Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУЛЫҚТАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДАҒЫ



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет253/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   361
file20200121044531 (1)

 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУЛЫҚТАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДАҒЫ 
ЖАҢА СӨЗДЕРДІҢ ҚАМТЫЛУЫ 
Аңдатпа 
Қазақ тілінде білім беретін жалпы орта білім беру жүйесінде жаңа сөздерді меңгертудің әдістемесі біршама 
дәрежеде қарастырылған. Дегенмен ұзақ уақыт бойында және кеңестік кеңістіктегі биліктің ықпалымен білім 
мазмұнының қалыптасқан жүйесі, негізгі ұғымдардың өзге тілде берілуі және олардың белгілі бір әлеуметтік 
топтың тілдік санасында бекітілуі ұлттық дүниетанымның айрықша дереккөзі және нәтижесі ретіндегі қазақ 
тілінің ауқымды әлеуетін танып-түсінуге елеулі кедергі жасағаны белгілі.
Осыған байланысты және жалпы орта білім беру жүйесінде білім алушыларды лингвомәдени тілдік тұлға 
ретінде қалыптастыру мақсаттарында тілдің ішкі әлеуеті арқылы жасалған, қазақыландырылған жаңа 
лексикалық бірліктерді мектеп оқушыларының меңгеруі үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді игеру ісі пәрменді 
түрде жаңартылуда.
Мақалада жалпы орта білім беру жүйесіне арналған «Қазақ тілі» оқулықтарындағы жаңа сөздердің қамтылу 
деңгейі талданған.
Түйін сөздер:
тіл саясаты, Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттары, «Қазақ тілі» оқулықтары, жаңа сөздер, қалыптану, дидактикалық база 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
226
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта 
білім беру деңгейіндегі «Тіл және әдебиет» білім саласы бойынша білім берудің нәтижесінде 
оқушылар «жеткілікті сөздік қорының, терминологиясының, грамматикасының және мәтіндік 
стилистикасының болуы, оларды сөздік қатынастың негізгі саласында пайдалана білуі тиіс» [1] деп 
көрсетілген. Бұл орайда оқушылардың коммуникативтік сапасын жоғары деңгейге жеткізудегі жаңа 
сөздерді меңгертудің маңызы ерекше екендігін атап өту керек. Жаңа сөздерді меңгертумен 
байланысты зерттеу проблемасын анықтау мақсатында 5-11 сыныптар бойынша «Қазақ тілі» 
оқулықтары мен типтік оқу бағдарламаларына талдау жасау қажеттілігі туындады.
Оқу бағдарламалары – әрбір сыныпта оқушылар меңгеруге тиісті пәндерді оқытудың мазмұны мен 
көлемін, білім мен дағды шеңберін анықтайтын мемлекеттік құжат. Бағдарламалар оқытудың 
білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, танымдық, практикалық және т.б. негізгі мақсаттарын анық-
тайды. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған және жалпы орта білім беру 
деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» 
пәнінінің типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 
№1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген [2]. Бағдарламада тұтас оқыту 
үдерісінің бағытын анықтап беретін қазақ тілін оқытудың әр сынып бойынша мақсаты мен міндеттері 
көрсетілген, бұл мақсат-міндеттер оқушылардың тілдік және сөйлеу құзыреттіліктерін дамытуды 
және олардың қазақ тіліндегі коммуникативтік әрекет дағдыларын меңгеруін қамтамасыз етеді. 
Осымен байланысты ұлттық мектептерде оқушыларға мемлекеттік тілді, ұлтаралық келісім тілін – 
қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгерту тілді коммуникацияның мақсаты мен шарттарына, сөйлеу 
әдебіне сәйкес пайдалану дағдысын қалыптастыруы тиіс. «Қазақ тілі» пәні бойынша типтік оқу 
бағдарламаларында әрбір сыныптағы оқу материалдары нақты бөлімдерге бөлінген, мәтін мен тілдің 
стильдік нормалары негізінде тіл бірліктерінің мағынасы мен қызметін барынша толық ашуға 
бағытталған және тілдің құрылымдық жүйесіне тән заңдылықтар басшылыққа алынған.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған 
«Қазақ тілі» пәнінің типтік оқу бағдарламасы «негізгі орта мектеп оқушысына тілді қатынас және 
таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік 
бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік 
жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексикалық-
грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді» [2]. Сонымен қатар 5-9-сыныптарға арналған «Қазақ 
тілі» пәнін оқытудың белгіленген міндеттерінің қатарында жаңа сөздерді меңгертумен байланысты 
мыналар маңызды деп танылады: 
-
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру; 
-
тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту; 
-
тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту; 
-
тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту; 
-
тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату; 
-
тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру; 
-
сөзді қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру; 
-
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру; 
-
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру; 
-
әдеби тіл нормаларын меңгерту; 
-
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету; 
-
оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
-
шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру [2].
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бағдарламаларда және мемлекеттік тілді дамытумен 
байланысты бағдарламаларда көрсетілген негізгі міндеттерге байланысты жалпы орта білім беретін 
мектептерде де, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауда да жаңа сөздерді оқыту мәселесі 
өзекті болып отыр. Мәселенің өзектілігі мұғалімдер тарапынан білім беруде (тілді оқытуда) 
оқушылардың сөздік қорын байытудағы жаңа сөздердің маңыздылығы ескерілмейтіндігімен және 
неологизмдер жеткілікті деңгейде қолданысқа түспейтіндігімен, сондай-ақ қазіргі қазақ тіліндегі 
жаңа сөздерді зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен байланысты. Кез келген тіл сияқты қазақ 
тілінің сөздік қорының жаңғыруы – үздіксіз үдеріс. Тіл – күрделі қоғамдық феномен. Ол адамдардың 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау