылымдардың микро,- субмикроскоптық құрылысын, тіршілік әрекетін; организмдегі ұлпалар дамуын, олардың құрылысын, қызметін, орналасқан жерін және қалпына келуін; ағзалардың микроскопиялық құрылысын білуі;

  • тұрақты және уақытша гистологиялық препараттарды, микроскоптың окулярлық көрсеткішін әзірлеу техникасының негізімен және онымен зерделеу әдістерін; биология бакалаврының практикалық еңбегінде организм, ағзалар, ұлпалар, жасушалар және субжасушалық элементерді күрделі, кешенді зерттеу әдістерін қолдануды және пайдалануды білуді;

  • түрлі микроскоптар мен микротомдарды пайдалануды, бір нәрсені жарық оптикалық техника арқылы көрсетуді, лейкоциттерді санауды және лейкоцитарлық формуланы құруды, гистологиялық препараттардың бейнесін салуды және пәннен алған білімді басқа пәндерді оқығанда қолдануды істей білуі;

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, қысқаша жазбаны (конспект) жазу, зерттеу журналын, библиографиялық істі жүргізу және организм ұлпаларының шығу тегін, орналасқан жерін, құрылысын, қызметін, жіктелуін, әрі қазіргі зерттеу әдістерінің (электронды, люминесцентті, кезеңді-қарсыластық микроскопия, сандық гистохимия, т.б.) қысқаша жазбасын жазу дағдысы бар болуы;

  • микроскоппен жұмыс істеу, гистологиялық препараттарды дайындап, оны “оқуды” және микро-, электрондыфотобейнелерді айқындай білу, ғылыми тәжірибе сызбасын құрып, оны өткізу және талдау дағдысына ие болуы.

3.5. Курстың басты деректемелері (пререквизиті, арнаулы қажетті пәндердің атауы; білім сатысы алдындағы пәндер):

Пәнді зерделеудің басты негізі орта мектептің оқу бағдарламасына сай өткен: зоология, ботаника, анатомия, адам физиологиясы мен гигиенасы, жалпы биология, физика, химия; олар келешекте жоғары кәсіптік білім бағдарламасындағы базалық пәндерді – жеке даму биологиясы, биохимия, биофизика негіздері, өсімдіктер физиологиясы, генетика, адам және жануарлар физиологиясы, микробиология және вирусологияларды оқығанда өте қажет болады.



    1. Курс деректемелері (постреквизиті, оқып білуде міндетті курс болатын пәндердің атауы, жұмыс оқу жоспарынан):

Пән молекулалық биология, адам биологиясы, генетика, т.б. пәндердің негізі болып келеді. Оның деңгейі кәсіптендіру пәндерін терең меңгеруге және практикалық қызметте өте қажет ілімдік, практикалық дағдыларды іске асыру сапаларымен айқындалады.

Пәннің әдістемелік ұсыныстарын толық меңгеру үшін, З.Қ. Тоқаевтың жарық көрген еңбектерін (2001 ж. Семейде “Гистология, эмбриология, цитология практикумын”, 2002 ж. “Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралын”, 2006 ж. Алматы “Інжу-Маржан” полиграфия фирмасында басылған “Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен” оқулығын) кітапханадан алып, күнделікті сабақта қажетті құрал ретінде пайдаланған жөн.



7.2. Пән барысы. Оқылатын дәрісте кейінгі ғылымның көкейтесті мәселелері, қазіргі жетістіктері, жаңалықтары айтылады. Өткізілетін зертханалық сабақтарда организмнен алынып, жасалған жасушалар, ұлпалар, ағзалар препараттарын жарық микроскопта тікелей зерттеп, электронды микроскопта көрінетін микробейнелерді талдап, зерделейсіздер. Бұл студентті өз бетімен оқуға, іздену әдетін қалыптастыруға, қисынды пікір дамытуға, ғылыми зерттеу жұмысына дағдыландыруға, пәннен алған білімді басқа пәндерді оқығанда, оны пайдалана білуге үйрету; студенттер гистологиялық, цитохимиялық препараттар, электронды микрофотограммалар, басқа көрнекi құралдарды анықтауда, осы саладағы терминдер мен ұғымдарды алған бiлiмi, дағдысы, шеберлiгi деңгейiнде көрсетуi керек. Ол үшiн арнайы гистологиялық терминологиялық сөздiк дәптер ашып, әр дәрiс пен зертханалық сабақтан кейiн жаңа сөздердi жазып алып, жаттау қажет. Сабақ үстiнде микропрепараттардың көрiнiсiн түрлi-түстi қарындашпен альбомға салып алып, әдiстеме нұсқауларына сай белгiлерiн қойып, оларды электронды микроскоп көмегiмен алынған микрофотосуреттермен салыстырып, айырмашылық, ерекшелiктерiн байқаған жөн. Себебi, емтихан кезiнде белгiсiз препараттарды анықтау, студенттердiң бiлiмiн бағалаудың бiр критерийi болып саналады. Пәннiң әр дәрiсiнен кейiн ұсынылған сұрақтарға, тестерге жауап берiп, оған қайтаратын жауапты жинақтап қорытып, күмәндiк туса, алдын ала дәрiстен оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа дайын болып келген жөн. Сонда ғана әр тақырыпты жақсы меңгерiп, цитология мен гистология келешек мамандыққа қажет биология iлiмiнiң негiзi екенiн түсiнесiз.
7.3. Пәннің талаптары (саясаты).

Қатынасу: дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз. Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн бұзушылар дәрiсханадан шығарылады немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу, бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (студенттерден дайын тапсырма, шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Ұрлап пайдалану мен алдауды болғызбау керек. Ұялы телефон: Сабақ үстiнде оны үзiп тастау немесе ұялы телефонмен байланысты болғызбау керек.
7.4. Бағалау. Емтихан: Қортынды емтихан барлық студенттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан сұрақтары жазылған ауызша, не тест арқылы өткiзiледi. Бұл студенттерге өте маңызды: себебi олар әр деңгейдегi жүйелер құрылымының тiршiлiк құбылысының мәнiн қалыптастыруы; философияның диалектикалық материализм көзқарасынан организмнің даму заңдылықтарын; тiршiлiк процестерiн басқаруды меңгерiп алуы қажет. Бұлармен бiрге емтиханға дейiн пән бағасын шығару үшiн қысқаша жазба дәптер, микропрепараттағы көрiнiстер бейнесiн салған альбом тексерiледi, биология бакалавры жұмысына қажет организм, ағзалар, ұлпалар, жасушалар, олардың электронды микроскоптағы құрылымын күрделi, кешендi зерттеу тәсiлдерiн қолдануына қажет препараттарды, электронды микрофотограммаларды оқып, микроскоппен жұмыс iстеу дағдысы байқалады. Әр тесте пәннiң әр бөлiмiнен алынған бес сұрақ болады. Оның iшiнде тек бiр жауабы ғана дұрыс. Сондықтан дұрыс жауап алдына белгi қою қажет.
7.5. Студент білімін бағалау критерийі және жүйесі.

Пән емтиханын бағалау үшін модуль, межелік бақылау (60%),қорытынды бағалау, емтихан - (40%), барлығы 100% құратын үлгерімнің ең үлкен қосындысы алынады.

3 кесте




Студенттің оқу және жұмыс түрлері

Балдар

1

Дәріске қатысуы

5

2

Зертханалық сабаққа қатысып, жауап беруі

5

3

Гистологиялық препараттарды, электронды микро фото граммаларды анықтау

5

4

Микро препараттар бейнесін дәптерге салу

3

5

Реферат (белгілі 1 мәселенің қысқаша мазмұны) жазу

3

6

Жазбаша бақылау жұмысты орындау

3

7

Сызба, кестелер дайындау

5

8

Гистологиялық препараттарды әзірлеу

5

9

Слайдтарды (негатив түріндегі фотосурет) дайындау

3

10

Ғылыми мақалалар дайындау

3

11

№ 1 шектік бақылау – 7 апта

10

12

№ 2 шектік бақылау – 15 апта

10




Ағымдық бақылау

60




Қортынды бақылау

40

7.6. 3 кестедегі жұмыстарды бағалаудың шкаласы мен критерийі.



4 кесте

3 кесте бақылау түрлері

Бал дар

Апталар

Қор. бал

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1, 2, 3, 7, 8

0,33

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

25

4, 5, 6, 9, 10

0,2

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

15

11, 12

10



















*






















*

20



8.Оқу түрлерінің оқу - әдістемелік мәліметтері, студентке берілетін тапсырмалар тізімі (бақылау есептері, өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар), өз бетімен істейтін жұмыс түрлерінің тізбесі және мазмұны, әрі СӨБІЖ ұйымдастыруға арналған ұсыныстар
8.1. Пәннің мазмұны

Сабақтар түріне орай бөлінген сағаттар

5 кесте


Тақыр ып



Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Д

СПС

ЗС

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе

1




2

4

3

2

Клеткалық ілім. Эукариотты, про кариотты жасушалар

1




4

2

3

3

Цитология және гистология зерттеу әдістері

1




4

3

3

4

Биологиялық, плазматикалық жарғақтар

1




5

3

3

5

Цитоплазма

1




2

6

3

6

Интерфазалық ядро

1




1

2

3

7

Тұрақты, тұрақсыз қосындылар

1




2

6

3

8

Жасушаның тіршілік әрекеттері

1




1

2

3

9

Жасушаның тіршілік циклі

1




1

2

3

10

Жасушалардың тұрақталуы, дерттануы

1




1

4

3

11

Ұлпалық жүйенің пайда болуы

1




1

2

3

12

Эпителий ұлпалары

1




3

2

3

13

Ішкі орта ұлпалары

1




1

3

3

14

Бұлшық ет ұлпалары

1




1

2

3

15

Жүйке ұлпасы

1




1

2

3




Барлығы

15




30

45

45


Оқытушының басшылығымен (ОБСӨЖ) және студенттердің тек өз бетімен (СӨЖ) жүргізетін жұмыстарының мазмұны.

ОБСӨЖ және СӨЖ жоспары

6 кесте


№ реті

ОБСӨЖ

СӨЖ

аудиториялық

аудиториядан тыс

1

Гистологиялық зерттеу әдістері

Клеткалық теория, оның негізгі ережелері

Микроскоппен жұмыс істеу

2

Препарат әзірлеу техникасы

Гистология мен цитологияның қазіргі зерттеу әдістері

Құрылғыларды әзірлеу

3

Тірі заттардың жасушадан тыс түрлері

Дамудың қатерлі кезеңдері. Лимфа тамырлары.

Микротом пышақ тарын қайрау

4

Жасуша құрылысы

Ұрық пен жетілген организмде қанның түзілуі

Кесінділер дайындау

5

Жасушаның тұрақты қосындылары

Жүйке ұлпасының қалпына келуі. Үлкен ми, жұлын қабықтары.

Препаратты бояу

6

Амитоз, оның түрлері

Безді эпителийдің жіктелуі, құрылысы, даму көзі.

Окуляр көрсеткішін әзірлеу.

7

А.Н. Северцов жұмыстары







8

А.В. Румянцев жұмыстары







9

Н.Г. Хлопин жұмыстары







10

А.А. Заварзин жұмыстары







11

Бір қабатты эпителий

Жыныс жасушасын консервлеудің қазіргі әдістері

Суреттер жасау

12

Көпқабатты эпителий

Май ұлпасы

Ағзаларды өз беті мен оқу

13

Мезенхима

Эпифиз

Ағзаларды өз беті мен оқу

14

Ретикулярлы ұлпа

Ірі сілекей бездері.

Ағзаларды өз беті мен оқу

15

Шеміршек

Өт қабы және өт бөлу жолдары

Ағзаларды өз беті мен оқу

16

Бұлшық ет ұлпасы







17

Жалғама, глиоциттер







18

Дербес жүйке түйіндері







19

А. Максимов жұмыстары







20

Н.Г. Хрущов жұмыстары







21

Э. Геккель жұмыстары







22

И. Мечников жұмыстары







23

К.М. Бэр жұмыстары







24

Т. Шванн жұмыстары







25

М. Шлейден жұмыстары







26

Ф. Лейдиг жұмыстары







27

А.О. Ковалевский жұмысы







28

Б.И. Лаврентьев жұмысы







29

А.В. Немилов жұмыстары







30

Г.А. Шмидт жұмыстары






8.5. «Цитология және гистология» пәнінің оқу процесінің күнтізбе кестесі

8 кесте.


№ реті

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Бақылау түрі
















реф

1ШБ







реф










реф

2ШБ

2

Балдары
















3

10







3










3

10

8.6. Студенттің рейтингін есептеп шығару



Студенттің рейтингін есептеу 9 кесте.

Тізімдегі студент №

Қатысу

ҮЖ

АБЖ



ӨЖК

Σ1

Р1,%

Қатысу

ҮЖ

АБЖ



ӨЖК

Өтеу

Σ2

Р2,%

1. Иванов А.М.

15

30

-



10

55

44

25

40

35



20

30

205

80

2. Кажикенов Е.М.

18

40

40



20

118

94

20

45

40



20

-

243

95
















































Өте оңды студент

20

45

40



20

125

100

25

45

40



20

-

255

100

Мысалы: Иванов А.М. атты студенттің рейтингін есептеу.

Бірінші рейтинг: Р1= Σ1 Иванов/ Σ1 өте оңды студент ● 100% = 55/125 ● 100% = 44%

Екінші (қортынды) рейтингті есептегенде Σ1 қортындыға студенттің екінші кезеңдегі барлық орындаған жұмыстары баллын қосу керек. Одан басқа, бұл баллдарға студент Ивановтың бұрын орындалмаған АБЖ-ның 30 баллы қосылған. Сонда, Ивановтың екінші рейтингі мынаған тең болады: Р2 = Σ2 Иванов/ Σ2 өте оңды студент ● 100% = 205/255 ● 100% = 80%.

Егерде студент ауруына байланысты немесе басқа себептермен (оны растайтын құжаттары болса) сабақ босатып, шектік бақылауды тапсыра алмаса, онда оған шектік бақылауды жеке өтуіне құқығы болады. Онда факультет деканы студентке емтихан басталғанға дейін, мезгілін көрсетіп, студентке жеке рейтинг тізімін (ведомость) береді.

Пәннің қортынды бақылауына дайындалу үшін ПОӘК әр тақырып соңында көрсетілген өзін-өзі бақылауына арналған сұрақтарды қайталау қажет.

Студент пәннің қорытынды бақылауына семестрдегі рейтинг баллдарының жиыны 50% тең немесе одан артық болса ғана жіберіледі. Пәннің қорытынды бағасын мына анықтаулар көрсетеді (10 кесте).


8.7. Бағалау әріп баламасы, балл және пайызбен көрсетілген.

10 кесте.



Бағалаудың әріп баламасы

Баллдың сандық баламасы

Пайыз мөлшері

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

А-


4,0

3,67


95 – 100

90 – 94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85 – 89

80 – 84


75 - 79

Жақсы

С+

С

С-



Д+

Д


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70 – 74

65 – 69


60 – 64

55 – 59


50 - 54

Қанағаттарлық

Ғ

0

0 - 49

Қанағаттарлықсыз

I

NA




Аяқталмаған

P




өтті

Пәнді өтті



ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


Өзгерістің рет №

Құжаттың бөлімі, пункті

Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)

Өзгеріс № және уақыты

Өзгеріс енгізілді

Уақыты

Аты-жөні, қолы, лауазымы


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТАНЫСТЫРУ


Рет




Лауазымы

Аты-жөні

Уақы

ты


Қолы

Өзгерістің

№, уақыты



Қолы




















































































































































































































































































Разработал

Зав.сектором______З.Токаев

страт.планир.подпись


Согласовал

Первый_______А.Молдажанова

проректор подпись


Утвердил

Ректор_______Е.Сыдыков



подпись




жүктеу 230 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау