тексеру әдістемесі.
Баланы еденге екі аяғымен қойып, тік қалпында
тұрғызу керек. Одан кейін баланың өз қалпын өзгерте алатынын не
өзгерте алмайтынын, жаңа жағдайға бейімделе алатынын не бейімделе алмайтынын, кемінде
10 секунд тұра алатынын не тұра алмайтынын анықтау үшін қандай да бір уақытқа оның жанынан
кету қажет.
Өз бетімен жүру
сипаттамасы.
Бала өзінің денесін тепе-теңдікте ұстай алу және алға қарай жасаған қадамын
бақылау алу қабілетін көрсетеді. Бұл қалыпқа бейімделу және қадам жасау дегеніміз өз бетімен
жүруді білдіретіндіктен, бөгде адамның көмегінің қажеті жоқ. Тік қалыпта қозғала алу қабілетін
игеретін бұл кезеңнің маңызды көрсеткіші қадам жасауда бүкіл дененің қозғалмайтындығында.
Бұл кезең баланың ересек адамның созған қолына қарай сенімсіз
үш немесе төрт қадам жасайтын алғашқы өз бетімен қадам басатын
кезеңіне жатпайды.
критерийлері.
(а) Бала арқасын тіктеп, өзі тұра алады; (б) бір аяғы
салмағының басым бөлігін ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады;
(в) бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді; (г) бала өз бетімен
кемінде бес қадам жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |