Самолеттен түскен Дәулет пен Масақбайды
күтушілер, әсіресе, Сырбай тани алмай қала жаздады
(С.М.).
2.
Қорқатын я қорықпайтын объект затты көрсетеді, сол затқа шығыс жалғауы жалғанады.
Мысалы:
- Уа, кет, жоғал! Құдайдың көрін көріп болған Қодар Құнанбайдың көрінен қорқар деп пе
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
35
ең? Жоғал әрман! – деп, айдап жіберген
(М.Ә.)
.
3.
Заттың неден істелгенін, тегін көрсетеді. Мысалы:
Түлеген бұғының терісінен істелген ішікті
жамылып, пеш жағындағы ағаш текшенің үстінде шал жатыр
(М.Сибиряк).
4.
Заттың, адамның белгісін көрсетеді. Мысалы:
Қызын қабағынан танитын анасы оның ойын
білген жоқ
(Ғ.М.).
5.
Бөлшектелетін бүтінді көрсетеді. Мысалы:
Бір бақаннан бір қазық шығара алмады
(Ғ.Мұст.).
6.
Жай-күйді білдіреді. Мысалы:
Қарт науқасынан айықты
(Ғ.С.).
7.
Қимылдың қарқынын, барысын көрсетеді. Мысалы:
Сақай ал деп озғаннан озуда
.
8.
Істің мезгілін, шағын көрсетеді: Мысалы:
Ахмет жасынан ұсталықпен кеткен адам
(Ғ.Мұст.).
9.
Қимылдың сипатын көрсетеді. Мысалы:
Дәулет үндеместен жүгіре берді
(С.М.).
10.
Істің тездігін көрсетеді. Мысалы:
Дулат Абайға салғаннан ұнады
(М.Ә.).
11.
Істің, заттың мөлшерін көрсетеді. Мысалы:
Осы қыста қой өлтірмей аман шығарып, қозыны
жүз қойға жүз он бестен беріспек
(М.Ә.).
12.
Бағытты, ниетті көрсетеді. Не керісінше. Мысалы:
Айтқанынан қайтпайтын Жақып
ұсынысын қайтып алды
(Ғ.М.).
13.
Салыстыру мәнін білдіреді. Мысалы:
Өлімнен ұят күшті
(Мақал).
14.
Істің себебін көрсетеді. Мысалы:
Ол тым қауырт жұмыспен жүргендіктен аялдамады
(М.Ә.).
15.
Істің, заттың істелу тәртібін білдіреді. Мысалы:
Үштен, төрттен, бес-алтыдан шоғырланған
ел кісілері, қала халқы
(М.Ә.).
16.
Әдетті, дағдыны білдіреді. Мысалы:
Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты
іздемеу – ой мешеулігі
(Ғ.М.).
17.
Қимыл объектісін білдіреді. Мысалы:
Қарын тасқа түнгі жортуылдан таң ата кеп жатқан
түлкі дәл үстінен түспесе, қаша да қоймайды
(М.Ә.).
18.
Адамның қабілетін білдіреді. Мысалы:
Олардың жұмыс істеуге жағдайы бар, әрі жұмыс
істеу қолдарынан келеді
(Ә.Ә.).
Шығыс септік тұлғасында берілген сөздердің барлығы да жанама толықтауыш қызметінде
келмеген. Мұндағы жанама толықтауыштардың орынды, мекенді, маңайды көрсететіндігі күмән
тудырады. Алайда 1-мысалдағы “самолетпен” сөзіне қайдан? деген сұрақ қоя алмаймыз. Бұл жерде
мекендік мәнді білдіретін зат есімдер мен заттық мәндегі зат есімдердің мағыналық ерекшеліктерін
ажыратып алу керек. Мекендік мәндегі “көк” (көктен түсу), “үй” (тұратын мекен-жай мәнінде), жер
(жерден шығу), аудан, облыс, Алматыдан т.б.зат есімдер мен мекен үстеулер қайдан? деген сұраққа
жауап беріп, сөйлемде мекен пысықтауыштың қызметін атқарып тұрады. Ал “машина”, “самолет”,
“ат”, “поездан”, “арбадан” деген зат есімдер неден? сұрағына жауап беріп, жанама толықтауыш
болады. Себебі бұл сөздердің мекендік емес, құрал, заттық мәні басым. Сол себепті аттан – қайдан? –
түсті, арбадан қайдан?, есектен – қайдан? түсті деп айта алмаймыз. Жанама толықтауыштың шығыс
септік тұлғасында келіп, қорқатын я қорықпайтын объектіні көрсетуі “қорқу” етістігімен, я болмаса
осы сөздің “төбе шашы тік тұрды”, “зәресі зәр түбіне жетті” деген сияқты синонимдік түрлерімен
тікелей байланысты болса керек. Бұл жерде оны -дықтан, -діктен себеп пысықтауыш жасайтын
қосымшалармен шатыстырмау керек.
Қазақ тілінде, сондай-ақ, шығыс септікті толықтауыштық қатынаста келген етістікті сөз
тіркестерінің ішкі мағыналық парадигмасы мынадай модельдер арқылы көрсетіледі:
1.
Заттың жасалған тегін көрсетеді –
бетоннан жасалған
– S/6 + V т.б.
2.
Орынды, мекенді, маңайды көрсетеді –
самолеттен түскен
– S/6 + V т.б.
3.
Заттың, адамның белгісін көрсетеді –
даусынан таныды
– S//6 + V т.б.
4.
Бөлшектенетін бүтінді көрсетеді –
жүзден жиырма бес
– Num/6 +Num/А.с./ т.б.
5.
Жай-күйді білдіреді –
дерттен жазылған
– S/6 + V/ес/т.б.
6.
Салыстырылатын затты көрсетеді –
ойынан ісі шапшаң
– S/тәу/6 + S/тәуІІІ6/ + Adj т.б.
7.
Адамның қабілетін білдіреді –
қолынан келеді
– S/тәуІІІ/6 + V т.б.
Шығыс септік парадигмасының ішкі мағыналық мүмкіншілігін осымен бітті дей алмаймыз. Бір
модель бір ғана емес, бірнеше мәнді білдіре алады. Осыған байланысты жанама толықтауыштардың
мағыналарының да ішкі түрлері ажыратыла түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қабатаева К.Т. Білім жүйсіндегі мемлекеттік тілді оқыту технологияларының жаңашылдық дәстүрі //
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Хабаршысы. «Филология ғылымдары» сериясы. – 2016. – №3 (57). – Б.240-242.
2 Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизкого языка. – Ч.2: Синтаксис. – Спб. – М., 1897. –
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
36
103 с.
Г.К. Бакубаева
1
1
Академия Пограничной службы КНБ Республики Казахстан,
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |