Сабақтың тақырыбы : САБАҚТЫ ЖӘНЕ САЛТ ЕТІСТІК
Сабақтың мақсаты: сабақты және салт етістік туралы ұғым беру.
Міндеттері: білімдік - сабақты және салт етістіктің жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылығы - сабақты және салт етістіктердің жасалу жолдарының өздік етіс арқылы өзгеруін меңгерту;
Тәрбиелік - адамгершілікке баулу.
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Оқытудың әдісі: 1-түсіндірмелі; 2-практикалық.
Көрнекіліктер: 1) семантикалық карта, 2) кесінділер (адам бейнесін жасауда), 3) кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы.
І. Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау.
Оқушылардың сабаққа катысымын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
230-жаттығуды ауызша тексеру.
Актуалдау.
Етістік
негізгі
болымды
болымсыз
туынды
сабақты
салт
күрделі
дара
-
Болымды етістік
|
Болымсыз етістік
|
Нанды кесті.
Үйде ойнады.
Сабақтан шықты.
|
Біреумен ұрыспа.
Бас киімді баспа.
Анасын көрген жоқ.
|
Табыс септігінде тұрған сөзді теріп жазу. Басқа септікте тұрған сөзді бөлек жазу.
-
Сабақты етістік
|
Салт етістік
|
Нанды кесті.
Бас киімді баспа.
Анасын көрген жоқ.
|
Үйде ойнады.
Сабақтан шықты.
Біреумен ұрысты.
|
Сабақты, салт етістіктерінің етіс жұрнағының көмегімен теретінін түсіндіру.
Сабақты етістік + ырықсыз етіс=салт етістік.
-
Сабақты
|
Салт
|
Нанды кесті.
Бас киімді баспа.
Біреуді ұрыстыртма.
|
Нан кесілді.
Бас киім басылды. Біреумен ұрыспа.
|
IV. Дамыту кезеңі.
233-жаттығу ауызша, 234-жаттығу жазбаша (сабақты, салт етістіктерді теріп жазу).
Етістік заттың қимылының, іс-әрекеттің аты болса, адамға тән қимылды атау.
келді
еңбектенді
құшақтады
қуанды
жазды
еркеледі
секірді
оқыды
ізденді
шаттанды
Ойтолғау.
"Жақсы жаннан шарапат".
Ойтолғау жазуға мүмкіншілігі жоқ оқушыларға үлестірмелі карточка беріледі.
Сабақты және салт етістікті топтап жаз.
Мен — балаң жарык күнде сәуле қуған,
Алуға күнде барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
2. Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Керсеніне бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
3. Мен ауруханаға он алты рет жатып шықтым. Арқамды
он алты рет жаралаттым. Жараны тілдіріп алам да, теріні
жаматамын.
V. Бекіту.
Семантикалық карта
Етістіктің түрлері
Сөз тіркесі
|
сабақты
|
салт
|
болымды
|
болымсыз
|
Ағаш кесілмеген
|
|
|
|
|
Шөпті баспа
|
|
|
|
|
Егін салдық
|
|
|
|
|
Білімін толықтырды
|
|
|
|
|
Тіл қатпады
|
|
|
|
|
Жерге төкті
|
|
|
|
|
Ауылдан көшпе
|
|
|
|
|
Сөзді ұғу
|
|
|
|
|
Үйге жүгірме
|
|
|
|
|
Сабағын оқыды
|
|
|
|
|
VI. Үйге тапсырма.
Салт, сабақты етістік (ережелерді оқу).
236-жаттығу.
VII. Бағалау.
6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: білімділік – еліктеу сздер туралы түсінік беру,оның басқа сөз таптарынан
ерекшеліктерін таныту,өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып,еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;
дамытушылық – оқушылардың сауаттылығын,танымдылығын,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөйлеу тілін,ой жүйелеу шеберлігін дамыту; тәрбиелік – тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге,туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ойландыру,оқушы әрекетін ұйымдастыру,ізденушілік қабілетін ояту.
Көрнекілік: үнтаспа,үлестірмелі қағаздар,кесте,түрлі құралдар.
Сабақтың жүрісі.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ сұрақ
а) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
б) Сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1.Балалар,өмір – күрделі құбылыс.Оның күрделілігі сол – таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін. Қаншама іс-әрекеттің куәсі боламыз,өзіміз сол іс-әрекеттерді орындаушымыз.
2.Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін үнтаспадан тыңдату,құстардың дыбысын,қимылын елестету арқылы жеткізу.Біз көзбен көру,құлақпен есту арқылы осындай күрделі құбылыстарды анықтаймыз.
3.Дыбыстық еліктеуішті ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсету.
1) Сіріңке жағып,стакандағы суға батырамын.
Сұрақ. – От қайтіп сөнді?
- От быж етіп сөнді.
- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?
- Құлағымызбен естідік.
2) Сағат аламын да,стол үстіне қоямын.
- Сағат қалай жүріп тұр?
- Сағат тық-тық етіп жүріп тұр.
3) Барабан соғу.
- Барабан қайтті?
- Барабан дүңк-дүңк етті.
4) Ысқырықпен ысқыру.
- Ысқырық қайтті?
- Ысқырық шыр ете қалды.
5) Шар үріп,атып қалу.
- Шар қалай атылды?
- Шар тарс етті.
Сұрақ. а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріңе байланысты,жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?
ә) Дыбыстарды қай сезім мүшелері арқылы қабылдадық?
( Дыбыстық еліктеуіш ережесін шығару,оқулықпен салыстыру)
Дыбыстық еліктеуішті бекіту үшін тақтаға 2 сөйлем жазу,талдату.
Алыстағы ауылдан ит үрді.
Малшының үлкен төбеті арс етті.
6) Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.
1.Оқушының атын атап қарату.
- Қайсар қалай қарады?
- Қайсар жалт қарады.
2.Фонар жағып сөндіру.
- Шам қайтті?
- Шам жарқ ете қалды.
3. Мұғалімжүріа келе жатып кенет тоқтау.
- Мұғалім қалай тоқтады?
- Мұғалім кілт тоқтады.
7) Сұрақ. – Сендер біраз нәрсе көрдіңдер,біраз сөйлем жаздыңдар.
Осыдан не ұқтыңдар?
Осыдан қимылды естідік пе,көрдік пе?
( Ереже шығарып,оқулықпен салыстыру.)
Тақтаға сөйлем жазу,талдау.
Марат мені ұстай алды. Марат мені шап берді.
8) Сонымен,оқушылар,табиғаттағы,күнделікті өмірдегі дыбыстарды,қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз.Тіліміздегі кейбір дыбыстарды,дауыстарды көзбен көріп бейнелеп,екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз.Сонымен еліктеу сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді екен?..
9) Оқулықпен жұмыс. (297-жаттығу).
10) Тақтамен жұмыс. (304-жаттығу).
11) Екі қатарға эстафеталық кеспе беру. (Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді орналастыру).
12) Бекіту сұрақтары. 1.Желдің қатты соғуынан қандай дыбыстар шығады?
2. Электр тогынан не көресіңдер?
3.Құрғақ отын және су отын қалай жанады?
4.Судың ағысынан қандай дыбыстар байқайсыңдар?
5.Трактор,машиналардан қандай дыбыстар шығады?
13)Үйге тапсырма:
Көркем әдебиеттен еліктеу сөздерге 5 сөйлем жазу.
14) Бағалау.
6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1) Абай шығармашылығы,күрделі сөздер қолданысы,оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдану; 2) практикалық білім дәрежелерін одан әрі кеңейту,оқушылардың ой-өрісін,сауаттылығын,тілін дамыту; 3) оқушыларды өзара сыйласымдыққа үйрету,табиғатты сүюге,елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар,суреттер,Венн диаграммасы,сызба-кестелер,Абай портреті.
Сабақтың тегі: білім-білік дағдыларын бекіту.
Сабақтың түрі:пысықтау
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,түгендеу,даярлықтарын тексеру,үш топқа бөлу ( «Ақын», «Данышпан», «Ғұлама»).
Үй тапсырмасын сұрау.
Әр топтан оқушылар шығып,өтілген тақырыпты пысықтайды.
Топтастыру стратегиясы
«Данышпан» тобы
|
«Ақын» тобы
|
«Ғұлама» тобы
|
Сөз тұлғасына қарай: түбір туынды, біріккен сөз,қос сөз,қысқарған сөз,түбір тіркесті
|
Біріккен сөздер
Біріккен Кіріккен
Ілгерінді Кейінді
|
Сөз
Дара Күрделі
Түбір + Қосымша
Жалғау Жұрнақ
|
Алгоритмдік деңгей
Сабағымыз – сөзжасамнан өткенді қайталау.Соған байланысты «Абай – ақын,данышпан,лирик» тқырыбын ашамыз.
Мәтіндермен жұмыс: (Оқушыға Абай өмірі мен шығармаларынан үзінді беріледі).
1. «Ақын» 2. «Данышпан» 3. «Ғұлама»
Абай келбеті Абай жері Абай өмірі
Тапсырма. 1.Мәтін мазмұнын айту.
2.Мәтін ішінен күрделі сөздерді іздеу.
3.Қосымша мәлімет айту.
Абай шығармашылығынан.
Абайдың табиғат лирикасы төңірегінде:
Жаз Күз Жазғытұры
1.Мәнерлеп оқу.
2.Күрделі,дара сөздерді табу.
3.Септік жалғаулы сөздерді табу.
4.Көптік жалғаулы сөздерді табу.
Тәуелдеуге:
Ауыл Жылқы Ел
( Әр қатардан бір лқушыдан талдайды ).
Пысықтауға байланысты жұмыс
Абай портретінен ой тарату: ақын,ғұлама,данышпан,аудармашы,сазгер.
Үйге тапсырма. 1.Абай шығармаларынан күрделі сөздерді табу.
2.Сынаққа дайындық.
Бағалау.
6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздердің емлесі
Сабақтың мақсаты: білімділік – күрделі сөздердің бір түрі қысқарған сөздің жасалу жолдарын және емлесін түсіндіру,алған білімдерін пысықтау,тексеру,бағалау;
дамытушылық – оқушылардың білім дағдыларын жинақтау,деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
тәрбиелік – оқушыларды елжандылыққа,инабаттылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте-плакаттар,тест сұрақтары,кәртішкелер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын сұрау.
1.100-жаттығу.Берілген тірек сөздерді пайдаланып шығарма жазу. Ауыл-аймақ,көрші-көлем,үлкен-кіші,аралас-құралас,бірімен-бірі,үйді-үйге,ағайын-туған,қарым-қатынас,ата-ана,сый-құрмет,сәлем-сауқат,дәстүр,салт,халық,әдет-ғұрып,жарасымды,тату-тәтті.
2. Тест.
І нұсқа
1.Біріккен сөзді табыңыз.
а)ұзынды-қысқалы ә) итмұрын б) демеуші
2.Туынды сөзді көрсетіңіз.
а)алыстан ә) үсті б) қуырдақ
3.Күрделі сөзді көрсетіңіз.
а) білім ә) жаздай б) биыл
4.Қос сөздің жасалу жолын көрсетіңіз.
а) шылау арқылы ә) сөздің тіркесуі арқылы б) сөздің қайталануы арқылы
5. Қос сөз – қай сөз табы,табыңыз. Ақиқат өзін-өзі ақтап алар (орыс мақалы).
а)зат есім ә) есімдік б) есімше
ІІ нұсқа
1.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді табыңыз.
а) зейнетпен ә) зейнетті б) зейнеткер
2.Бірге жазылатын күрделі сөзді табыңыз.
а) Балқаш көлі ә) тас бақа б) бала шаға
3.Күрделі сөзді табыңыз
а)ер-тұрман,сексен алты,ауылшаруашылық ә) шөпшек,АлМУ келбеті б) саржайлау,өмір,жетпіс
4.Зат есімнің жасалу жолын табыңыз. (Көкшетау)
а) туындытүбірден жасалған ә)бірігу арқылы жасалған б) қысқару арқылы жасалған
5.Сөз тудырушы жұрнағы бар сөзді табыңыз.
а) биыл,оп-оңай ә) орманға,күні кеше б)жасау,жазушы.
3. «Кім білгіш?» ойыны.Сөзжасамнан өткенді қайталау сұрақтары
1.Сөз тұлғасы деп нені атаймыз? Мысал айт.
2.Түбір мен қосымша. Мысал келтір
3.Дара,күрделі сөздер.Мысал келтір.
4.біріккен сөз деген не? Оның емлесі.Мысал.
5.Қос сөз деген не? Неше түрі бар? Мысал.
6.Қайталама қос сөз қалай жасалады? Мысалмен айт.
7.Қосарлама қос сөз қалай жасалады? Мсыалмен айт.
Жаңа сабақ.
Кесте-плакат арқылы қысқарған сөздердің жасалу жолы мен емлесін түсіндіру.
-
Р/с
|
Қысқарған сөздердің
жасалу жолы
|
Мысалы
|
Емлесі
|
1.
|
Күрделі атау құрамындағы
сөздердің бас әріптерінен
құралады
|
БҰҰ – Бірікен Ұлттар
Ұйымы
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
|
ҚХР мен Қазақстан Республикасы достық қатынаста.Биыл еліміздің көп жастары
АҚШ – қа оқуға жолдама алды.
|
2.
|
Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады.
|
ҚазМИ – Қазақстан медицина институты
АлМУ – Алматы мемлекеттік университеті
|
ҚазТАГ мәлімдеме жасады.Манар ҚазМҰУ – дың филология
Факультетінде оқиды.
|
3.
|
Күрделі атаулардың құрамындағы бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас
Қалпында бірігіп қолданылады.
|
Атком – атқару коми- теті педколледж – педагогикалық колледж
|
Совхоз,колхоздар жекешелендірілді.
Мектептің
медпунктінде
тіс дәрігері балаларды
емдейді.
|
4.
|
Техника түрлерінің (ұшақ,машина,трактор т.б.) маркаларын білдіретін шартты белгілер
|
ГАЗ-51, ТК-154, ИЛ-86 АН-24
|
Ол ГАЗ-53 көлігімен шөп тасыды.Астанадан
Ардақ ТУ154-пен ұшып келді.
|
5.
|
Әр түрлі өлшемнің атауы
|
См, мм, км, га, кг, ц, т,м
|
1кг бал жинау үшін ара он тоғыз миллион гүлге қонады.
20км-ден астам жер жүрдік.
|
Қысқарған сөздердің емлесі
|
Қосымша дефис арқылы
жазылады
|
Қосымша
бірге жазылады
|
жазыл-
майды
|
БҰҰ-ға
|
ҚазМИ-ына
|
ТУ-154-пен
|
колледжге
|
кг+ның
|
Кейбір күрделі атаулар,мемлекет,мекеме,ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып,кейде қысқартылып та қолданыла береді.Мысалы:Қазақстан-Британ техникалық университеті деген ҚБТУ болып қысқартылып та қолданыла береді. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алынуын
Қысқарған сөздер дейді.
Сабақты бекіту.
Сөздердің бас дыбыстары алынады: СЭС – санитарлық эпидемиялық станция,ЖЭС – жылу электр станциясы.
Бірінші сөздің буыны мен қалған сөздердің бас дыбстары алынады: ҚарМУ,ҚазМИ.
Сөздердің бас буындары алынады немесе бірінші сөздің бас буынына қалған сөз өзгертілмей қосылып алынады: Қаз пошта,партком.
Техника: Ан-86,Газ-51.
Өлшем бірліктері: см,км,мм,т,кг.
Жаттығу жұмыстары.
102-жаттығу.Қысқарған сөздерге қосымша жалғап,сөз тіркесі мен сөйлемдер құраңдар.
Үлгі: Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның )Ұлттық Ғылым академиясы) жылдық жалпы жиналысы болды.
103-жаттығу.Төмендегі қысқарған сөздерді қатыстыып,бірнеше сөйлем құрап айтыңдар.
Үлгі: Апам екі кг.лма сатып алды.
Кәртішкемен жұмыс.Қысқарған сөздерге түрлендіру жұмысын жүргізу (төрт жалғау бойынша): Газ-69,
медколледж,АҚШ,кг,Ил-86,Қазпошта,СЭС,см.
Қысқарған сөзі бар сөйлем жаздырып,оны сөйлем мүшесіне талдату.Мысалы: Менің ағам СЭС-те дәрігер
болып қызмет атқарады.
Кесте бойынша бір сөйлемге фонетикалық талдау жасату.
-
Мысалы
|
Дауысты дыбыс
|
Дауыссыз дыбыс
|
Қатаң
|
Ұяң
|
Үнді
|
Испандықтар
. . .
|
и-жіңішке,қысаң, езулулік
а-жуан,ашық, езулік;
ы-жуан,қысаң,
езулік.
|
с,п,қ.
|
д,н.
|
р.
|
|
|
|
|
|
Испандықтар Қазақстан деген ел тралы КСРО ыдырағаннан кейін ғана құлағдар болыпты.
Осы орайда ол АҚШ,Ұлыбритания,Жапония,Корея елдерінің тәжірибесін тілге тиек етті.
«Күздігүнгі егін жинау науқаны» туралы шағын мәтін құрастыру.(суретті кәртішкелерге сүйену арқылы)
Қорытынды.Қысқарған сөздердің жсалу жолы мен емлесін қысқаша айтып сабақты қорытындылаймын.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
1.101-жаттығу.Баспасөз материалдарын оқып,қысқарған сөздерді атаңдар және олардың қандай жолмен қысқарғанына назар аударыңдар.Қысқарған сөздерді көшіріп жазыңдар.
2.Қысқарған сөздер тақырыбына бес сұрақтан тұратын тест құрастырыңдар.
3.Қысқарған сөздерге бірнеше сөйлем ойлап жазып келу.
«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
1.қазақ тіл білімінің неше саласы бар?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е)6
2.Жалғауцдың неше түрі бар?
А) 2 В) 3 С) 5 Д)1 Е)4
3.Үндестік заңының неше түрі бар?
А) 2 В) 3 С) 5 Д) 6 Е)4
4.Тіл дыбыстарын не зерттейді?
А) лексика В) морфология С) фонетика
Д)синтаксис Е) стилистика
5.Термин сөзді тіл білімінің қай саласы қарастырады?
А)морфология В)лексика С)синтаксис Д) фонетика Е) фразелогия
6. Қайсысы синтаксисте қарастырылады?
А)екпін В) сөз табы С)мағына Д) сөйлем мүшесі Е)қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |