Зертханалық жұмыс №2.
Тақырыбы: Паскальдағы сызықтық программа.
Жаттығулар.
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Қараша айында дүкенде А млн теңгеге тауар сатылды, бұл қазан айындағыға қарағанда 15 % артық. Қазан айында қанша ақшаға тауар сатылды?
Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген үшбұрыштың биіктіктерін табыңдар.
Қызметкердің жалақы мөлшері берілген. Жалақыдан зейнетақы қорына кететін (10%) және кіріс (5%) салықтарының мөлшерін анықтаңдар.
Жазықтықта координаталары берілген 2 нүктенің ара қашықтығын табыңдар.
Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А-ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірліктеріне айналдырыңдар.
Зертханалық жұмыс №3.
Тақырыбы: Тармақталу және таңдау операторларын қолданып, программа құру.
Жаттығулар.
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
N натурал саны берілген. Егер ол сан тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767- ден кем болса, онда ол санды 2- ге көбейтіңдер. Керісінше жағдайда берілген санды 5- ке бөліңдер.
Берілген нүкте центрі (1,1) нүктесіндегі, радиусы R шеңберге тиісті бола ма?
Кездейсоқ берілген 3 санның неше әрекеттен кейін «бақытты жетілік» құрайтынын анықтаңдар.
Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 5-ке бөліне ме?
Қаладағы мектеп нөміріне байланысты ол орналасқан аудан атауын экранға шығаратын программа құрыңдар.
Берілген факультет нөмірі бойынша факультет атауын шығаратын программа құрыңдар.
Зертханалық жұмыс №4.
Тақырыбы: Қайталану командасын қолданып программалау.
Жаттығулар.
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Бұрышты -3600 –тан 3600-қа дейін 300 қадаммен градустан радианға айналдырыңдар.
x=1,2,…20 болғанда у- тің мәндерін басып шығару керек. у=60/(х2-25)
1000-нан 10000-ға дейін 1000 қадаммен өзгерген теңге мәндерін курсқа байланысты рубль, доллар, евро ақша бірліктерімен өрнектеңдер.
Берілген санның барлық бөлгіштерін табыңдар
Экранға 1223334444... символдар тізбегін шығару керек.
Зертханалық жұмыс №5.
Тақырыбы: Бір өлшемді массив элементтерін түрлендіру.
Жаттығулар.
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Кез- келген бірөлшемді А(10) жиымының оң элементтерін екі есе кемітіңдер, ал теріс элементтері болса, онда оларды индекстерінің мәнімен ауыстырыңдар.
N кәсіпорынның бір жылғы электр энергиясын тұтынуы туралы дерек бар. Осы бойынша энергия тұтынудың арифметикалық ортасын және энергияны ең көп үнемдеген кәсіпорынды анықтаңдар.
7 сағ- тан 12 сағ-қа дейінгі уақыт аралығында ауа температурасы сағат сайын өлшенді. Осы аралықта температураның төмендегені мәлім. Температураның алғашқы теріс мәні қай сағатта болғанын анықтаңдар.
Жиымның көршілес жұп және тақ нөмірлі элементтерінің орнын алмастырыңдар.
Бірөлшемді А(8) жиымының 1- және соңғы, 2- және 7 т.б. элементтерінің орнын алмастырыңдар.
Зертханалық жұмыс №6.
Тақырыбы: Екі өлшемді массив.
Жаттығулар.
Төмендегі матрица элементтерін түрлендіру есептерінің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Квадрат матрицаны 0 және 1 сандарымен шахматтық ретпен толтырыңдар.
Квадрат матрицаның негізгі диагоналының ең үлкен, қосалқы диагоналының ең кіші элементтерін тауып, олардың орнын алмастырыңдар.
Квадрат матрицаның негізгі диагоналындағы ең үлкен элемент орналасқан жолды берілген жолмен алмастырыңдар.
Спорттың мұзда мәнерлеп сырғанау түрінен 5 спортшының 3 төреші бағалаған нәтиже көрсеткіші берілген .(ұпай саны 0-ден 6-ға дейін ) . Бастапқы 3 жүлделі орынды алған спортшылар көрсеткішін табыңдар .
Компьютер экранында
1 0 0 0 0
1 1 0 0 0
1 1 1 0 0
1 1 1 1 0
1 1 1 1 1 квадрат матрицаны алу керек.
Зертханалық жұмыс №7.
Тақырыбы: Символдық айнымалыларды түрлендіру.
Жаттығулар.
Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары және процедураларын қолданып төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Берілген мәтіндегі “а” әрпін “о” әрпімен алмастырыңдар.
Сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.
Берілген әріп дауысты ма екенін анықтаңдар.
1 ашылған және 1 жабылған жақшасы бар мәтін берілген. Жақша ішіндегі барлық символдарды шығарыңдар.
Сөйлемдегі неше сөз берілген әріптен басталады?
Латын әрпімен жазылған сөздегі барлық кіші әріптерді бас әріппен алмастырыңдар.
Зертханалық жұмыс № 8.
Тақырыбы: Көмекші (ішкі) программа: функция және процедура.
Жаттығулар.
Функция және процедураны қолданып, төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
n нүктенің жазықтықта координатасы берілген. Екі нүктенің ара қашықтығын табу функциясын қолданып, берілген нүктелерден координаталар басына дейінгі қашықтықтарды табыңдар.
Берілген натурал санның жәй сан екенін анықтау процедурасын қолданып, N-нен кіші барлық жәй сандарды табыңдар.
Екі нүктенің ара қашықтығын табу процедурасын қолданып, төбелері берілген үшбұрыштың периметрін табыңдар.
n! –ды табу функциясын қолданып, алғашқы 10 жұп натурал сандардың факториалдарын табыңдар.
Пифагор сандарын табу ішкі программасын қолданып, берілген n-нен кіші барлық Пифагор сандарын табыңдар (а,в,с натурал сандар Пифагор сандары деп аталады, егер а2+b2=c2 шарты орындалса).
Зертханалық жұмыс № 9.
Тақырыбы: Жиын. Жиынға операциялар қолдану.
Жаттығулар.
Жиынға қолданылатын операцияларды қолданып, төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Дауысты дыбыстар жиыны және мәтін берілген. Мәтіндегі дауысты дыбыстарды санаңдар.
Дауысты дыбыстар жиыны және мәтін берілген. Мәтіндегі дауысты дыбыстардан басқа жиын құраңдар.
Квадрат матрицаның жолдарындағы элементтердің қосындысынан жиын құрастырып, оны экранға шығарыңдар.
Белгілі бір аралықтағы натурал сандардан тұратын жиын берілген. Оның жәй сандарынан бір жиын, құрама сандарынан 2-жиын құраңдар.
c және d жиындары берілген. c:=[3..7,10,12..15], d:=[1..5, 7,8,13..17]. Есептеңдер: c+d, c-d, c*d?.
Зертханалық жұмыс №10.
Тақырыбы: Жазбалар. Оларды түрлендіру программаларын құру.
Жаттығулар.
Жазба элементтерін түрлендірудің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
Ойыншықтар туралы: ойыншықтар аттары, бағалары және олар арналған балалардың жас шамалары туралы деректер берілген. Бағасы 200 теңгеден аспайтын ойыншықтар атын және 5 жасқа дейінгі балаларға жарамды ойыншықтар атын шығарыңдар.
Оқушы фамилиясы, жасы өрістерінен тұратын жазбаның
а) “Жасы” өрісін кемуі бойынша реттеңдер
б) фамилиясы берілген әріптен басталатын оқушылар тізімін шығарыңдар.
Кондитерлік фабрика шығаратын конфет аттары, бағасы өрістерінен тұратын жазбаның
а) бағасы ең арзан 3 конфет атын
б) конфет бағасының жартысын табыңдар.
Студент фамилиясы, және 3 пәннен емтихан бағасы берілген.
а) топтың орташа бағасын
б) орташа бағасы ең жоғары 3 студенттің фамилиясын анықтаңдар.
Зертханалық жұмыс №11.
Тақырыбы: Файлмен жұмыс істеу программалары.
Жаттығулар.
Файлмен жұмыс істеу процедураларын қолданып, Паскаль тілінде программа құрыңдар:
f файлында квадрат матрица берілген. Матрицаның жұп элементтерінің орнына 0, тақ элементтерінің орнына 1 санын қойып, пайда болған матрицаны g файлына шығар.
Барлық элементі 0-ге тең А(5,5) матрицасы файлда берілген. Кездейсоқ тәсілмен одан әртүрлі 7 элементті таңдап, таңдалған элементтің орнына 3 санын қойып, шыққан матрицаны басқа файлда көрсетіңдер.
Файлды кездейсоқ сандармен толтырып, ондағы тақ сандардың
квадраттарының қосындысын табыңдар
f файлында сөздер массиві берілген. Берілген әріптен басталатын сөздерді g файлында көрсетіңдер.
Зертханалық жұмыс №12.
Тақырыбы: Модуль жасау, оны программада қолдану.
Жаттығулар.
Төмендегідей модульдер жасаңдар және оны программада қолданыңдар.
Ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге айналдыратын модуль жасаңдар.
Берілген санды берілген дәрежеге шығаратын модуль жасаңдар.
Берілген үш санның ең үленін және ең кішісін табатын модуль жасаңдар.
Зертханалық жұмыс №13.
Тақырыбы: CRT модулінің процедуралары мен функциялары.
Жаттығулар. CRT модулінің процедуралары мен функцияларын қолданып, мәтіндік режимді басқару программаларын құрыңдар.
Экранды көк түсті жұлдызшамен жиектеңдер де, рефераттың басқы бетін безендіріңдер.
Қызыл түсті экранға 0..9 аралығынан ақ түсті 500 кездейсоқ сан шығарыңдар. Сонан соң экранды жасыл түске, сандарды сары түске бояңдар.
Экранға әр жолға түрлі түспен жеті атаңның атын шығарыңдар.
Берілген сөзді экранның бойымен қозғалтыңдар.
Зертханалық жұмыс №14.
Тақырыбы: CRT модулінің дыбыстық генераторды программалау процедуралары.
Жаттығулар. CRT модулінің дыбыстық генераторды басқару процедураларын қолданып, музыкалық әуен орындау программасын құрыңдар.
1- ден 7- ге дейінгі цифрлық пернені басқанда 1- октаваның “до”- дан ”си”- ге дейінгі жеті нотасы ойналатын және нотаға сәйкес оның аты әртүрлі түспен экранға шығатын программа құрыңдар.
Зертханалық жұмыс №15.
Тақырыбы: Graph модулінің функциялары мен процедураларын қолданып программалау.
Жаттығулар. Graph модулінің функциялары мен процедураларын қолданып, Паскаль графикасын басқару программасын құрыңдар.
Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайықтың суретін салыңдар.
Түрлі- түсті кемпірқосақты бейнелейтін сурет салыңдар.
Радиустары бірдей, центрінің координатасы кездейсоқ нүктелер болатын түрлі түсті 5 шеңбер сызыңдар.
5 концентрлі шеңберлер салып, олардың ішін түрлі стильмен және түрлі түспен бояңдар.
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (СОБӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
1- апта.
№1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)
Тақырыбы: Деректердің бүтін (byte, shortint, longint,word) және нақты (double, comp, extended ) типтері . Қосымша стандарт функциялар.
Тапсырмалар:
Деректердің бүтін типтерін (byte, shortint, longint,word), олардың аралықтарын және жадыдан алатын көлемінің кестесін жасау.
Деректердің нақты типтерін (double, comp, extended), олардың аралықтарын және жадыдан алатын көлемінің кестесін жасау.
Стандарт функциялардың толық мазмұнының кестесін жасау.
Әдебиеттер: [3] 92-101 бет. [1] 69-75 [2] 18-26 бет.
№1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)
Тақырыбы: Паскаль тіліндегі айнымалылар, тұрақтылар, резервтік сөздер. Арнайы таңбалар.
Тапсырмалар:
Паскаль тіліндегі айнымалылардың таңбалануы. Идентификатор, оның жазылуы.
Тұрақтылар. Тілде қолданылатын арнайы таңбалар.
Резервтік сөздер.
Әдебиеттер: [1] 45-53 бет. [2] 14-18, 18-29 бет.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Математикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазу.
ТР пакетінің негізгі файлдары. ЕХЕ файл жасау.
Тапсырмалар:
Математикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазу.
қ[2] Мухамбетова Ғ.Г. “Паскаль тілінен практикум” Орал, РИО, 2006.
а) 1- зертханалық жұмыс жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
ТР пакетінің негізгі файлдары.
Паскаль программасында ЕХЕ файл жасау.
Әдебиеттер: қ[2] 1- зертханалық жұмыс. [1] 23-25, 34-35 бет.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Паскаль мәтіндік редакторында файл жазу, оқу, сақтау, редакциялау, фрагментпен жұмыс.
Тапсырмалар:
Паскаль мәтіндік редакторында файл жазу, оқу, сақтау, редакциялау.
Паскаль ортасындағы мәтіндік файл фрагментін қию, көшіру, қою, жою.
Әдебиеттер: [1] 36-44 бет. [3] 16-21 бет.
2- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Сипаттау бөлімдері: таңбалар және типтер бөлімі.
Нақты санды экранға форматтап шығару.
Тапсырмалар:
Паскаль программасындағы таңбаны және типтерді сипаттау бөлімдері.
Нақты санды экранға форматтап шығарудың жалпы түрі. Мысалдар.
Әдебиеттер:[1] 53-60,[2] 30-32,[3] 23-27, қ[1] 10-11 бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Паскаль программалау тілінің интеграцияланған ортасы.
Менюмен жұмыс.
Тапсырмалар:
Паскаль программалау тілінің интеграцияланған ортасының негізгі элементтері.
Меню түрлері. Олармен жұмыс.
Әдебиеттер: [1] 23-25 б.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Комментарий қою. Берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтарын орындау.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 2- зертханалық жұмыстың №2, 5, 6, 13, 14 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
2) Паскаль программасында комментарий қоюдың жүзеге асырылуы.
Әдебиеттер:[1] 60-616, қ[2] 2- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Кездейсоқ сандарды шығарудың Random функциясы.
Тапсырмалар:
Кездейсоқ сандарды шығарудың Random,Randomize функцияларының жалпы жазылуын, қызметін білу. Кез- келген [a,b] аралығындағы кездейсоқ сандарды шығыру фуекциясының жазылуы.
Есептердің программа құр:
а) [50,70] аралығындағы кездейсоқ 3 санның арифметикалық ортасын табыңдар.
б) [5,25] аралығындағы кездейсоқ 2 санның квадратын және кбын табыңдар.
Әдебиеттер: қ[1] 22-23 бет.
3- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Бүтін сандарға қолданылатын div, mod және нақты сандарды түрлендірудің trunc, round операторлары.
Тапсырмалар:
Бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін бөлікті және қалдықты табатын div, mod операторлары.
Нақты сандарды түрлендірудің trunc, round операторлары.
Программасын құр: Берілген үш таңбалы бүтін санның цифрларының қосындысын табыңдар.
Әдебиеттер:[3] 31-33 бет, [1] 81 бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Таңба және өту операторлары.(Label, Goto)
Тапсырмалар:
Паскаль программалау тіліндегі жолды таңбалау. Таңбаны сипаттау операторы.
Таңбаланған жолға өту операторы.
Әдебиеттер:[1] 99-101 б. [2] 56-57б. [3] 44-45 б.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Тармақталу және таңдау операторларына берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтары
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 3- зертханалық жұмыстың №2, 3, 4, 5, 14 жаттығуларын және 4- зертханалық жұмыстың №5, 6, 7, 10, 13 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 3,4- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Арифметикалық және қатынас операциялары, операциялар приоритеті
Тапсырмалар:
Арифметикалық және қатынас операцияларын білу.
Опреациялар приоритеті.
Әдебиеттер: [1] 81-86 б.
4- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Шарты соңында тексерілетін цикл операторы (repeat…until). Break, Continue операторлары.
Тапсырмалар:
Дейін циклінің жалпы жазылуы. (repeat…until).
Циклді басқарудың Break, Continue операторлары.
қ[1] 19-20 беттегі мысалдар.
Әдебиеттер: [1] 49-53, 112-115 [2] 54-56 [3] 39-42 қ[1] 15-20 , 19-20 бет,
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Циклді басқарудың Exit, Halt операторлары.
Тапсырмалар:
Циклді басқарудың Exit, Halt операторлары.
Exit, Halt операторларын программалауда қолдану мысалдары.
Әдебиеттер: [2] 54-56 бет.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Циклдің 3 түрі. Кірістірілген циклдер. Бақылау сұрақтары
Тапсырмалар:
1) Кірістірілген циклдер.
2) қ[2] құралынан орындау.
а) 5- зертханалық жұмыстың №7 8,9,11,14,15 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: [1] 112-115 бет, қ[2] 5- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Break және Continue операторларын қолданып, программалар құру.
Тапсырмалар:
Төменде берілген есептердің программасын құрыңдар:
а) Берілген n санның жұптарының қосындысын тап. (continue операторын
қолдан)
б) Берілген n санның ішінен алғашқы теріс санның индексін тап. (break
операторын қолдан)
Әдебиеттер: қ[1] 19-20 бет.
5- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Массив элементтерін көпіршік әдісімен реттеу.
Тапсырмалар:
Массив элементтерін көпіршік әдісімен элементтерінің өсуі бойынша реттеу.
Массив элементтерін көпіршік әдісімен элементтерінің кемуі бойынша реттеу.
Паскальда 2 элементтің орнын алмастырудың жүзеге асырылуы.
Әдебиеттер: [1] 186-192 бет. қ[5] 47 бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Массивті берілген аралықтағы кездейсоқ бүтін сандармен толтыру
Тапсырмалар:
Бірөлшемді массивті берілген аралықтағы кездейсоқ бүтін сандармен толтыру.
Массивті а) [10,90] b) [50,100] аралығындағы бүтін санмен толтырып, пайда болған массивті экранға шығарудың жүзеге асырылуы.
Әдебиеттер: [1] 176-185. [2] 60-64 [3]102-104 қ[1] 31-32- бет
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Бір өлшемді массивті түрлендіруге берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтары
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 6- зертханалық жұмыстың №3,4,9,11,13,14 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: [3]102-104 бет, қ[1] 68-69 бет, қ[2] 6- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Массивті берілген аралықтағы кездейсоқ бүтін сандармен толтыру.
Тапсырмалар:
Төмендегі есептердің программасын құрыңдар.
Бірөлшемді жиымды [1,90] аралығындағы кездейсоқ бүтін сандармен толтырып, ондағы 5- ке бөлінетін элементтердің санын табыңдар.
Бірөлшемді кездейсоқ сандар жиымының жұп және тақ элементтерінің қосындысын табыңдар.
Бірөлшемді жиымды [20,50] аралығындағы кездейсоқ бүтін сандармен толтырып, жиымның берілген К санына еселік болатын элементтерінің көбейтіндісін табыңдар.
Әдебиеттер: [1] 176-185. [2] 60-64 [3]102-104 қ[1] 31-32- бет
6- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Квадрат матрицаны транспонирлеу. Транспонирлеу программасы.
Тапсырмалар:
Квадрат матрицаны траспонирлеу программасы.
А[3,4] матрицаны транспонирлеу программасы.
Әдебиеттер: қ[1] 34- бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Матрицаның ең үлкен және ең кіші элементін табу программасы.
Тапсырмалар:
Берілген матрицаның ең үлкен және ең кіші элементтерін және оның индекстерін табу программасын құрыңдар.
Кездейсоқ сандармен толтырылған матрицаның ең үлкен элементін тауып, оны матрицаның 1-элементінің орнына, ең кіші элементін тауып, оны соңғы элемент орнына қойғанда шыққан матрицаны экранға шығаратын программа құрыңдар.
Әдебиеттер: [1] 176-185. [2] 64-69 [3] 45-47, 64-69 қ[1] 32-34- бет.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Матрицаны түрлендіруге берілген есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 6- зертханалық жұмыстың №3,6,7,8,15 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 6- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Матрицаның жол және баған элементтерін түрлендіру.
Тапсырмалар:
Матрицаның жол элементтерін түрлендіру шарттары.
Матрицаның баған элементтерін түрлендіру шарттары.
Төмендегі есептердің программасын құрыңдар.
а) Сынып журналынан неғұрлым көп “5” бағасы бар оқушы нөмірін
табыңдар.
б) Матрицаның жол элементтерінің үлкенін табыңдар.
в) Матрицаның баған элементтерінің көбейтіндісін табыңдар.
Әдебиеттер: [1] 176-185. [2] 60-64 [3]102-104 қ[1] 31-32- бет
7- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары және процедуралары: Concat(),Pos(), Insert().
Тапсырмалар:
Concat(),Pos(), Insert() операторлары. Мысалдар.
Берілген екі сөзді біріктіру программасын құрыңдар.
“Ол студент” мәтініне ”озат” сөзін кірістіру программасын құрыңдар.
Берілген сөздің төңкермелі болатынын анықтау программасын құрыңдар.
Әдебиеттер: [1] 158-175бет, [2] 69-72 бет, [3]112-115 бет, қ[1] 23-28 бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: ASCII символдар коды. Орыс және латын алфавитінің ASCII кодтары.
Тапсырмалар:
Кең тараған символдар коды.
ASCII символдар коды.
Цифрлардың, орыс және латын алфавитінің ASCII кодтары.
Әдебиеттер: [3] 93-95, 553-554 бет. қ[1] 24-25 бет.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Символдық айнымалыларды түрлендіру программаларын құру. Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 7- зертханалық жұмыстың №1,2,7,9,14 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 7- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Жолдарды салыстыру. Символдық массивті программалау.
Тапсырмалар:
Паскаль тілінде жолдарды салыстырудың жүзеге асырылуы.
Төмендегі есептердің программасын құрыңдар.
а) Сөздер жиымы берілген. Сөздерді алфавит бойынша реттеңдер.
б) Сөздер жиымындағы ең ұзын сөзді табыңдар.
в) Сөздер жиымындағы берілген әріптен басталатын сөздерді
шығарыңдар.
Әдебиеттер: қ[1] 28 бет.
8- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Параметрлер мәндер, параметр-айнымалылар және типтелмеген параметрлер.
Тапсырмалар:
Параметрлер мәндер.
Параметр-айнымалылар.
Типтелмеген параметрлер.
Әдебиеттер: [1] 141-143 б, [3]171-176 бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Рекурсивті процедуралар.
Тапсырмалар:
Рекурсия.
Рекурсивті процедуралар.Мысалдар.
Әдебиеттер: [2] 105-106 б. [3]178-180 бет.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Функция және процедураны қолданып есептердің программасын құру. Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 8- зертханалық жұмыстың №5,7,9,10,12 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 8- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Ішкі программалар құру.
Тапсырмалар:
қ[2] құралынан төмендегі есептердің программасын құрыңдар.
8- зертханалық жұмыстың №1,3,11,14 жаттығулары.
Әдебиеттер: қ[2] 8- зертханалық жұмыс.
9- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Жиынға қолданылатын қатынас операциясы, INCLUDE, EXCLUDE процедуралары. Операциялар реті.
Тапсырмалар:
Жиынға қолданылатын қатынас операциясы.
INCLUDE, EXCLUDE процедуралары.
Операциялар орындалу реті.
Әдебиеттер: [1] 203-212б, [2] 76-78б, [3]108-112б, қ[1] 35-37 б.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Жиын тақырыбына бақылау сұрақтарын және тапсырмаларды орындау.
Тапсырмалар:
[1] 213 беттегі жаттығуларды орындау.
[1] 212 беттегі бақылау сұрақтарын орындау.
Әдебиеттер: [1] 212-213 беттер.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Жиынды программалау Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 9- зертханалық жұмыстың №5,6,7, 12,15 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 9- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Жиынды программалау.
Тапсырмалар:
қ[2] құралынан төмендегі есептердің программасын құрыңдар.
9- зертханалық жұмыстың №3,9,14 жаттығулары.
Әдебиеттер: қ[2] 9- зертханалық жұмыс.
10- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Бекітілген бөлігі бар жазулар. Нұсқалы жазулар.
Тапсырмалар:
Бекітілген бөлігі бар жазулар.
Нұсқалы жазулар.
Әдебиеттер: [2] 74-76
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Паскаль тіліндегі реттік, интервалдық және саналатын типтер.
Тапсырмалар:
Реттік типтер.Ord(x),Pred(x),Succ(x) функциялары.
Интервалдық типтер.High(x),Low(x)функциялары.
Саналатын типтер.
Әдебиеттер: [1] 75-78б, [2]58-60 б, [3] 91-99 беттер.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Жазбаны программалау Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 10- зертханалық жұмыстың №5,6,7, 8,12 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 10- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Жазбаны программалау.
Тапсырмалар:
қ[2] құралынан төмендегі есептердің программасын құрыңдар.
10- зертханалық жұмыстың № 11,13,15 жаттығулары.
Әдебиеттер: қ[2] 10- зертханалық жұмыс.
11- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Типтік файлдар. Типтелмеген файлдар.
Тапсырмалар:
Типтік файлдар.
Типтелмеген файлдар.
Әдебиеттер: [1] 238-240, 251-253. [2] 78-86 бет, [2] 136-138 бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: MS- DOS операциялық жүйесінде мәтіндік файл жасау,
экранға шығару, редакциялау.
Тапсырмалар:
MS-DOS операциялық жүйесінде мәтіндік файл жасау командасы.
Мәтіндік файл мазмұнын экранға шығару, редакциялау.
Программа құрыңдар. MS-DOS жүйесінде f1 мәтіндік файлында матрица берілген. Матрицаның бірінші және соңғы жол элементтерінің қосындысын тауып, нәтижені f2 файлында шығарыңдар..
Әдебиеттер: [1] 230-238б, [2] 78-86 б, [3] 119-138 б, қ[1] 41-44 бет.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Файлды программалау. Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 11- зертханалық жұмыстың № 4,5,9,10,13 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 11- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Файлды программалау.
Тапсырмалар:
қ[2] құралынан төмендегі есептердің программасын құрыңдар.
11- зертханалық жұмыстың № 1,11,14,15 жаттығулары.
Әдебиеттер: қ[2] 11- зертханалық жұмыс.
12- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Dos, Windows, Printer, Overlay, Strings модульдері.
Тапсырмалар:
Dos, Windows, Printer модульдері.
Overlay, Strings модульдері.
Әдебиеттер: [2] 115,120-121бет, [3] 189-190 бет.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Комплекс сандарға арифметикалық амалдар орындау модулі.
Тапсырмалар:
Комплекс сандарға арифметикалық амалдар орындау модулін жасау.
Комплекс сандарға арифметикалық амалдар орындау модулін Паскаль программасында қолдану.
Әдебиеттер: [3] 187-189 бет.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Қолданушы модулін жасау.
Тапсырмалар:
Бөлшекті қысқартатын модуль жасаңдар.
Екі бөлшектің қосындысын табатын модуль жасаңдар.
Екі бөлшектің айырмасын табатын модуль жасаңдар.
Әдебиеттер: [2] 108-112 бет, [3] 182-190 бет, қ[1] 45 б.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Қолданушы модулін жасау.
Тапсырмалар:
Екі бөлшектің көбейтіндісін және бөліндісін табатын модуль жасаңдар.
Паскальдың стандарт функциясында жоқ 1 функцияның модулін жасаңдар. (Мыс: ctgх, arсcosх,shх т.с.с)
Әдебиеттер: [2] 108-112 бет, [3] 182-190 бет, қ[1] 45 б.
13- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: CRT модулінің операторлары: LastMode, Keypressed, Window, WhereX, WhereY. Түстер кодтары.
Тапсырмалар:
Түстер кодтары.
CRT модулінің LastMode, Keypressed операторлары.
CRT модулінің Window, WhereX, WhereY операторлары.
Әдебиеттер: қ[1] 48 б. [3] 262-270 б. [2] 112-115 б, қ[1] 46-50 б.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: TextMode процедурасының мәндері.
Тапсырмалар:
Мәтіндік экранды таңдаудың TextMode процедурасының мәндерінің кестесін толтыру.
Әдебиеттер: [3] 266 б.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: CRT модулінің операторларын қолданып программалау.
Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 12- зертханалық жұмыстың № 9,10 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 12- зертханалық жұмыс.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Процедуралар: ClrEOL, DelLine, InsLine, LowVideo.
Тапсырмалар:
ClrEOL, DelLine, InsLine, LowVideo процедуралары, олардың қызметі.
Әдебиеттер: [3] 272 б.
14- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Қарапайым әуенді орындау программасын құру.
Тапсырмалар:
Қарапайым әуенді орындау программасын құрыңдар.
Әдебиеттер: [3] 275 б. қ[1] 50-52 б.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: «Әуенді тап» («Угадай мелодию») ойынының программасын жасау.
Тапсырмалар:
«Әуенді тап» («Угадай мелодию») ойынының программасын жасаңдар.
Әдебиеттер: [3] 275 б. қ[1] 50-52 б.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Музыкалық заставка орындау программасын құру.
Тапсырмалар:
Музыкалық заставка орындау программасын құру.
Әдебиеттер: [3] 275 б. қ[1] 50-52 б.
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Компьютерде сиренаның дыбысын туғызу программасын құру.
Тапсырмалар:
Компьютерде сиренаның дыбысын туғызу программасын құру.
Әдебиеттер: [3] 275 б. қ[1] 50-52 б.
15- апта.
№1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Graph функциялары:MoveTo, MoveRel,GetX,GetY, SetLineStyle. Графиктік адаптер, драйвер сипаттамалары
Тапсырмалар:
Графиктік адаптер, драйвер сипаттамалары.
MoveTo, MoveRel,GetX,GetY функциялары.
Сызық стилін орнатудың SetLineStyle процедурасы.
Әдебиеттер: [1] 116-120 б, [3] 276-336 б, қ[1] 53-62 б.
№1. СӨЖ.
Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс: ” Паскаль операторларын қолданып оқыту, үйрету, бақылау программасын жасау”.
Тапсырмалар:
Паскальдың операторларын қолданып, оқыту, үйрету, бақылау программасын жасау. Анимацияны жүзеге асыру.
Әдебиеттер: [1] 116-120 б, [3] 276-336 б, қ[1] 53-62 б.
№2. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Паскаль экранында сурет салу программалары. Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар:
1) қ[2] құралынан орындау.
а) 13- зертханалық жұмыстың № 1-15 жаттығуларын орындау.
б) бақылау сұрақтарына дайындалу.
Әдебиеттер: қ[2] 13- зертханалық жұмыс.
[1] 116-120 б, [3] 276-336 б, қ[1] 53-62
№2. СӨЖ.
Тақырыбы: Сағат циферблатын имитация жасайтын программа.
Тапсырмалар:
Сағат циферблатын имитация жасайтын программа.
Шығармашылық жұмысты қорғау, презентациялау.
Әдебиеттер: [3] 297 б. қ[1] 59 б.
[1] 116-120 б, [3] 276-336 б, қ[1] 53-62 бет.
ГЛОССАРИЙ
Паскаль программалау тілі пәні бойынша глоссарий
Ағылшын тілінде
|
Орыс тілінде
|
Қазақ тілінде
|
1
|
2
|
3
|
A
|
array
|
массив
|
жиым
|
and
|
и
|
және
|
arc
|
дуга (имя процедуры)
|
доға (процедура аты)
|
assign
|
назначать
|
орнату(процедура аты)
|
B
|
background
|
фон
|
фон
|
begin
|
начало
|
басы
|
boolean
|
булевский, логический
|
логикалық
|
break
|
прерывать
|
үзу, тоқтату
|
build
|
строить
|
тұрғызу, жасау
|
blink
|
мигание
|
жыпылықтау
|
byte
|
байт
|
байт
|
C
|
call
|
вызов
|
шақыру
|
can not
|
нельзя
|
болмайды
|
cancel
|
прервать
|
үзу
|
case
|
случай
|
жағдай
|
char (character)
|
буква, литера, алфавит
|
әріп,литер, алфавит
|
clear
|
очищать
|
тазарту
|
close
|
закрывать
|
жабу
|
color
|
цвет
|
түс
|
copy
|
копия
|
kөшірме
|
concat
|
связывать
|
біріктіру
|
create
|
создавать
|
жасау
|
CRT
|
электронно- лучевая трубка
|
электронды- сәулелік түтікше
|
D
|
deduction
|
умозаключение
|
тұжырым
|
dec (decrement)
|
уменьшение
|
азайту
|
delay
|
задержка
|
кідіріс
|
delete
|
удалять
|
жою
|
detect
|
обнаруживать
|
білдіру
|
device
|
устройство
|
құрылғы
|
default
|
по умолчанию
|
үнсіз келісім бойынша
|
do
|
делать
|
орындау
|
downto
|
вниз, вплоть до
|
төмен қарай
|
dublicate
|
cдвоенный, повторный
|
қайталанған
|
device
|
устройство
|
құрылғы
|
|
деление
|
бөлу
|
E
|
edit
|
редактировать
|
редакциялау
|
else
|
иначе
|
әйтпесе
|
empty
|
пустой
|
бос
|
eof (end of file)
|
конец файла
|
файл соңы
|
erase
|
стирать
|
кетіру, жою
|
error
|
ошибка
|
қате
|
exe (execute)
|
выполнять
|
орындау
|
end
|
конец
|
соңы
|
exit
|
выход
|
шығу
|
execution
|
выполнение
|
орындау
|
extended
|
расширенный
|
кеңейтілген
|
F
|
file
|
файл
|
файл
|
fill
|
наполнять
|
толтыру
|
first
|
первый
|
бірінші
|
floating point
|
плавающая точка
|
жылжымалы нүкте
|
for
|
қадам
|
үшін
|
frac
|
дробный
|
бөлшек
|
function
|
функция
|
функция
|
font
|
шрифт
|
қаріп
|
G
|
group
|
группа
|
топ
|
graph
|
графика
|
графика
|
go to
|
идти к
|
өту
|
gothic font
|
готический шрифт
|
готикалық қаріп
|
H
|
halt
|
остановка
|
тоқтау
|
headers
|
заголовок
|
тақырып
|
height
|
высота
|
биіктік
|
help
|
помощь
|
көмек
|
I
|
identifier
|
идентификатор
|
идентификатор
|
if
|
если
|
егер
|
image
|
изображение
|
бейне
|
imlemantation
|
выполнение
|
орындау
|
in
|
в
|
тиісті
|
inc (increment)
|
рост
|
өсу
|
include
|
включать, заключать
|
қосу
|
init(initialization)
|
инициализация
|
инициализациялау
|
insert
|
вставить
|
қою, кірістіру
|
int (integer)
|
целый
|
бүтін
|
increment
|
шаг
|
қадам
|
invalid
|
недопустимый
|
мүмкін емес
|
K
|
keep
|
сохранять
|
сақтау
|
key
|
клавиша
|
перне
|
L
|
line, string
|
строка
|
қатар, жол
|
label
|
метка
|
таңба
|
language
|
язык
|
тіл
|
last
|
последний
|
соңғы
|
length
|
длина
|
ұзындық
|
light
|
светлый
|
ашық
|
list
|
список
|
тізім
|
long
|
длинный
|
ұзын
|
low
|
низкий
|
төмен
|
M
|
menu
|
меню
|
мәзір
|
magenta
|
фиолетовый
|
күлгін
|
make
|
делать
|
жасау
|
memory
|
память
|
жады
|
message
|
сообщение
|
хабарлама
|
window
|
окно
|
терезе
|
mod(modulus)
|
модуль
|
модуль
|
mode
|
режим
|
режим
|
modify
|
изменять, модифицировать
|
өзгерту
|
move
|
перемещать
|
орнын алмастыру
|
name
|
имя
|
аты
|
N
|
near
|
близкий
|
жақын
|
new
|
новый
|
жаңа
|
next
|
следующий
|
келесі
|
nil
|
ничто
|
бос
|
not
|
не
|
емес
|
number
|
число
|
сан
|
O
|
object
|
объект
|
объект
|
odd
|
нечетный
|
тақ
|
of
|
признак родительского падежа
|
ілік септігінің белгісі
|
off
|
выключено
|
айырылған
|
on
|
включено
|
қосылған
|
open
|
открыть
|
ашу
|
or
|
или
|
немесе
|
ord(ordinal)
|
порядковый
|
реттік
|
output
|
выход
|
шығу
|
overflow
|
переполнение
|
толып қалу
|
overlay
|
оверлей
|
оверлей
|
P
|
program
|
программа
|
программа
|
palette
|
палитра
|
палитра
|
paste
|
вставить
|
қою
|
path
|
путь
|
жол
|
pattern
|
шаблон
|
шаблон
|
pixel
|
точка
|
нүкте
|
pointer
|
указатель
|
көрсеткіш
|
private
|
частный
|
дербес
|
protected
|
защищенный
|
қорғалған
|
public
|
публичный
|
бұқаралық
|
put
|
ставить
|
қою
|
R
|
random
|
случайный
|
кездейсоқ
|
range
|
диапазон
|
диапазан, аралық
|
read
|
читать
|
оқу
|
real
|
вещественный
|
нақты
|
record
|
запись
|
жазба
|
rectangle
|
прямоугольник
|
тіктөртбұрыш
|
rename
|
переименовать
|
атын өзгерту
|
repeat
|
повторять
|
қайталау
|
reset
|
вновь установить
|
қайта орнату
|
restore
|
восстанавливать
|
қалпына келтіру
|
return
|
возвращать
|
қайтару
|
rewrite
|
переписывать
|
қайта жазу
|
right
|
правый
|
оң
|
run
|
исполнять
|
орындау
|
S
|
save
|
сохранить
|
сақтау
|
save as
|
сохранить как
|
қалай сақтау
|
screen
|
экран
|
экран
|
scrool- bars
|
столбец прокрутки
|
айналдыру бағаны
|
search
|
искать
|
іздеу
|
sector
|
сектор
|
сектор
|
seek
|
искать
|
іздеу
|
set
|
установить
|
орнату
|
set
|
множество
|
жиын
|
setup
|
установка
|
орнату
|
shift
|
сдвиг
|
жылжу
|
shl(shift left)
|
сдвиг влево
|
солға жылжу
|
short
|
короткий
|
қысқа
|
show
|
показывать
|
көрсету
|
shr(shift right)
|
сдвиг вправо
|
оңға жылжу
|
size
|
размер
|
өлшем
|
small
|
маленький
|
кіші
|
solid
|
сплошной
|
тұтас
|
sound
|
звук
|
дыбыс
|
step
|
шаг
|
қадам
|
str(string)
|
строка
|
жол
|
succ
|
последующий
|
келесі
|
switch
|
ключ
|
кілт
|
system
|
система
|
жүйе
|
T
|
time
|
время
|
уақыт
|
text
|
текст
|
мәтін
|
then
|
то
|
онда
|
to
|
к (предлог)
|
(жұрнақ)
|
tool
|
инструмент
|
құрал
|
top
|
верх
|
жоғары
|
topic
|
тема, предмет
|
тақырып
|
tree
|
дерево
|
ағаш
|
trunc (truncate)
|
сокращать
|
қысқарту
|
type
|
тип
|
тип
|
U
|
unit
|
модуль
|
модуль
|
until
|
до тех пор, пока
|
оған дейін, әзір
|
user
|
пользователь
|
қолданушы
|
uses
|
подключать
|
қосу
|
V
|
val(value)
|
значение
|
мән
|
var(variable)
|
переменная
|
айнымалы
|
view
|
вид
|
түр
|
W
|
what
|
что, как
|
қалай
|
while
|
пока
|
әзір
|
wight
|
ширина
|
ені
|
with
|
с (предлог)
|
бірге (жұрнақ)
|
write
|
писать
|
жазу
|
word
|
слово
|
сөз
|
Z
|
zero
|
нуль
|
нөл
|
zoom
|
увеличивать
|
үлкейту
|
justify
|
выравнивать
|
туралау
|
10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практика жоспарланбаған.
11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
Білімді бағалау схемасы
Бағалау критериі
|
Баға түрі
|
Жұмыс үшін балл
|
Орындалған жұмыстар саны
|
Дәрістегі белсенділік
|
100
|
15
|
Зертханалық сабақтағы белсенділік
|
100
|
15
|
СОӨЖ сабақтағы белсенділік
|
100
|
15
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау
|
100
|
15
|
Өзіндік жұмыстар
|
100
|
6
|
Жазба жұмысы
|
100
|
2
|
Шығармашылық жұмыс
|
100
|
1
|
Рубеждік бақылау
|
100
|
2
|
Аралық аттестация(P1,P2)
|
100
|
Барлық бағалардың арифметикалық орташасы
|
Ағымдық бақылау
|
(P1+P2)/2
|
|
Жіберілу рейтингісі
|
Ағымдық бақылау*0,6
|
|
Қорытынды бақылау (емтихан)
|
100*0,4
|
|
Қорытынды
|
Жіберілу рейтингісі+ Қорытынды бақылау
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15- апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Баға
|
Әріптік жүйе бойынша
|
Ұпай саны бойынша
|
%-дық көрсетілуі
|
Дәстүрлі жүйе бойынша
|
А
|
4,0
|
95 – 100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90 – 94
|
В+
|
3,33
|
85 – 89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В-
|
2,67
|
75 – 79
|
С+
|
2,33
|
70 – 74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
С-
|
1,67
|
60 – 64
|
Д+
|
1,33
|
55 – 59
|
Д
|
1,0
|
50 – 54
|
F
|
0
|
0 - 49
|
қанағаттанғысыз
|
Бағалау саясаты.
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8)- аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15- аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Курс саясаты.
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттер міндетті:
Сабаққа кешікпеуге.
Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.
Сабаққа таза келуге.
Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз әкелуге.
Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.
Оқу процесіне белсенді араласуға.
Тапсырмаларды ұқыпты орындауға.
Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.
Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.
Пунктуальді және жауапты болуға.
Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуге.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу.
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
Дәрісханадағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
Достарыңызбен бөлісу: |