Дәрі дәрмексіз ем
Диета №1 (1а, 15) аурудың клиникалық көріністерін тудыратын жəне күшейтетін тамақтарды алып тастау (мысалы, ащы приправалар, маринадталған жəне қақталған өнімдер). Тамақтану дүркін дүркінді, тəулігіне 5~б рет.
Дәрі дәрмектік ем
Н. pylori мен қосылған асқазан жəне ұлтабар ойықжара ауруы кезінде эрадикациялы терапия жүргізу көрсетілген.
Эрадикациялық терапия схемасына талаптар:
- Бақылаулық зерттеулерде Н. pylori бактерияларын кем дегенде 80% жоюға алып келуі қажет;
- Ем курсының ұзақтығы 7~14 күннен аспайтын кезде схема тиімді болу қажет.
Бірінші тізбектегі терапия
Протондық насос ингибиторлары (омепразол* 20 мг, рабепразол* 20 мг) немесе ранитидин-висмут-цитрат* стандартты дозада + кларитромицин* 500 мг + амоксициллин* 1000 мг немесе метронидазол* 500 мг; барлық дəрілік заттарды 7 күн бойы күніне 2 реттен қабылдайды. Кларитромициннің амоксициллинмен қосындысы, кларитромициннің метронидазоломмен қосындысынан тиімдірек, себебі екінші тізбектегі терапияны тағайындау кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кларитромицинді 500 мг күніне 2 рет қабылдау дəрілік затты 250 мг күніне 2 рет қабылдаудан тиімдірек.
Ранитидин-висмут-цитрат** пен протондық насос ингибиторларының тиімділігі бірдей екендігі көрсетілген.
Екінші тізбектегі терапияны қолдану, бірінші тізбектегі препараттардың тиімсіздігі кезінде ұсынылады. Протондық насос ингибиторлары стандартты дозада күніне 2 рет + висмут субсалицилаты 120 мг күніне 4 рет + метронидазол** 500 мг күніне 3 рет + тетрациклин** 100-200 мг күніне 4 рет.
Альтернатива ретінде жоғарыда көрсетілген бірінші ізбектегі терапияға висмут препараттарын қосуға болады (тəулігіне 480 мг).
«Maastricht-3, 2005» нұсқамасына сəйкес, эрадикацияның 14-күндік курсының тиімділігі 7 күндіктен 12% жоғары. Сонда да эрадикацияның 7-күндік курсын, ол жақсы нəтиже берсе, тағайындауға болады.
Эрадикацияның бірінші жəне екінші тізбектегі схемасы тиімсіз болса «Maastricht-3, 2005» сəйкес 0, 75 дозада г тəулігіне 4 рет амоксициллин ұсынылады, 14 күн бойы протондық помпа ингибиторлары үлкен дозасымен комбинацияда (төртреттік). Өзге вариант метронидазолды фуразолидонмен алмастыру 100-200 мг дозада тəулігіне 2 рет.
Антихеликобактериялы терапияны қолдану ережелері:
1. Егер емдеу схемасын қолдану эрадикацияға алып келмесе, оны қайталаудың қажеті жоқ.
2. Егер қолданылған схема эрадикацияға алып келмесе, бактерия емдеу схемасы компоненттерінің біріне тұрақты деген сөз (нитроимидазол, макролид туындылары).
3. Науқас организімінде ем аяқталғаннан соң бір жылдан кейін бактерия пайда болса, жағдайды реинфекция ретінде емес, рецидив деп бағалау қажет.
H. pylori бірлеспеген ойықжара ауруы жағдайында, емнің мақсаты болып аурудың клиникалық симптомдарын басу ойықжараның тыртықталуы есептеледі. Асқазанның жоғары секреторлық белсенділігі кезінде антисекреторлық препараттарды тағайындау көрсетілген.
Үздіксіз (ай жəне жылдар бойы) жартылай дозада антисекреторлық препараттармен қолдау көрсетуші терапия.
Ойықжара асқынуына тəн симптомдардың пайда болуында қарастырылған талап бойынша терапия, секреторлық препараттардың бірін тəуліктік дозада қабылдау - 3 күн, сонан соң – жартылай дозада – 3 апта бойы.
Достарыңызбен бөлісу: |