Цель курса


есепті шешудің Паскаль программалау тілінде программасын құра білу іскерлігін дамыту



жүктеу 1,44 Mb.
бет2/6
Дата25.12.2017
өлшемі1,44 Mb.
#5909
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6

есепті шешудің Паскаль программалау тілінде программасын құра білу іскерлігін дамыту



Пререквизит:

Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін мектеп математикасының, информатикасының базалық ұғымдарын білу керек:



  • алгоритм және оның қасиеттері

  • негізгі алгоритмдік конструкциялар

  • логика алгебрасы туралы түсінік

  • программалау тілі туралы түсінік

Постреквизит:

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек:

  • Бағдарламаны жобалау әдістері мен ыңғайларының классификациясын білу;

  • Бағдарламалық өнімді құру кезеңдері туралы түсінік болуы;

  • Бағдарламалық құралдарды ұйымдастыру және олардың ішкі құрылымы туралы ұғым қалыптастыру;

  • Бағдарламалаудың типтік жүйесінің жұмыс істеу шарттарын білу;

  • Паскаль бағдарламалау тілінің алфавитін, синтаксисін және семантикасын білу;

  • Паскаль бағдарламалау тілінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу іскерліктерінің болуы;

  • Қандай да бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларын жасай білу.

Курс мазмұны.

Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мәлімет.

Бағдарламалаудың типтік жүйелері. Жұмыс істеу схемасы. Бағдарлама құрылымы. Бағдарламалау жүйесінің негізгі компоненттері. Бағдарламалау парадигмалары. Бағдарламалау тілдерінің классификациясы.



Turbo Pascal , бағдарламалау жүйесі.

Паскаль тілінің негізгі элементтері. Алфавит. Резервтегі сөздер. Айнымалылар. Тұрақтылар. Өрнектер. операторлар. Арнайы таңбалар. Паскаль- бағдарлама құрылымы. Сипаттау бөлімдері. Айнымалыларды сипаттау. Тұрақтыларды сипаттау.



Орындалатын операторлар.

Меншіктеу операторы.Процедураларды шақыру. Енгізу және шығару. Құрмалас оператор. Құрылымдық операторлар. Шартты операторлар (if…then…else). Таңдау операторы (case…of…end). Параметрлі цикл операторы (for…to…do…және for…downto…do). Шарты алдында тексерілетін цикл операторы (while…do…). Шарты соңында тексерілетін цикл операторы (repeat…until).



Айнымалылардың алдын- ала анықталған типтері (қарапайым).

Типтердің иерархиясы. Қарапайым типтер: нақты, бүтін, символдық, логикалық (бульдік). Интервалдық (аралық тип).Саналатын типтер.



Символдық айнымалыларды және жолдарды өңдеу.

Жолды өңдеулердің стандартты процедуралары.Мәтіннен сөзді ерекшелеу алгоритмі.



Көмекші программалар.

Көмекші программа-процедуралар. Идентификаторлардың көріну аймағы. Формальды және нақты параметрлер. Параметрлер мәндер, параметр-айнымалылар және типтелмеген параметрлер. Көмекші программа- функциялар.



Паскальдағы деректердің пайдаланушы типтері.

Деректердің пайдаланушы типтерінің сипаттамасы. Типтердің үйлесімділігі. Жазулар. Бекітілген бөлігі бар жазулар. Нұсқалы жазулар.



Деректердің файлдық типтері. Файлдармен жұмыс істеу. Мәтіндік файлдар. Типтік файлдар. Типтелмеген файлдар.

Паскальдағы графика.

Графика. Мәтіндік және графиктік режимдер. Графикалық координаттар. Мәтіндік және графикалық режимдер арасындағы ауысулар. Графиканы программалау принциптері. Графикалық режимді инициализациялау. Graph модулінің процедуралары және функциялары.



Сабақ мазмұны мен кестесі.

Апта

Тақырып

Мазмұны

СОБӨЖ мазмұны

СӨЖ мазмұны

Әдебиет

1- апта

Паскаль тілінің негізі.

1- кредит сағаты

(дәріс)

Паскаль тілінің негізгі элементтері.

1. Паскаль тіліне кіріспе.

2. Алфавиті, негізгі деректер типтері.

3. Негізгі стандарт функциялар. Өрнектер.

Деректердің бүтін (byte, shortint, longint,word) және нақты (double, comp, extended) типтері . Қосымша стандарт функциялар.

Паскаль тіліндегі айнымалылар, тұрақтылар, резервтік сөздер. Арнайы таңбалар.

[1] 45-53

[2] 14- 18

[3]

81-93, 99 бет.



қ[1]

5-6 бет.




2- кредит сағаты

(зертхана)


Паскаль тіліндегі өрнектер.


1. Стандарт функциялардың Паскаль тілінде жазылуы.

2.Математикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазу.


Математикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазу.

ТР пакетінің негізгі файлдары. ЕХЕ файл жасау.



Паскаль мәтіндік редакторында файл жазу, оқу, сақтау, редакциялау, фрагментпен жұмыс.

[1]

34-44 , 80-83

[2]

29-30


[3] 13-21, 23-25


2- апта

Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы.

1- кредит сағаты

(дәріс)


Паскальдағы программа құрылымы.

1. Программа тақырыбы, тұрақтыны және айнымалыны сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.

2. Меншіктеу, деректерді енгізу, шығару процедуралары.

Сипаттау бөлімдері: таңбалар, және типтер бөлімі.

Нақты санды экранға форматтап шығару.



Паскаль программалау тілінің интеграцияланған ортасы. Менюмен жұмыс.

[1] 23-25 б.



[1] 53-60,

[2] 30-32,

[3] 23-27,

қ[1] 10-11 бет.




2- кредит сағаты

(зертхана)

Паскальдағы сызықтық программа.

Сызықтық программа құру. Меншіктеу, деректерді енгізу, шығару процедуралары.

Комментарий қою.Берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтарын орындау.

Кездейсоқ сандарды шығарудың Random функциясы

қ[1] 22-23

[1] 60-61,99-101

[2] 32,56-57



қ[1] 10-11, 65 б.

3- апта

Таңдау және тармақталу оператарлары.

1- кредит сағаты

(дәріс)


Тармақталу және таңдау операторы.

  1. Тармақталу командасының қысқа және толық түрінің жазылуы.

  2. Құрама шарттар, құрама операторлар.

  3. Таңдау операторының жалпы түрі.

Бүтін сандарға қолданылатынdiv, mod және нақты сандарды түрлендірудің trunc, round операторлары.

Таңба және өту операторлары.

(Label, Goto)



[1] 102-105

[2] 41-47

[3] 37-39, 42-45 б.

қ[1] -13- 15 б.



2- кредит сағаты

(зертхана)

Тармақталу және таңдау операторларын қолданып, программа құру.

1.Тармақталу құрылымды программалар құру.

2.Таңдау операторына программалар құру.

Тармақталу және таңдау операторларына берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтары

қ[2]


Арифм,қатынас операциялары, опер-р приоритеті

[1] 81-86 б.



[3] 37-39, 42-45 бет.

қ[1] 65-67 бет.

[2] 41-47


4- апта

Қайталану командасы.

1- кредит сағаты

(дәріс)

Қайталану командасы.

1.Параметрлі цикл

2. Шарты алдында тексерілетін цикл операторы . (while…do…).




Шарты соңында тексерілетін цикл операторы (repeat…until). Break Continue

операторлары



Циклді басқарудың Exit, Halt операторлары.


[1] 49-53,

112-115


[2] 54-56

[3] 39-42

қ[1] 15-20


2-кредит сағаты

(зертхана)

Қайталану командасын қолданып программалау.

Параметрлі , әзір және дейін циклін қолданып, программалар құру.

Циклдің 3 түрі. Кірістірілген циклдер.

Бақылау сұрақтары

қ[2]


Break және Continue операторларын қолданып, программалар құру.

қ[1] 19-20

[1] 49-53,

112-115


[2] 54-56

[3] 39-42

[2] 15-20, 67-68 б.


5 - апта

Құрылымдық типтер. Массив. Бір өлшемді массив. Оларды түрлендіру.

1 кредит сағаты

(дәріс)

Бір өлшемді массив. Массив элементтерін түрлендіру.

1.Массивті сипаттау операторы. Бір өлшемді массив элементтерін енгізу, шығару.

2.Массив элементтерінің ең үлкенін, ең кішісін анықтау.

Массив элементтерін көпіршік әдісімен реттеу.

[1]186-192 бет.



Массивті берілген аралықтағы кездейсоқ бүтін сандармен толтыру

[1] 176-185.

[2] 60-64

[3]102-104

қ[1] 31-32- бет.



2 кредит сағаты

(зертхана)

Бір өлшемді массив элементтерін түрлендіру.

Массив элементтерін түрлендіру:ең үлкенін (ең кішісін) табу, реттеу, берілген элементті іздеу.

Бір өлшемді массивті түрлендіруге берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтары қ[2]

Кездейсоқ сандар массивінің түрлендірудің программасын құру.

[3]102-104

қ[1] 68-69

қ[2]


6- апта

Екі өлшемді массив. (матрица)

1- кредит сағаты

(дәріс)

Екі өлшемді массив.

1.Матрицаны программада сипаттау, енгізу, шығару. Квадрат матрица.

2.Квадрат матрицаның диагонал элементтерін қарау шарттары.



Квадрат матрицаны транспонирлеу. Транспонирлеу программасы. қ[1] 34- бет.

Матрицаның ең үлкен және ең кіші элементін табу программасы.

[1] 176-185.

[2] 64-69

[3] 45-47, 64-69

қ[1] 32-34- бет.



2- кредит сағаты

(зертхана)

Екі өлшемді массив.

Матрица элементтерін түрлендіруге программалар құру.

Матрицаны түрлендіруге берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтары қ[2]

Матрицаның жол және баған элементтерін түрлендіру.

қ[1] 69-70

қ[2]


7- апта

Символдық айнымалылар. Жолдарды өңдеу.

1- кредит сағаты

(дәріс)

Символдық айнымалылар және оларды түрлендіру.

1.Символдық айнымалы, оларды программада сипаттау, оның ұзындығы.

2. Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары және процедуралары.

Символдық айнымалыларды түрленд-дің ст-т ф-ялары және проц-ры:

Concat(),Pos(), Insert().



ASCII символдар коды. Орыс және латын алфавитінің ASCII кодтары.

[1] 158-175.

[2] 69-72

[3]112-115

қ[1] 23-28





2- кредит сағаты

(зертхана)

Символдық айнымалыларды түрлендіру.

Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары және процедураларын қолданып программалау.

Символдық айнымалыларды түрлендіру программаларын құру. Бақылау сұрақтары қ[2]

Жолдарды салыстыру.

қ[1] 28 бет.

Символдық массивті программалау.


қ[1] 72 б.

қ[2]


8- апта

Көмекші программалар.

1- кредит сағаты (дәріс)

Көмекші (ішкі) программа: функция және процедура.

1.Көмекші программа- функция.

2.Көмекші прог-ма- процедура. Формальды және нақты параметрлер.




Параметрлер мәндер, параметр-айнымалылар және типтелмеген параметрлер. [1] 141-143 б.

Рекурсивті процедуралар.

[2] 105-106 б.




[1] 130-140б.

[2] 90-104 б.

[3]47-53,

161-180


қ[1] 28-30

2- кредит сағаты

(зертхана)

Көмекші (ішкі) программа: функция және процедура.

Функция және процедураны қолданып есептердің программасын құру.

Функция және процедураны қолданып есептердің программасын құру.

Бақылау сұрақтары қ[2]



Ішкі программалар құру.

қ[2]


қ[1] 70-72 б.

қ[2]


9 -апта

Жиын. Жиын элементтеріне операциялар қолдану.

1- кредит сағаты (дәріс)

Жиын. Жиынға операциялар қолдану.

1.Жиын түсінігі. Оның программада сипатталуы.

2.Жиынға қолданылатын операциялар:+,-,*,IN.



Жиынға қолданылатын қатынас операциясы, INCLUDE, EXCLUDE процедуралары. Операциялар реті.

Жиын тақырыбына бақылау сұрақтарын және тапсырмаларды орындау.

[1] 212-213



[1] 203-212

[2] 76-78

[3]108-112

қ[1] 35-37 б.



2- кредит сағаты

(зертхана)

Жиын. Жиын құрылымдық типін программалау.

Жиын құрылымдық типін программалау.

Жиынды программалау Бақылау сұрақтары. қ[2]


Жиынды программалау.

қ[2]


қ[1] 73- 75

қ[2]


10- апта

Жазбалар. Оларды түрлендіру.

1- кредит сағаты (дәріс)

Жазбалар. Оларды түрлендіру.

1.Жазба құрылымдық типі. Өрістер. Жазбаны прогр-да сипаттау.

2.Жазба элементтерін енгізу, шығару. With операторы.




Бекітілген бөлігі бар жазулар. Нұсқалы жазулар.

[2] 74-76



Паскаль тіліндегі реттік, интервалдық және саналатын типтер.

[1] 75-78

[2]58-60

[3] 91-95



[1] 214- 225

[2] 72-76

[3]104-108

қ[1] 38- 41



2- кредит сағаты

(зертхана)


Жазбалар. Оларды түрлендіру программаларын құру.

Жазба элементтерін түрлендіру программаларын құру.

Жазбаны программалау Бақылау сұрақтары.

қ[2]


Жазбаны программалау.

қ[2]


қ[1] 73- 74

қ[2]


11- апта

Файл. Файлмен жұмыс істеу процедуралары.

1- кредит сағаты

(дәріс)

Файл. Файлмен жұмыс істеу процедуралары

1. Файл. Мәтіндік файлдар. Файлдың программада сипатталуы.

2. Файлға деректерді жазу, оған жазуды ұйымдастыру. EOF фукциясы.




Типтік файлдар.

Типтелмеген файлдар.

[1] 238-240, 251-253.


MS- DOS операц-қ жүйесінде мәтіндік файл жасау,

шығару, редакц-лау.



[1] 230-238

[2] 78-86

[3] 119-138

қ[1] 41-44



2- кредит сағаты

(зертхана)

Файлмен жұмыс істеу процедураларын қолданып программалау.

Файлмен жұмыс істеу программаларын құру, орындату.

Файлмен жұмыс программаларын құру. Бақылау сұрақтары.

қ[2]


Файлды программалау

қ[2].


қ[1] 75-76

қ[2]



12- апта

Модульдер. Паскальдың стандарт модульдері.

1- кредит сағаты

(дәріс)

Модульдер. Паскальдың стандарт модульдері.

1. Модульдер. Стандарт модульдер.

2. System модулі.

3. Модуль құрылымы.


Dos, Windows Printer, Overlay, Strings модульдері.

[2] 115,120-121



Комплекс сандарға арифметикалық амалдар орындау модулі.

[3] 187-189



[2] 108-112

[3] 182-190

қ[1] 45 б.


2- кредит сағаты

(зертхана)

Модуль жасау.

Модуль жасау, оны программада қолдану.

Қолданушы модулін жасау.

Қолданушы модулін жасау.

[3] 182-190 б.


13- апта

CRT модулі. CRT модулінің процедуралары мен функциялары.

1 кредит сағаты

(дәріс)

CRT модулі. CRT модулінің процедуралары мен функциялары.

1. CRT модулінің экранды басқару процедуралары..

2. CRT модулінің экранды басқару функциялары.




CRT модулінің операторлары:LastMode, Keypressed, Window, WhereX, WhereY. Түстер кодтары.

қ[1] 48 б.

[3] 262-270 б.


TextMode процедурасының мәндері.

[3] 266 б.



[2] 112-115

[3] 262-274.

қ[1] 46-50 б.


2- кредит сағаты

(зертхана)

CRT модулінің процедуралары мен функциялары.

CRT модулінің процедуралары мен функцияларын қолданып мәтіндік режимді басқаруды программалау.

CRT модулінің операторларын қолданып программалау.

Бақылау сұрақтары.

қ[2]


Процедуралар: ClrEOL, DelLine, InsLine, LowVideo..

[3] 272 б.



[2] 112-115

[3] 262-274.

қ[1] 46-50


14- апта

Дыбыстық генераторды программалау .

1- кредит сағаты

(дәріс)

CRT модулінің дыбыстық генераторды басқару процедуралары

Паскаль тілінде дыбыстық генераторды программалаудың

Sound,Delay, Nosound процедуралары.

Қарапайым әуенді орындау программасын құру.

[3] 275 б.



«Әуенді тап» («Угадай мелодию») ойынының программасын жасау.

[3] 275 б.

қ[1] 50-52 б.




2- кредит сағаты

(зертхана)

CRT модулінің дыбыстық генераторды басқару процедуралары

Музыкалық әуен орындау программасын құру.

Музыкалық заставка орындау программасын құру.

Компьютерде сиренаның дыбысын туғызу программасын құру.

[3] 275 б.

қ[1] 50-52 б.




15- апта

Паскаль тіліндегі графика.

1- кредит сағаты

(дәріс)

Паскаль тіліндегі графика. Graph модулі.

1. Графиктік режимге өтуді жүзеге асыру.

2. Graph модулінің функциялары мен процедуралары.



Graph функциялары:MoveTo, MoveRel,GetX,GetY. SetLineStyle.

Гр. адаптер, драйвер сипаттамалары[3] 276-277



Шығармашылық жұмыс.

Анимацияны жүзеге асыру.




[1] 116-120 б

[3] 276-336 б.

қ[1] 53-62


2- кредит сағаты

(зертхана)

Graph модулінің функциялары мен процедураларын қолданып программалау.

Graph модулінің функциялары мен процедураларын қолданып программалау.

Паскаль экранында сурет салу программалары. Бақылау сұрақтары.

қ[2]



Сағат циферблатын имитация жасайтын программа

[3] 297 б.

қ[1] 59 б.


[1] 116-120 б.

[3] 276-336 б.

қ[1] 53-62




Әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер.

1. В. Попов “Паскаль и Дельфи” Самоучитель, Питер 2004 ж.

2. Т. А. Павловская “Программирование на языке высокого уровня”

СПб Питер 2004 ж.

3. Фаронов В.В. “Turbo Pascal 7.0” Начальный курс. Учебно пособие

М. “Нолидж”-1998.

4. Камардинов О.Есептеуіш техника және программалау.-Алматы:

«Рауан», 97ж.

5. Грызлов В.И., Грызлова Т.П. “Турбо Паскаль 7.0” М, “ДМК”-1999.

6. Культин Н.Б. “Программирование в Турбо Паскаль и Delphi” Сант-

Петербург-1998.

7. Зуль Е.А. “Практическое программирование Turbo Pascal”. М-1997.

8. Культин Н. “Турбо Паскаль в задачах и примерах”. М-1999.

9. Семакин И.Г., Шестаков А.П. “Основы программирования”.

М. “Мастерство”-2001.
Қосымша әдебиеттер:

1. Мухамбетова Ғ.Г. “Турбо Паскаль программалау тілі” Орал, РИО 2004 ж

2. Мухамбетова Ғ.Г.“Паскаль тілінен практикум” Орал, РИО 2006 ж.

3. Алексеев В.Е., Ваулин А.С., Петрова Г.Б “Вычислительная техника и программирование” Практикум по программированию М, Высшая школа, 1991г.

4. Абрамов С.А “Начало программирования на языке Паскаль” М.Наука, 1987 г.

5. Абрамов С.А, Зима Е.В. “Начало информатики” М.Наука, 1989 г.

8. Васюкова Н.Д., В.В. Тюляева “Практикум по языку Паскаль”.

М. “Высшая школа” –1991.

9.Матрос Д.Ш, “Использование ЭВМ в ходе учебного процесса”

А, Мектеп,1989.

10. Қараев Ж.А. “ЭЕМ және программалау элементтері”. А, Рауан, 1991ж.

11. Абрамов В.Г “Введение в язык Паскаль” М., Наука 1988




  • Периодтық әдебиеттер:

Журнал “Информатика негіздері”, Алматы. периодтық баспа оқу залы
Журнал “Информатика и образование”, Москва. периодтық баспа оқу залы

Газета “Информатика ”, Москва. периодтық баспа оқу залы




  • Интернет-көздер:

www.informika.ru- информациялық сайт

www.referat.ru, www.kazref_narod.ru –рефераттар жинағы



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ





п/п

Жұмыс түрі

Тапсырманың мазмұны мен мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Зертханалық жұмыс тапсырмаларын орындау

Теорялық материалды меңгеруін тексеру

Жұмыс тақырыбына сәйкес

1-15 аптада

100

Компьютерде программа көрсету, бақылау сұрақтарына жауап

2

СООӨЖ тапсырмаларын орындау

Өтілген тақырып бойынша негізгі элементтерді бекіту

Жұмыс тақырыбына сәйкес

1-14 аптада

100

Есеп программаларын компьютерде көрсету, бақылау сұрақтарын ауызша тапсыру

3

Бақылау жұмысы Коллоквиум.

Алған білімдерін тексеру

Жұмыс тақырыбына сәйкес

6- апта

100

Жазба жұмысы.Ауызша сұрау.

4

Коллоквиум.

Алған білімдерін тексеру

Жұмыс тақырыбына сәйкес

7,14- апта

100

Ауызша сұрау.

5

Шығармашылық жұмыс

шығармашылық еңбекке, логикалық ойлауға тәрбиелеу

Жұмыс тақырыбына сәйкес

3,5,7 ,11, 15- апта

100

Компьютерлік оқыту , тестілеу программасын презентациялау



Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест




4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Кафедра ___информатика_____тьютор _Мухамбетова Ғ.Г.

Пән _____Паскаль программалау тілі



Кредит саны_____2____




п/п


әдебиеттер

тізімі


Қамтылуы

ескерту

кітап-ханада

кафедрада

Студенттер дің қамтылуы (%)

Электрондық түрі




1

2

3

4

5

6

7

1

В. Попов “Паскаль и Дельфи” Самоучитель, СПб Питер 2004 ж.


1




5







2

Т. А. Павловская

“Программирование на языке высокого уровня”

СПб Питер 2004 ж.


2




10







3

Фаронов В.В. “Turbo Pascal 7.0” Начальный курс. Учебно пособие

М. “Нолидж”-1998.






1

5







4

Мухамбетова Ғ.Г. “Турбо Паскаль программалау тілі” Орал, РИО 2004 ж


10

1

55







5

Мухамбетова Ғ.Г.“Паскаль тілінен практикум” Орал, РИО 2006 ж.

10

1

55







6

Васюкова Н.Д., В.В. Тюляева “Практикум по языку Паскаль”.

М. “Высшая школа” –1991.



