Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру



жүктеу 86,14 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі86,14 Kb.
#11463
түріКонкурс

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

D-О-3 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.




Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

D -О-3

1 09 932

148 2 42

«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефондар: 264-13-32, 262-14-09 e-mail: O_transport@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Құқық және ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Бөлімнің қызметтеріне жалпы басшылық етуді қамтамасыз ету; Басқарманы ақпараттық - заңдық жағынан қамтамасыз ету; заңдық құжаттарға сараптама жүргізу; сот пен соталды талқылауларға қатысу; заңды тұлғалар мен азаматтардан түскен хаттармен, шағымдармен жұмыс істеу және қатысу; заңдық мәселелер бойынша прокуратура органдарымен, ҰҚКД-мен, Жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес бойынша департаментпен, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сатып алулар мен Қаржылық бақылау басқармасымен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу бойынша, қала маңы және қалалық қалааралық облысаралық жолаушыларды және жүкті тұрақты тасымалдау құқығын беретін байқау комиссиясы жұмысына қатысу; жұмыс, қызмет, тауарды мемлекеттік сатып алу шартын жасау; құқықтық шығармашылық лауазымы, жемқорлық бойынша есеп тапсыру; Басқарма қызметкерлерінің лауазым тиімділігін бағалауды жүргізу; мемлекеттік сатып алу веб - порталында жұмыс істеу; тауар, жұмыс және қызметті мемлекеттік сатып алуға байқау өткізудің тәртібі мен белгілі шарттарын анықтау үшін байқау құжаттарын жасау; Ведомстволық КМК-лардың заң бөлімдерімен қызмет атқарады, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе жазалау туралы ұсыныс дайындайды, бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылыққа апарады. Басқарманың функциялары мен міндеттеріне қатысты құжаттарды әзірлеуге қатысады, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды және қарайды. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалық жұмыстарға, қатысады, жолаушылар көлігі саласындағы кадрларды оқыту, дайындау және біліктілігін көтеру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен Жергілікті мемлекеттік органдарға жатқызылатын басқа да құзыретілігін іске асырады, жолаушылар көлігі қызметімен байланысты нормативті-құқықтық актілерді талдауды ұйымдастыруға қатысады. Келіп түскен хат-хабарламаларды қарау, орындау мерзімі үшін жауапты.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитакалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытыңдының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламары: B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін:мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.


      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.


      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының upt-almaty.kz интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы сәуірдің 11-нен 22-сі аралығы.
жүктеу 86,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау