Мысалы: 638710. Екібастұз қаласы 638710. Г Екибастуз
Ленина көшесі 19 ул Ленина 19
Тел: 4-38-31 тел: 4-38-31
Факс: (31835)
РНН
Р/с
06 – Құжат түрінің атауы
06 – наименование вида документа
Мысалы: БҰЙРЫҚ, ХАТТАМА, АНЫҚТАМА.ЖАРҒЫ
ПРИКАЗ, ПРТОКОЛ, СПРАВКА, УСТАВ.
07 – Құжаттың күні
07 – дата документа
Мысалы: Цифровой способ 00.00.00. Словесноцифровой 10 октября 2005 года
Сандық тәсіл 00.00.00. Сөзбен сан аралас тәсіл 10қазан 2005 жыл
08 – Құжаттың тіркеу нөмірі
08 – регистрационный номер документа
Мысалы: 04-12/57 04- номер структурного подразделения 04- құрылымдық бөлімшенің номірі
12- номер дела по номенклатуре. 12- номенклатура бойынша істің номірі.
57- порядковый номер документа 57 – құжаттың реттік номірі
09 – Кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме.
09 – ссылка на регистрационный номер и дату поступившего документа;
Мысалы: № 25/01-25, 10.10.05 на №25/01-25 от 10.10.05
10 – Құжаттың құрылған немесе басылып шығарылған жері;
10 – место составления или издания документа;
Мысалы: Екібастұз қаласы. Город. Екибастуз
11 – Құжатқа қол жеткізуді шектеу белгісі
11 –гриф ограничения доступа к документу;
Мысалы: «С» - секретно «Қ»-құпия
«СС» -совершенно секретно «АҚ»-аса құпия
«КТ» - коммерческая тайна «КҚ» - коммерциялық құпия
«К»- конфиденциално «Ж» -жасырын
«ДСП» - для служебного пользования «ҚПА» - қызметте пайдалануға арналған
12 – Хат алушы
12 – адресат
Мысалы: Директору ТОО «Рауан и К» ЖШС «Рауан и К» Директоры
Г-ну Кенжесарину Ж.Ж Кенжесарин Ж. Ж. мырзаға
638710. Екибастуз. 638710. Екібастұз қаласы
ул. Маргулана 1 Маргұлан көшесі 1
13 – Құжатты бекіту белгісі;
13 –гриф утверждения документа
Мысалы: УТВЕРЖДАЮ БЕКІТЕМІН
Директор предприятия мекеменің Директоры
Подпись А.Б. Сарсенов қолы А.Б. Сарсенов
10.08.05. 10.08.05
УТВЕРЖДЕНО БЕКІТІЛДІ
Приказом директора мекеме директорының
предприятия бұйрығы
от 05.08.05 №10 №10 05.08.05
14 - Бұрыштама
14 – резолюция
Мысалы: Асаинову А. М Асаинов А.М –ке
Подготовить проект договора 15.10.05 ж –ға «Арай» фирмасымен
С фирмой «Арай» к 15.10.05. шартқа отыру жобасын дайындасын
Подпись 14.10.05 қолы 14.10.05
15 – Мәтіннің тақырыбы;
15 – заголовок к тексту
Мысалы: «о чем?», «чего?», «кімді?» «не жайлы», «нені», «кімді»
Приказ – о приеме на работу; Бұйрық – жұмысқа қабылдау жайлы
Положение – о бухгалтерии; Ереже –бухгалтерия жайлы
Протокол – собрания акционеров Хаттама – акционерлер жиналысы Должностная инструкция – менеджера по кадрам Қызмет бабындағы нұсқау-
кадрлар бойынша менеджер
16 – Бақылау туралы белгі
16 – отметка о контроле
Мысалы: «К» -контроль «Б»- бақылау
17 – текст документа;
17 – Құжаттың мәтіні
18 – Қосымшасы бары туралы белгі;
18 – отметка о наличие приложения
Мысалы: Приложение: 1. Инструкция по делопроизводству на 10 л.в 3 экз.
2. Отзыв на проект инструкций на 4 л. в 2 экз.
19 – Қойылған қол;
19 –подпись
Мысалы: Генеральный директор подпись Р. Л. Ломакин
20 – Құжаттағы келісім қолтаңбасы
20 – гриф согласования документа;
Мысалы: Лист согласования прилагается
Подпись дата
21 – Құжаттағы келісім белгісі
21 – визы согласования документа;
Мысалы: Главный бухгалтер
подпись И. Д. Луконина
10.10.05
22 - Мөр
22 – печать
23 - Көшірменің куәландырылғаны туралы белгі
23 – отметка о заверении копии
Мысалы: Верно
Инспектор личная подпись О.В. Белова
10.10.05
24 –Орындаушы туралы белгі
24 – отметка об исполнителе;
Мысалы: Петров Петров Иван Васильевич 924 45 67 924 45 67
25 – Құжаттың орындалуы және оның іске бағытталуы туралы белгі
25 – отметка об исполнении документа и направлении его в дело;
Мысалы: В дело 12-25 за 2005 г. Николаева 24.05.2005
26 – Құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі
26 – отметка о поступлении документа в организацию;
Мысалы: ОАО «Эталон»
Дата 26.06.2005
Вх. №14
27- құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш;
27 – отметка для автоматического поиска документа;
Мысалы: DOCN\RASP\2004200.doc DOCN - каталог
RASP – подкаталог 2004200.doc - файл
Сабақ 18
Тақырыбы: Құжаттың мәтініне қойылатын талаптар
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Құжат мәтіні туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Құжаттың мәтіні қандай болуы керек?
Анкета түріндегі мәтін қалай рәсімделеді?
Кесте түріндегі мәтін қалай ресімделеді?
Мәтін неше бөлімнен тұрады?
Мәтінде бірнеше шешім болса, олар қалай рәсімделеді?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.Алматы.2001ж,
Тақырып бойынша қысқаша материал
Мәтін – құжатағы негізгі реквизит. Құжаттың мәтіні қысқа, түсінікті және қарапайым болуы қажет. Құжаттың мәтіні анкета, кесте, тұтасмәтін немесе осы түрлердің араласып келген түрінде болуы мүмкін.
Анкета түріндегі мәтін бір объекті туралы белгілі бір деректер жиынтығы бойынша сөзбен немесе цифрмен берілген ақпаратты жеткізу үшін қолданылады. Мәтіннің бұл түрі жеке құрам құжаттары мен маркетингтік зерттеулерде қолданылады. Анкета түріндегі мәтінде сипатталатын объектінің белгілері ІІІ жақта беріледі. Мысалы, білімі, тілдерді менгеруі, шет елдерде болуы т.б..
Кесте түріндегі мәтін бірнеше объекті туралы белгілі бір деректер жиынтығы бойынша сөзбен немесе цифрмен берілген ақпаратты жеткізу үшін пайдаланылады. Ол есеп, жоспар және қаржы жөніндегі құжаттарды дайындау барысында қолданылады. Кесте бірнеше жолға басылса кестенің бағандары нөмірлнеді де, келесі бетке оның нөмірлері ғана жазылады.
Тұтас мәтін түріндегі құжаттардың мәтіні эдетке екі бөлімнен тұрады. Бұлар – кіріспе бөлім және негізгі бөлім. Кіріспе бөлімде құжатты құрастырудың мақсаты, себебі көрсетіледі. Негізгі бөлімде кіріспе бөлімге қатысты жасалатын өтініш, ұсыныс, шешім, қортынды, кеңес т.б. жазылады. Көп жағдайда бұл бөлім ерекше жазумен немесе басқа жолмен бөлініп көрсетіледі. Кейде құжаттың мәтінінде екінші бөлім ғана болады. Мысалы, өтініште өтініштің себебі көрсетілмей өтініш қана жазыладыь т.б.
Басқа ұйымдардың құжаттарының немесе бұрын шыққан құжаттардың негізінде дайындалған құжаттардың мәтінінде ол құжаттың атауы, автор-ұйымның атауы, құжаттың датасы, тіркеу нөмірі, мәтіннің тақырыбы көрсетіледі.
Құжаттың мәтінінде бірнеше шешім, қортынды т.б. болса, олар пункті немесе тарауларға бөлінеді де, араб цифрларымен белгіленеді.
Реттеу құжаттарының мәтіні (бұйрық, шешім сияқты) және ұйымның басшылығының атына жазылған құжаттардың мәтіні І жақтан баяндалады. Мысалы, бұйырамын, ұсынамын, өтінемін т.б.
Алқалық органдардың реттеу құжаттары ІІІ жақтан баяндалады. Мысалы, қаулы қабылдады, шешті т.б. Ұйымның құқықтары мен міндеттері белгіленетін ұйымдастыру құжаттарынын мәтіні (ереже, нұсқау т.б.) ІІІ жақтан баяндалады. Мысалы, жүзеге асырады, бағынады.
Сабақ 19-20
Тақырыбы: Ұйымдық басқару құжаттамасының жалпы сипаттамасы
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Ұымдық басқару құжаттамасының жалпы сипаттамасы туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Кәсіпорынның ұйымдық басқару құжаттары немен реттеледі?
Ұйымдық басқару құжаттарына қандай құжаттар жатады?
Ұйымдық басқару құжаттарының негізгі ерекшелігі қандай?
Құжаттардың заңдық күші болу үшін қандай ережелерді сақтау керек?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.Алматы.2001ж,
Тақырып бойынша қысқаша материал
Кәсіпорын жұмысының тиімділігі, олар жасайтын мәмілілірдің нәтижелелегі осы кәсіпорынның қызметінің қалай ұйымдастырылуына, әрбір бөлімшенің шешетін мәселелерінің анық айқындалуына, өндірістік мүдде тұрғысынан әрбір қызметкердің құқықтары мен міндеттері және лауазымды тұлғалардың өкілеттіктері қаншалықты нақты белгіленген, шешімдерді қабылдау және оларды орындау жүйесі қандай және құжаттама айналымы тәртібі қандай екендігіне тікелей байланысты. Осының бәрі кәсіпорынның ұйымдық-басқару құжаттарымен реттеледі. Мұндай құжаттарға құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, бөлімдердің және жекелеген мамандардың жұмыс регламенті, лауазымдық міндеттер туралы нұсқаулықтар, басқару шешімдерін тіркейтін қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, алқалық отырыстардың және жиналыстардың хаттамалары, хаттар, актілер және т.б.
Ұйымдық-басқару құжаттарының негізгі ерекшелігі олардың ішкі құжаттар болып табылуында. Басқаша айтсақ, оларды әзірлеуге немесе қолданысқа енгізу үшін басқа ұйымдардың немесе қандай да бір басқа кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуы қажет емес. Осы кәсіпорын басшысының немесе осы құжаттың қызметіне қатысты басқа лауазымды тұлғаның шешімі жеткілікті. Шарттар, жүк құжаттар, жұмысты қабылдау актілері с ияқты сыртқы құжаттарға қол қою үшін бір ғана заңды тұлғаның шешімі жеткіліксіз. Кем дегенде бір-біріне бағынышсыз екі ұйымның лауазымды тұлғаларының шешімі қажет.
Кәсіпорында шығарылатын ішкі құжат заңдық күші болған жағдайда ғана қызмекткерлер үшін орындалуы міндетті болып саналады.
Құжаттың осындай күші болуы үшін:
құжаттағы ережелер заңнаманың талаптарына қатаң сәйкес келуі тиіс;
осы өкілетке ие кәсіпорын басқармасының, бөлімінің лауазымды тұлғалары осы құжатты дайындауы қажет;
құжаттың деректемелері қабылданған нормаларға сәйкес болуы тиіс.
Егер осы нормалар сақталмаса, онда құжатты сот жарамсыз деп таниды.
Сонымен, мысалы, өкілдік шығыстарды өзіндік құнға жатқызу үшін қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кәсіпорын мынадай құжаттарды шығаруы тиіс:
өкілдік шығыстарға арналған қолма-қол ақшаны өзінің жауапкершілігіне алуға құқығы бар қызметкерлерді бекіту туралы бұйрық;
өкілдік шығыстарды есептен шығарудың заңдылығын тексеру үшін комиссия тағайындау туралы бұйрық;
кәсіпорынның бас директоры бекіткен алдағы жылы делегатарды қабылдауға арналған жалпы смета;
жұмсалған шығыстар туралы кәсіпорын қызметкерлерінің есебі. Есепке тағамдар, кәдесыйлар, және тауар-материалдық құндылықтар, буфет немесе мейрамхана шығыстарын, қызмет көрсетулерін және тағы басқаларын растайтын тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
аванстық есептер.
Егер осындай құжаттар дұрыс жасалмаса немесе жоқ болса, онда салық инспекциясы өзіндік құнда өкілдік шығыстарды есептен шығаруды заң бұзушылық деп есептейді. Ал бұл кіріске салық немесе қосылған құнға салық бойынша қаржы санкцияларын қолдануға әкеліп соғады.
Осы немесе басқа құжатқа нұсқау орындамас бұрын осы құжатқа қол қойған тұлғаның құзыреттілігіне көніл аударған жөн. Егер осы құжатты дайындау кезінде лауазымды тұлға өзінің құзыреті шегінен шығып кетсе, онда құжаттың заңдық күші болмайды және жарамсыз деп танылады.
Кәсіпорын басшысының құзыретіне кәсіпорынның жалпы жиналысы немесе Директорлар кеңесі шешуге құқылы мәселелерден басқа, ағымдағы қызметтегі басшылықтың барлық мәселелері жатады. Басшы – кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет ететін жалғыз қызметкер.
Кәсіпорынның жарғысына сәйкес басшының құзыреті шектелуі мүмкін, оның «әдеттегі»
өкілеттігі Директорлар кеңесіне немесе қатысушылардың жалпы жиналысына берілуі мүмкін. Мысалы, жарғыда басшының, қатысушылардың жалпы жиналысының келісімінсіз 500 000 теңгеден асатын сомаға мәміле жасауға құқығы болмайтыны көзделуі мүмкін. Осындай мәміле заңды болуы үшін шартқа осы мәмілені жүргізу туралы кәсіпорын қатысушыларының жалпы жиналысының осы мәмілені мақұлдаған шешішмін қоса беру қажет. Басқаша жағдайда, шарт (мәміле) жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда қарсы агенттің кәсіпорын басшысының өкілеттігінің шектеулілігі туралы білмедім, хабарым болмады деген «түсініктемесі», кәсіпорынның жарғысы ашық құжат болғандықтан, қабылданбайды. Онымен кәсіпорынмен келісім-шарт жасауға ниет білдірген барлық фирмалар мен компаниялар таныса алады.
Кәсіпорыннның басқа лауазымды тұлғалары басшы қол қойған және бекіткен бұйрықпен, сенімхатпен, лауазымдық нұсқаулықпен, ережелермен өкілетті барлық мәселелерді шеше алады. Кәсіпорынның атынан шарттарды жасағанда немесе басқа тауар-қаржылық құжаттарды дайындау және қол қою кезінде лауазымды тұлға іс әрекетке негіз болатын сенімхаттың, бұйрықтын немесе басқа да құжаттардың атына, нөміріне, күніне сілтеме жасауы керек. Әйтпесе, басқа ұйымдардың осы лауазымды тұлғаның шын мәнінде қажетті өкілікері бар ма, жоқ па деп күмәндәнуі мүмкін.
Құжат жасаудың және сақтаудың кеңінен тараған шағын жүйесі ұйымдық-басқару құжаттары болып табылады, оған мынадай топтар кіреді:
ұйымдық;
басқару;
жеке құрам бойынша құжаттар;
қаржылық-бухгалтерлік;
ақпаратық-анықтамалық.
Осы басылымда барлық ұйымдық-басқару құжаттарын сипаттап шығу мүмкін емес, біз практикада (негізгі нысандарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттік бекітетін қаржылық-бухгалтерлік құжаттардан басқа) жиі кездесетін құжаттарға ғана тоқталамыз.
Сабақ 21
Тақырыбы: Басқару құрылымы және құжат толтыру
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Үйымдық, әкімдік құжаттар туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Жарғы мен құрылтай шарты құжаттары не үшін жасалады?
Жоғарғы басшылық орган және атқарушы органның құрамына кім кіре алады
Орталықтырылған құрылым кімге бағынады?
Орталақтандырылмаған жүйе кімге бағынады?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы. 2004ж.
Тақырып бойынша қысқаша материал
Кәсіпорын үлкен болған сайын, оны басқарудың жүйесі де күрделене түседі. Олай болса сізге өкілеттілікті ажыратуға, құжат толтырудағы бірлескен іс-әрекетке жауаптырақ қарауға тура келеді.
Жарғы мен құрылтай шарты компанияны ашу, қайта құру және тарату жұмыстарын тек құрылтайшылар мен акционерлер ғана істей алатынын белгілеп береді. Олардың жиналысы ғана кәсіпорынның ұзақ мерзімді түпкі мақсатын айқындайды, компанияның басшылығын сайлайды не тағайындайды. Бұл органның құрамына кәсіпорынның ішкі бөлімшелерінің директорлары және басқа кәсіпорындардың, қаржы мекемелерінің өкілдері, менеджерлер мен ғылыми қызметкерлер кіре алады.
Жоғарғы басшылық органы тек маңызды мәселелерді ғана қарастырады. Атқарушы органның басшысы кәсіпорынды тікелей және күнделікті басқаратын президент не бас директор болуы мүмкін.
Ағымдағы басқару құрылымы орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болуы мүмкін. Орталықтандырылған құрылымда барлық қызмет басқару жөніндегі вице-президентке бағынады. Басқа вице-президенттер (өндіріс, транспорт, өткізу, қаржы т.б. бойынша) президентке бағына отырып, бөлімдер мен қызметтерді тікелей басқармайды.
Орталықтандырылмаған жүйе – арнаулы қызметтердің вице-президеттерге бағынауын қажет етеді.
Басқарудың өзара бағыныштылық тізбегі кәсіпорынның көлемі мен басқару қызметіне байланысты екі, үш және төрт звенолық жүйеден тұруы мүмкін. Басқарудың түпкі мақсатын таңдауда ең алдымен барлық басқару бөлімдерінің бақылауда болуын, жауапкершілігін және қызметтердің нақты бөлінісін, тиімділікті басшылыққа алған жөн.
Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бойынша ұйымдық құжаттарды жасауда дәл осындай мәселелер шешіледі.
Сабақ 22
Тақырыбы: Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Үйымдық, әкімдік құжаттар туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Ереже қалай жасалынады?
Ережеде не көрсетіледі?
Құжаттың мәтінінде не жазылады?
Құжатқа кім қол қояды?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы. 2004ж.
Тақырып бойынша қысқаша материал
Кәсіпорынның құрылымы және штат саны оның жарғысына сәйкес айқындалады және кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері, лауазымдардың атауы және әрбір лауазым бойынша штат саны арнайы құжатпен бекітіледі. Оңдай құжат құрылымдық бөлімшелер туралы ереже болып табылады. Ереже әрбір бөлімше үшін жеке жасалынады және онда бөлімшенің құқықтық мәртебесі, міндеттері, қызметі, құқығы, жауапкершілігі мен міндеттемелері көрсетіледі.
Мәтіннің «Жалпы ережесінде» бөлімшелердің бағыныштылығы, басшыны тағайындау және босату тәртібі, басшыға қойылатын біліктілік талаптар, басшы болмаған кезде оны ауыстырудың тәртібі көрсетіледі. Бөлімде құрылымдық бөлімше басшылыққа алатын құқықтық актілер аталады.
«Негізгі міндеттер» атты бөлімде аталған бөлімше қызметінің бағыты баяндалады.
«Қызметтер» бөлімінде шаруашылық қызметінің нақты түрлері көрсетіледі.
«Құқықтары мен міндеттері» бөлімінде бөлімшенің басшылық пен басқа бөлімшелерге және өзге ұйымдарға қатысты орындайтын міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруға қажетті құқықтары ашылады.
«Жауапкершілік» бөлімінде міндеттемелердің мезгілінде орындалмағаны немесе сапасыз орындалғаны үшін, яғни берілген құқығын дұрыс пайдалмағаны үшін бөлімше басшысын қандай, қай мөлшерде және кім жауапкершілікке тартатыны сипатталады.
«Өзара қарым-қатынас. Байланыстар.» бөлімінде аталған бөлімше кіммен және қандай бағытта әрекет ететіні, кіммен бірлесіп жұмыс жасайтыны, т.б. анықталады.
«Жұмысты ұйымдастыру» бөлімінде бөлімшенің жұмыс тәртібі, қызметін тексеру қалай жүзеге асатыны, оның қайта құрылуы мен таратылуы сияқты мәселелер айқындалады.
Бұл ережелерді бөлімшелердің жетекшілері, вице-президенттер жасап, оларды бірінші басшы бекітеді. Осы бекіту сатысында кәсіпорын қызметтері арасындағы жауапкершілік пен құзыреттерін бөлу нақты жүзеге асады
Кәсіпорынның атауы БЕКІТЕМІН Кәсіпорын басшысы
__________ А . Белгибаева
21 қараша 2009 ж.
ҚАРЖЫ БӨЛІМІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер;
Негізгі міндеттері;
Қызметтері;
Құқықтары мен міндеттері;
Жауапкершілігі;
Өзара қарым – қатынасы. Байланыстары;
Жұмыстың ұйымдастырылуы.
Қаржы бөлімінің
басшысы А. Кайыржанова
Сабақ 23-24
Тақырыбы: Фирма жарғысы
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Үйымдық, әкімдік құжаттар туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Жарғы қандай кәсіпорындарда болатын құжат?
Жарғы құжатында қандай деректемелер қолданылады?
Құжаттың мәтінінде не жазылады?
Құжатқа кім қол қояды?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы. 2004ж.
Тақырып бойынша қысқаша материал
Барлық мемлекеттік және жеке меншіктегі кәсіпорындар, қоғамдық бірлестіктер жарғы негізінде жұмыс істейді.
Жарғы – ұйымдардың, мекемелердің, қоғамдардың қызметін, олардың басқа ұйымдармен, азаматтармен қарым – қатынасын, мемлекеттік немесе шаруашылық қызметінің белгілі бір саласындағы құқықтары мен міндеттертін реттейтін ережелер жинағы.
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің жарғысы олардың жоғары органдарында бекітіледі.
Жарғының реквизиттері: министрліктің атауы, ұйымның атауы, құжат түрінің атауы, тіркеу нөмірі, дата, құжаттың басылған орны, бекіту графі. Құжат мәтінінде жалпы ережелер, негізгі функциялар, ұйымның құқықтары мен міндеттері, басшылығы, қарым – қатынастар мен байланыстар, өндірістік – шаруашылық, коммерциялық қызметі, мүлік пен қаржы, бақылау, тексеру, қайта құру мен жою мәселелеріне қатысты бөлімдер қамтылады. Меншік түріне қарай (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық немесе жабық акционерлік қоғам т.б.) мәтінннің бөлімдер өзгеріп, алынып немесе қосылып отырады. Мысалы, пайданы бөлу, қор құру т.б.
ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ТАПСЫРМА
Құжат үлгісінде берілген жарғының мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Құжат үлгісін ДК-де рәсімденіз.
ЖЕКЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАРҒЫСЫ
Кәсіпорынның иесі ________________________________________________
Кәсіпорынның атауы_______________________________________________
Заңды адресі______________________________________________________
Павлодар қ. 200 жылғы
Жалпы ережелер:
1.1. «_______» жеке кәсіпорынның / бұдан былай кәсіпорын/ құрылтайшысы ҚР азаматы________________, кәсіпорын оның жеке меншік құқығында, құрылтайшы кәсіпорынның салымының шегінде жауап береді;
1.2. Кәсіпорын өзінің қызметінде ҚР заңдарын басшылыққа алып әрекет етеді;
1.3. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен заңды тұлға құқығын алады;
1.4. Кәсіпорын толық шаруашылық есебінде жұмыс істейді, бюджеттік міндеттеріне, банкілердің, әріптестерінің, еңбек ұжымының алдында заңдарға сәйкес жауап береді;
1.5. Кәсіпорын өз әркеттрі үшін, өзіне алған міндеттері үшін, бюдждеттік міндеттеріне, банкілердің, әріптестерінің, еңбек ұжымның алдында заңдарға сәйкес жауап береді;
1.6. Мемлекеттік кәсіпорынның міндеттері бойынша, кәсіпорын мемлекеттің міндеттеріне жауап бермейді;
2. Кәсіпорынның қызметінің мақсаты мен нысаны.
Кәсіпорынның құқықтары:
2.1. Кәсіпорын тұрғындардың және халық шаруашылығының тауарға, қызметке деген сұранысын өтеу үшін, тұрғындардың қоғамдың пайдалы еңбекпен айналысуын қамтамасыз ету үшін және кәсіпорын жұмыскерлерінің тұрмыс деңгейін көтеру мақсатында құрылды;
2.2. Кәсіпорын құқылы:
- өз қызметін өзі жоспарлауға;
- өзінің филиалын және тағы басқа құрылмдық бөлімшелерін, заңға сәйкес ережелерін, жарғыларын бекітуге;
- ұзақ және қысқа мерзімдік кредиттер алуға;
- бағалы қағаздар шығаруға;
- сауда орындарын ашуға;
- өз өнімдерін, жұмысын, қызметін сатуға.
3. Басқару және бақылау органдары, олардың міндеттері:
3.1. Кәсіпорынның жұмысына басшылықты директор жасайды. Директорды құрылтайшы тағайындайды және қызметінен ала алады. Құрылтайшы мен директордың арасында келісім жасалады. Келісімде директордың құқықтары мен міндеттері, келісімнің мерзімі көрсетіледі;
3.2. Кәсіпорын директоры сенімхатсыз кәсіпорынның атынан жұмыс істей алады, өзінің жұмысында кәсіпорынның мүддесін қорғайды, кәсіпорынның мүлкін пайдаланады, келісімдер жасайды, сенімхат береді, банкілерде есепшот ашады, штатты бекітеді, бұйрық шығарады, Кәсіпорынның жұмыскерлерінің бәріне қатысты ңусқау береді;
3.3 Кәсіпорынның қызметіне бақылауды Құрылтайшы жасайды;
4. Пайданы бөлу және қор құру:
4.1 Кәсіпорынның мүлкі Құрылтайшының салымдары есебінен, шығарылған өнімдердің, жұмысты, қызметті, бағалы қағаздарды сатудан, банкіден алынған кредиттен тағы басқа заңды түсімдер есебінен алынады. Құрылтайшы_______ теңге көлемінде құрылтай капиталын құрайды;
4.2. Материалдық және оған теңестірілген шығындардан, соның ішінде еңбекке, банкілер мен бюджетке төленген төлемдерден қалған пайда мына қорларға бөлінеді:
- өндірістік даму;
- әлеуметтік даму;
- резервтік;
- басқа қорлар;
4.3. Кәсіпорын ақшалай қаржысын банкілердің есептік және басқа шоттарында сақтайды, кассалық және есептік операцияларды зандарда белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізеді;
5. Кәсіпорын жұмыскерлеріне кепілдеме:
5.1. Кәсіпорынның еңбек ұжымын оның жұмысын еңбек келісімі бойынша атқаратын барлық азаматтар құрайды;
5.2. Кәсіпорын жұмыскерлерді заңмен белгіленген көлемдегі минималды еңбекақымен қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің денсаулығы мен еңбеке жарамдылығына келтірген нұскан үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді;
6. Кәсіпорынды қайта құру мен жоюдың шарттары:
6.1. Кәсіпорынның қызметін тоқтауы оны жою немесе қайта құру түрінде жүзеге асырылуы мумкін;
6.2. Кәсіпорынды қайта құру мен жою:
- меншік иесінің еңбек ұжымымен келісімі бойынша;
- сот шешімі бойынша жасалады;
6.3 Кәсіпорын мынандай жағдайларда жойылады:
- банкрот болып танылғанда;
- сот құрылтай құттардын және кәсіпорында құру туралы басқа шешімдерді жарамсыз деп танығанда;
- заңмен қарастырылған басқа негіздемелерге байланысты;
6.4. Кәсіпорын қайта құрылғанда немесе жойылғанда жұмыстан босатылатын жұмыскергерге олардың құқықтары мен мүдделері заңға сәйкес сақталатынына кепілдік береді.
Cабақ 25
Тақырыбы: Құрылтай шарты
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды құрылтай шарты түрлерімен таныстыру. Бланктерге қойылатын талаптарды білу. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Құрылтай шарт түрлері туралы кіріспе әнгіме
2. Құжат үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Құрылтай шарты қандай кәсіпорындарда болатын құжат?
Құрылтай шарт құжатында қандай деректемелер қолданылады?
Құжаттың мәтінінде не жазылады?
Құжатқа кім қол қояды?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.Алматы.2001ж,
Тақырып бойынша қысқаша материал
ЖШС-тің қурылтайшылық құжаттары - қүрылтайшылық шарт пен жарғы. Егер серіктестік бір ғана тулға тарапынан қүрылатын болса қүрылтайшылық шарт жасалмайды. Мүндай серіктестік жарғы негізінде жумыс істейді. ЖШС-тің қурылтайшылық құжаттарын нотариат куәландыруы тиіс (Қәзақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 58-бабы 4 және 5-тармақтары). ЖШС-тің қурылтай құжаттарында осы Кодекстің 41-бабы 4 және 5-тармақта рында аталған мәліметтерге қоса әрбір қатысушының үлес мелшері туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына олар салатын салым мелшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салым салу жөніндегі міндеттерді бузғаны үшін қатысушылар жауәпкершілігі туралы ережелер, сондай-ақ заң қүжаттарында кезделген өзге де мәліметтер болуға тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 58-бабы 6-тармағы).
Серіктестік жарғысы - заңды тұлғаның қуқықтық жағдайын айқындайтын заңды қүжат. Жарғы негізгі қүрылтайшылық қүжат болып табылады. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілік бар серіктестіктер туралы» заңның 17-бабы 2-тармағына сәйкес Жарғыда серіктестік аты, орналасқан жері, қызмет ету мерзімі (егер ол құрылған кезде белгіленген болса), мүлкінің жасақталу тәртібі, пайданы бөлу мен шығынды өндіру тәртібі, серіктестік мүшелеріне және үлес иелеріне серіктестіктің қызметі туралы құжаттар мен ақпараттарды алуға рүқсат беру тәртібі, серіктестік мушелерінің қүқықтары мен міндеттері, ішкі қызметті реттеуге арналған құжаттарды бекіту тәртібі т.б. керсетілуі керек.
Серіктестік жарғысында қатысушылардың тізбесі беріліп, онда жеке түлғалардың аты-жөні, түратын мекенжайы және жеке басын куәландыратын қүжаттардың мәліметтері, заңды түлғалардың атауы мен орналасқан жері көрсетіледі.
Енді ЖШС қурылтайшылық шарты мен жарғысы схема түрінде қалай болатынын келтірейік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қурылтайшылық құжаттары
Бітті. Сізде жарғы (мемлекеттік тілде және орыс тілінде 3 дана етіп әзірленген, нотариат куәландырған), ЖШС-н құру туралы шешім (хаттама) бар. Енді Сіз мемлекеттік тіркеуден өту үшін жарна төлеп (кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін оның мөлшері 2280 теңгені құрайды), белгіленген форма бойынша арыз толтырасыз да, ЖШС-н тіркеуге арналған қужаттарды Әділет департаментіне тапсырасыз.
Бұдан әрі қалай әрекет ету керек, қай құжатты қалай толтыру қажет деген мәселелерді келесі кезекте әңгімелейтін боламыз.
Сабақ 26-27
Тақырыбы: Лауазымдық нұсқаулықтар
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Үйымдық, әкімдік құжаттар туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Лауазымдық нұсқау құжаты нені белгілейді?
Лауазымдық нұсқаулықтын мазмұндық балансы қандай түрде беріледі?
Құжаттың мәтінінде не жазылады?
Құжатты кім жасайды және кім бекітеді?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы. 2004ж.
Тақырып бойынша қысқаша материал
Лауазымдық нұсқаулық кәсiпорын қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайын, қызметтерiн, құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi. Жақсы жасалған, тәжiрибеде сыналған құжат үмiткердi лауазымды қызметке таңдауда жақсы бағдар болады. Соған қоса ол үмiткерлердi аталған лауазымға алуда келiсiм-шарттардың көлемiн елеулi түрде қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Тиiмдi басқарi жұмысы лауазымды адамның қызметi мен сол қызметтi жүзеге асырудағы мүмкiндiктерiнiң тепе-теңдiгi арқылы мүмкiн болады.Лауазымдық нұсқаулықтың тепе-теңдiгi мынаны бiлдiредi. Лауазымға тек оларды орындауды қамтамасыз ететiн құралдар арқылы орындалатын қызметтер ғана берiледi. Соның өзiнде құқықтары мен мiндеттерi өзара теңестiрiлуi керек, яғни әрбiр мiндеттеме белгiлi бiр құқықпен қамтамасыз етiлуi қажет және әрбiр құқық тек белгiлi бiр мiндеттемелердiң арқайсында жүзеге асырылуы тиiс. Жауапкершелiк көлемi мен билiк көлемi десолай сәйкестендiрiлуi қажет, яғни, бiр нәрсеге жауапкершiлiк соған сай билiк көлемiмен қамтамасыз етiлуi керек және керісiнше.
Лауазымдық нұсқаулықтын мазмұндық балансы кесте түрінде былай беріледі:
ҚЫЗМЕТТЕР ҚАРАЖАТТАР
МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҚҰҚЫҚТАР
ЖАУАПКЕРШІЛІК БИЛІК
Лауазымдық нұсқаулық мәтініне ең алдымен «Жалпы ережелер» кіреді. Оңда маманңың қызметаясы, оны тағайындау, ауыстыру және босату тәртібі белгіленеді, квалификациялық талаптар анықталады. Сондай-ақ ол кімге бағынатыны, кімді басқаратыны айқындалады. Бөлімде маман өз жұмысында басшылыққа алуға тиіс заң актілері көрсетіледі.
«Қызметтері» бөлімі маманның қызметінің бағыттарын анықтайды.
«Лауазымдық міндеттемелері» бөлімінде маманның нақты міндеттері, оның басқару процессіне қатысу түрлері санамалап көрсетіледі.
«Құқықтары» бөлімінде маманның өз міндеттемелерін орындауға қажетті құқықтары анықталады.
«Жауапкершілік» бөлімі өз міндеттемелерін сапасыз және өз мезгілінде орындамағаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
«Лауазым бойынша байланыстар» бөлімінде хабар алмасу мен қызметтік өзара қатынастар шеңбері, құжаттардың жүргізілу тәртібі белгіленеді.
Лауазымдық нұсқаулықты бөлімшенің басшысы жасайды және кәсіпорынның директоры бекітеді.
ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ТАПСЫРМА
ЗАДАНИЕ ДЛЯ ПРАКТИЧЕСКОЙ РАБОТЫ
1.Құжат үлгісінде берілген лауазымдық нұсқаудың мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2. Құжат үлгісін ДК-де рәсімденіз.
Сабақ 28-29
Тақырыбы: Штат кестесі
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Үйымдық, әкімдік құжаттар туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Штаттық кестеде не анықталады?
Штаттық кестеде қандай деректемелер қолданылады?
Құжаттың қандай бөлімдері бар, олардың мәтінінде не жазылады?
Штат кестесі құжатында не көрсетіледі?
Штат кестесіне кім қол қойып бекітеді?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы. 2004ж.
Тақырып бойынша қысқаша материал
Штат кестесі
Кәсiпорынның құрамы, сандық құрамы, бiрiншiден, «Құрылым және штат саны» деген құжатта бекiтiледi. Құжаттардың мәтiндiк белгiсi кесте түрiнде орындалады. Онда кәсiпорынның барлық құрылымдық бөлiмшелерi, оларға кiргiзiлген қызмет түрлерi және әр қызмет түрi бойынша штаттық түлғалар саны көрсетiледi.
Құжат кәсiпорынның (лауазымдық және сандық құрамы, жалақы) бланксiнде жасалып, оған басшысының орынбасары қол қояды, бас есепшiмен келiсiлiм, бiрiншi басшы бекiтiледi.
Кәсiпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетiлiп, «штат кестесiнде» бекiтiледi. Ол кәсiпорынның бланкiсiнде толтырылып, қызмет түрлерiнiң тiзiмi, штаттық түлғалардың саны, қызметақысы, қосымша ақы және жалақының айлық қоры туралы мәлiметтердi бередi.
Штат кестесiне кәсiпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшi мен келiсiле отырып, кәсiпорынның басшысы бекiтедi. Бекiту белгiсiнде кәсiпорынның жалпы штат саны, еңбекақының айлық қоры көрсетiледi.
Бүл аталған құжаттарға тек басшысының бүйрығы мен өзгерiстер енгiзiледi.
ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ТАПСЫРМА
1.Құжаттардың үлгілерінің мәтінін оқып, қазақ тіліне аударыңыз.
2.Құжат үлгісін ДК-де рәсімденіз.
|
УТВЕРЖДАЮ
штат в количестве 6 единиц с месячным фондом
заработной платы 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге
директор с/х «Тулпар»
_____________ Д.М. Иренова
00.00.00
|
Достарыңызбен бөлісу: |