4

1

25







7

Абрамов В.Г “Введение в язык Паскаль” М., Наука 1988

4

1

25







8


Абрамов С.А.,Зима Е.В. “Начало программирования на языке Паскаль” М, Наука 1987

4

1

25










Абрамов С.А

“Начало информатики ” М, Наука 1989



4

1

25










Камардинов О., Азаматов С. Информатика негіздері, А, Рауан, 1998., 218б.

15




75










Камардинов О Есептеуіш техника және программалау, А., Баспа кабинеті, 1997.

12




60










Қараев Ж., Есжанов, т.б. Алгоритмдеу және ЭЕМ, А, 1998.

84




100










Алексеев В.В. и др. Практикум по программированию, М., «ВШ»1991г.




1

5










Шафрин Информатика. Задачник-практикум в 2т.

4

1

25








5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Паскаль тілінің негізгі элементтері.

Дәріс мазмұны:

1. Паскаль тіліне кіріспе.

2. Алфавиті, негізгі деректер типтері. Integer, Real, string, boolean.

3. Негізгі стандарт функциялар. Өрнектер.

Программалау тілдерінің ішінде қазіргі кезде кең танымал тіл- Паскаль программалау тілі болып табылады. Паскаль тілі- алгоритм құрылымы сақталып жасалған құрылымдық программалау тілі. Мектеп информатикасының “Программалау” тарауында бұрын Бейсик тілі оқытылып келген болса, соңғы жылдары Паскаль тілін оқыту жоспарланған. Себебі, Бейсик тіліне қарағанда Паскаль тілінің мүмкіндігі мол. Сондықтан бұл тіл күрделі ғылыми- техникалық есептерді шығаруда кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде информатика пәнінен олимпиада кезінде есептердің программасын Паскаль немесе Си тілінде құру талап етіледі. Барлық программалау тілдерінің өз алфавиті болады. Алфавит – программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар, белгілер).



Паскаль тілінің алфавиті:

  1. Латын алфавитінің бас (A-Z) және кіші (a-z) әріптері және _ астын сызу белгісі.

  2. Араб цифрлары: 0 – 9

  3. Арнайы символдар: а) арифметикалық операция белгілері: +, -, *, /

б) қатынас операцияларының белгілері: =, <> (тең емес), >, >=, <, <=

в) тыныс белгілері: ; : . , ..

г) қосарлы символдар: {}, [], (), (* *), (. .)

д) меншіктеу белгісі: : =

е) символдар: @, $, #, ^


  1. Қызметші сөздер: and, begin, if, then, else, end …



Паскальдағы деректер типтері.
Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер, өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған объектінің қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды. Паскаль тілінде деректердің төмендегідей типтері бар:

  1. Стандарт жәй тип: бүтін (integer)

нақты (real)

логикалық (boolean)

процедуралық

символдық (char, string)



  1. Стандарт емес жәй тип: санақты және шектеулі типтер

  2. Құрылымдық тип: массив

жазу

жиын


файл

Мәндері компьютердің арнайы программалары арқылы автоматты түрде есептелетін функциялар – стандарт функциялар деп аталады. Стандарт функциялар Паскаль тілінің System деп аталатын кітапханалық модулінде жинақталған. Бұл модуль программаға автоматты түрде қосылады.



Паскаль тілінің негізгі стандарт функциялары төменде көрсетілген.

abs (x)- х- тің абсолют мәні

sin(x)- х- тің синусы

cos(x)- х- тің косинусы

arctan(x)- х- тің арктангенсі

exp(x) - х- тің экспоненті - ех

ln(x)- х- тің натурал логарифмі

PI-  санының мәні, =3,14159…

sqr(x)- х- тің квадраты

sqrt(x)- х- тің квадрат түбірі

int(x) немесе trunc(x)- х санының бүтін бөлігі

frac(x)- х санының бөлшек бөлігі

round(x)- х санын бүтінге дейін дөңгелектеу
х санын n дәрежеге шығару үшін төмендегі формула қолданылады.

x n = e nlnx  exp(n*ln(x))



Мысал: 25 өрнегі Паскальда exp(5*ln(2)) түрінде жазылады.

Өрнектер тұрақтылар мен айнымалылардан, арифметикалық, логикалық және қатынас операциясының белгілерінен және стандарт функциялардан құралады.

Математикалық өрнек және оның сәйкес Паскаль тілінде жазылуына мысалдар:

1. 4 2x-y  4* SQRT(2*x-y)

2. ctgx+cos60º  cos(x)/sin(x)+cos(60*pi/180)



3.  (-b+ SQRT(D))/(2*a)
4. cos2x2  SQR(cos(SQR(x)))


5. e sinx  exp (sin(x))*SQRT(x)


Бақылау сұрақтары:

  1. Стандарт функциялар деген не?

  2. Паскаль тілінде қандай стандарт функциялар бар?

  3. Паскаль тілінде стандарт функциялар қандай модульде жинақталған?

  4. Арифметикалық өрнек деген не?

  5. Паскаль тілінде арифметикалық өрнек қалай жазылады?

  6. Өрнектегі операциялар қандай ретпен орындалады?

  7. Операциялардың орындалу ретін қалай өзгертуге болады?

  8. Дәрежелеу амалы Паскальда қандай формуламен есептеледі?

  9. Төмендегі өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?

a) lgex+2 b) 2п*ctg45 c) 3,14*arcsinx d) tg2x2+ecosx

  1. Паскаль тілінде жазылған өрнектерге сәйкес арифметикалық

өрнектерді жазыңдар:

  1. sqr(3)+63/(sin(30*pi/180)+sqrt(6.5));

  2. abs(sin(12*pi/180))/exp(1/3*ln(x));

  3. ln(3)/ln(x)+exp(5*ln(x))/(sqrt(a*b)+3*a)

  4. sqr(x+ln(2))+abs(sin(x*pi/180)-sqrt(exp(5*ln(x)))

Әдебиеттер:[1] 45-53 бет. [2] 14- 18 бет. [3] 81-93, 99 бет. қ[1] 5-6 бет.

2- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Паскальдағы программа құрылымы.

Дәріс мазмұны:

1. Программа тақырыбы, тұрақтыны және айнымалыны сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.

2. Меншіктеу, деректерді енгізу, шығару.Read (readln), Write( writeln).

Паскаль тілінде кез-келген программаның мәтіні негізгі үш бөлімнен тұрады:



  1. программа тақырыбы

  2. сипаттау бөлімі

  3. операторлар бөлімі


1. Программа тақырыбының құрылымы:

Program программа атауы;

Мысалы:

Program Max111;



Program Summa;

2. Сипаттау бөлімдері төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Таңбалар бөлімі

  2. Тұрақтылар бөлімі

  3. Типтер бөлімі

  4. Айнгымалылар бөлімі

  5. Процедура мен функциялар бөлімі


3. Операторлар бөлімі.

Операторлар бөлімі – программаның орындалу бөлімі. Ол Begin қызметші сөзінен басталып end сөзімен аяқталады. End сөзінің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі. Нүкте компиляторға программа мәтінінің аяқталғандығын хабарлайды.
Паскаль тіліндегі меншіктеу операторының жалпы түрі:

айнымалы: = өрнек;



Мысал: x:=0.5; y:=a+b;

D:=b*b-4*a*c; p:=(a+b+c)/2;



Енгізу операторының жазылу үлгісі:

Read (айнымалылар тізімі);

(read-оқу)



Мысал: read(a,b,c);

Read операторының соңына ln жалғауы қосып жазылуы мүмкін: readln (readline-жолды оқу).



Мыс: readln(a); readln(b,с);

Мәндерді экранға шығару үшін Паскаль тілінде



Write (параметрлер тізімі);

операторы қолданылады. (write-жазу)



writeln болып жазылса (writeline –жолды жазу) курсор жаңа жолға көшіріліп, мәліметтер бірінің астына бірі шығады.

Мысал: 1) Write (‘x- ті енгіз=?’); read (x);

2) Write (x, ‘ ’, y); Write (‘s=’, s:5:2); Write (x+25, 3*x);

Меншіктеу, енгізу, шығару операторларын қолданып құрылған сызықтық программа мысалдарын қарастырайық.


  1. Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген үшбұрыштың үшінші қабырғасын және ауданын табу программасын құрыңдар.

Program Audan;

Var a,b,x: integer;

c, S:real;

begin


Write (‘Үшбұрыш қабырғаларын және бұрышты енгіз ’);

read (a,b,x);

c:=sqr(a)+sqr(b)-2*a*b*cos(x*pi/180);

S:=1/2*a*b*sin(pi*x/180);

Writeln (‘Үшбұрыш ауданы =’, S,’үшінші қабырғасы=’, с);

end.


  1. Берілген үш таңбалы бүтін санның цифрларының қосындысын табыңдар.

Program Summa;

Var x,a,b,c,d,S:integer;

begin

Write (‘Үш таңбалы бүтін сан енгіз ’); read (x);



a:=x div 100; b:=x mod 100;

c:=b div 10; d:=b mod 10;

S:=a+c+d;

Writeln (‘S=’, S);

end.

Бақылау сұрақтары:


  1. Паскаль тілінде программа құрылымы қандай бөлімдерден тұрады?

  2. Программа тақырыбы үшін қандай ережелер орындалады?

  3. Программаның операторлық бөлімінде қандай қызметші сөздер қолданылады және ол бөлім қандай қызмет атқарады?

  4. Программаның сипаттау бөлімі қандай бөлімдерден тұрады?

  5. read, readln, write,writeln процедураларының айырмашылығы неде?

  6. Форматтап шығару оперторының жалпы түрде жазылуы қандай?

  7. Сызықтық программа деген не?

  8. Программада комментарий (түсініктеме) қалай жазылады?

  9. Begin, end қызметші сөздері нені білдіреді?

  10. Меншіктеу операторының жазылу үлгісі қандай?

Әдебиеттер: [1] 53-60 бет, [2] 30-32 бет., [3] 23-27 бет. қ[1] 10-11 бет.

3- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Тармақталу және таңдау операторы.

Дәріс мазмұны:

  1. Тармақталу командасының қысқа және толық түрінің жазылуы.

  2. Құрама шарттар, құрама операторлар.

  3. Таңдау операторының жалпы түрі.

Шартты оператор қандай да бір шартты тексеріп, оның нәтижесіне байланысты белгілі бір әрекетті орындауды жүзеге асырады.

Оның жазылу үлгісі:

1) IF шарт THEN 1-оператор ELSE 2-оператор;

2) IF шарт THEN оператор;

1-жағдай шартты оператордың жазылуының толық түрі, 2-жағдай қысқа түрі деп аталады.

Мысал 1. Берілген үш санның үлкенін табыңдар.

Program max3;

Var a,b,c,max1, max: integer;

begin


Write (‘3 санды енгіз’); read (a,b,c);

if a>b then max1:=a else max1:=b;

if c>max1 then max:=c else max:=max1;

Writeln (‘3 санның үлкені=’, max);

end.
Егер then, else қызметші сөздерінен кейін бір емес, бірнеше оператор жазылса, олар құрама оператор деп аталады және begin, end операторлық жақшаға алынады.

Егер шарттың саны біреуден артық болса, онда ол құрама шарт деп аталады. Құрама шарттар арасына and (және), or (немесе), not (емес) қызметші сөздері жазылады және жәй шарттар жақшаға ( ) алынып жазылады.

0 and (х5)
Мысал 2. Екі бүтін санның үлкені мен кішісін табыңдар.

Var a,b, max, min: integer;

begin

read (a,b);



if a>b then begin max:=a; min:=b end

else begin max:=b; min:=a end;

Writeln (‘max=’, max, ‘min=’, min)

end.
Мысал 3. Жазықтықта берілген нүкте центрі (2,3) нүктесіндегі, ішкі радиусы 1-ге, сыртқы радиусы 2-ке тең сақинаға тиісті бола ма?

Program m3;

const r11; r22;

var x,y:real;

begin


Write ('нүкте координаларын енгіз); read(х, у);

if (sqr(х-2)+sqr(у-3) sqr(r1)) and (sqr(х-2)+sqr(у-3) sqr(r2)) then

Writeln (нүкте сақинаға тиісті) else writeln (тиісті емес)

end.


Таңдау операторы арқылы программадағы мүмкін болатын бірнеше оператордың біреуі таңдалады. Таңдау параметрі Real және String типтерінен басқа кез-келген типті қабылдайды.

Таңдау операторының құрылымы:



сase өрнек of

  1. тұрақты: 1- оператор;

  2. тұрақты: 2- оператор;



  1. тұрақты: n- оператор

else оператор

end;
сase- жағдай, of- бойынша қызметші сөздері.

Бұл оператор былайша жұмыс істейді:

Алдымен өрнектің мәні есептеледі, сонан соң өрнектің мәніне тең тұрақты ізделінеді. Сәйкесінше сол тұрақтыдан кейін жазылған оператор орындалады да, таңдау операторының жұмысы аяқталады. Егер тізімде есептелген мәнге тең тұрақты табылмаса, басқару else сөзінен кейін тұрған операторға беріледі.

Мысал 1. Берілген 0 мен 12 арасындағы натурал санға сәйкес шығыс күнтізбесіне сәйкес жыл атауын шығаратын программа:

Program m1;

var n: byte;

begin


write (Жыл нөмірін енгіз); read (n);

сase n of

0: Writeln ( Мешін жылы);

1: Writeln ( Тауық жылы);

2: Writeln (Ит жылы );

3: Writeln (Доңыз жылы);

4: Writeln (Тышқан жылы);

5: Writeln (Сиыр жылы);

6: Writeln (Барыс жылы);

7: Writeln (Қоян жылы);

8: Writeln ( Айдаһар жылы);

9: Writeln (Жылан жылы);

10: Writeln (Жылқы жылы);

11: Writeln (Қой жылы);

else writeln (Дұрыс емес)

end; таңдау операторының соңы

end. программаның соңы
Бақылау сұрақтары:


  1. Шартты оператор деген не?

  2. Шартты операторлардың формалары және олардың жазылу үлгілері қандай?

  3. Құрама шарт деген не, олар қалай жазылады ?

  4. Құрама оператор деген не және олардың жазылуы қандай?

  5. Егер шарт орындалмаса және программада else сөзі болмаса басқару қайда жіберіледі?

  6. Шарттың нәтижесі қандай мәндер болады?

  7. Квадрат теңдеу шешудегі шарттар қандай?

  8. Шартты және таңдау операторының айырмашылығы қандай?

  9. Таңдау операторының құрылымы қандай?

  10. Таңдау шарты қандай типті мәндерді қабылдамайды?

  11. Таңдау операторы қалай жұмыс істейді ?

  12. Егер тізімде есептелген мәнге тең тұрақты табылмаса, басқару қайда беріледі?

Әдебиеттер:[1] 102-105 бет. [2] 41-47 бет. [3] 37-39, 42-45 бет. қ[1] -13- 15 бет.

4- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Қайталану командасы.

Дәріс мазмұны:

1.Параметрлі цикл(For To Do)

2. Шарты алдында тексерілетін цикл операторы . (while…do…).

Турбо Паскаль тілінде программаның қайталанатын бөлігін программалау үшін әртүрлі 3 оператор қолданылады.

Олар: 1) параметрлі цикл (немесе үшін циклі)

2) әзір циклі

3) дейін циклі


  1. Параметрлі циклдің құрылымы:

FOR цикл параметрі:=бастапқы мән ТО соңғы мән ДО цикл денесі;

Мұндағы for (үшін), to (дейін) do(орындау)- қызметші сөздер. Бұл циклде цикл параметрі integer типті бүтін сан, цикл қадамы 1-ге ғана тең.

Қадам -1-ге тең болған параметрлі цикл төмендегіше жазылады:

FOR цикл параметрі:=бастапқы мән DOWNTO соңғы мән ДО

Мысал 1. Алғашқы 50 натурал санның қосындысын және арифметикалық ортасын табыңдар.

а) var i, s, k: integer; б) var i, s, k: integer;

begin begin

for i:=1 to 50 do for i:=50 downto 1 do

S:=S+i; k:=S/50; S:=S+i; k:=S/50;

Writeln (‘S=’,S,’k=’,k) Writeln (‘S=’,S,’k=’,k)

end. end.

Цикл денесі құрама оператордан тұратын болса, онда олар begin, end операторлық жақшаға алынады.


Мысал 2. 1- 20 аралығындағы қашықтық мәнін дюймнен сантиметрге айналдыратын программа құрыңдар. (1 дюйм=2,5 см.)

Program m2;

var D,C : integer;

begin


For D:=1 to 20 do begin

C:=2.5*D;

Writeln ( D,’ Дюйм =’ ,C, ‘ См’ ) end;end.
Мысал 3. Берілген кез- келген бүтін санның көбейту кестесін экранға шығаратын программа құрыңдар.
var i, n, p : integer;

begin writeln(‘Бүтін сан енгіз’); readln(n);

for i:=1 to 10 do

begin


p:=n*i;

Writeln (i,’*’, n, ‘=’, p)

end;

end.



  1. Әзір немесе шартты алдын-ала тексеру циклі.

Циклдің қайталану саны алдын- ала белгісіз болған жағдайда Әзір немесе Дейін циклі қолданылады. Әзір циклінің құрылымы:

WHILE шарт DO

цикл денесі ;

while (әзір), do (орындау)- қызметші сөздер.



Мысал 1. Барлық екі таңбалы жұп сандардың көбейтіндісін табатын программа құрайық.

Program m1;

var i, P: integer;

begin


P:=1; i:=2;

While i<=98 do

begin

P:=P*i; i:=i+2; end;



Write (‘P=’, P);

end.
Мысал 2. Екі натурал санның ең кіші ортақ еселігін табатын программа құрыңдар.

Program m2;

var a,b, EKOE,c: integer;

begin

read (a,b); c:=a*b;



While a<>b do

if a>b then a:= a-b else b:= b-a;

EKOE:=c/a;

Write ('2 санның ең кіші ортақ еселігі =', EKOE);

end.
Паскаль тілінде циклді басқару үшін Break және Continue -2 оператор қолданылады. Олар циклді қолдану мүмкіндігін кеңейтіп, программа құрылымын жақсартады.

Break- циклді тоқтатуды жүзеге асырады; басқару циклден кейін тұрған операторға беріледі.

Continue -циклдің кезекті қадамының орындалуын мерзімінен бұрын аяқтауды жүзеге асырады; басқару циклдің келесі мәніне беріледі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Цикл операторы қандай жағдайда қолданылады?

  2. Паскаль тілінде циклді ұйымдастырудың қандай тәсілдері бар?

  3. Параметрлі циклдің құрылымы, ерекшелігі қандай?

  4. Әзір циклінің құрылымы қандай?

  5. Дейін циклінің құрылымы қандай?

  6. Әзір және Дейін циклдерінің айырмашылығы неде?

  7. Параметрлі циклді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

  8. Brear, Continue операторлары қандай қызмет атқарады? Мысал келтір.

  9. Қадамы -1 –ге тең кері цикл қалай ұйымдастырылады?

  10. Бір- біріне кірістірілген цикл деген не? Мысал келтір.

Әдебиеттер:[1] 49-53, 112-115 бет. [2] 54-56 бет. [3] 39-42 бет. қ[1] 15-20 бет.

5- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Бір өлшемді массив. Массив элементтерін түрлендіру.

Дәріс мазмұны:

1.Массивті сипаттау операторы. Бір өлшемді массив элементтерін енгізу, шығару.

2.Массив элементтерінің ең үлкенін, ең кішісін анықтау.

Жиым деп 1 атпен аталатын, саны алдын-ала анықталған бір типті элементтер жиынын атайды. Оның сипатталу үлгісі:

Var жиым аты: array [жиым элементтерінің индексі] of элемент типі;

(array- жиым). Квадрат жақшада жиымның бірінші және соңғы элементтерінің индексі жазылады.



Мысал: var a: array [1..10] of real; b: array [0..50] of char;

c: array [-3..4] of integer;



Мысал1: [1..10] аралығындағы кездейсоқ бүтін сандар жиымының ең үлкен және ең кіші элементтерінің айырмасын табыңдар.

Program m1;

Var a: array [1..10] of integer;

i, max, min, k integer;

begin Randomize;

for i:=1 to 10 do

a [i]:=random (10); жиымды кездейсоқ сандармен толтыру

max:= a [1]; min:= a [1];

for i:=2 to n do

begin


if max a [i] then max:=a [i];

if min  a [i] then min:=a [i];

end; k:=max- min;

Writeln ('айырма=', k)

end.
Бақылау сұрақтары:


  1. Паскальда қандай құрылымдық типтер бар?

  2. Жиым деген не? Жиымның қандай түрлері бар?

  3. Паскальда жиым қалай сипатталады?

  4. Жиымның элементі мен индексінің типі қандай болады?

  5. Бірөлшемді жиымды енгізу және шығару қалай жүзеге асады?

  6. Жиымның ең үлкен және ең кіші элементін табу алгоритмі қандай?

  7. Жиымэлементтерін көпіршік әдісімен реттеу алгоритмі қандай?

Әдебиеттер:[1] 176-185 бет. [2] 60-64 бет. [3]102-104 бет. қ[1] 31-32- бет.

6- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Екі өлшемді массив.

Дәріс мазмұны:

1.Матрицаны программада сипаттау, енгізу, шығару. Квадрат матрица.

2.Квадрат матрицаның диагонал элементтерін қарау шарттары.

Екі өлшемді массив (матрица).

Массив бір өлшемді (сызықтық), екі өлшемді (матрица), жалпы алғанда n өлшемді болады. n жолдан, m бағаннан тұратын екі өлшемді массив былайша сипаттайды:

Var массив аты: array [1..n, 1..m] of элемент типі;

Матрица элементтерін енгізу циклінің жалпы түрі:

for i:=1 to n do begin

for j:=1 to m do

read (a [i, j]); readln;end;

Матрица элементтерінің қалпын сақтап экранға шығару циклінің жазуының үлгісі:

for i:=1 to n do

begin


for j:=1 to m do

write (a [i, j]); writeln;

end;
1-жаттығу . Матрицаның жұп және тақ элементтерінің санын табыңдар.

Program Matrix1;

Const n=3; m=2;

Var a: array [1..3, 1..2] of integer;

i, k, l: integer; k-жұп, l-тақ элемент саны

begin


for i:=1 to n do

for j:=1 to m do

begin

read (a[i, j ]);



if (a[i, j ]) mod 2=0 then k:=k+1 else l:=l+1;

end;


writeln ('жұп элемент саны=', к, 'тақ элемент саны=', l)

end.
2-жаттығу. Кездейсоқ бүтін сандармен толтырылған Х(3х4) матрицаның жолдарындағы элементтердің қосындысын табыңдар.



жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау