Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет134/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
109
негізін құрайтын үшінші қайнар көздердің бірі болып саналады. Синергетиканы тарихшылар XXI 
ғасырдағы интеграцияға ұмтылушылықтың туындауы және интертеорияның пайда болуымен 
байланыстырып, біртұтас даму заңдылықтарына бағынатын түрлі нысандардағы күрделі 
динамикалық жүйе ретінде қарастырады. Лингвосинергетиканың теориялық негіздері енді-енді 
қалыптасып келеді.
Синергетика коэволюциялық принциптерді түсінуді және түрлі тектердің күрделі құрылымдық 
жүйесінің ұйымдастырылуын қамтиды. Мұндай зерттеулердің жалпы бағытын білдіретін мынадай 
кілт сөздерді көрсетуге болады: эволюция, коэволюция, өзін-өзі ұйымдастыру, күрделі жүйе, хаос, 
тұрақсыздық, ашықтық, біркелкісіздік (Е.Н. Князева, С.П. Курдюмов).
Ғалымдар синергетиканы көзқарастар парадигмасы ретінде айқындап, «жаңа дүниетаным», яғни 
«әлемді жаңаша тану», танымдық модельдің түзу емес сызықтық шегін көрсетеді деп белгілейді. 
Тілге қатысты заңдылықтар синергетикаға қызығушылық тудырды. Өйткені тіл сыртқы әлемнің 
моделін жасауда тұтас сипатқа ие кілттік рөл атқарады. Сондықтан кез келген тіл ішкі синтаксистік, 
семантикалық заңдылықтары бар ақпараттық ашық жүйені құрайды. Синергетика шынайы болмыс-
тың эксперименттелуінің өзіндік әдісі, ол нәтижені көрсетпейді. Ол ескі проблемаларды жаңаша 
қарастыруға, ғылымдағы өзекті мәселелерді қайта негіздеуге мүмкіндік береді. Сонымен, синер-
гетика ұғымы бұл өзін-өзі ұйымдастыруға бейім, ашық, біркелкі емес жүйе дегенді білдіреді [2, 65 б.].
Н.Ф. Алефиренко лингвомәдениеттануға синергетика керек деп есептейді. Өйткені ол 
құндылықты-танымдық сипаттағы күрделі лингвомәдени жүйелердің қалыптасуы мен дамуының 
әмбебап тетіктерін ашуға бағытталған.
Синергетика табиғат «шығармашылығы» мен адам жасампаздығының арасына көпір салады. 
Лингвомәдениетті меңгеру синергетикасы табиғи орта синергетикасымен салыстырғанда екінші 
орында тұрады. Синергетикалық тәсіл олардың лингвомәдени мәнін, қабылдау үдерісін, жадыны, 
шешім шығаруды, жасампаз ойлауды ауқымды түрде түсіндіруге мүмкіндік береді. 
Синергетикалық ұғым күтпеген сапалы дамуда біртұтас лингвомәдениет құрылымының оның 
наноэлементтерінің өзара әрекетінің нәтижесі ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Түпнұсқасында 
былай: «Синергетические понятия позволяют объяснить внезапные качественные скачки в целостной 
структуре лингвокультуры как результат взаимодействия ее наноэлементов (мельчайших смыслов)». 
Осының нәтижесінде синергетика біртұтас реттелген лингвомәдениет нысандарының аяқасты 
қалыптасу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Адам әртүрлі күрделі, біртұтас синергетикалық жүйе ретінде жан-жақты биологиялық, 
психикалық, 
әлеуметтік, 
мәдениеттік 
қарым-қатынаста 
болады. 
Сәйкесінше 
адамның 
лингвомәдениеттің семантикалық кеңістігімен өзара қатынасы синергетикалық күрделі әрі көп 
бағытты жүйелі өзара әрекетте болады. Алефиренко тілдің синергетикасына, сана мен мәдениетке 
алғаш назар аударып, тілдің ішкі формасы ілімін қалыптастырған В. фон Гумбольдт деп есептейді.
Алефиренконың пайымдауынша, тілдің ішкі формасы адамның түйсігінде жасырулы. Адам 
сөйлеу, ойлау үдересіне түскен кезде сол сәтте кристалданған таңбалардың стереотиптерін дискурста 
көрсете отырып актуалданады. Мұндай таңбалар ретінде сана жиынтығының әртүрлі құрылымына 
заттық-бейнелік код символдар, сөз-символдар, образ-символдар, мағынаның символдық бөліктері 
т.б. жатады. Сөйтіп тіл толықтай табиғи күрделі үлгі, бір бағыттық емес, ашық, дербес ұйымдасқан 
жүйе ретінде синергетиканың нысаны болып табылады. Бұдан бөлек тілдің ішкі формасының 
лингвомәдени қайта құрылуы сырттай бақылап отыратын ұстанымды қамтамасыз ете отырып, бізді 
субъектілі-объектілі қатынастан шығарып алады» [3, 104].
В.А. Маслованың ойынша, «синергетика – шашыраңқы құрылымдар мен бұзылыстардың 
теориясы. Бұл күрделі жүйелер теориясын, хаос теориясын, катастрофа (апат) теориясын, өздік 
ұйымдасу теориясын біріктірген мықты ғылыми сала. Синергетика ұштаса пайда болған ғылымдар 
сияқты емес, керісінше түрлі ғылымдардың ішкі нүктесіне үңіледі. Мысалы, катастрофа теориясы 
бойынша кризистің алдында құбылыстар болады. Табиғат құбылыстарынан боранның алдындағы 
тыныштықты мысалға алуға болады [4, 106].
Синергетика түрлі табиғатқа ие күрделі жүйелердің дамуы мен өздік ұйымдасуының әмбебап 
қағидаларын іздейді. Біртекті емес, жүйесіз құбылыстардың болуының пайдалылығын түсіндіреді, 
жүйелердің алдағы уақыттағы даму жолын болжауға мүмкіндік тудырады. Сонымен синергетиканың 
негізгі ұғымдары мен идеялары жүйесіздік, жүйенің ашықтығы, шектеу, айнымалылық, құрылымдық 
хаос, екіге бөліну (бифуркация) нүктесі, құрылым-аттракторлар болып табылады. 
Синергетика жүйелі нысанды негізге алады. Ол нысан әдетте сөйлесім болып табылады. 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау