Бухгалтерлік есеп қағидалары пәні бойынша



жүктеу 1,29 Mb.
бет5/8
Дата27.01.2020
өлшемі1,29 Mb.
#27413
1   2   3   4   5   6   7   8
4 тақырып. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу

Есеп 1

Оспанов А., Бакиров А. және Сұлтанов Б. әртүрлі ыдыс және ыдыстық заттарды шығыру бойынша ЖШС ашуды шешті. Олармен 500 000 теңге мөлшерінде келесідей үлестермен жарғылық капитал құрылды: Оспанов А. кассаға 100 000 теңге қолма-қол ақша салды, Бакиров А. құны 200 000 теңге ғимарат берді, Сұлтанов Б. ағымдағы, банктік шотқа 200 000 теңге аударды.



Талап етіледі:

  1. ЖШС бухгалтері қандай шоттар ашу керектігін анықтау.

  2. Ашылған шоттарға сипаттама беру.

  3. ЖШС бастапқы балансын ашу.


Есеп 2

№ 1 есептің шарты бойынша. Қызметін бастау үшін ЖШС 150 000 теңге сомасында жабдық сатып алды, бірақ оған төлем жасаған жоқ, банктен 500 000 теңге қарыз алды.



Талап етіледі:

  1. Бұл операцияларға Т-шоттар ашу.

  2. Бухгалтерлік баланс құру.

  3. Қандай шоттар активті, қандай шоттар пассивті екендігін көрсету.


Есеп 3

№ 1 және № 2 есептердің шарттары бойынша. Құрылтайшы Оспанов А. өзінің қаражаты есебінен 150 000 теңге мөлшерінде банк алдындағы қарызды өтеуді шешті, өйткені банктен алынған ссуда қысқа мерзімді болды және ЖШС бекітілген мерзімдерде оны өтеуге үлгермеді. Сонымен бірге 70 000 теңге сомасында материалдар сатып алынып, төленді.



Талап етіледі:

  1. Бұл операцияларды көрсетуде бухгалтерлік есептің қандай концепцияларын қолдану керектігін анықтау.

  2. Т-шоттың көмегімен ЖШС ағымдағы, банктік шотында қаражаттарының қалдығын, шоттың дебеттік және кредиттік айналымдарын анықтау.

  3. №1, 2, 3 есептерде көрсетілген операцияларды есепке ала отырып баланс құру.

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
5 тақырып. Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау

Есеп 1.

Төменде “Меруерт” мейманханасының шоттарының қалдығы 2009 жылдың 31 желтоқсанына келтірілген



Касса………………….………………………………..

20 000

Алынуға тиісті шоттар……………..…………………

28 000

Газ баллондары..………………………………………...

25 000

Алдын-ала төленген жалдық ақы………………………

360 000

Жабдықтар…………………………..…………………

300 000

Жабдықтардың жинақталған тозуы…..……………...

25 000

Төленуге тиіс шоттар..………………………………...

40 000

Капиталдарды салу..…………………………………..

488 000

Еңбек ақы бойынша шығындар……………………....

300 000

Жалдық ақы бойынша шығындар ……………...….

180 000

Тағамдарға шығындар...……………………………

400 000

Жабдықтардың тозуы бойынша шығындар..….…….

25 000

Өткізуден табыс…….…………………………………

1100000

Тағамдар..……………………………………………...

15 000

Бухгалтер есеп беру кезеңінің соңында мына жағдайды анықтады:

  1. “Тұран-Алем” банкісінің қызметкерлері үшін 30 желтоқсанда өткізілген кештен түскен табыс әлі тіркелмеген. Счет бойынша жалпы сома 200 000 теңгені құрайды, оның ішінде 100 000 алдын-ала төленген, ол да тіркелмепті.

  2. “Алдын-ала төленген жалдық ақы” шоты бойынша қалдық 2009 ж. 1 -ші қазанында алты айға бұрын төленген жалдық ақыдан тұрады

  3. Желтоқсан айында төленуі тиіс еңбек ақы бойынша шығындар мен міндеттемелер де тіркелмеген. Төленуге тиіс еңбек ақының жалпы сомасы100 000 теңгені құрайды.

  4. Жұмсалған газ баллоны шығынға есептен шығарылмаған. Олар 10 желтоқсанда алынған (25 000 теңгеге 5 баллон), 31 желтоқсанда қоймада әлі 2 баллон бар болатын.

  5. Мейманхана иесінің өз жеке қажетіне кассадан алған 40 000 теңгесі де ескерілмеген

Тапсырма: Трансформациялық кестені толтыру керек

Өткізу түрі: Студенттер бұл есепті өз беттерінше орындарында және қажет жағдайда тақтаға шығып шешу керек.

Әдістемелік нұсқау: Трансформациялық кестені толтыру алты кезеңнен тұрады

  1. Шоттардың сальдосы кіріспе баланстың бағандарына жазылады

  2. Трансформациялық (түзетуші) бухгалтерлік жазулар жүргізіледі

  3. Трансформацияланған (түзетілген) шоттардың сальдосы түзетілген кіріспе баланстың бағандарына жазылады

  4. Трансформацияланған, түзетілген кіріспе баланстың сальдосы бухгалтерлік баланс пен табыстар және шығындар жөнінде есеп беру бағандарына жазылады

  5. Бухгалтерлік баланс пен пайдалар және зияндар жөнінде есеп берудің жиыны шығарылады

  6. Таза табыс не зиян пайдалар және зияндар жөнінде есеп берудің бағанынан бухгалтерлік баланс бағандарына ауыстырылады


Есеп 2

Ауызша жауап беріңіз:



  1. Қазіргі жағдайда есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?

  2. Құжаттау дегеніміз не, оның мәні мен мазмұнын ашу.

  3. Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі.

  4. Құжаттардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптарды атаңыз.

  5. Түгендеуді кім жүргізеді, оның мәні мен мазмұнын ашу, оны жүргізу тәртібін анықтау.

  6. Қандай есеп регистрлерін білесіз, олардың мәні және жіктелуі.

  7. Есепте қате жазуларды анықтау және түзету тәсілдерін атаңыз.

  8. Бухгалтерлік есепті жүргізудің қандайнегізгі нысандарын білесіз.

  9. Ұйымның есептік саясатын кім құрады және оны құрудың негізі болып не табылады. Мысал келтіріңіз.


Есеп 3

1. Есеп регистрлері дегеніміз не?

2. Сыртқы түрі бойынша регистрлерге сипаттама беріңіз.

3. Синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлерінің маңызы қандай?

4. Синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айналым ведомосінің маңызы қандай?

5. Жүйелі регистрдің мәнін ашыңыз.

6. Хронологиялық регистрдің мәнін ашыңыз.

7. Құрамдастырылған регистрдің мәнін ашыңыз

8. Регистрлерді жазуға дайындық қалай жүргізіледі?

9. Бухгалтерлік есеп нысаны дегеніміз не?

10. Мемориальді-ордерлік есеп нысанының мәні.

11. Журналды-ордерлік есеп нысанының мәні.

12. Есептің автоматтандырылған нысанына сипаттама беріңіз. Қандай бухгалтерлік бағдарламаларды білесіз.

13. Бухгалтерлік есепте қателер қашан пайда болады. Себептерін атаңыз.

14. Қателердің салдарлары қандай? Субъект үшін олардың құны қандай?

15. Есепте қателер қандай тәселдермен анықталады?

16. Қателерді түзету тәсілдері қандай?

17. Қатені түзетудің корректуралық тәсілі қай кезде қолданылады және оның мәні.

18. Қатені түзетудің қосымша проводка тәсілі қай кезде қолданылады және оның мәні.

19.Қатені түзетудің «қызыл сторно» тәсілі қай кезде қолданылады және оның мәні.

20. «Жеке сторно» толықтан айырмашылығы қандай?

21. Есепте түзетілген қатені құжаттық рәсімдеу тәртібі қандай?

22. Халықаралық тәжірибеде сторнолық жазу танылған ба?

Сұрақтарға жауаптар:

1. бухгалтерлік кітаптар, карточкалар, жинақ парақтары, ведомостер, синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері, хронологиялықжәне жүйелі регистрлер;

2.мемориалды-ордерлі, журналды-ордерлі, автоматтандырылған;

3.корректуралық, қосымша проводка, сторналық жазу;

4.жоқ;

5.бухгалтерлік анықтамалармен рәсімделеді;



6. дұрыс проводка жағдайында операцияның сомасын азайту жағына түзетуде қолданылады;

7. бухгалтерлік есеп регистрлерінде жазбаларды жою үшін



8. дұрыс проводка жағдайында операцияның сомасын толықтыру жағына түзетуде қолданылады;

9.алғашқы құжаттарда, бухгалтерлік есеп регистрлеріне жазбас бұрын, қатені түзету үшін

10.пунктировка, теріп бақылау, есептеу, салыстыру

11.айыппұл санкциялары, әкімшілік жазалар, қылмыстық жауапкершілік;

12. бухгалтер мен ішкі аудиторлардың жауапсыздығынан және жете білімсіздігінен.

13.мәліметтерді автоматтты түрде өңдеу

14.Лука, Алтын, 1-С Бухгалтерия

15.негізгі регистр болып журнал-ордер табылады.

16.негізгі регистр болып мемориалды ордер табылады.

17. беттері номерленіп, байланады және соңғы беттің сыртында байланған жеріне бас бухгалтердің қолы қойылған қағаз жабыстырылады.

18. күнтізбелік кезектілікті сақтаумен шаруашылық операциялардың болуына қарай жазбалар жүргізу үшін

19. экономикалық сипаттары бойынша шаруашылық операциялар жазбаларын жүргізу үшін

20. экономикалық сипаттары бойынша күнтізбелік күндерді есепке ала отырып логикалық кезектілікте шаруашылық операциялар жазбаларын жүргізу үшін

21. ақшалай бағалауда жалпы ақпарат алу үшін

22. есеп объектілері бойынша сандық-сомалық өлшемде ақпарат алу үшін

23. алғашқы құжаттарда рәсімделген операциялар мен ресурстардың бар болуы туралы мәліметтерді тіркеу және топтастыруға арналған қағаз парақтары.

24. регистрлердің әр түрлерінің сәйкес келу, есеп жазбаларын өңдеу техникасының тәртібі.

Әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындауда әр сұраққа сәйкес жауапты таңдау.

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
6 тақырып. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

Есеп 1

Төмендегі шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз:






Операцияның мазмұны

Сома, теңге

1

Ағымдағы, банктік шотқа ақша қаражаттары келіп түсті:

а) сатып алушылардан өткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер үшін

ә) вексельдер бойынша негізгі қарыздың сомасына

150 000


48 000




б) құрылтайшылардан жарғылық капиталға салым ретінде

74 580




в) несиелер мен қарыздар түрінде

45 000




г) алынған айыппұлдар, үстемақылар, шартты бұзған үшін айыппұлдар

4 700

2

Ағымдағы, банктік шотқа ақша есепке алынды:

а) субъектінің кассасынан



187 250




ә) жолдағы

58 700

3

Ағымдағы, банктік шотқа сатып алушылардан аванс түрінде ақшалар келіп түсті

48 700

4

Ағымдағы, банктік шотқа ақшалар келіп түсті:

а) демеушілік көмек ретінде

ә) үкіметтің атқарушы органдарынан субсидия ретінде

б) аккредитивтердегі пайдаланылмаған қалдықтар бойынша

в) чектік кітапшалардағы пайдаланылмаған қалдықтар бойынша

г) банктердегі арнайы шоттардан


16 000


12 000

1 400
4 500

41 500


Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
7 тақырып. Тауарлық-материалдық қорлар есебі

Есеп 1

Талап етіледі: Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.




Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Берілген есеп беруге тиісті сомалар есебінен материалдар алынды

25 000

2.

Келіп түскен материалдар үшін жабдықтаушы шоты төленді:

- нақты алынған материалдар құнына

- ҚҚС сомасына

28 000


?

3

Жабдықтаушы шоты ағымдағы, банктік шотынан төленді

?

4.

ҚҚС сомасы бюджет алдындағы қарызды азайтуға қабылданды

?

5.

Табиғи апат салдарынан мүмкін қолдану бағасы бойынша материалдық құндылықтар кіріске алынды

22 400

6.

Мүмкін қолдану бағасы бойынша негізгі құрал объектілерін жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтар кіріске алынды

10 000

7.

Жеке тұлғалардан қосалқы бөлшектер алынды

2 540

8.

Заңды және жеке тұлғалардан қайтарымсыз отын алынды

5 400

9.

Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшылардан ыдыстар және ыдыстық материалдар келіп түсті

45 000


10.

Түгендеуде анықталған құрылыс материалдарының артықтары кіріске алынды

14 000


11.

Шикізаттар үкіметтің атқарушы органдарынан субсидия ретінде келіп түсті

47 000


12.

Құны кассадан төленген басқа да материалдар кіріске алынды

12 000

13.

Ішкі пайдалану үшін арналған меншікті өндірістің қосалқы бөлшектері кіріске алынды

15 400



Есеп 2

Төменде берілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.






Шаруашылық операцияның мазмұны

Сомасы, теңге

1

Жіберілген материалдар құнына:

а) негізгі өндіріске

ә) көмекші өндіріске

б) цехтарға цехтік қажеттіліктерге

в) жалпы шаруашылық қажеттіліктерге

г) тауарларды сақтаумен және өткізумен байланысты операцияларға


58 000


12 000

4 000


15 000
2 458

2

Сыртқа өткізілген артық материалдар көрсетілді:

а) іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша

ә) өткізілген құны бойынша (ҚҚС-сыз)

б) ҚҚС сомасына (шот-фактура негізінде)



15 800

16 000


?

3

Ақысыз материалдық құндылықтар берілді:

а) нақты өзіндік құнына

ә) салық салынатын айналымнан есептелген ҚҚС сомасына

45 000


?

4

Негізгі құралдарды жөндеуге материалдар есептен шығарылды:

а) негізгі және көмекші өндірістің

ә) әкімшілік мақсаттағы

б) өткізу бөлімінің



2 400


3 200

1 450


5

Материалдардың жетіспеушілігі анықталды:

а) табиғи кему нормасы шегінде

ә) нормадан тыс жоғалтулар

2 800


1 300


Есеп 3

Төменде берілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.







Шаруашылық операцияның мазмұны

Сомасы, теңге

1

Сыртқа қайта өңдеуге берілген материалдар құнына

12 580

2

Сырттағы ұйымдардың материалдарды қайта өңдеу бойынша қызметтерінің құнына (шот-фактураға сәйкес)

2 400


3

Қайта өңдеуден кейін қайтарылған материалдық құндылықтардың құнына

?


4

Есеп беру кезеңінің басында аяқталмаған өндірістің қалдығы аударылды:

а) негізгі өндіріске

ә) өз өндірісінің жартылай фабрикаттарына

б) көмекші өндіріске



45 000


25 000

15 000


5

Есеп беру кезеңінің соңында аяқталмаған өндірістің қалдығы есептен шығарылды

а) негізгі өндіріс бойынша

ә) өз өндірісінің жартылай фабрикаттары бойынша

б) көмекші өндіріс бойынша



34 000


20 000

10 000


6

Негізгі өндірістен дайын өнім шығарылды

25 000

7

Дайын өнім өткізілді:

а) іс жүзіндегі өзіндік құнына

ә) келісімдік құнына

б) ҚҚС сомасына


48 000


69 000

?


8

Сатуға арналған жартылай фабрикаттар дайын өнімнің қоймасына өткізілді

16 000


Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
8 тақырып. Негізгі құралдар есебі

Есеп 1

Талап етіледі: Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.




Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1

Негізгі құралдар объектілері кіріске алынды:

а) құрылтайшылардан жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген

ә) жабдықтаушылардан алынған

б) есеп беруге тиісті сома есебінен алынған

в) жеке тұлғалардан алынған

г) еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын ұйымдардан алынған



248 000


45 800

15 400


12 500
26 000

2

Ақысыз алынған негізгі құралдар кіріске алынды

25 000

3

Субсидия ретінде алынған негізгі құралдар кіріске алынды

15 600

4

Субъектінің өзімен негізгі құралдар объектілері жасалды:

а) құрылыс процесінде субъектінің жұмсаған іс жүзіндегі шығындарының сомасына

ә) құрылыс аяқталғаннан кейін объект кіріске алынды


100 053


100 053

5

Ағымдағы жалға алынған негізгі құралдардың сомасына

78 000

6

Ұзақ мерзімді жал жағдайында негізгі құралдар келіп түсті

12 200

7

Негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізілді (асыра бағалау)

14 420

8

Негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізілді (кем бағалау)

2 520


Есеп 2

Талап етіледі: Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.




Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Негізгі құралдар өткізілді:

а) баланстық құнына

ә) жинақталған тозу сомасына

б) сатып алушыларға көрсетілген шоттар сомасына ҚҚС-сыз (өткізу құны)

в) ҚҚС сомасына (көрсетілген шот-фактура бойынша)

г) көрсетілген шоттар бойынша сатып алушылардың қарызды өтеуі


45 000


58 000

78 000
?

?


2.

Жою нәтижесінде негізгі құралдардың шығуы:

а) баланстық құнына

ә) жинақталған тозу сомасына

б) жоюмен байланысты шығындарға

в) жоюдан алынған материалдар құнына (мүмкін қолдану бағасы бойынша)

11 000


89 000

25 000
15 260



3.

Жарғылық капиталға салым ретінде негізгі құрал объектілері берілді

152 250


4.

Негізгі құралдар басқа субъектілерге қайтарымсыз берілді

24 000

5.

Ағымдағы жалға берілген негізгі құралдар құнына

25 000


Есеп 3

Талап етіледі: төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.




Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Ғимараттар бойынша тозу есептелді:

а) өндірістік мақсаттағы

ә) әкімшілік мақсаттағы

б) өткізу саласында қолданылатын

в) құрылыста қолданылатын

г) ағымдағы жалға берілген


25 000


10 000

20 200


56 000

8 230


2.

Негізгі құралдарды артық бағалау нәтижесінде есептелген тозуға түзету сомасына

2 560

3.

Жүргізілген негізгі құралдардың құнын төмендету нәтижесінде есептелген тозуға түзету сомасына

856


Есеп 4

К компаниясы консерві қақпақтарын бекіту үшін станок сатып алуды шешті. Сатушы станокты 1,5 млн. теңгеге ұсынды, ал оның нарықтық құны 1,4 млн. теңге құрайды. Станокты сатып алу-сату бойынша мәміле 1,3 млн. теңге төлем шартында жасалды. Станокты қондыру бойынша шығындар 100 000 теңге құрады.


Талап етіледі:

  1. К компаниясы есепте станокты қай құны бойынша көрсететінін анықтау.

  2. Сатып алу бағасы дегеніміз не, оны көрсету.

  3. Станок қай шотта көрсетіледі: негізгі құралдар, міндеттемелер, капитал?

  4. Сатып алуды Т-шоттарда көрсету.

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
9 тақырып. Материалдық емес активтер есебі және олардың амортизациясы

Есеп 1

Талап етіледі: Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.




Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшылармен енгізілген материалдық емес активтер кіріске алынды

56 000


2.

Заңды тұлғалардан материалдық емес активтер сатып алынды

48 000

3.

Есеп беруге тиісті сомалар есебінен материалдық емес активтер сатып алынды

24 000


4.

Атқарушы органдардан субсидия ретінде алынған материалдық емес активтер кіріске алынды

12 000


5.

Заңды және жеке тұлғалардан қайтарымсыз алынған материалдық емес активтер кіріске алынды

15 000


6.

Кәсіпорынның сатып алу құнының оның барлық активтерінің құнынан асу сомасына

20 000


7.

Субъектінің ұйымдастырушылық шығындары (жұмсалған шығындардың нақты құнына

145 000


8.

Осы кәсіпорында жасалған материалдық емес активтер олардың нақты өзіндік құны бойынша кіріске алынды

31 000



Есеп 2

Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз:






Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Материалдық емес активтерді өткізуден және басқа да шығудан есептен шығарылды:

а) баланстық құнына

ә) жинақталған амортизация сомасына


5 000


20 000

2.

Материалдық емес активтерді өткізуден табыс көрсетілді:

а) келісім құнына (ҚҚС-сыз)

ә) ҚҚС сомасына

45 000


?

3.

Жарғылық капиталға салым ретінде материалдық емес активтерді беру

а) баланстық құнына

ә) жинақталған амортизация сомасына

б) берілген активтің келісілген құнына



58 000


20 000

60 000


4.

Материалдық активтерді қайтарымсыз беру

10 000

5.

Материалдық емес активтердің жоғалуын, жетіспеушілігін және ұрланғандарын есептен шығару

а) жинақталған амортизация сомасына

ә) активтердің қалдық құнына


10 000


23 000

6.

Материалдық емес активтерге амортизация есептелді:

а) өндірістегі

ә) әкімшілік мақсаттағы

б) өткізу процесіндегі

в) аяқталмаған құрылыстағы

15 000


12 000

56 000


26 000

7.

Материалдық емес активтерді өткізгенде және басқа да шығаруда жинақталған амортизациялық аударымдар сомасы есептен шығарылды

20 000


Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
10 тақырып. Дебиторлық қарыз есебі

Есеп 1

Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.






Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Дайын өнім өткізілді:

а) тиелген өнімнің келісім құнына

ә) ҚҚС сомасына

б) көрсетілген сатудан, бағадан жеңілдіктер сомасына


140 000


?

10 000


2.

Тауарлық-материалдық қорларды жеткізу үшін алдын-ала алынған аванстар есепке алынды

40 000


3

Жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету үшін алдын-ала алынған аванстар есепке алынды

45 000


4.

Шетел валютасындағы сатып алушылардың қарыздары бойынша пайда болған оң бағамдық айырмашылық сомасына

12 000


5.

Шетел валютасындағы сатып алушылардың қарыздары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырмашылық сомасына

5 000


6.

Күдікті қарыздар бойынша резерв құрылды

48 000

7.

Қалыптасқан резерв есебінен дебиторлық қарыз есептен шығарылды

40 000


Есеп 2

Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.






Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін жабдықтаушылардың акцептіленген шоттары бойынша ҚҚС сомасына

15000


2.

Сатып алынған машиналар мен жабдықтар үшін шоттар бойынша ҚҚС сомасына

10000


3.

ҚҚС сомасы бюджет алдындағы қарызды азайтуға жатқызылды

25000

4.

Берілген қарыздар, алынған вексельдер бойынша пайыздар (сыйақы) есептелді

4000


5.

Пайыздар (сыйақы) бойынша қарыздарды өтеу

4000

6.

Бөлінбеген табыс есебінен қарапайым акциялар бойынша дивидендтер есептелді

80000

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
11 тақырып. Инвестиция және құнды қағаздар есебі

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Пайыздық тәуекел қалай анықталады?

  2. Несиелік тәуекел қалай анықталады?

  3. Қаржылық активтер мен міндеттемелер қандай құнмен бағаланады?

  4. Пайда мен зиян туралы есеп беру құрылымы қандай?

  5. Қай ҚЕБХС Қаржылық активтер мен міндеттемелердің құнсыздану есебін және жүргізу тәртібін реттейді.

  6. Хеджирлеу дегеніміз не?

  7. Хеджирлеудің қандай негізгі баптарын білесіңдер?


Есеп 1.

30.06.2008 жылы компания 100000 тг номиналды құнды 2 жылдық облигацияларды сатып алды. Төлемдер жылына 2 рет жылдық 12% көлемінде төленеді, 30 маусым және 31 желтоқсанда. Нарықтық пайыздық ставка жылдық 10%-ды құрайды. Облигациялардың шығарылу құнын анықтау керек, проводкалар құру және облигациялық жеңілдіктерді сызықтық және тиімді пайыздық ставка әдісімен жазу.



Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Облигациялардың шығарылу құнын есептегенде (n=4, r=5) шартындағы дисконттау факторын анықтау керек.

  2. Пайыз бойынша табыстың және сыйақының амортизацияларының кестесін құру.

  3. Проводкаларды құру үшін келесі логикалық талдауларды ұстану қажет:

а) қандай есеп обьектілері, сәйкесінше берілген шаруашылық операцияда қандай шоттар қолданылатынын анықтау;

б) шот түрін анықтау (активтердің, капиталдың, міндеттемелердің)

в) шаруашылық операциялардың әсерінен шоттарда қандай өзгешеліктер болғанын анықтау (ұлғаю не кему);

г) өзгеру сипатынан туындайтын шаруашылық операциялар әсерінен болған, сонымен қатар қолданылған шот түрлері арқалы дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.



Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
12 тақырып. Меншікті капитал есебі

Есеп 1

Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.






Операциялардың мазмұны

Сомасы, мың тг.

1.

Жарияланған жарғылық капитал сомасына

50 000

2.

Акцияның қосымша эмиссиясы жолымен жарғылық капиталды ұлғайту

50

3.

Акцияларды айналымнан алу

20

4.

Қатысушы шыққан кейін жарғылық капиталды азайту

45

5.

Салымдар бойынша қатысушылардың қарыздары сомасына

8 000

6.

Салым есебінде келіп түсті:

а) материалдық емес активтер;

ә) негізгі құралдар;

б) тауарлық-материалдық қорлар;

в) ақшалай қаражаттар

1 200


4 800

1 500


500

7.

Меншікті акциялар айналымнан алынды

700 000

8.

Акция бойынша сыйақылар сомасына

78 000


Есеп 2

Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.





Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Акционерлерден меншікті акцияларды өздерінің номиналды құнынан төмен баға бойынша сатып алған кезде алынған айырмашылық сомасына

52 000


2.

Негізгі құралдарды артық бағалау сомасына

25 000

3.

Негізгі құралдарды артық бағалау нәтижелері бойынша жинақталған тозуды түзету

4 500


4.

Шыққан негізгі құралдар бойынша артық бағалау сомасы есептен шығарылды

55 800


5.

Ұзақмерзімді қаржылық инвестицияларды артық бағалау сомасына

5 600


6.

Меншікті капиталға жататын ақшалай баптар бойынша курстық айырмашылық көрсетілді

23 000


7.

Заңға, құрылтай құжаттарына сәйкес резервтік капиталды құру

21 000

8.

Дивидендтерді төлеуге резервтік капиталды қолдану

42 000

9.

Есептік кезеңдегі таза табыс сомасына

48 000

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
13 тақырып. Міндеттемелер және қарыздар бойынша шығындар есебі

Есеп 1

Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.






Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Ағымдағы, банктік шотқа банк қарыздары есептелді

40 000

2.

Банк қарыздары бойынша сыйақы есептелді

2 000

3.

Банк қарыздары есебінен тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізуге аванстық төлем жүргізілді

26 000


4.

Банктен тыс мекемелердің қарыздары есебінен жұмыстар, қызметтерді орындауға аванстық төлем жүргізілді

56 000


5.

Болашақ кезең табысы сомасына

20 000

6.

Алынған аванстық төлемдер сомаларын есептік кезеңнің табысы деп тану

8 230



Есеп 2

Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.






Операциялардың мазмұны

Сомасы, теңге

1.

Есептік кезеңнің бөлінбеген табысы есебінен қарапайым акциялар бойынша дивидендтер есептелді

80 000


2.

Өткен кезеңнің бөлінбеген табысы есебінен артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер есептелді

150 000


3.

Ағымдағы, банктік шотқа тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізуге аванстар алынды

80 000


4.

Келісілер алынғаны үшін жабдықтаушылар шоты акцептіленді (төлемге қабылданды):

а) тауарлық-материалдық қорлар

ә) материалдық емес активтер

б) негізгі құралдар



56 000


25 000

46 000


5.

Резервтік капитал есебінен артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер есептелді

24 000


6.

Ағымдағы, банктік шотына жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге аванстар алынды

12 000


7.

Алдын-ала алынған аванстар сатып алушылардың қарыздарын азайтуға есепке алынды

18 000


8.

Алдын-ала алынған аванстар тапсырыс берушілердің қарыздарын азайтуға есепке алынды

12 000


9.

Мердігердің шоты келесілер үшін акцептіленді:

а) орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар

ә) негізгі құралдарды жөндеу (резерв құрылмай)

б) негізгі құралдарды жою бойынша қызмет үшін


55 000


45 000

23 000




Есеп 3

Жұмыскердің есептелген еңбекақысы 55000 теңге. Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударым сомасын анықтаңыз.



Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
14 тақырып. Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі

Есеп 1

Операция мазмұны

Сомасы

Өткізілген өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды.

460000

Жұмыскерлерге еңбек ақы есептелді

120000

Басқару персоналына еңбек ақы есептелді

80000

Әлеуметтік салық есептелді

40000

ҚҚС-пен сатыпалушыға шот көрсетілді

920000

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін анықтаңыз. Әдістемелік нұсқаулар: қаржылық нәтижені 5610 «Жиынтық пайда (зиян)» шотында анықтап, 5510 шотына есептен шығару.

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
15 тақырып. Қаржылық есеп беруге сипаттама, маңызы және құрамы

Есеп 1

Келтірілген АҚ «Мерей» мәліметтері негізінде бастапқы балансты құру (мың теңге):



  1. Негізгі құралдар........................................................ 400 000

  2. Жарғылық капитал................................................... 426 965

  3. Материалдар................................................................18 500

  4. Дайын өнім..................................................................20 100

  5. Бөлінбеген табыс.........................................................26 700

  6. Кассадағы ақша................................................................920

  7. Жабдықтаушылармен есеп айырысу.........................15 500

  8. Дебиторлық қарыз............................................................845

  9. Еңбек ақы бойынша персоналмен есеп айрысу....... 23 200

  10. Ағымдағы, банктік шоттағы ақшалар.... 52 000

2007 жылға АҚ «Мерей» бойынша шаруашылық операциялар журналы






Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

Сомасы, мың тг

1.

Ағымдағы, банктік шотынан еңбек ақы төлеуге кассаға алынды







25 300

2.

Кассадан іс-сапарлық шығындарға есеп беруге берілді







5050

3.

Кассадан еңбек ақы берілді







20 250

4.

Сатып алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты акцептіленді







7 000

5.

Ағымдағы, банктік шотынан кассаға келіп түсті







2 000

6.

Есеп беру сомаларының қалдығы кассаға қайтарылды







3 100

7.

Ағымдағы, банктік шотынан жабдықтаушыға аударылды







10 000

8.

Ағымдағы, банктік шотынан төленген қаржылық инвестициялар сатып алынды







10 000

9.

Ағымдағы, банктік шотына ұзақ мерзімді банк несиесі алынды







30 000


Талап етіледі:

  1. Есептік кезеңнің басына келтірілген мәліметтер негізінде 01.01.2008ж. бастапқы бухгалтерлік баланс құру.

  2. 2008 жылға келтірілген шаруашылық операцияларға шоттар корреспонденциясын құру.

  3. 31.12.08 жылға есептік кезеңнің соңына бухгалтерлік баланс құру.

  4. Тікелей әдіспен ақша қозғалысы туралы есеп беруді құру.

  5. Жанама әдіспен ақша қозғалысы туралы есеп беруді құру.

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
16 тақырып. Бухгалтерлік (қаржылық) есеп берудегі қауымдастыру

Есеп 1

  1. Қандай жағдайда қауымдастырылған есеп беру құрылады? Қауымдастырылған іс-әрекеттер.

  2. Жекешеленген қаржылық есеп берудегі еншілес, бірлесіп бақыланатын және бірлескен ұйымдардағы инвестиция есебі қай стандартпен реттеледі?


Есеп 2.

ЖШС «Нұр» берілгендерінің негізінде бастапқы баланс құру



шоттар

баптар атауы

сомасы, теңге

2410

негізгі құралдар

135320

1310

шикізат және материалдар

342000

1340

аяқталмаған өндіріс

120000

1010

кассадағы ақша қаражаты

400

3390

басқа да кредиторлық қарыз

8000

1310

отын

80000

3190

басқа да салықтар

6000

3350

жалақы төлеу бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер

42000

3310

Жабдықтаушыларға қысқа мерзімді міндеттеме

39400

1040

банктік шоттағы ақша қаражаты

154000

1280

басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыз

15564

5010

Ерекшеленген акция

192000

1250

жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы

236

1320

дайын өнім

110000

3010

қысқа мерзімді банктік қарыз

160000

Әдістемелік нұсқаулар: баланс құру барысында А=МК+М баланс формуласын ескеру қажет.
Есеп 3

Компания «М» келесі баланстық баптардан тұрады:



  1. Материалдық емес активтер 500000

  2. Негізгі құралдар 400000

  3. Қорлар 200000

  4. Дебиторлық қарыз 300000

  5. Ұзақ мерзімді банк несиесі 100000

  6. Кассадағы ақша қаражаты 600000

  7. Бюджетпен есеп айырысу 300000

  8. Жалақы бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу 100000

  9. Жабдықтаушылармен есеп айырысу 150000

  10. Жарғылық капитал 450000

Талап етіледі:

  1. Қандай баптар активтерге, міндеттемелерге, жеке меншік капиталына жататындығын анықта?

  2. Баланс құру.


Есеп 4

2 және 3 есеп бойынша қауымдастырылған бухгалтерлік баланс құру.



Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
17 тақырып. Өндіріске шығындар және өнімнің өзіндік құны калькуляциясының есебі

Есеп 1

Егер төменде көрсетілген шығындар тұрақты (А), ауыспалы (Б), жанама (В) немесе тура (Г) категорияларына жатады деп алсақ, шығындардың әр түрін екі категорияға қатыстығын көрсетіңіздер



Шығындар

А

Б

В

Г

өндірістік жұмысшылар еңбек-ақысы













Шикізат













Нақты тауардың жарнамасына шығындар













Зерттеуге шығындардың жалпы сомасы













Электр энергиясы













Цехтің мастерінің жалақысы













Жалпы жалдау ақысы













Есеп 2: №3.10 ([15], 30 –шы бет).

Есеп 3: №3.11 ([15], 30 –шы бет).

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
18 тақырып. Бухгалтерлік есеп және аудитті гармонизациялау және стандарттау (ҚЕБХС, АХС)

Есеп 1. Стандарттаудың мәні мен мазмұнын ашу.

Есеп 2. Есепті үйлесімдеу мен стандарттауға анықтама беріңіз.

Есеп 3. ҚЕБХС өңдеу мен қолдану деңгейінің процесін сипаттау.

Есеп 4. Есеп модельдеріне сипаттам беру және төмендегі кестеге толтыру:


Бухгалтерлік есеп моделі

Модельдің пікірі

Берілген модельді қолданатын елдер










Әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындауда қазіргі экономистер бухгалтерлік есептің келесідей модельдерін бөліп көрсететіндігін ескеру қажет:

  • англо-американдық;

  • континенталдық;

  • оңтүстік-американдық;

  • исламдық.

Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау