Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
182
образымен алмастырылған. Ал, Тәңір аспанның әміршісі саналған. Яғни Тәңір – ең жоғарғы Құдай,
ол – аспан мен жердегі тылсым мен тіршіліктің иесі» [6], – деген пікірі орынды айтылған.
Ал жазушы А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесі түрленіп, өзгеріп, жаңарып келген реминис-
ценциялық үлгідегі жезтырнақ және авторлық танымға қызмет атқарып тұр. Жазушының «жезтыр-
нағы» бір үйдің шаңырағын ортасына түсіріп, өш алу құралына айналған. Қазақы танымдағы зәрені
алатын жезтырнақ образы қолдан жасалып, Тұрманқожа жезтырнақ кейпіне еніп, мола басында
Құран оқып отырған Жұмағұлды жезтырнақ болып қорқытып, ақыры өлтіріп тынады. Автордың
айтпағы – «жезтырнақ» деген суық сөздің өзі бір отбасына қаншама қайғы, мұң, зар әкелгендігі.
Көркем шығармалардағы фольклорлық жанрлардың шығармашылықпен пайдаланылу үлгісі
Т.Ахтановтың «Алыстан жеткен сарын» әңгімесінің тұтас желісіне арқау болған фольклорлық
аңыздан байқалады. Жазушы фольклорлық әңгіме жанрына тән шарттылықтар мен әңгімешілдік
қабілеттің қыр-сырын тани білгендігін көрсеткен. Бұл әңгімеде фольклорлық ұғымдар мен түсініктер
авторлық айналымға түскен. Т.Ахтановтың талданып отырған туындысындағы әрбір оқиға нақтылы
өмір шындығы іспетті баяндалады. Хан уәзірінің баласы мен елден ерек батыр тұлғаларының
арасындағы сұлу қыз үшін тартыс – талай фольклорлық әңгіме-аңыздың сюжеттік негізі. Намыс
алаңында айқасқан екі жігіттің сынға түскен ерлігі мен ездігінің, ақылы мен парасатының қозғаушы
күші – Айбарша сұлу. Фольклорлық образдарды сомдаудың поэтикасына сәйкес Айбаршаның
азғындық пейілі мен тұрақсыз көңілін шегіне жеткізе көрсету үшін автор жазба әдебиетке
суреткерлікпен келеді. Тән сұлулығы мен әке байлығына және мансабына мастанған Айбаршаның
адамдық болмысынан гөрі қанағатсыздық пен нәпсіқұмарлық ісі кең суреттелген. Ол ер-азаматқа ғана
емес, туған жер мен ел-жұртына да қайырымсыз мінез иесі ретінде бейнеленген. Фольклордың басқа
жанрларына қарағанда, ауызекі әңгіме қандай да бір оқиғаға негізделіп туындайды. Болған оқиғаны
бейнелеп шығады. Жазушы фольклорлық жанрдың осы ерекшелігін сақтай білген. Аярлық пен
қулықтың құрбаны болған жігіттің батырға тән аңғалдығымен қоса аңғырттығы эпостық жырлардағы
батыр тұлғаларын еске түсіреді. Батырлық пен ерлік мінездермен жарыса өлермендікпен жасалған
зұлымдық та шығарма соңына дейін сақталған. Қаламгер талантының бөлекше бітімі осы жазаға
ұрындыру үшін кейіпкер мінезін қилы оқиғамен, шешуші іс-әрекеттермен сабақтастыра бейнелеудің
амал-тәсілдерінде жатыр. Әңгіменің «Алыстан жеткен сарын» аталуының да мағынасы терең. Сол
сарынның бүгінгі жас ұрпақ, жалпы адам баласы үшін де айтар ұлағаты мен тағылымы айқын. Ол –
әділет үшін өмір сүру идеясы. Перзенттің ата-анаға, туған отаны мен еліне озбырлығы неге жеткізеді,
сатқындық, аярлық түбі қайда апарады дейтін мәңгілік сауалдарға жауап беруде автор өзіндік шешім
тапқан. Бұдан шығатын қорытынды шеберлікпен пайдалана білгенде аңыз, әңгімелер қашан да
өміршең ой идеялар берудің құралы бола бермек. Белгілі жазушы А.Алтай өзінің «Алтай балладасы»
атты шығармасының жанрына қатысты роман-миф терминін қолдануы тегін емес, өйткені онда қазақ
халқының тотемдік, шамандық мифтері пайдаланылған, көне түріктердің, оның ішінде қазақтардың,
үш сатылы әлем туралы наным-сенімдері кеңінен көрініс берген. Аю мен адамның арасындағы
жақындық туралы халық шығарған, бізге ертегі немесе аңыз пішінінде жеткен және оның тотемдік
миф болып табылатынын анық аңғартады. Аюдың дене-тұрқында және күн көру тәсілдерінде де,
тұрмысында да адамға ұқсас жайттар көп екенін қарастырылып отырған туындымен танысу
барысында айқын сезінеміз. Жазушының бұл туындысында ерекше көңіл бөлген мәселесі – Алтай
өлкесінде бұрын болған қызыл қасқырлардың тағдыры. Қызыл қасқырлардың жер бетінен жоғалғаны
да Ұлардың жанын жегідей жейтіні аңшы жігіттің: «Кешегі Марқакөлді мекен еткен қызыл
қасқырлар секілді бұл ...Тұқым қалмаған», – деген ішкі монолог түріндегі естелігі арқылы
аңғарылады. Қызыл қасқырлардың қайта оралуын «Алтай балладасының» бас кейіпкері де
аңсайтыны сол туындыдағы Ұлардың көрген түстерінің бірінен байқалады. А.Алтайдың бұл
туындысында қызыл қасқырлар мәселесін көтеруінің символдық мәні бар, себебі, роман-миф жарық
көрген кезде түркі халықтарының басым көпшілігі егемендік алып, түркілік идеялар осы заманның ең
өзекті мәселесі ретінде көтеріле бастағаны белгілі. Құрып кеткен қызыл қасқырлардың бір
туындының бас кейіпкерінің түсінде, екінші бір туындының бас кейіпкерінің өңінде көрініп барып,
көзден ғайып болуын бейнелеу арқылы автор түркі халықтарының ежелгі біртұтастығын қалпына
келтіруге кедергі келтіріп тұрған шешуін таппаған мәселелердің молдығын меңзеп тұрғандай.
Сонда «көркем әдебиет дискурсы дегеніміз – өмір шындығын, табиғат көркін, жағдаятты,
экстралингвистикалық жағдайды, бейвербалдық әрекеттерді, бүкіл болмысты тілмен жеткізу –
оқырманмен диалогқа түсуі, оқырманның авторды түсінуі, баяндалушы нәрсені қатесіз қабылдау»
[9]. Егер біз мәтінді, әдеби тұрғыда, көркем баяндаудың түрі ретінде түсінсек, дискурсты байланысқа
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
183
түскен бірнеше мәтіннің жиынтығы деп тануымызға болады. Дискурсты әдебиеттану аспектісінде
зерттеу арқылы автор-туынды байланысы, сюжеттік үдеріс, кейіпкерлердің сұхбаты, қарым-
қатынасы, психологиясы мәселелерін зерделеп, бағалауға болады.
Поэтикалық дискурс, сондай-ақ автордың құбылысқа, оқиғаға және көркем бейнелерге
субъективті-эмоционалдық қарым-қатынасын білдіретінін ескерсек, туындыны талдау нысанына
алғанда авторлық позиция тұрғысынан бастағанымыз жөн. Сондықтан, біз көркем туындыны
талдаудың бастауында автор ұстанымы, оның қаламгерлік кредосы, суреткерлік танымы мен
шеберлігі мәселелерін еске аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Кішкенбаева Ж.Қ. Қазіргі көркем прозадағы дискурс және нарратор. Философия докторы (PhD) ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Астана, 2015. – 111 б.
2
Чэтман С. Chatman Seymour. История и дискурс – Story and Discourse: Narrative Structure in Fiction and
Film. Ithaca. – London, 1978.
3
Есенова Қ. Академик Р.Сыздықова және дискурс мәселесі // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы,
«Филология ғылымдары» сериясы. – №4(58). – 2016. – 35 б.
4
Макаров М.Л. Основы теории дискурса. – Москва, 2003. – 312 с.
5
Сүлейменова Э. Дискурс в дискурсе казахстанской лингвистики / Современные проблемы дискурса:
теория и практика. – Алматы, 2006.
6
Мучник Г.М. Текст в системе художественной коммуникации. – Алматы: Балауса, 1996. – 192 б.
7
Қасқабасов С. Жаназық. – Астана: Аударма, 2002. – 584 б.
8
Женетт Ж. Фигуры. В 2-х томах. Том 2. – М.: Изд-во им. Сабашниковых, 1998. – 944 с.
9
Нургали К.Р. Трансформация художественности в аспекте современной компаративистики. – Астана:
Фолиант, 2007. – 456 с.
10
Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Раритет, 2004. – 107 б.
А.А. Найманбаев
1
1
Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |