Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік,емлесі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бұрынғы білімдерін тиянақтап тереңдету,жаңа білімді меңгерту,өздігінен талдауға,салыстыруға, жинақтауға,ой қорытуға жаттықтыру; креативті белсенділіктерін арттыру,тіл мәдениетін дамыту; ұлтжандылыққа,адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: эвристикалық,продуктивті,репродуктивті,проблемалы, интерактивті,топтық.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпты 2 топқа бөліп,сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Бұрынғы білімдерін актуалдау (өткенді пысықтау).
1-топ
Көсемшелерді тауып,қызметін түсіндір.
Ел дегенде езіліп,жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
Абай Әйгерімге жалт қарап,сүйсініп тамашалағандай болды.
2-топ
Есімшелерді тауып,қызметін түсіндір.
Сүйемін туған тілім – анам тілім,бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.
ІІІ. Проблемалық мәселе қою жолымен жаңа сабақты түсіндіру, активтендіру.
Мысалдардан етістікті тап.
Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.
Білім алудың жолы – көп оқу.
Тілді шұбарлау – арды шұбарлау,көңіл тұнығын лайлау.
Адам болып күн кешу қиын маған,арқа тұтып өзіне сүйінбесем.
Мына етістіктерге мысал келтіріп,қосымшадан ажырат.
Іздену,айту,жазу,бару
Ой жинақта,талдаумен (салыстыру)
-
|
Іс-әрекет
|
Іс-әрекет атауы
|
І топ
|
Жаз
|
Жаз+у
|
ІІ топ
|
Көңілден
|
Көңілден+у
|
І топ
|
|
|
ІІ топ
|
|
|
Оқы,қасы,ері,төк,тап,кеп,тақ,ақ етістіктерінен тұйық етістік жаса, қандай өзгерісті байқадың,емлесін айт.
Сонымен тұйық етістік дегеніміз не?
Семантикалық картаны толтыру
IV.Практикалық кезең.
1. Тұйық етістікті тауып,түрленуін түсіндір.
Жазсам жазам жырды,мен жасырмаймын,жаралы жүректерді емдеу үшін.
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға.Оқу түбі – тоқу.Ақиқатты айту керек.
2.Шығармашылық жұмыс
Тұйық етістігі бар мақал-мәтел,қанатты сөздерді еске түсір,талдау жаса.
3. Кітаптан өзіндік жұмыс жүргізу. 260-жаттығуды орындау.
V. Бекіту.
Тест тапсырмалары арқылы жүзеге асыру,тұжырымдау.
1. Тұйық етістік қатысқан сөйлемді көрсет.
а) Асқар ауылға жиі-жиі барып тұрады.
ә) Ойна да күл,оқы да біл.
б) Оқу - өмірдің сәні,тіршіліктің шамы.
2. Шақпен,жақпен байланысты болмай,қимылдың,іс-әрекеттің атауын білдіретін етістіктің түрін көрсет.
а) есімше ә) тұйық етістік б) етіс
3. Тұйық етістікті сөйлемді белгіле.
а) Сен де жұмыс істеуге үйрен.
ә) Бүгін ақр көп жауды.
б) Гималай – ең биік тау.
4. Тұйық етістікті сөзді көрсет.
а) жау ә) сау б) ағу.
VI. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үйге тапсырма. Көркем әдебиеттен тұйық етістігі бар он сөйлем теріп жазу,талдау жасау.
VIII. Сабақты қорытындылау.
6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсат-міндеттері: білімділігі - сын есімнің құрамдық және мағыналық түрлерін,жасалу жолдарын,өзіне тән ерекшеліктерін қайталап пысықтау; дамытушылығы - танымдық қабілеттерін дамыту,грамматикалық сауаттылығын арттыру,шығармашылық дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелігі - ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету,пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: қайталау,пысықтау.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,жеке жұмыс,топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: содульдік құрылым жазылған плакат,таблица,сабақтың жобасы,деңгейлік тапсырмалар,бағалау парағы.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Сабақтың жобасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-гейм.Сұраққа жауап беру:
1.Ана тілі деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2.Ана тілі арқылы нені үйреніп білесіңдер?
3.Мәдени және рухани байлық дегенді қалай түсінесіңдер?
4.Диалект дегеніміз не?
5.Көнерген сөздер және оның ерекшелігі қандай?
6.Тұрақты тіркес пен сөз тіркесінің айырмашылығы қандай?
7.Түбір дегеніміз не?
8.Қосымшаның қанша түрі бар?
9.Сөздер құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
10.Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
11.Қос сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
2-гейм. «Сиқырлы сандық» (Нөмірлері бар тапсырмаларға жауап береді):
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата.
2. Желтоқсан көтерілісі қай жылы болды?
3. Тудың авторы кім?
4. Елтаңбаның авторы кім?
5. Қазақстанның бірінші дыбыстық фильмі.
6. «Менің атым – Қожа» повесінің авторы кім?
7. Мұқағалидың неше поэмасы бар? Оларды ата.
3-гейм. «Ойлан тап»
Топпен жұмыс
Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды ...
Сын есімді құрамына қарай ажырат.Осы өлеңдегі бір ерекшелік.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп ...
Сын есімнің мағыналық түрін ажырат.
1. Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
2.Сын есім құрамы жағынан қаншаға бөлінеді?
3. Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақты атаңдар.
4. Үлестірме топтамамен жұмыс.
І. 1. ...кісі ісіне сенеді.
2. ... болса – ұлың жау,
... болса – келін жау.
Көр нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып,құрамына қарай ажырат.
ІІ. 1. ... ананың
Жүрегі жылы,қолы кең.
... атаның
Жүзі жылы,жолы кең.
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып,құрамына қарай ажырат.
ІІІ. 1. ... бала қонаққа үйір,
... тай атқа үйір.
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып,құрамына қарай ажырат..
5. Тест сұрақтары,жарыс.
1-гейм. Негізгі сын есім қай қатарда? Астын сыз.
а) көшпелі ел ә) қара көйлек б) әдеби кітап в) тақтаға қара г) ауыспалы кезең
2-гейм. Туынды сын есім қай қатарда? Астын сыз.
а) Әсем - әдемі қыз. ә) Жері құмды,малға жайлы екен. б) Киік – «қызыл кітапқа» енген жануар. в) Аттан биік,қойдан аласа. г) Мәдина бүгін ақ бантик тағып келіпті.
3-гейм. Күрделі сын есім қай қатарда? Астын сыз.
а) Әдемі қыз,қара шаш,ақ бұлт. ә) Әсемпаз болма әрнеге ... б) Жолбарыстай қайратты ... г) Биік ағаш,қызыл алма,көк аспан. Д) Егемен мемлекет,Қызыл алаң.
6. Сөйлем мүшелеріне талдау.
1. Бүкіл қазақ халқы Мақпалдың әсем әндерін сүйіп тыңдайды. 2. Жақсы сөз – жарым ырыс. 3. Қысқа жіп күрмеуге келмес. 4. Марат күйді жақсы тартады.
7. Кестесөз: «Сын есім».
8. Қорыту.Венн диаграммасы.Үш топ үш жыл мезгіліне сурет салып,әр мезгілге сын есімге байланысты сөйлем құрау.
ІІІ. Үй тапсырмасы: «Менің әжем» тақырыбына мәтін және сын есімді қатыстырып бес сөйлем жазу.
6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Тілім барда айтылар сыр ойдағы»
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен сабақтар бойынша білетіндерін жинақтау,тілге деген көзқарастарын арттыру; дамытушылық – оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін дамыту,ізгілікке, шапшаңдыққа баулу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ,тіл дамыту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,шығармашылық әдіс,ойтолғау,т.б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,парақшалар,ұранды сөздер жазылған плакат.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру: а) сәлемдесу; ә) түгелдеу; б) сыныпты екі топқа бөлу ( «Тапқыштар», «Тілшілер»).
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Біздің сынып» тақырыбында мәтін құрап,мәтіндегі тірек сөздерді табу.
ІІІ. «Бәйге» кезеңі. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі, әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
Әдеби тілдің түрлерін атаңыз? /ауызша және жазбаша/
«Мәтін» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Ауызша әдеби тілге нелер жатады?
Жазбаша әдеби тілдің ерекшелігі неде?
Мәтіннің құрылысы нелерден тұрады?
Мәтіндегі тірек сөздер дегеніміз не? /Мәтіндегі негізгі ойды анықтайтын сөздер/
Тіл мерекесі қай күні аталып өтіледі? /22-ші қыркүйек/
«Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып,өзге пәндерді меңгеру мүмкін емес» деген ойдың авторы кім? /Жүсіпбек Аймауытұлы/
«Тіл - өнер» кезеңі. Мақалаларда айтылмай қалған сөздерді тауып,оларды орыс,ағылшын тілдеріне аудару керек.
Тіл тас жарады,тас жармаса ... жарады. /бас-голова-head/
Өнер алды – қызыл ... . /тіл-язык-language/
Жақсының соңынан ... ереді. /сөз-слова-word/
Сөз сүйектен өтеді,таяқ ... өтеді. /ет-мясо-meat/
«Сөз тапқанға қолқа жоқ». Берілген шешендік сөздің шешімін табу керек.
Бала Сырым атақты Малайсары биден бата алуға келеді.Би батасын берген соң Сырымды сынау мақсатында қолымен өзінің басын көрсетіпті...
Жолдастары Сырымнан «Әлгі шалдың қолымен басын көрсеткені несі? Сенің тіліңді шығарғаның не?» деп сұрапты.Мұның мәнісі неде?
Сырымның жауабы: Шалдың басын көрсеткені – «Басқа пәле неден?» дегені.менің тілімді көрсеткенім – «Басқа пәле – тілден» дегенім.Бұл оның «Бақыт та тілден,пәле де тілден,тіліңе сақ бол дегені еді.
VI. Сахналық көрініс. «Әкімдегі кездесу». Тілдің бүгінгі таңдағы қолданысы,орындалуы жөнінде көрініс қойылады.Қойылым бойынша әр топ өзіндік пікірлерін ортаға салып,ой жарыстырады. /Топтардың ұпайлары есептеліп,жеңген топ мақтау қағазымен марапатталады/.
VII.Бекіту. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту» /Бауыржан Момышұлы/. Сабақ осы сөзбен бекітіледі.
VIII. Үй тапсырмасы. 1) «Ана тіліміздің тағдыры – менің қолымда» тақырыбында ойтолғау жазу.
Ереже қайталау.
ІХ. Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |