Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
114
ғалымдар тарапынан бiрнеше зерттеу қорытындыларына ие болды. Мысалы, сын есiмнiң анықтайтын
сөзiнен бұрын қосымшасыз келуi, сөйлемдердегi синтаксистiк қызметi, шырай категориясы бiршама
қарастырылады. Сонымен бiрге олардың жасалу тәсiлдерi көрсетiлдi. Дегенмен, аталмыш ғалымдар
еңбектерiнде сын есiмнiң тiлдiк жүйеден алатын орны, басқа сөз таптарымен ара қатынасы, олардың
нендей ерекшелiктерiмен ажыратылып тұратындығы әлi де болса жiтi зерттеудi қажет еттi. Өйткенi
бұл оқулықтардың мақсаты мен мiндетi сөз таптарын жеке –
жеке зерттеп, ғылыми тұрғыдан
қарастыру емес, керiсiнше, тiлдегi басы ашылмаған мәселелердi реттеп, бiр жүйеге түсiру сияқты
көпшiлiкке танымал грамматика жасау болатын. Сондықтан да басқа ғалымдар сын есiм табиғатын
тануда бiршама жаңсақтықтарға да ұшырап отырды. Ең бастысы – түркi тiлi грамматикасын жазған
авторлардың көпшiлiгi сын есiмдi өз алдына сөз табы деп тануда үзiлдi - кесiлдi пiкiр айта алмады.
Жоғарыда аталған грамматикалардың авторлары түркi тiлдерiндегi сын есiмдерге тән ерекшелiктердi
ескермедi. Қай тiлдiң де табиғатында екiншi бiр тiлмен ортақ жақтары да бар, өзiндiк ерекшелiктерi
де мiндеттi түрде болады.
Сын есiм туралы өте орынды пiкiр айтушылардың бiрi – профессор А.К. Боровков. Ол өзiнiң «Ұй-
ғыр тiлiнiң оқулығы» деген еңбегiнде сын есiмнiң тұлға жағынан зат есiммен, үстеумен тұлғалас келе-
тiндiгiн айтқан, мұның өзi кейбiр тiл зерттеушiлерi ұйғыр тiлiнде сын есiмнiң өз алдына сөз табы
болуына дүдәмал көзқарас тудыратынын айта келiп, сырт тұлғасына қарап сын есiмдердi бекерге шыға-
рудың дұрыс айтылмайтынын, беретiн мағынасы, сөйлемде атқаратын қызметi, сөз тудырушы форма-
лары жағынан сын есiмдердi өз алдына сөз табы ретiнде қараудың қажеттiлiгiн айтады
3, 47
. Соны-
мен, профессор А.К. Боровков ұйғыр тiлiнде сын есiмнiң өз алдына сөз табы болатынын көрсетедi.
Зат
есімдерге іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде
қалыптасуы туралы индоевропа тілдерінің материалдары негізінде академик В.М. Жирмунский:
«Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни есімдердің зат
есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, индоевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика методтары
арқылы көрінеді» – дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі солардың бірі – қазақ тіліндегі зат
есімдер мен сын есімдер туралы да айтуға әбден болар еді
4, 28
.
Сын есiмдердi осы бағытта сөз еткен тiл мамандарының бiрi – И.А. Батманов «Қырғыз тiлiндегi
сөз таптары» деген еңбегiнде автор сын есiмдердi басқа сөз таптарынан ажыратарлық белгiлердiң
жеткiлiксiздiгiне тоқтала келiп,
оны зат есiмдерден, сондай – ақ үстеуден ажырату қиын екендiгiн,
сын есiм тудыратын кейбiр жұрнақтардың болуы, оның сөйлемде белгiлi сөйлем мүшесiнiң қызметiн
атқаруы грамматикалық жағынан қалыптасқан сын есiмнiң бар екендiгiн сөз еткен
5, 53
.
Сын есiмдер туралы бiрқатар материал А.Н. Кононовтың еңбектерiнде де берiледi. Ол өзiнiң «Өзбек
тiлiнiң грамматикасы» деген еңбегiнде сын есiмнiң өз алдына сөз табы болатындығын айтып, оның
басты мәселелерiн негiзiнен дұрыс баяндайды. Тұлғасына қарай сын есiмдердi негiзгi және туынды деп
екiге бөлiп, оның жасалу жолдарына тоқталады. Есiм түбiрлi сын есiмдердi бiр бөлек, етiстiк түбiрлi
сын есiмдердi бiр бөлек түсiндiрiп, сын есiмдердi мағынасына қарай да жiктейдi. Өзбек тiлiндегi сын
есiмдердi өз алдына сөз табы деп тануда автор негiзгi үш нәрсенi межелiк белгi етiп ұстайды: бiрiншi
сөздiң семантикасы, екiншiсi – морфологиялық белгiсi, үшiншiсi – синтаксистiк қызметi
6, 230
.
Сын есiм туралы құнды пiкiрлер А.Н. Кононовтың «Қазiргi түрiк әдеби тiлiнiң грамматикасы»
деген еңбегiнде берiледi. Мұнда автор түрiк тiлiндегi сын есiмдердi өз алдына сөз табы деп қарайды,
зат есiм мен сын есiмнiң ерекшелiк жақтарын көрсетуге тырысады. Зат есiмдерге тән грамматикалық
категорияның бiрдi – бiрiнiң (сындық, тәуелдiк) түрiк тiлдерiндегi сын есiмдерге ешбiр қатысы
жоқтығын, заттың тегiн бiлдiретiн күмiс (күмiс қасық), ағаш (ағаш үй тәрiздi сөз тiркестерi) деген
сөздiң затты ғана анықтайтынын, ал сын есiм болса, ол затты да, қимылды да анықтайтынын айтады.
Түркi тiлдерiнiң iшiнде қазақ тiлiне өте жақын тiлдердi зерттеуде
белгiлi еңбек сiңiрген тiл
маманы – А.Н. Баскаков. Ол өзiнiң «Ноғай тiлi және оның диалектiсi» деген еңбегiнде беретiн
мағынасы, сөйлемде атқаратын қызметi, тағы басқа ерекшелiктерiн есепке ала келе, сөздердi тоғыз
топ я сөз категорияларына бөледi. Олар: зат есiм, сын есiм,
сан есiм, есiмдiк, етiстiк, үстеу, одағай,
т.б. Одан кейiн тұлғалық ерекшелiктерiн, тарихи даму кезеңдерiн ескере келiп, олардың барлығы бiр
дәрежеде сараланып жетпегенiн көрсетедi. Одан кейiн сын есiм өзiнiң беретiн мағынасы жағынан
заттың сапасын, болмаса олардың бiр-бiрiне қарым-қатынастығын бiлдiретiн, сөйлемде анықтауыш
болумен қатар ол басқа да мүшелердiң қызметiн атқаратындығын, тұлға жағынан ол әлi зат есiм мен
үстеу сөздерден түгел жекеленiп болмағанын айтады. Сонымен, Н.А. Баскаков ноғай тiлiнде сын
есiмдердiң бiр жағынан зат есiмдерге, екiншiден, үстеумен үштасып жататынын ашық көрсете отыра,
сын есiмнiң өзiндiк ерекшелiк жақтарының бар екендiгiн де бекерге шығармайды.