АНТИКАЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ӘДЕБИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Аңдатпа
Мақалада адамзат өркениетінің бастау бұлағы саналатын Ежелгі Шығыс мәдениеті мен жаңа ғылым
дәуірінің негізі саналатын көне грек, яғни антикалық дәуір ойшылдарының әдеби-эстетикалық ұғымдарды
қалыптастырудағы еңбектері қарастырылады. Көркемдік ойлау үрдісінің ең көне үлгілері мен оларға
теориялық, эстетикалық тұрғыдан берілген талдау еңбектердің ғылыми маңызы өте жоғары. Олар адам
баласының рухани өсіп-өркендеу жолындағы сүйенген ең бір асыл таянышы болды. Антикалық дәуірдің
Платон, Аристотель сияқты ойшылдарының философиялық, әдеби-эстетикалық ойлары мен ғылыми-теориялық
тұжырымдары жаңа дәуір ғылымының дамуына орасан зор ықпал етті. Әдеби-теориялық ұғымдардың ғылыми
жүйеленіп, көркемдік-эстетикалық ойлардың қалыптасуындағы көне грек ойшылдарының еңбектері бүгінгі
күнге дейін маңызын жоймады. Платон көркем шығармалардың тууындағы еліктеудің атқаратын рөлін
идеализм тұрғысынан айтса, Аристотель бұл мәселені көркемдік танымға байланыстырып қарастырған. Әдеби
ұғымдарды термин дәрежесінде талдап, олардың көркем шығарманың табиғатын танудағы мәнін ашып
көрсетеді. Аристотель қалыптастырған әдеби-теориялық ұғымдар мен терминдер бүгінгі күн әдебиеттануында
да қолданылып келеді. Сондықтан да, антикалық дәуір ойшылдарының әдеби-эстетикалық пайымдаулары
әлемдік, ұлттық әдебиеттанудың даму үрдісінде де маңызы арта бермек.
Түйін сөздер:
антикалық дәуір, эстетика, теориялық ұғымдар, драма, трагедия, комедия, дифирамб, ямб,
эпос, фабула
Адамзат баласының өз тіршілігіндегі барша құбылыстарды сөзбен өрнектеп, суреттегенінен
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
168
бастап, оны өнерге теліп, оның қыр-сырын танып, сипаттау да қалыптасты. Яғни, осы мәселені
тікелей қарастыратын әдебиеттану дербес ғылым саласы ретінде ХІХ ғасырда ғана қалыптасқанымен,
сөз өнері туралы алғашқы пайымдаулар мен пікірлер біздің жыл санауымызға дейінгі көне
дәуірлердің еншісінде. Ол: өзінен кейін көркемдік ойлау мен эстетикалық танымның нелер бір асыл
үлгілерін қалыптастырған Шумерлік мәдениет пен Вавилонға тән «Гильгамеш туралы» жыр, ежелгі
парсы өркениетінің «Авестасы», көне мысырдың «Пирамидалар кітабы», үнділердің «Ригведасы» мен
«Махабхаратасы», «Рамаянасы». Бұл тізімге аспан асты елінің біздің заманымыздан бұрын мұра
болған «И цзин (Құбылу кітабы) мен «Ши цзин» (Ән кітабы) еңбектерін қосыңыз. Сондықтан, жер
бетіндегі өркениеттің бесігі деп саналып келген ежелгі эллада мен римдік мәдениет біз қарастырғалы
отырған әдеби-теориялық ұғымдардың ең алғашқы бастауы емес екен. Бұл кезең әлемдік тарихта
антикалық кезең деп аталатыны белгілі. Адамзат тарихындағы орны мен маңызы тұрғысынан өте
маңызды уақыт саналады. Көне тарих қойнауына үңілгенде әдеби-эстетикалық ойдың ең асыл
үлгілерінің бірнеше ғасырлық қатпарын көреміз. Зерттеуімізге негіз болғалы отырған мәселелер бұл
тарихтың соншалықты бай әрі көп қырлы екенін де танытады. Әрбір дәуір өз өнерін тудырады және
өзінің әдеби идеяларын ұсынып отырады. Уақыт өте келе бұл эстетикалық ұғымдар жаңа
пайымдауларға орын беріп, тың ой-пікірлердің қалыптасуына алғышарт болады. Осыдан келіп
жалғастық дәстүрі туады. Орыс әдебиеттанушысы П.А. Николаевтың әдеби-эстетикалық ойлардың
ерте кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сөз ете келіп: «Вместе с тем в многовековом развитии
литературной мысли действовал закон преемственности. Нить, связывающая античные теории с
эстетикой Ренессанса, Просвещения, с идеями нашего века, необычна прочна. И для нас трактаты
Платона, Аристотеля, Лессинга или Гегеля – отнюдь не только исторические памятники: они
участвуют в наших эстетических и литературных исканиях» [1, 8] деуі осыған дәлел.
Ғылымның қашан, қайда пайда болғандығы жөніндегі пікірлер де әр алуан болып келді. Ол көзбен
көріп, қолмен ұстап «міне, мынау» деп нақты айта қоятын дүние емес болғандықтан, түрлі тұжырым-
дар жасалды. Ең бастысы ғылымның даму тарихын саралай келе ғалымдар: «Ғылымның шығуының
танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығында мифтік (аңыз,
ертегілік) санадан логосқа (ақыл-ойға) өтудің аяқталуымен байланысты болды. Бұл кезде таяу және
Қиыр шығыс елдерінде, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адамдар қолданып
жүрген логикалық құрылысы қалыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан бірте-бірте қол үзіп, ақыр
соңында одан арылғаннан кейін рационалдық ой дами бастады» [2, 33-34] – деп, оның алғаш пайда
болған мекенін әйгілейді. Осыдан келіп, қалай болғанда да ғылымның алғашқы нышандары ежелгі
Шығыс елдерінде (Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай сияқты) жасалып, көне Грекияда қалыптасты.
Өйткені, ертедегі шығыс елдерінде натурал сандарды қолдану, аспан денелерін зерттеу, теңдеулерді
шешу сияқты ғылыми жетістіктер болғанымен, осы ғылыми теорияларды логикалық дәлелдеу, дедук-
циялық пайымдаулар эллада елінде туды. Ғылымның зерттеу әдістері мен әдіснамасы қалыптасты.
Антикалық эстетиканың классикалық кезеңін Платон, Аристотель, Горацийлер жасады. Жараты-
лыс пен өмірдің табиғаты туралы таным, пікірлері әртүрлі болғанымен, бұл ойшылдардың өнер, оның
қызметі, эстетикалық, тәрбиелік күш-қуаты туралы тұжырымдары өрістес әрі өте маңызды.
Платонның әдеміліктің объективті сипатын ашуына идеализм көп кедергі болған. Сондықтан да
философ өнерді эстетикалық әрекеттің түрі ретінде өзінің танымдық қызметінен тыс қарастырады.
Платонның пікірінше шығармашылық үрдіс иррационалды болғандықтан да өнер арқылы объективті
әлемді тану мүмкін емес екен екен. Дегенмен, ұлы ойшыл көркем туындының эмоционалдық-
әсерлілік сияқты қоғамдық қызметі мен оның маңызын: «...Я думаю, мало кто отдает себе отчет в
том, что чужие переживания неизбежно для нас заразительны: если к ним разовьется сильная
жалость, нелегко удержаться от нее и при собственных страданиях» [1, 80] – деп дәл айтады.
Платон өзінің осы «Мемлекет» еңбегінде отан қорғаушыларды тәрбиелеу тетіктері, сөз өнерінің
түрлері, мифтердің тәрбиелік рөлі, поэзияның тәрбиелік рөлі, поэтикалық өнердің стильдері, өнердің
идеяға еліктеугееліктеу екендігі, ақынның шынайы өмірді емес елесті тудырушы екендігі туралы
мәселелер көтеріледі. Философ мемлекеттің көркейуі мен келешегі туралы ой толғай отырыпсөз
өнерінің адам тәрбиесіндегі рөліне аса мән береді. Жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің ерекшеліктерін
айқындай отырып, сөз өнерінің шынайы және жалған түрлерін ажыратып алады да, бұл екеуінің жас
адамды тәрбиелеудегі қызметтерін саралайды. «Миф» ұғымына тоқталады: «Ты не понимаешь, что
малым детям мы сперва рассказываем мифы? Это, вообще говоря, ложь, но есть в них и истина. Имея
дело с детьми, мы к мифам прибегаем раньше, чем к гимнастическим упражнениям» [1, 70].
Платон мифтердің тәрбиелік қызметін айқындай отырып, олардың көркем туынды ретіндегі
|