Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
178
алады. 1935 жылы қазан айында ақын кепілдікпен босатылады. 1936 жылы
大堰河
-
我的保姆
– «Да Ян
өзені – менің күтушім» атты алғашқы жыр жинағы жарық көреді.
Қытай тарихында Жапонияға қарсы тұру соғысы басталғаннан кейін ақын Ай Чиң«
复活的土地
»
«Қайта жаңғырған жер»,«
雪落在中国土地上
» «Ақ қар басқан Қытай» сияқты өлеңдерін жазды. Осы
өлең жолдары арқылы мемлекетінің құрып бара жатқанын бейнеледі.
1938 жылы Ай Чин Гуй Линге барып Дай Уан Чумен бірге «Дин Ден»
《定点
)
》
атты журнал
шығарды. Осы кезде өлең жазудан басқа, тағы да басқа жұмыстармен айналысты. Мысалы, ол «
诗论
»
– журналға жариялануға келген өлеңдерді сұрыптап, талдау жасап отырған. Ол өлең мазмұнына,
құрылысына, теңеулеріне сипаттама беру туралы өз пікірін білдіріп сараптама жасады. Осы кезде
тарихта елеулі орын алған өлең жинақтары шықты. «
吹号者
» («Кернейші»), «
他死在第二次
» («Оның
екінші рет өлгені») «
旷野
» («Жазық дала») атты өлеңдер жинағы шыға бастады.
1940 жылы Ай ЧиңЧун Чинде Уй Цай мектебінде филология кафедрасының меңгерушісі болып
тағайындалады.
1941жылы ол Янь Аньге (Қытай халық революциясы) базасы болып саналады. Шань Гань Нинь
аймағында мәдени іс-шара көмекшісі болып жұмыс жасайды. Осы кезде ақынның өлең жазу стилі
түбегейлі өзгереді. Сөзі өткір, ашық жарқын отанды жырлайтын, отаны үшін жанын беретін күреске
жастарды өлең арқылы жігерлендіреді.
1944 жылы Ай Чинүздік қызметкер атағына ие болып, Қытай халық коммунистік партиясына
мүше болып тағайындалады. 1945 жылы азаттыққа қол жеткізгеннен кейін, Ай Чин Хуа Бей мәде-
ниеттік үйірмесімен бірге Джан Джа Куға келеді. Кейінгі жылдарда Хуа Бей бірлестік универси-
тетінде, мәдениет институтында басшылық қызметін атқарады. Ол «Көкек» (
布谷
鸟
) атты өлеңін
жазды. Осы өлең арқылы бостандық алған халықтың көңіл-күйін жеткізді. Көктемнің алғашқы жылу-
лығын білдіретін, осы көкектің даусы сияқты, Ай Чиннің өлеңдері Қытайдың жер жеріне тарады.
Қытай егемендігін алғаннан кейін ақынның дипломаттық тәжірибе алмастыру барысында
көптеген өлеңдері жарық көрді.
1957 жылы «оңшылдық» деген атпен Хей Лун Джиан өлкесімен Шин Джиан, Ши Ху Дзы
еңбекпен өзгерту ұжымының түрмесіне жабылды. Ол түрмеде жиырма жылын үнсіздікпен өткізді.
1979 жылдың аяғында ол ақталып шығып қайтадан өлеңдерін жаза бастады. Бұл жолғы өлеңдерін
жаңа нұсқада жаза бастады. Мысалы «Жол бойындағы өлең» –
归来的歌
», «Нұрға толған жыр» –
春光的
赞歌
», «
古
罗马的
大
斗技场
».
Өлең жазу стиліне қарағанда азаттықтан бұрын Ай Чин тұйық мінезімен заманға қарсы тұратын
күш қуатпен өткір қалам ұшымен сол кезеңдегі қараңғылық қоғамға бостандықты аңсауды өлеңдері
арқылы ойын жеткізеді. Азаттық бостандықты алғаннан кейін халқын сүйе білді. Халық үшін
жырлады. Отаны үшін өмірін арнауға жастарға үндеу тастады. Ақынның қылқалам шеберлігі сурет
салумен байланысады. Эстетикалық ұғымға көп мән берген. Өлеңдерінде шыншылдық, кіршіксіз
кәусар, жинақылық өткір көзқарасымен өлеңнің шыңына шыққан.
Өлеңдерінде түр-түске басымдылық көрсетіп мән берген. Өлеңдері эстетикалық көркемділігімен
де ерекшеленген.
«Қуаныш», «Қызыл нұрын шашқан жұлдыз», «Көктем», «Түске толған өлең», «Қарқалдақ» т.б.
өлеңдерінде саналы ғұмырын күреспен өткізген жаужүрек ақынның жырлары кек пен жалынға,
арман мен үмітке, өр рухқа толы болуымен қатар оқырманын бостандыққа, батылдыққа
жетелейтіндігімен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, Ай Чин өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны да орын
алған. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу
үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен
астасып жатады.
Ай Чин шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде қытай
әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
张永建:《艾青的艺术世界》【
M
】武汉:华中师范大学出版社,
1989
年。
–
107.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
179
2
驼寒超:《艾青评论》【
M
】重庆:重庆出版社,
2000
年。
–
67.
3
炼红著:艾青《红色、绿色的歌》广西:广西人民出版社,
1989
年。
–
56.
4
钟海宏编:《色彩基础》上海:东华大学出版社,
2010
年。
– 99.
5
张萍:《艾青诗歌意象研究》,南京师范大学,
2006
年。
– 98.
6
李健华:《论艾青诗歌的艺术风格和新疆想象》,天津师范大学
2009
年。
– 360.
7
黄珊珊:《色彩与文学》,福建师范大学文艺学,
2003
年。
–
250.
8
赵蕾:《汉语基本颜色词意义发展演变研究》,河北大学,
2009
年。
– 157.
9
Maslova V.A. Lingvokulturologiya: ucheb. рosobiе. – 2-e izd., ster. – M.: Akademiya, 2004. – 202 s.
10
Encyclopaedia Britannica 2008, Concepts in Linguistics, CD. 7.
11 Yusup A.N., Mamieva A.N. Ways of using innovative technologies in the educational process (On the base of
teaching Language history course subjects) //Abai KazNPU Series of «Philological Sciences». – 2016. – №1 (15). –
P.221-226.
Б.Матай
1
1
Казахский Государственный женский педагогический университет,
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |