Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет206/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
181
жылдары «Ғасырдан да ұзақ күн» романына бір тарауы ретінде жазылған «Шыңғыс ханның ақ 
бұлты» туындыларына ортақ нәрсе – ел жадында аңыз болып сақталған оқиғаларды көркемдік әлемде 
жаңғыртып, сол аңыз кейіпкеріне айналған тарихи тұлғаның қат-қабат күрделі болмысын – даңқты 
қолбасылық және, одан да гөрі басымырақ көрінетін пенделік бейнесін таныту ұстанымдары. Яғни 
«нақты тарихтың» «ойдан шығарылған тарихқа» ұласатын тұсы осы өзіміз атап көрсеткен шығар-
малар. Бұл жерде нақты тарихи деректер мен оқиғалар көркем әдебиет материалының негізіне қалай 
арқау болса, аңыз да сондай деңгейде өзек болар алатынын айту керек. Фольклортанушы ғалым, 
академик С.Қасқабасов тұжырымдағандай, «Аңыздың түпкі мазмұны өмірдің танылған бір фактісі 
болып келеді. Әрине, ауыздан ауызға, біреуден біреуге айтылып жүргенде бұл фактінің кейбір де-
тальдары, болмаса ол туралы жалпы хабар өзгеріске ұшырауы мүмкін, тіпті кейде жалған болып шы-
ғуы да ықтимал» [6]. С.Қасқабасовтың бұл тұжырымының шындығы Әбіш Кекілбаевтің «Ханша-да-
рия хикаясы» повесінің эпиграфына алынған мына өлең (авторы – Е.Ібітанов) жолдарынан көрінеді: 
Бұл өзі әлде шындық, әлде өтірік, 
Ақиқатын білетін адамдарды 
Жіберген уақыт өзі көрге тығып... 
Қазіргі әдебиеттануда көркем туындыны интермәтінді талдау әдісіне де көп назар аударылатыны 
белгілі. Бұл талдау ұстанымдарына жүгінсек, шығарма эпиграфы парамәтінділік ұғымының аясына 
кіреді. Интермәтінді талдау әдісі ұстанымы тұрғысынан келгенде, «мәтін ішіндегі мәтін» бірнеше 
топқа жіктеледі де, оның ішінде парамәтінділік дегеніміз – мәтіннің атауына, соңғы сөзіне және 
эпиграфына өзге мәтін фрагменттерінің алынуы. Жерар Женетт: «Парамәтін дегеніміз мәтіннің кітап 
болу мүмкіндігі және осы тұрғыдан жалпылама мағынада алғанда оқырманға ұсыну. Парамәтін 
мәтіннің шекарасы немесе тосқауылы емес, керісінше шығармаға ену табалдырығы, Борхестің 
сөзімен айтсақ, «вестибюль» тәрізді, мәтін әлеміне енетін, я болмаса, қайта шығып кететін орын 
сияқты», – деп түсіндіреді [7]. 
Парамәтінділік ретінде түсіндірілетін эпиграфтың шығарма үшін маңызы ерекше екенін 
Ә.Кекілбаев повесіне алынған эпиграфтың бірінші жолынан-ақ аңғарамыз. Повеске арқау болған – 
тарихи негізі бар аңыз. «Аңыз анасы – шындық» дегенде, бұл оқиғаның шындығы – Шыңғыс ханның 
тарихи тұлға екендігі, оның ұлы жорықққа шығып, әлемнің біраз елдерін жаулап алғандығы. Ал, дәл 
осы оқиға дәл осы қалпында болды ма – ол анық емес. Сондықтан да суреткер «бұл өзі әлде шындық, 
әлде өтірік» деп басталатын өлең жолын шығарма «әлемінің» табалдырығынан ене бергенде-ақ 
алдымыздан көлденең тартады. Яғни «шығармаға ену табалдырығында» ескерту тұр.
Көркем әдебиеттегі Шыңғыс хан бейнесі бірсыпыра зерттеулерге арқау болғаны белгілі. Әлем 
және қазақ, қырғыз әдебиетінде бұл тарихи тұлғаның болмыс-бітімін сомдаған қаламгерлер өз 
көркемдік әлемінің Шыңғыс ханын бейнеледі. Ұлттық әдебиетімізге тоқталар болсақ, Шыңғыс хан 
образы Ә.Кекілбаевтің «Ханша-дария хикаясынан» басқа М.Шахановтың «Жазагер жады 
космоформуласы және Шыңғысханның пенделік құпиясы», М.Мағауиннің «Шыңғыс хан» романы 
жазылды. Бұл үш автордың Шыңғыс хан тұлғасын тануы және танытуы бірдей емес. Нарративтілік 
арқылы бір қаһарман әр қалыппен көрінеді. Ә.Кекілбаевтің «Ханша-дария хикаясы» мен әлемге 
танылған қырғыз қаламгері Шыңғыс Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлты» повесі – даңқты 
қолбасшының көркем бейнесін жасауда бір-біріне үндес келген шығармалар деуге болады. 
«Эпикалық баяндауға кіріскенде, автор өзіне тарихтан мәлім материалдарды ұсынады... Ол эпикалық 
баяндаудың субъектісі ретінде қатысатын тарихи немесе ойдан шығарылған тұлғаларды жаңаша 
бітіммен таныта алады не оның ролін белсенді әрекетке бейімдейді» деп жазады зерттеуші Қ.Нұрғали 
[8]. Ә.Кекілбаев повесінің өзегіне алынған – тарихи тұлғаға қатысты бар таңғұт аңызының желісі.
Одан бөлек кейбір шығармаларда мифтік сарындар, образдар бір-бірімен үндесіп жатады. 
Мысалға айтар болсақ М.Ысқақбаевтың, А.Мекебаевтың, Т.Ахтановтың, А.Алтайдың мифтік 
сарындағы шығармаларынан ортақ сарын, ортақ ой, кейде кейіпкерлерді де байқауға болады. 
М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз» повесін фольклорлық таным пайымы сарынында жазылған 
жасампаздық мифке жатқызуға болады. Бұл мифтік повесте Тәңірі екі періштесін кезек тыңдап, 
ғаламда болып жатқан өзгерістерді солардың шар айналарынан қарап біліп отырады. Анда-санда 
жерге қарап, әуелде адамзат атаулы Адам ата мен Хауа ананы пейіштен қуғанда екеу-ақ еді, қазір 
ұзын саны бірер мың болыпты деп ой түйеді. Жалпы алғанда фольклорлық санамызға берік орын 
тепкен, қазіргі прозада ұлттық негізбен байланыстырылатын рухани байлығымыздың бір қайнар көзі 
мифтер екені анық. Қазіргі қазақ прозасындағы миф – бұл өте таңғажайып сан қырлы құбылыс. 
Ғалым С.А. Қасқабасов «Қазақтың көне мифінде болуға тиісті ілкі ата – демиург бейнесі Тәңір 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау