Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.**
* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.
** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.
**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-4 |
138 248
|
186 551
|
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-18-45, e-mail: g.kopinova@diakom.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды.
Заң департаменті Құқықтық сараптама және нормативтік құқықтық актілерді мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (10-1-4).
Функционалдық міндеттері: Департамент құзіреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық көмек көрсету; Министрлік әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілер жобаларын, сонымен қатар халықаралық келісім-шарттарды, оның ішінде оларды Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша басқа құрылымдық бөлімшелер дайындаған жағдайда келісу жолымен дайындауға қатысу; Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша Министрлік әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді құқықтық қолдауға қатысу; мемлекеттік орган қызметін құқықтық қамтамасыз етуді бағалау шеңберінде норма шығару қызметінің сапасы бойынша ақпарат дайындау; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспар жобаларын жасауға қатысу; Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Министрліктің келісуіне ұсынылатын құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар халықаралық келісім-шарттардың жобаларын қарауға қатысу; Министрліктің келісуіне ұсынылатын құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар халықаралық келісім-шарттардың жобаларына ұсыныстар мен ескертулер әзірлеу; заң актілерінде қарастырылған жағдайда Министрліктің құзіретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер жүргізуді дайындау; Басқарма құзіреті шегінде басшылықтың қатысуымен өтетін жиналыстарға, мәжілістерге материалдар дайындау; мемлекеттік орган қызметінің құқықтық сұрақтарын қарау кезінде ұйымдардағы мемлекеттік органның мүдделерін белгіленген тәртіпте ұсыну; басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындау; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің таладауын және мониторингін тұрақты жүргізуді үйлестіру; Министрліктің норма шығару қызметіне талдау жасау және талдау нәтижесі бойынша басқарма басшысынаа оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу; Министрлікке түсетін нормативтік құқықтық актілерді жүйелендірілген есепке алу және сақтауды ұйымдастыруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Үкіметінің, министрліктің заң жобалау жұмыстары жоспарынының атқарылуына мониторинг жүргізу; Министрлік жауапты хатшысының қызметі шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша ақпараттар дайындау; Министрлік жанындағы консультативті- кеңес органдары жұмысына қатысу; Басқарма құзіреті шегінде Министрліктің Операциялық жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара жұмыс жасау; Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |