Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет237/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   361
file20200121044531 (1)

 
 
ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
МУЗЫКА АСПАБЫНЫҢ РӨЛІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада түрік ашықтары мен қазақ ақындары шығармашылығындағы ортақ дәстүр үндестігі төңірегіндегі 
мәселелер қарастырылған. Түрік ашықтарының да, қазақ ақын-жырауларының да шығармашылығы бірнеше өнер 
тұтастығын жинақтаған сипатымен ерекшеленеді. Ашықтардың да, ақын-жыраулардың да лирикалық-дидак-
тикалық өлеңдерді жырлауына сүйемел, демеу ықпалын атқаратын әуездік аспаптар қызметі де айқындалады. 
Қазақтың ақын-жырауларының да, түрік ашықтарының да ортақ тұлғасы Қорқыт Атаның қобыздың әуенін 
сүйемел етіп жыр толғайтыны – түпкі негіз болған дәстүр. Қобызбен, домбырамен қосыла жыр толғаушылық 
қазақтың XIV-XIX ғ.ғ. ақын-жыраулар шығармашылығында жетекші қызмет атқарды. 
Қобызбен, домбырамен қосыла жыр толғаған қазақтың XIV-XIX ғ.ғ. ақын-жыраулары, саз аспабының 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
212
сүйемелімен жырлаған түріктің ашықтары шығармашылығының өнер синтезі (сөз, әуез импровизациясы, 
орындаушылық) ерекшеліктері бірдей. Бұл орайда бүкіл түркі халықтары ақындық өнер дәстүрінің түпкі 
тұлғасы Қорқыт Ата шығармашылығының әмбебаптық болмысын назарымызға аламыз. Тарихи-этнографиялық 
негіздер осылайша ортақ түрік ашықтары мен қазақ ақын-жыраулары әуез аспаптарымен (қобыз, саз, домбыра, 
т.б.) сырласа жырлауды шығармашылық дәстүрді машық еткен.
 
Мақалада Түрік ашықтар шығармашылығының басты музыкалық аспабы – саз туралы мынандай мәліметтер 
берілген: «Оюланған бедерлі нақыштарымен, құрғақ бау тағылған пернелерімен безендірілген, дут ағашынан 
жасалған саз аспабының адамдарға рухани азық берерлік ықпалы, қуатқа ие тылсым күші бар».
Түйін сөздер:
түрік ашықтары, қазақ ақындары, Қорқыт ата, қобыз, домбыра, саз 
Ақындық-ашықтық поэзия шығармашылығы өлең мен әуез тұтастығы дәстүрі тұрғысында 
қалыптасқан. Өнер атаулының бағзы замандар бастауында тұтасқан болмысын кейінгі мәдени дамуға 
ұластырған ақындар-ашықтар болды. Қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымы аясында қалыптасқан 
ғылыми анықтамалар бойынша ақынның да, ашықтың да шығармашылық тұлғалары халықтардың 
фольклорлық-этнографиялық дәстүрлерін бойларына сіңірген жағдайы аясында танылады. 
Көптеген ғасырлар бойы қалыптасып дамыған қазақ поэзиясының керкемдік негiзi түркi 
өркениетінен бастау алады. Түркi халыктарының ежелгі заманғы жазба ескерткiштерiндегi тарихи 
сананың көрiнiсi – атамекендi, тiлдi, салт-дәстүрлердi ардактау ойларының жырлануы қазақ 
мәдениетінің мыңдаған жылдар белестерiнен өтiп, әлемдгі өркениетке ықпал жасауының тарихи 
жолы бар 

1, 118-122 


Зерттеуші А.Квятковсийдің “Поэтический словарь” (1966) атты кітабындағы анықтама туысқан 
түркі халықтары әдебиеттеріндегі ашықтар тұлғасын тануға негіз болып келді: «Ашуг» (араб т. тура 
аудармасы – ғашық) – Кавказда Армения, Грузия; Әзірбайжан, Дағыстан және Түркияда халық әншісі, 
ақын. Ашуг өз әндерін шертпе аспаппен (саз немесе кеманче) сүйемелдей отырып, суырып салып 
шығарады. Ашуг поэзиясының классигі болып 18 ғ. өмір сүрген Арменияның ұлы ашугі Саят – Нова 
саналады. Ол өз әндерін армян, грузин, әзербайжан, түрік тілдерінде шығарды. Қазіргі ашугтардан 
дағыстандық ақын Сулейман Стамский мен әзербайжандық ақын Гусейннің даңқы кең тарады” 

2, 54

.
XV ғасырға дейін көбінесе «озан», XVI ғасырдан бастап «ашықтар» немесе «саз шайырлары» 
аталған шығармашылық тұлғалардың түпкі негіздері түркі өркениеті заманындағы бақсылық өнерден 
бастау алғаны, одан кейін Шығыс және Батыс өркениеттері тоғысуы ықпалдарын да қабылдаған 
Текке әдебиетінің дәстүрін жалғастырғаны айқындалады. Саз шертіп, оған қосыла жыр жырлаған 
ашықтар шығармашылығының психологиялық негізінде олардың Жаратушының құдіретімен аян 
беріліп, түс көрулері арқылы өнер дарығандығы да айтылады. 
Демек, түрік ашықтарымен қанаттас, шекаралас, географиялық жағынан жақын орналасқан 
елдердегі ашықтар шығармашылығының мәнерлес, өте үндес екендігін аңғарамыз. Кавказ және 
Түркия аймағындағы көрнекті ашықтар шығармашылығында, сол көршілес елдердің тілдерін де, 
әуездік аспаптарын да қоса меңгерген әмбебаптық ерекшеліктері даралана байқалады.
Түрік ашықтарының шығармашылығы да көшпелі және отырықшы жағдайлары қатарлас болған 
ежелгі дәстүрлерді сақтады. Қазақтың ақындық поэзиясы шығармашылығында бұл сипаттың болғаны 
мәлім. Қазақтың ақындық, түріктің ашықтық поэзиясында қалыптасқан анықтамадағыдай өлеңді 
суырып салма (импровизация) өнері түрінде жырлау негізгі сипатты құрады. Қазақтың ақын-
жырауларының да, түрік ашықтарының да ортақ тұлғасы Қорқыт Атаның қобыздың әуенін сүйемел 
етіп жыр толғайтыны – түпкі негіз болған дәстүр. Қобызбен, домбырамен қосыла жыр толғаушылық 
қазақтың XIV-XIX ғ.ғ. ақын-жыраулар шығармашылығында жетекші қызмет атқарды. 
Ал, түрік ашықтарының да ауызша импровизацияны, келе-келе оған қоса жазбаша ақындықты 
жетілдіре тұтастандырғаны да мәлім. Салжұқ түріктерінің XI ғасырдың орта кезінен бастап 
Арабстанды (Бағдат халифатын, Иракты, Сирияны), Иран, Әзербайжан өлкелерін жаулап алғаны 
белгілі. Осман би бастаған түркілердің Қара теңіз жағалауларына, одан кейін қазіргі Түркия тұрған 
жердегі Византия иелігіндегі жерлерге ие болуы рухани мәдениеттің кейінгі дамуында ықпалды 
дәстүрлерді қалыптастырды. Нақтылап айтқанда, бұрынғы атажұртта қалыптасқан фольклорлық-
этнографиялық өнернама негіздеріне араласқан халықтар мәдениеттерінің де ықпалдары тиді. Сөз 
арқауындағы Кавказ және Түркия ашықтарының әмбебаптық шығармашылығындағы тілдік 
қолданыстар аясының мол мүмкіндікті иеленуі де содан туындайды. Әуез аспаптарының, әуендердің, 
мақамдардың тектестігі де осыған байланысты. 
Ал, лирикалық өлеңдердің мазмұн мен пішін тұтастығы жағдайындағы тақырыптық-идеялық, 
композициялық-сюжеттік, стильдік-көркемдік ерекшеліктері де халықтар араласуы салдарынан 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау