Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет22/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
14
семантикалық өрісті жүйедегі сөздердің әр түрлі деңгейлерінің өзара мәндік қиылысуы
байланыстары негізінде пайда болған сөздердің топтасуы деп ұғады. Сөз адамның шындық дүниедегі 
заттар мен құбылыстармен қарым-қатынас жасаудағы таным-тәжірибесін танытады. Соған орай 
сөздердің табиғатын тек қана тіл бірліктері ретінде ғана емес, сонымен бірге психологиялық 
үдерістер: қабылдау, ес, ойлау және т.б. деңгейде алып қарастыру қажет [7, 53]. Есте адамның барлық 
білім деңгейінің құрылымы мен қоймасы т.б. жұмыс тәртібі туралы ақпарат сақталады. Ес - тек қана 
ақпаратты сақтаушы ғана емес, сонымен бірге алынған мәліметті қайта өңдеуші. Ал лексиканы ойлау 
үдерісі тұрғысынан қарастыру психолингвистика пәнінің аясына жатады, мұнда тіл психикалық 
феномен ретінде қарастырылады. 
Л.В. Сахарный психолингвистиканың негізінде жатқан үш ұстанымды атайды. Соның ішінде 
негізгісі – адам факторы. Расында да жеке, нақты бір адамның факторы: оның есінің дұрыстығы, жас 
ерекшелгі, жеке тәжірибесі, мақсаты және т.б. сөйленім сипатын ғана емес, тілдің де ерекшелігін 
танытады. Тыңдаушы мен сөйлеушінің факторы нақты қарым-қатынас жүретін бір ситуацияның 
болуына әкеліп соқтырады. Үшінші фактор адам мен ситуациялық фактордан кейінгі тілдің 
құрылымдық жағы түзілетін – эксперимент факторы [8, 8].
Психолингвистика – бұл экспериментальды ғылым, дәстүрлі лингвистика байқау әдісі арқылы 
дайын мәтінді тексерсе, психолингвистика сол мәтіндердің құрылымдық жағынан түзілу үдерісін 
тәжірибе жүргізу арқылы анықтайды. Мұнда ең бастысы, тілді адамнан бөліп қарау емес, керісінше, 
тілдің адамның сөйлеу қызметінде қолданылуы. Психолингвистика дәстүрлі тілтанымда жинақталған 
теориялық материалдарды жоққа шығармайды, керісінше, оны өз тәжірибесінде пайдаланады. Ол 
қарастыратын басты, маңызды мәселелердің бірі – адамның сөздік қорының түзілуі. Ең алдымен, 
адамның тілді қолданудағы психологиялық іс-әрекеттердің жұмысын қарастыру, яғни адам не себепті 
сөзді түсінеді, неліктен кез келген сөзді айту арқылы оған сол мезетте жауап бере алады – міне, осы 
сұрақтардың жауабын сөздік қордың реттелуі, тәртібі, жүйесінен іздеу керек. 
Сөздік қор (лексикон) белгілі бір тәртіпке келтірілген жүйе, онда алынған ақпарат сұрыпталып, 
екшеліп, орын-орнымен орналасқан. Сондықтан қажетті ақпарат өте оңай алынады. Тілші-ғалым
Е.С. Кубрякованың айтуына қарағанда бұл жүйенің негізінде ассоциациялар жатыр. Бірақ 
ассоциациялар бір сөзде әртүрлі болуы мүмкін [9, 99]. Дж.Диз ассоциациялық байланыстарды 
лексиконның қалыптасуының негізі ретінде түсініп, жеке тұлғаның жеке сөйлеу тәжірибесіне сүйене 
отырып қарастыруды ұсынады. Ғалым ассоциациялардың пайда болу процесі адамның когнитивтік 
қызметін қамтамасыз етеді дейді [10, 43]. Ассоциациялар туралы жаңа көзқарастар экспериментальды 
зерттеулердің пайда болуына әкелді. Мұнда адамның лексиконының ішкі құрылымын тексеру, 
айқындау қолға алынады. Еркін ассоциацияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын 
эксперимент сөздердің бір-бірімен байланысын, адам санасында орналасу тәртібін зерттейді. Оның 
мәні: адам оған берілген стимул сөзге есіне бірінші түскен сөзбен немесе сөз тіркесімен, нақты 
айтқанда, реакция сөзбен жауап беру керек. Сол мезеттегі адам санасында болып жатқан 
байланыстар, құбылыстар ассоциациялық сипатқа ие болады.
Ассоциациялық қатарлар әрбір адамда әр түрлі, яғни адамның дүниетанымы, оның тіл 
қолданысындағы атаулар құрылымы мен олардың арасындағы қарым-қатынастарға байланысты 
жеке, ерекше болады. Ассоциация сипатына сол адамның жасы, жеке басындағы ерекшеліктері, 
географиялық жағдайлары, мамандығы, және т.б. әсер етеді. Ал ұлттық ұжымдық сана немесе 
этностық санада ассоциация тұрақты болады, өйткені сөздер арасындағы байланыс ұдайы 
қайталанып отырады.
Тіл біліміндегі концептілік мәнге ие доминанттар ұлттық танымдық қорда орын алатын мәдени 
ақпараттық мазмұнға ие тілдік таңбалар жүйесі болып табылады. Олар ақиқат дүние мен бейақиқат 
дүние фрагменттерін адам санасында ұялатушы объективті басты тілдік құрал. Поэтикалық 
контекстегі концептілердің көркем бейнеленуі ұлт дүниетанымында когнитвтік модель 
қалыптастыратын символдық, когнитологиялық, ассоциациялық ерекшеліктерді көрсетеді. 
Тілдік жүйедегі сөз өзінен басқа сөздермен ассоциативтік байланыста болады. Олар тілді 
қолданушылардың санасында бір-бірімен тығыз байланысты элементтердің бірлігі немесе қарама-
қарсы мағынадағы қатынастар түрінде сақталады. Бұл бірлікке немесе тұтастыққа бір грамматикалық 
класқа кіретін сөздер жатады. Сөйлеушінің санасындағы сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасының 
сипаты парадигматикалық ассоциациялардан анық байқалады.
Парадигматикалық қатынастарға: синонимия, антиномия, гипперонимия, гипонимия жатады.
Ф.де Соссюрдің айтуынша ассоциациялық байланыс тек қана бір-бірімен парадигматикалық 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау