146
материалдарына әдістемелік талдау жасау және оқу материалдарының
логикалық-дидактикалық, логикалық-психологиялық құрылымдарын анықтау,
схемалар, кестелер құрастыру, т.б.
- жоғары оқу орындарында:
1) «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту үшін мазмұндық аспектіде оқу
материалдарын іріктеу ептіліктерін (зерттеушілік, т.б. іскерліктерді)
қалыптастыру;
2) «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту үшін процессуалды аспектіде
оқыту әдістері мен формаларын пайдалану бойынша ептіліктерін
(педагогикалық іскерліктерді) қалыптастыру;
3)
оқыту
мақсаты
мен
нәтижелерін
жүзеге
асыру
үшін
жалпыпедагогикалық және әдістемелік дайындығын қамтамасыз ету.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих пәні мұғалімдерін
даярлау мазмұнындағы сәйкес тақырыптарды іріктеу басшылыққа алынады.
Әдістемелік тұрғыдан даярланған болашақ тарих мұғалімі ӛзінің алдағы оқыту
іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра алады.
Қорыта айтқанда, біздің зертеуімізде болашақ тарих пәнінің мұғалімдерін
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға даярлаудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру
мемлекеттік бағдарламаға сай орындалуы тиіс болғандықтан да жан-жақты
қарастырылды. Жасалған тұжырымдар тарих мамандығы студенттерінің оқу
үдерісінде сыннан ӛтіп, тақырыптың алға қойған мақсатынан туындаған
міндеттерді іске асыруға мүмкіндік берді. Жүргізілген эксперимент барысында
қол жеткен нәтижелер әдістемелік тұрғыда дәлелденді.
147
ҚОРЫТЫНДЫ
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы мазмұнындағы құндылықтарды
ӛмірде жүзеге асырудың іргетасы мектепте қалану қажеттігі қазіргі таңда
кеңінен қолдау табуда. Бұл идеяны жүзеге асыруда тарих, оның ішінде
Қазақстан тарихы пәнінің мол мүмкіндігі бар. Сол себепті де зерттеу
жұмысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих пәні
мұғалімдерін даярлау қарастырылды.
Осыған байланысты алынған нәтижелерді тӛмендегідей қорытындылауға
болады:
1. Болашақ тарих мұғалімдеріне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту
мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жоғары оқу орындарында аталған пән
мұғалімдерін даярлау тарихы зерделенді. Кеңестік кезеңде мектептің тарих
мұғалімдерін даярлау мазмұны елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси
бағдарына сәйкестілікте жүзеге асырылғаны, тарихты оқытуда оның
мазмұнының бұрмаланғандығы айқындалды. Егемендік алғаннан кейін
Қазақстан тарихы пәні мазмұнының қайта жазылуы мен болашақ мұғалімдер
даярлаудағы оны оқыту мазмұнының ӛзгеріске ұшырағаны анықталды.
Сонымен қатар, «құндылық» ұғымына талдау жасалынды, оны оқу-тәрбие
үдерісінде жүзеге асыру білім беруді ізгілендіру, аксиологиялық тұғырды
қамтамасыз ету негізі болып табылатындығын кӛрсетті. Білім беру үдерісіне
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу – бұл ғылыми негізде әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекетке жастардың дайындығын қамтамасыз ететін
педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға бағдар болып табылатындығын
кӛрсетті.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қоғамның рухани ӛмірінің бір бӛлігі ретінде:
мән-мағына түзу, этнос қалыптастыру, құндылықтар бағдарын анықтау,
қоғамды біртұтастандыру фунцияларды атқаратыны анықталды. «Мәңгілік Ел»
құндылықтары деп, біздер қоғам дамуына сай елдің тәуелсіздігін сақтауға және
оның дамуына кепілдік пен бағдар беретін әлеуметтік-саяси, ғылыми,
экономикалық, этикалық, діни құндылықтардың бірлігін қарастырдық.
Олардың негізіне адамгершiлiк, отаншылдық, қаһармандық, ұлтжандылық,
барлық халықтарды құрметтеу, т.с.с. адами қасиеттер мен құндылықтар
алынатыны айқындалды. Болашақ тарих пәні мұғалімдерін даярлайтын жоғары
оқу орындарындағы оқу жоспарлары мен пәндер мазмұнын талдау «Мәңгілік
Ел» құндылықтарын болашақ тарих пәні мұғалімдеріне оқытуға мол
мүмкіндігінің барын растады.
2. Оқушыларға «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих
мұғалімдерін даярлаудың теориялық негіздерін айқындау мақсатында
мектептің тарих пәндерін оқыту үшін ұйымдастырылатын педагогикалық
үдеріс зерделенді. Оның мазмұнын оқыту жүйелері (мақсат, міндет,
принциптер, мазмұн, әдіс-тәсіл, форма, нәтиже) құрайтыны анықталды. Нақты
тарих пәндерін оқытудағы оқу материалдары, элементтері (негізгі ұғымдары:
148
экономикалық,
әлеуметтік-саяси,
шартты-жағдаяттық,
тарихи-мәдени,
идеологиялық) сипатталды. Мектепте «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуды
жетілдіру үшін технологиялық карта ұсынылды және оның құралы ретінде: оқу
материалдарын әдістемелік талдау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін
басқарудың логикалық-психологиялық құрылымын айқындау, мұғалімнің
педагогикалық іскерліктері мен оқушылардың іс-әрекеттерін белгілеу
кӛрсетілді. Осы аталғандар болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқытуға даярлаудың теориялық негіздерін құрады.
3. Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлаудың нәтижелі болуы үшін даярлықтың кӛрсеткіштері мен критерийлері,
деңгейлері анықталды. Даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін
педагогикалық үдерісті модельдеу негізінде болашақ тарих мұғалімдерін
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға даярлау моделі әзірленді.
4. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімдерін
даярлауда әзірленген моделді жүзеге асыру және жоғары нәтижені қамтамасыз
ету үшін педагогикалық шарттар – база ретінде анықталды. Олар:
- әдіснамалық – «Мәңгілік Ел» құндылықтарын болашақ тарих мұғалімі
оқытуға даярлауды жүзеге асыру үшін оқу материалдарын іріктеу принциптері;
- теориялық – «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих
мұғалімдерін даярлау үдерісіне сәйкес оқу материалдарының жүйеленуі;
- дидактикалық – оқушыларға «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
болашақ тарих мұғалімдерін даярлау технологиясының жасалынуы;
- әдістемелік – оқушыларға «Мәңгілік Ел» құндылықтарын арнайы оқу,
сыныптан тыс оқу жұмыстары барысында жүзеге асыруға болашақ тарих
мұғалімдерін даярлау әдістері мен тәсілдері;
- практикалық – оқушыларға «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
болашақ тарих мұғалімдерін даярлау мазмұны мен құралдарын тәжірибелік
жұмыстар арқылы қамтамасыз етілуі.
5. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімдерін
даярлауға бағытталған оқыту мазмұнын әдістемелік тұрғыдан негіздеу үшін
әдістемелік нұсқауы нақтыланды:
- бірінші кезекте болашақ тарих мұғалімдерін жалпықұндылықтар, адами
құндылықтар,
«Мәңгілік
Ел»
құндылықтары
бойынша
теориялық
мағлұматтармен қаруландыру;
- тарихи материалдар мазмұнынан «Мәңгілік Ел» құндылықтарын түзетін
немесе құндылықтарды сипаттайтын қасиеттерді анықтау үшін оқу
материалдарына әдістемелік талдау жасау және оқу материалдарының
логикалық-дидактикалық, логикалық-психологиялық құрылымдарын анықтау,
схемалар, кестелер құрастыру, т.б.
- жоғары оқу орындарында:
1) «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту үшін мазмұндық аспектіде оқу
материалдарын іріктеу ептіліктерін (зерттеушілік, т.б. іскерліктерді)
қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |