|
Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган
|
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының,
облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді
|
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандартын әзірлеуші
|
ҚР Білім және ғылым министрлігі
|
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің регламентін әзірлеуші
|
Облыстық білім басқармасы
|
|
Өтініштерді қабылдау және нәтижесін алу
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады
|
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Жеке тұлғалар.
|
|
Қызмет нәтижесі
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсының қорытындысы туралы еркін түрдегі нысандағы жазбаша хабарлама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады
|
|
Қызмет көрсету нысаны
|
Қағаз түрінде
|
|
Қызмет ақысы
|
Тегін
|
|
Қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша – 3 (үш) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес – 7(жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
|
|
Қажетті құжаттар топтамасы
|
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
9) «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі
органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
|
|
Ақпараттық жүйеден алынатын құжаттар топтамасы
|
-
|
|
Нормативтік құқықтық актілер
|
ҚР Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығы
|