Cабақтың тақырыбы: Киім кию туралы. Сын есім
Сабақтың мақсаты: Окушылар киім кию туралы әңгімелейді, жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады, сын есімдерді ауызекі тілде қолданады.
Күтілетін нәтиже: Киім кию туралы әңгімелей алады,жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады. Сын есімдерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдана біледі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,
Көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта, маркерлер, ватман, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
«Австралиялық жауын» жаттығу-ойын
Мақсаты: оқушылардың психологиялық бейімдеуін қамтамасыз ету.
Өткізу уақыты: 3 минут
Барысы:Оқушылар шеңбер құрып тұрады.
-Балалар Австралия жаңбырының қандай екенін білесіңдер ме?
-Ендеше барлығымыз тыңдайық
-Ол үшін менімен бірге қайталайық.
-Австралияда жел тұрды(алақанды үйкелеу)
-Жаңбыр тамшылай бастады (саусақты соғу)
-Жаңбыр күшейе түсті (алақанды кеудеге соғу)
-Нөсер қатты төкті (алақанды санға соқты)
-Міне бұршақ жауды (аяқпен соғу)
-Дауыл басыла бастады. (алақанды санға соқты)
-Жаңбыр сейілді (алақанды кеудеге соғу)
-Жаңбыр сіркіреді(саусақты соғу)
-Жел басыла бастады (алақанды үйкелеу)
-Алақай күн шықты( қолды жоғары көтеру)
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Сыныпты 3 топқа бөлу
Аяқ киімдер(бәтеңке, етік, пима, кроссовки, туфли, кебіс, мәсі)
Бас киімдер (қалпақ, телпек, тымақ, бас орамал, құлақшын, сәукеле, бөрік)
Сырт киімдер (тон, пальто, шапан, ішік, тері тон, сырмалы шапан, бешпент)
Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.
Сұрақтарға жауап беру:
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазан жылдың нешінші айы?
- Қазан күздің нешінші айы?
- Бүгін ауа райы қандай?
ІІ Жаңа сабақ
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы анықтаймыз.
|
К
|
і
|
р
|
і
|
к
|
к
|
е
|
н
|
|
к
|
И
|
і
|
з
|
|
ү
|
й
|
|
с
|
І
|
ң
|
л
|
і
|
|
|
М
|
о
|
р
|
ф
|
о
|
л
|
о
|
г
|
и
|
я
|
|
К
|
і
|
т
|
а
|
п
|
|
И
|
н
|
е
|
м
|
е
|
н
|
|
қ
|
о
|
Ю
|
|
1.Сөздер бірігіп жасалып келіп біріккен және .... болып бөлінеді.
2. Қазақ халқының ежелгі баспанасы.
3.Әпкесіне жасы кіші қыз бала кім болады?
4.Түбір, жұрнақ, жалғауды қарастыратын қазақ тілі саласы?
5. Оқулық сөзінің синонимі.
6. Мақалды жалғастыр. «Оқу ..... инемен құдық қазғандай?
7. Сұйық емес,..... (антоним).
-Сонымен, сабағымыздың тақырыбы: Киім кию. Грамматикалық тақырып:Сын есім.
-Балалар, бүгін сабақта не туралы әңгімелейміз? (Сабақтың мақсатын айту)
- Киім дегенде ойларыңа қандай сөздер келеді?Киімнің қандай түрлері болады? (әр топ кластер жасайды) (қысқы, жазғы, спорт, үйде киетін, жұмыс киімі, жолға шыққанда киетін киім, мектеп оқушысының киімі, ұлттық киімдер)
Киім
Осы сөздермен ауызша сөйлемдер құрастыру.
ІІІ. 1).Жаңа сөздермен танысу
талғам-вкус
ескеру-учитывать
жас ерекшеліктері- возрастные особенности
санасу-считаться
қалай болса солай-как попало
салақ-неопрятно
қарапайым-простой
А) жаңа сөздерді оқу
Б) сөздермен сөйлемдер құрастыру
2) Мәтінмен жұмыс: «Киім кию туралы»
Талғаммен киіну үшін стильден қалмау, өз тұлғасының ерекшеліктерін ескеру жеткіліксіз. Бұған қоса қай жерде не кию керек екенін біліп, жас ерекшеліктерімен санасу қажет.
Түнгі киім- көйлек пен пижаманы тек ұйықтағанда ғана киеді.
Таңертеңгі киім-халатты таңертең жуынып, таранғанда ғана киеді.
Үйде киетін киім қандай болу керек? Көптеген
адамдар үй ішінде ешкім көрмейді ғой, қалай болса солай, салақ киініп жүруге болады деп есептейді. Ол дұрыс емес. Үйде мақта матадан қарапайым, бірақ әдемі халат-көйлек киіп жүрген дұрыс. Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза және жарасымды болуға тиіс.
1.Мәтінді оқу (1-2 оқушы)
2.Топтық жұмыс: 1-топ: мәтін бойынша сұрақтар құрастырады
2-топ: диалог
3-топ: мәтінді мазмұндайды
3. -Мәтінде қандай ? деген сұраққа жауап беретін сөдер бар ма? (зиянды, қажетті, негізгі, эстетикалық, түнгі, қарапайым, әдемі, қолайлы, әдемі, таза)
- Қандай ? деген сұрақ қай сөз табының сұрағы? ( сын есім)
- Сын есім нені білдіреді?
- Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Сын есім құрамына қарай қандай болады? Мысалдар келтіру.
- Сын есім тұлғасына қарай қандай болады? Мысалдар келтіру.
-Сын есім мағынасына қарай қандай болады? Мысал келтіру.
- Сын есім тудырушы жұрнақтарды атаңдар.
Сын есімнің жиі кездесетін жұрнақтары.
- қы, - кі
|
қыс-қы, кеш-кі
|
- ғы, - гі
|
жаз-ғы, күз-гі
|
- лық, - лік
|
қала-лық, әке-лік
|
- дық, - дік
|
шетел-дік
|
- тық, - тік
|
Президент- тік
|
- лы, - лі
|
тау-лы, өнер-лі
|
- ды, - ді
|
орман-ды, көл-ді
|
- ті, - ті
|
ұлт-ты, көрік-ті
|
-сыз, - сіз
|
ақыл-сыз, білім-сіз
|
Сөздік диктант: Сөздерді оқимын, 1,3 топ сапалық сын есімдерді жазады, 2 топ қатыстық сын есімдерді жазады.
Балалы,ащы, тәтті, баласыз, жаман, сұр,жазғы ,жайлы, жалқау,шетелдік.
Тексеру: ащы, тәтті, жаман, сұр, жалқау
Балалы, баласыз, жазғы, жайлы, шетелдік.
Сабақты қорытындылау:
1-топ: Синквейн
2-топ: Венн диаграмасы-қысқы киім, жазғы киім
2-топ: «Балық қаңқасы» әдісі (суреттерге қатысты сын есімдер жазу)
Рефлексия: «Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін
Үйге тапсырма: сөздерді сөздік дәптеріне жазу, жаттау, киімге байланысты 5 мақал-мәтел жазу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |