Бөлім Денсаулықты білу және түсіну Педагогтың аты-жөні



жүктеу 9,26 Mb.
бет28/145
Дата28.03.2023
өлшемі9,26 Mb.
#41890
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   145
1ҚМЖ472[1]

Педагогтың аты-жөні

Койманова А.А.

Күні

14.10

Сынып 1

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Бірқатар қимыл –қозғалыс дағдылары, шағын және жұптасып қарым қатынас жасау дағдылары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1 негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу
1.2.2.1 әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін білу

Сабақтың мақсаты



Барлығы: Жаңа білімді түсінеді.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Бағалау критерииі

Қарапайым дене жаттығуларында жүгіру, секіру және лақтыруэлементтерінің маңызыдылығын анықтайды сабақ барысында пайдалана алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Гимнастикалық төсеніштер
Гимнастикалық қабырға

Ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ұлттық ойындар:
Ақсерек-көксерек. 
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Арақашықтық 20-30 қадам. 
1- ші топ. Ойынды бастайды 
Ақсерек-ау ақ серек 
Бізден сізге кім керек. 
2-ші Ақсерек–ау көксерек 
Сізден бізге кім керек.
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді. 
Қыз –қуу 
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. 
Асау мәстек
Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға
Былай дейді.
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап, ортаға шыққан бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек. Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.
Соқыр теке. 
Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады. 
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ 
Қайда кеткен құлыншақ 
Соқыртеке бақ-бақ 
Мені іздеп тап-тап 
Деп тақпақтайды. 
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Алға ,артқа домалау элементтерін біледі.Жауырынға тұрып және көпір жасап тұрып орындайды.Қауіпсіздік ережесін біледі.
Икемділік
жаттығулардың айырмашылығы нед екендігін топ бойынша талқылайды

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»



спорт зал


гимнастикалық төсеніштер
секундомер
ысқыруық
бағалау парағы



Сабақтыңсоңы



Жеңіл жүгіру.
Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары
Сапқа тұрғызу
Микрофон әдісі арқылы өздерінің акробатикалық жаттығуды орындау кезіндегі алған әсерлерімен бөліседі.Түсінбеген немесе қиындық туғызған сұрақтары болса қояды
Сабақты қортындылау
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру
(Қазақстандағы гимнаст ,акробаттар туралы мағлұмат жинау)



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы


Бөлім

Ойын арқылы өзара қатынас және қарым қатынас дағдыларын дамыту


жүктеу 9,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау