1. сырқат баланың қасына бару.
Кереуетте жатқан сырқат баланы қорқытып алмай, қасына жақындау керек. Аурухана
қызметкерлерінің балаға екпе жасап, оған басқа да қолайсыздықтар туғызатынын ескеріңіз. Бала
өзіне жақындаған кез келген таныс емес адамдардан қорқуы мүмкін. Міне, бірнеше ұсынымдар:
Баяу қозғалып, баланың сізді көріп жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Баланың қандай жағдайда
жатқанына қараңыз: енжар ма, қызығушылық танытып жатыр ма немесе үрейленіп жатыр ма?
Егер бала үрейленіп жатпаса, оның жанына отырыңыз. Сіздің зиян келтірмейтініңізге баланың
көзі жеткенше шыдамдылық танытып, күтіңіз. Егер бала сізге қарап қолын созса, сіз де оған
ұмтылыңыз. Бала сізге бірінші болып қолын тигізгенше күтіңіз. Балаға қарай тым тез қозғалып,
белсенділік танытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |