|
Bulletin «Филология ғылымдары» сериясыfile20200121044531 (1)
ТІЛ ҚҰРЫЛЫМЫН МОДЕЛЬДЕУ
Аңдатпа
Мақалада тіл құрылымын модельдеудің жолдары талданған. «Өлшем» деген мағынаны білдіретін «модель»
термині ғылым салаларында әртүрлі мағынада қолданылады. Модель деп бір заттың үлгісін немесе сол заттың
өзіне ұқсас жасанды (кішірейтілген, үлкейтілген) түрлерін айтады. Ал модельдеу дегеніміз бір нысанның екінші
нысанның орнын басып, сол арқылы түпнұсқа нысанның аса маңызды қасиеттері туралы ақпарат алу. Яғни
модель – түпнұсқаның екінші бейнесі. Егер түпнұсқа мен модельдің арасындағы сәйкестіктер сай келіп жатса,
модельді дәлелді деп санауға болады. Модель неғұрлым түпнұсқаға сәйкес болса, соғұрлым ол шындық
жағдайдың үлгісі ретінде қабылданады. «Модель» терминінің тіл білімінде қолданылуы оның математикадағы
қолданысына ұқсас болып келеді. Тіл құрамында модельдеуге көнбейтін жайттар да кездеседі. Модельдеудегі
негізгі қиындық тудыратындар да солар. Лингвистикалық модель зерттеу нысанының қасиеттерін бойына
сақтай алуы қажет. Теориялық жағынан алғанда модель мәтіннің ұзындығына да, сөйлемдер санына да шек
қоймайды. Кез келген лингвистикалық модель математикалық терминдермен, ал оның түсінігі тілдік
терминдермен бейнеленеді. Мақалада осы мәселелер ғалымдар зерттеулері негізінде кеңінен талданып, жан-
жақты қарастырылған.
Түйін сөздер:
модель, математикалық, үлгі, түпнұсқа, сәйкестік, мәтін, ақпарат
«Модель» термині латынның «modulus» деген сөзінен шыққан, мағынасы – «өлшем». Модель сан
алуан болады, тіпті бір ғылым саласының ішінде де «модель» терминін әртүрлі мағынада қол-
данылады. Модель деп бір заттың үлгісін айтады немесе сол заттың өзі сияқты ұқсас түрлі (кіші-
рейтілген, үлкейтілген немесе табиғи өлшемінде, түрінде, мысалы, ұшақтың моделі немесе алмастың
кристалдық торының моделі) жасандыны айтады [1, 27]. Ал модельдеу дегеніміз бір нысанның екінші
нысанның орнын басып, сол арқылы модель – нысанның көмегімен түпнұсқа – нысанының аса
маңызды қасиеттері туралы ақпарат алу. Яғни модель – түпнұсқаның бейнесі. Егер түпнұсқа мен
модельдің арасындағы сәйкестіктер сай келіп жатса, модельді дәлелді деп санауға болады.
Модель – тұрпат пен мазмұнның бірлігі, ол – түпнұсқаға барынша сәйкес келетін сызба деуге
болады. Ондай сызбалар әр ғылым саласының өзіне тән ерекшелігін білдіреді және олардың жалпы
ережелері бәріне ортақ [2, 16].
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|