51
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ
◊
Жаңа сабақты сынақтан өткізіп жатқан кезде тәрбиешіге тәлімгерлік етеді; тәрбиешінің
баланың сигналдарын сезімталдықпен қабылдауына және сабақ өткізген кезде оларға
тиісінше жауап қайтаруына көмектеседі.
◊
Тәрбиешілер үйде балаларға қамқорлық жасаған кезінде кезігетін қиындықтарды шешуге
көмектеседі.
5.2. стаЦИОНардаҒЫ сЫрқат БаламеН ӨЗара
қарЫм-қатЫНас Жасау ерекШеліктері
Отбасылар ойын баланы шаршатады әрі мазасын алады деп ойлап, сырқат баламен ойнама-
уы мүмкін. Алайда сырқат балаларға мейлінше қамқорлық таныта отырып, олармен ойнауға
және қарым-қатынас жасауға болады. Зерттеу көрсеткеніндей, ынталандыру болған жағдайда
стационардағы балалар басқа балаларға қарағанда тезірек жазылады. Бұған қоса, стационарда
ынталандырусыз қалған балалар уақыт жоғалтып, бұл кезең олардың дамуын тежейді. Сырқат
баламен дұрыс қарым-қатынас жасауға байланысты кейбір ұсынымдарды қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |