Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
116
Морфологиялық жағынан сын есiмдер түрленбейтiн сөз табы болып табылады да, ол шырай
тұлғаларындағы сын есiмдердiң түрлену жүйесiне емес, тек оның бiр ғана мағыналық тобы сапалық
сындарға ғана тән. Шырай категориялары затқа, құбылысқа байланысты бiртектес сынның, сапалық
белгiлердiң, түр-түстiң, сапалық сипаттың артық я кемiн немесе тым артық я тым кем екенiн
бiлдiретiн белгi қосымшалар үстелу немесе басқа тәсiлдердiң жүйелi жолдары арқылы жасалатын
сапалық сын есiмдердiң парадигмалық түрi.
Түркі тілдеріндегі сын есімнің түрленбейтіні сияқты, оның шырай қабылдау қасиеті бар. Ол сын
есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін белгісі. «Шырай тұлғалары жалпы сын есімнің сөз табы
ретіндегі түрлену тұлғасы емес, бір ғана мағыналық тобының семантикалық сипатын көрсететін
лексика-грамматикалық тұлғалану көрсеткіші болып табылады»
9, 39
.
Шырай жұрнақтары қатыстық сын есiмдерге жалғанбайды. Десек те, кейбiр туынды сын есiмдер
шырай жұрнақтарын қабылдайды. Бiрақ ондай қатыстық мәндегi туынды түбiр сөздердiң бiразы
семантикалық өзгерiске ұшырауының
салдарынан сапалық сипатты, мәндi бiртiндеп бiлдiре
бастауының нәтижесiнде сапалық сын есiмдерге ауысады
10, 66
.
Сын есiмдер заттың сыр-сипатын, әр алуан белгiсiн, қасиеттерiн тiкелей де, басқа заттарға
қатынасы арқылы да бiлдiредi. Қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімдер семантикалық мағыналары мен
грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық сын және қатыстық сын деп екі түрге бөлінеді.
Дәстүрлi грамматикаларда сын есiмдердi сапалық және қатыстық
сындар деп бөлу осы негiзге
сүйенетiнi анық. Сапалық сын есімдер заттың, құбылыстың тұрақты қасиеттерін білдіріп, аталмыш
сөз табының негізгі ұйтқысы болып табылады. Қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарына жұрнақ
жалғану арқылы жасалады. Заттың әр түрлі белгілеріне қатысты сындық ұғымды білдіреді.
Тiлiмiздегi сын есiмдердi мағыналық жағынан топтастырғанда олардың семантикалық және грам-
матикалық қырларын негiзге аламыз. Себебi, сөздердi топтастырғанда олардың лексика-семантика-
лық және грамматикалық жақтары қарастырылады. Сөздердi топтастыру принциптерi мен сын есiм-
нiң жiктелуi арасында өзара ұштастық, қарым-қатынас бар. Тiлдiк зерттеулерге жүгiнсек, сын есiмдер
арасындағы грамматикалық ерекшелiк олардың семантикалық топтарына байланысты болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Севортян Э.В. К проблеме частей речи в тюркских языках // Вопросы грамматического строя. – М.: Изд.
АНСССР, 1955. – 482 с.
2 Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1975. – 176 б.
3 Боровков А.К. Учебник уйгурского языка. – Ленинград: Изд. ЛГУ. 1931. – 47 с.
4 Жирмунский В.М. О природе частей речи и их классификации. Сб. «Вопросы теории частей речи». –
Ленинград, 1958. – С.28-31.
5 Батманов И.А. Части речи в киргизском языке. – Фрунзе, 1936. – 53 с.
6 Кононов А.Н. Грамматика узбекского языка. – Ташкент, 1948. – 230 с.
7 Шәкенов Ж. Қазiргi қазақ тiлiндегi сын есiм категориясы. – Алматы: Қазмемоқупедбас, 1961. – 7 б.
8 Смирницкий А.И. Морфология английского языка. – Москва: Наука, 1959. – 439 с.
9 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Қаз ССР ҒА басп., 1951. –
91 б.
10 Боранбаев С.Р., Нұрлыбаев Н.М. Түркі тілдеріндегі лексикалық сәйкестіктердің ғылыми-теориялық
негіздері // Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы «Филология ғылымдары» сериясы. – 2016. – №1 (55). – Б.16-19.
А.А. Шойбекова
1
, Н.Ш. Базарбекова
2
, С.Тлеубаева
3
1,2,3
Южно-Казахстанкий государственный университет им. М.Ауэзова,
г. Шымкент, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: