Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет239/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
214
Молда секілді һарам жемес, 
Шайтан мұның қай жерінде? 

4, 133-134


Саз аспабы – ашықтар шығармашылығының басты құралы. Оюланған бедерлі нақыштарымен, 
құрғақ бау тағылған пернелерімен безендірілген, дут ағашынан жасалған саз аспабының адамдарға 
рухани азық берерлік ықпалы, қуаты бар болмысы ашық жырымен бейнеленген.
Ашық Вейсел Шатыроғлының (1894-1973) “Сазыма” атты өлеңіндегі лирикалық қаһарманның 
толғаныстарынан осындай жай-күйді танимыз. Лирикалық қаһарман-ақын жан серігі саз аспабының 
өзінің артында қалар аманат белгі екендігіне, шығармашылық тағдырымен тұтасқан рухани демеуші 
болған әуез аспабының құдіретіне баға береді. Ашықтың ішкі жандүние әлеміндегі құпия сырларды 
біліп, даусына әсерлі сипат қосқан, дертіне дауа, жылауына да, күлкісіне де ортақтасқан саз 
аспабының құдіретін даралай жырлайды. Табиғаттағы әсем дауысты тіршілік иелері құстардан 
(тырна, бұлбұл) әсер алған саз аспабының ашықтың артында қалған жоқшысы, шынайы көзі, белгісі 
екендігі бағаланады: 
Ben gidersem sazım sen kal dünyada, 
Gizli sırlarımı aşikar etme. 
Lal olsun dillerin söyleme yada, 
Garip bülbül gibi ah u zar etme. 
Gizli dertlerimi sana anlattım, 
Çalıştım sesimi sesine kattım. 
Bebe gibi kollarımda yaylattım, 
Hayali hatır et beni unutma. 
Benim her derdime sen ortak oldun, 
Ağlarsam ağladın, gülersem güldün. 
Sazım bu sesleri turnadan m’aldın? 
Pençe vurup sarı teli sızlatma 

4, 219


Мен кеткенде сазым, сен қал дүниеде, 
Құпия сырларымды жайып салма! 
Сақау болсын тілің, басқаға сөйлеме, 
Ғаріп бұлбұл секілді зарлама! 
Құпия дерттерімді саған айттым, 
Әндетіп дауысымды дауысыңа қостым. 
Әлди қылып қолдарымда тербеттім, 
Бәрін де еске ал, мені ұмытпа! 
Менің бар дертіме сен ортақ болдың, 
Жыласам жыладың, күлсем күлдің. 
Сазым, бұл дауысты тырнадан ба алдың? 
Алақан соғып, сары шекті сыздатпа 

4, 220 


Өлеңдегі идеялық түйін – ашықтың жыры мен саз аспабы әуезінің тұтастығымен жырланған өнер 
құдіретінің мәңгілігін ардақтау. 
“Киін қара киім, сүйен қабырғаға, жаныңнан, көкірегіңнен ашылар жара” арнауы арқылы 
шығармашылық тұлға ашықтың жырының, әуезінің өзі өмірден өткенде артта қалатын тағдыры 
бейнеленеді. 
Ашықтың бейнелі өрнектері арқылы саз аспабы ұяға, ашық соған бал тасыған араға (“Сен ұя 
секілді, Вейсел де ара, ыңылдап бірге жинадық балды”) баламаланады. Адамның да, ағаштың да 
әкеден жаралғанын ұмытпауына, тіршілікке өнер сыйлаған болмысына ақындық тілек арналады: 
…Ben bir insanoğlu sen bir dut dalı, 
Ben babamı, sen ustanı unutma 

4, 220 


...Мен бір адам баласы, сен бір дут талы, 
Мен әкемді, сен ұстаңды ұмытпа! 

4, 221 




Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
215
Қазақтың ақын-жыраулары шығармашылығында да шығармашылық тұлғаның сөз бен әуез 
қосылған өнер құдіретін даралап жырлайтын болмысы айқын байқалады. XIV–XIX ғ.ғ. қазақ ақын-
жырауларының туындылары қобызбен, домбырамен қосыла әуенді мақамдармен, әуезді саздармен 
жырланған. Қобыз, домбыра – ақын-жыраулар шабытының негізгі қозғаушы күші. Сонау Қорқыт 
Атадан басталып, бүкіл түркі тұқымдас халықтардың сөз бен әуез тұтастығымен жырланатын 
поэзиясында шығармашылық тұлғаның қолындағы құралымен іштей сырласа, соған қарата жыр 
толғауы заңдылық. Мысалы, Жанақ Сағындықұлының (1770-1856) да қобызына қарата, сонымен 
сырласа шалқи жырлауы – түркілік ақындық ашықтық поэзиядағы дәстүр тектестігінің көрінісі: 
Ал, қолыма тидің бе, қарағайым, 
Қарағайсыз керекке жарамаймын. 
Жел желісті, желмаям, саған мініп, 
Бұл үш жүздің баласын аралайын. 
Қарағайым қолыма тигеннен соң, 
Ажарына ешкімнің қарамаймын 

5, 151 


Қазақ ақындары мен түрік ашықтары поэзиясындағы осы ортақ дәстүр жалғастығы әлі де 
сақталып дамытылып келеді.
Түрлi дәуiрде өмiр сүрiп, өнерiн паш еткен бұл ашықтардың ортақ ұқсастығы мен үндестiгi - 
олардың бәрi дерлiк саз шертiп, жыр жырлағаны. Өз шығармашылықтарын халықтық дастандар мен 
қиссалар жырлаумен де толықтырып отырған. Ашықтар сазға көзiнiң қарашығындай қарап, бағалай 
бiлген. Осы себептi ел арасында мынадай: «Таз басынан қорқады, ашық сазынан (kel başından korkar, 
aşık sazından.)» 

6, 783

нақыл сөзі жатталып қалғанға ұқсайды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Алиева Ж.А., Ержанова С.Б. Түркiлiк дүниетанымнан – халыктық эстетикаға дейін // Абай атындағы 
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Хабаршы «Филология гылымдары» сериясы. – №3 (53). – 2015. 
2
 
Квятковский А.П. Поэтический словарь. – Москва: Сов. Энциклопедия, 1966. – 376 с. 
3 Қорқыт Ата кітабы: Оғыздардың батырлық жырлары/Аударған Ә.Қоңыратбаев. – Алматы: Жазушы, 
1986. – 128 б. 
4 Тұрымбетова Ж.А. Түрік ашықтарының (ақындарының) өлеңдері (XIV-XIX ғ.ғ.). – Алматы: Үш қиян, 2004. 
– 224 б. 
5
 
Ай, заман-ай, заман-ай...(Бес ғасыр жырлайды). 2 томдық (Құрастырушылар М.Мағауин, М.Байдiлдаев). 
– Алматы: Қазақ ССР Баспасөз жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Бас редакциясы. РББ, 1991. – Т.1. – 384 б. 
6
 
Kabaklı Ahmet. Türk Edebiyatı. – 2.cilt. – İstanbul, Türk Edebiyatı Vakfı Yayınları, 1997. – 904 s. 
Ж.А. Турымбетова
1
, Г.К. Сатбай
2
, П.К. Берикболова

 
1,3
Университет имени Сулеймана Демиреля,
г. Каскелен, Казахстан 
 
2
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая, 
г. Алматы, Казахстан 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау