Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет143/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   361
file20200121044531 (1)

Жазықтық, кеңістік, 
сандық, ұзындық, нөлдік т.б. 
1 -ғыш,- гіш 
айыр/ғыш, бөлін-гіш,бөл-гіш 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
119
Қысқасы, морфологиялық жолмен жасалған терминдер қазіргі қазақ тіліндегі математика 
терминдері жүйесінен елеулі орын алады. Бұл 
– 
қосымша арқылы сөз жасаудың яғни термин 
жасаудың негізгі көзі екендігімен түсіндіріледі.
Қазіргі қазақ тілінде терминжасаудың үлгілері мол. Солардың бірі – сөздерді тіркестіру арқылы 
термин жасау. Мысалы: 
алгебралық өрнек, кері шама,бұрыш төбесі, жазық толқын, сандық өрнек, 
қалдықпен бөлу, ондық бөлшек, жай бөлшек,тақ сан,кері сан, бөлшек сан, теріс сан, оң сан, бүтін 
сан т.б.
Терминтанушылар әр түрлі еуропа тілдерінің терминологиясының 60%-дан 95%-ға дейін құрап, 
дара терминдерден әлдеқайда басым екенін атап көрсетіп жүр. 
70-жылдары жазылған М.И. Макованың ғылыми мақаласында ағылшын тіліндегі сөздердің тірке-
суі арқылы жасалған терминдер терминологияның 70 пайызын құрайтынын көрсетсе, З.М. Осипенко 
кандидаттық диссертациясында орыс терминологиясындағы тіркесті терминдердің терминқордың 62-
77 пайызын құрайды деп көрсетеді. В.Н. Прохорованың да орыс тіліндегі синтаксистік жолмен 
жасалған терминдер туралы пікірі сол алдыңғы ғалымның тұжырымын растай түседі. Ол 
«Терминжасамда синтаксистік тәсіл өте белсенді түрде жұмсалады. Орыс тіліндегі термин жасаудың 
бұл дәстүрлі тәсілі қазір де ең өнімді тәсілдердің бірі болып табылады» – деп көрсетеді [4, 20]. 
Бұл тәсіл қазақ тілінде де өнімділігімен ерекшеленеді. Олай болуының себептері арнайы зерттеуді 
қажет етеді. Алайда кейбір себептері туралы қазірдің өзінде айтуға болады деп ойлаймыз. Бір себебі – 
біздің терминологиялық лексикамыздың құрамындағы көп компонентті терминдердің басым бөлігі 
орыс тілінен тікелей аударылып алынған. Оған кез келген арнаулы саланың терминологиясынан 
мысал келтіруге болады. Мысалы, 
алгоритмді сан, итерацияланған ядро, натурал сан, функционалды 
теңдеу, параменрм теңдеу,рационал теңдеу, квадрат теңдеу
т.б.
 
Тек терминологияда емес, қазақтың жалпыхалықтық тілінде де сөзтіркесімнің өнімді тәсіл 
болғандығын сөзжасам саласын зерттеген тіл мамандары атап көрсетеді. «Сөзтіркесім – жаңа сөз 
жасаудың ең өнімді жолы. Қазақ тілінде зат немесе құбылыстың атын тіркестіріп атау жиі ұшырайды. 
Бұл сөздер аталым дәрежесіне жеткен сөздер. Егер сөз тіркесі лексикалық тұтастыққа айналып, 
аталым дәрежесіне ие болса сөз тіркесі қызметін тоқтатады. Мұндағы басты қасиет – ұғымның атауы 
дәрежесіне жетуі». 
Математика терминдерінің басым көпшілігі осы тәсіл арқылы жасалады. Мысалы, 
дұрыс 
бесбұрыш, туынды жиын, жарты шар, дөңгелек ауданы, іштей сызылған шеңбер, өстік сызық, 
орталық еселік, сызықтық қабықша, ашық, сәуле, бірлік дөңгелек т.б.
Қарастырғалы отырған тәсіл жалпыхалықтық тілдегі сөздердің мағынасымен тығыз байланысты. 
Жалпы тіл біліміндегі сөзжасамның осы тәсілі сөздердің сыртқы түрі өзгермей, оның мағынасының 
өзгеруімен сипатталады. Бұл мәселе көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Атап 
айтсақ, Ғ.Ғ. Мұсабаев, М.Оразов және т.б. 
Терминнің мағынасы барынша танымал болмай, ол жалпы қолданысқа ене алмайды. Егер 
мағынасы танымал болса, онда ол жалпы қолданысқа өтеді. Мысалы, Дөнгелек, шеңбер, қисық, 
бұрыш, өлшеу, есеп, ұзындық, бөлу, өрнек, шама т.б. Сөйте тұра өзінің бұрынғы терминдік мағы-
насын сол терминологиялық жүйеде сақтайды. Терминология жалпы тілдің даму процестері мен 
заңдарынан тыс дамымайды. Сондықтан болар терминологияда да жалпы сөздерге тән лексика-
семантикалық процестер іске аса алады. 
Ойымызды жинақтай келе, терминдердің табиғатын ашу үшін оның сөздік жағы мен ұғымдық 
жағын бірлікте қарастырған жөн дегіміз келеді. Өйткені кез келген ғылыми ұғым термин арқылы 
белгіленеді. «Ал термин – сол ғылыми ұғымның тілдегі (терминологиядағы) көрінісі» болса, ұғым 
айқындалмай – термин, термин айқындалмай – ұғым болмайтынын мойындау қажет. 
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі деп – ешқандай жұрнақсыз-ақ, ешқандай сөз 
біріктірусіз немесе сөз тіркестірусіз-ақ жаңа сөз жасауды айтамыз. Бұл қазақ тілінің байырғы сөздері 
мен ертеде енген араб, парсы сөздерінің арнайы жаңа терминологиялық мәнде жұмсалуы болып 
табылады. Әлгі жаңа қызмет сол байырғы сөздер мағыналарының бірінің негізінде өріс алады. 
Мұндай жағдайда сөзжасамның қайнар көзі – тілімізде бұрыннан қолданылып келе жатқан 
2 -қыш, -кіш 
көрсет/кіш,азайт-қыш 
3 -лық, -лік 
ара/лық, 
4 -дық, -тық 
Жазық-тық, кеңіс-тік, сан-дық, ұзын-дық, нөл-дік,тең-дік 
5 -ыш,-іш 
құрау/ыш, санау/ыш,



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау