90
Оқушыларға құндылықтарды оқыту үшін болашақ тарих мұғалімдерінде
рухани құндылықтар болуы керек (білімі, іскерлігі, сапалық қасиеттері).
Қ.Ералин ӛз зерттеуіне тән кәсіби-педагогикалық бағыттылық екі мәнде
кӛрініс табатынын атап кӛрсетеді [47]:
1) қажетті-мотивациялық салаға зейін аудартатын, мұғалімнің жеке
тұлғасының мәнді сипаттамасы;
2) сәйкес іс-әрекетке дайындықты қалыптастырудағы оқу-тәрбие үдерісі
бағдарын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі.
Сонымен біздер «даярлық» ұғымын мұғалімге тән тӛмендегіше
қарастырамыз: оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін
мұғалімнің сәйкес білім, іскерлік пен педагогикалық сапалық қасиеттер жүйесін
меңгеруін түсінеміз. «Даярлық» ұғымы қазіргі кезде «құзыретті меңгерген»
немесе «құзыреттілігі жоғары» деген сӛз тіркестерімен қатар қолданып келеді.
Қазіргі уақытта болашақ маманның даярлығы жӛнінде айтылғанда
олардың құзыреттерді (жалпы, кәсіби, арнайы) меңгеру мәселесі айтылады.
Құзыреттілікке бағдарланған білім беру бағдарламасын қалыптастыру қазіргі
уақытта жоғары оқу орындары алдында тұрған күн тәртібіндегі негізгі
мәселенің бірі. Ол негізінен еліміздің Болон үдерісіне енуге байланысты,
екіншіден құзыретті маман даярлау міндетінің қойылуында.
«Құзырет» ұғымы адамға байланысты және ол жӛнінде елімізде білім
беруде басшылыққа алынып жүрген нормативті құжаттарда анықтама берілген.
Солардың бірі, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен
бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
«Құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және
дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті» - деп
кӛрсетілген [185, б. 25].
Кӛрші республикалардың, оның ішінде Қырғыз Республикасы ЖОО үшін
құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған
әдістемелік нұсқаулықта: «Құзырет – сәйкес салада кәсіби іс-әрекетпен
шұғылдану үшін қажетті жеке тұлғалық сапаның, білімнің, іскерлік пен
дағдының динамикалық комбинациясы» - деп анықтама берілген [217, с.132].
Н.Ф.Ефремова [218, с.183.], Ю.В.Варданян [219], Л.В.Кожитов,
С.Г.Емельянов [220], т.б. ғалымдар аталған ұғымға ӛзіндік анықтама берген.
Ғалымдардың құзыреттілік - нақты адамда кӛрінген және ӛлшенген
құзырет болып табылады деген ойын бізде қолдаймыз. Сонымен қатар, құзырет
және оқыту нәтижесі кейбір жағдайда бір мағынада қолданылады. Біріншісі,
тіршілік иесі адамға қатысты айтылса, екіншісі соның кӛрсеткіші ретінде
құжаттарда тіркелуінің кӛрінісі.
Европалық білім беру шеңберінде 30 жалпы құзыреттер және «Білім»
бағытында мамандар даярлауда 15 кәсіби құзырет анықталған және осыларды
болашақ мамандарды даярлауда басшылыққа алу ұсынылған [221].
Сонымен, Европалық білім беру шеңберіне сәйкес барлық мамандықтар
үшін ұсынылған 30 жалпы құзыреттің кӛп жағдайда 13-16 түрі ғана, кәсіби
және мамандану бағытындағы құзыреттердің 20-23 түрі іріктеліп алынады. Бұл
91
тәжірибе Ресейдің ЖОО орындарында және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінде (2013-2014 оқу жылында) жүзеге асырылып келеді.
Н.Ф.Ефремованың зерттеуінде ЖОО маман даярлауда 35-40 құзыреттілік
анықталатын болса, оны 5 кластерге бӛлу мүмкіндігі қарастырылатыны
айтылады, олар [218, с. 118]:
1) инструментальдық;
2) тұлғааралық;
3) жүйелілік;
4) мәселені шешу;
5) ӛзін-ӛзі басқару құзыреттері.
Шет елдердің, соның ішінде Ресей білім беру жүйесінде педагог ғалымдар
түйінді құзыреттіліктердің тӛмендегідей құраушыларын атап кӛрсетеді [222]:
1. Арнайы және кәсіби (1. Пәндік; 2. Ұйымдастыру-әдістемелік; 3.
Диагностикалық; 4. Талдау және бағалау; 5. Болжау; 6. Зерттеу);
2. Ақпараттық (1. Ақпараттық-зерттеу; 2. Ақпараттық-талдау; 3.
Ақпараттық-технологиялық);
3. Коммуникативтік (1. Әлеуметтік-коммуникативтік; 2. Ұйымдастыру-
коммуникативтік);
4. Жеке тұлғалық (1. Ӛзін дамыту және ӛзін кӛрсету; 2. Рефлексия).
Бұл берілген мәліметтерге сәйкес құзыреттіліктер құзыреттерден
жинақталып тұр, яғни құзырет құзыреттілікке қарағанда кіші.
Европалық білім беру шеңберіне сәйкес Білім мамандықтары үшін
құзыреттерді тӛмендегідей топтауға болатындығы қарастырылған, олар:
1. Танымдық;
2. Іс-әрекеттік (әдіснамалық);
3. Коммуникативтік;
4. Жеке тұлғалық.
Жалпы зерттеулерге сәйкес тӛмендегідей құзыреттіліктер топтамасының
анықталатынын кӛруге болады, олар:
- танымдық;
- коммуникативтік;
- жеке тұлғалық;
- кәсіби және арнайы құзыреттер.
Бұл құзыреттер топтамасы негізінен барлық мамандықтар үшін ортақ
болып табылуы мүмкін. Ал олардың құраушылары мамандық пен мамандану
бағытына сәйкес анықталуы қарастырылады.
Сонымен, құзыреттілік мазмұнындағы құзырет құрамын түзетін үш
құраушы бар, олар: білім, іскерлік (немесе қабілет) және тұлғалық сапалар.
А.Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»
тақырыбындағы еңбегінде білімнің 14 түрлері атап кӛрсетілген [223]. Біздер
зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сәйкес «білім - қоршаған орта заттары мен
құбылыстары жӛніндегі меңгерілген ақпараттар және адамның ойлау
формаларын жүзеге асыруы» деп білеміз. Десекте, білім сапасы мен оны
меңгерту Блум таксономиясы бойынша жүзеге асырылып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |